Герцбергтің ойынша жұмыспен қанағаттануды шақыратын факторлар бір өлшемде қарама – қарсы болып табылмайды, оның әрқайсысы бірі - минустан нөлге дейінгі диапазонда әрекет жасаса, ал екіншісі – нөлден плюске дейін әрекет жасайтын өзіндік өлшем шкаласында орналасқандай болады. Егер контекст факторлары нашар ахуал жасаса, онда жұмысшылар көңілдері толмайтындай күйге түседі, алайда басқа да жағдайда бұл факторлар үлкен қанағаттануға әкеле алмайды, бірақ бейтарап қатынас орнатады. Жұмыспен қанағаттануды тек жаратымды дамуы бейтарап қалыптан плюске дейінгі мотивация мен қанағаттануды көтере алатын мотивациялық факторлар ғана шақыра алады. Яғни Фредерик Герцберг жұмысқа көңілдің толуын көрсететін екі факторлы жобасын жасап шығарды (кесте 1). Қарастырылған теориялардың бір-бірінен ерекшілігі мыналар: А.Мослоудың пікірінше, мотивациядан соң жұмысшы міндетті түрде жұмысын жақсы істейді. Ф.Герцбергтің ойынша, жұмысшы мотивацияның парапар емес екендігі жөнінде шешім шығарып барып, жақсы жұмыс істейді. 3. Мотивацияның процессуалдық (іс-жүргізушілік) теориясы: күту теориясы, әділеттілік теориясы, Портер-Лоулердің мотивация моделі (үлгісі) Мотивацияның екінші әдістемесі процессуалды теорияларға негізделеді. Бұл жерде жұмысшылардың күштерін үлестіру мен нақты мақсаттарға жету үшін тәртіптің белгілі бір түрін таңдау айтылады. Мұндай теорияларға күту теориясы Виктор Врум бойынша мотивация жобасын немесе адамгершілік теориясын жатқызуға болады. Виктор Врумның күту теориясы Күту теориясына сәйкес адамның көздеген мақсатына жету мотивациясының қажетті шарты болып табылатын тек сұраныс емес, сондай-ақ тәртіптің таңдалған түрі де. Күтуді берілген тұлғаның белгілі – бір ықтимал оқиға баға беруі деп қарастыруға болады. Барлық адамдар болашақтан бір нәрсені күтеді (5 сурет). Сурет 5.- Виктор Врумның күту теориясы
Виктор Врумның күту теориясы
Еңбек шығындары
нәтиже
3-Р
Нәтиже – марапаттау
Р-3
Валенттілік
В-В
Достарыңызбен бөлісу: |