11 Практикалық сабақ: Өнер философияcы Практикалық сабақтың оқыту нәтижелері



бет1/2
Дата19.11.2023
өлшемі22.93 Kb.
#483714
түріСабақ
  1   2
Философия 11 Лекция


Ф-ӘД-001/046

11 Практикалық сабақ: Өнер философияcы
Практикалық сабақтың оқыту нәтижелері:
1. Негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның
қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде
негіздей алады.
2. Қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің адами
ұстанымын қалыптастыру және сауатты дәйектей алады.
3. Кәсіби саладағы мәселелердің философиялық мазмұнын анықтау үшін
өзекті болып саналатын зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсына алады.
Практика жосспары:
1. Философия тарихындағы өнер түсінігі
2. Өнер әлеміндегі адам
3. Эстетика, өнертану, музыкатану, әдебиеттану және т.б. салыстырғанда өнер философиясының өзіндік ерекшеліктері.
4. «Жаңа» проблемалары қазіргі заманғы өнер.
Практикалық сабақтың мазмұны:
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет. Эстетикалық мәдениет— өзінің көпқабаттылығынмен сипатталатын күрделегі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады.
Өнер адамзат өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.
Өнер қоғамдық адамның нақты өмірлік тәжірибесін тереңдету, кеңейту үшін өмірді өз тұтастығында қайта қалыптастырады. Ол-адам өмірқамының бейнелік үлгісі. Өнер тұлғаны өзінің бүкіл көпқырлылығында және көркемдік тәжірибесімен өзара әрекеттесе отырып, адам әрекеті мен санасының барлық құрылымында әсер етеді. Көркемдік шығармашылықта диалектикалық өзара әрекет барысында бейнелік ойлау құрылымын айқындайтын тұлға ұлт-адамзат сияқты әлеуметтік бастаулар қиылысады. Осылайша ,ол халықты өзінің өмірлік тәжірибесін иеленуге мәжбүрлейді. Өнердің ұлттық ерекшелігі автордың көркемдік ойлау ерекшелігінен көрінеді. Өнердің төлтумалылығы ашу кілті де осында.
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, ән, графика, сәулет қолданбалы және декоративті өнер, цирк, көркем фотогафия, кино, теледидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі-шындықтың эстетикалық байлығына сүйенетін, әлемді көркемдік игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің алуан түрлілігі. Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды.
Өнердің дамуы үшін оның әрқайсысы өз ерекшеліктеріне орай бөлінуімен қатар, әрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын музалардың өзара әрекеті де маңызды ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге, қосылуға жақындығына қарамастан, олар осы өздерінің айрықша ерекшеліктерін сақтай отырып, адамзаттың көркемдік мәдениетіне, әлемдік эстетикалық игілікке жаңа, өзгеше үлестерін қосып отырады.
Қолданбалы өнер Көркем шығармашылықтың ең ежелгі және қазіргі күні де дамып отырған түрлерінің бірі- қолданбалы өнер. Қолданбалы өнер түындылары өзінің қайталанбас индивидуалдылығымен ерекше көзге түседі. Бұл оны жаратушы- суретшінің, қолөнершінің бүкіл тұлғасы мен талантын сақтап қалатын уникалды туындылар.
Сәулет өнері. (архитектура). Адам еңбек құралын даярлауды үйренгеннен кейін, енді оның тұрағы үңгір немесе ұя емес, эстетикалық кейіпке келген мақсатты құрылыс болды. Құрылыс сәулет өнеріні айналады. Архитектура-адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында шындықтың сұлу заңы бойынша қалыптасуы.
Кескіндеу өнері. Кескіндеу өнердің ең ежелгі түрлерінің біріне жатады. Қазіргі түсінігінде жазудың бір түрі ретінде қарастырылады. Өзінің не істегенін жазуға талпыну, графикалық түрде көрсетуге ұмтылу адамға әуел бастан-ақ тән.
Мүсін өнері. Мүсін өнері-құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын, матеиалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік –бейнелеуші өнер. Адам –мүсін өнерінің жалғыз болмағынымен, ең басты обьекті.
Әдебиет. Әдебиет әлемді көркем сөзбен игереді. Оның саласына табиғи және қоғамдық құбылыстар, ірі әлеуметтік катализмдер, халық бұқарасының қозғалыстары, тұлғаның рухани өмірі, сезімдері енеді. Барлық адамзаттық тілмен байланысты және тілге қатысты барша нәрсе адамға тән.
Театр — әлемді драмалық әрекет арқылы көркемдік тұрғыда игеретін, оны актерлер көрерменнің көз алдында жүзеге асыратын өнер түрі. Театрдың негізі-драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына кескіндеме, мүсін өнерін, кейде сәулет, сән өнерін, кейде кино, музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның ұжымдық сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, актердің шығармашылық күш-жігерлері біріктіріледі.Театрдағы көркемдік бейненің «құрылыс материалы»-тірі адам, актер. Драмтург пен режиссердің ойы актер ақылы жүзеге асады.
Өнерде образ өзінің жеке қасиетінде көпшіліктің белгісі мен сапасын білдіреді.
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады.
Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты –дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материалдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино, би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар.
Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі, ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оны эмоционалды күйіне интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдини тәжірибесін, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер-туындысы адам сезіміне қозғау салумен берге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззатқа бөлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет