11-сынып I тур мәтінмен жұмыс Рахымжан Қошқарбаев



Дата11.11.2022
өлшемі17.25 Kb.
#464532
олимпиада 11


11-сынып
I ТУР
1. Мәтінмен жұмыс
Рахымжан Қошқарбаев
( 1924-1988ж.ж.)
Рахымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігі баршаға аян. Ол алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл ту тікті. . Рахымжан Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе селосының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылып, Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балхаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберіледі.
1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді. 1943 жылдың жазында офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп алынды. Рахымжан осы топқа ілігіп, Фрунзе қаласында орналасқан офицерлік училищеге келеді.
Р.Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3-пәрменді армиясына 1944 жылғы қараша айының ортасында келіп жетті. Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды. Осында «Гимлердің үйінде» барлау взводының командирі лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. «Гимлер үйі» мен Рейхстагқа дейін ара қашықтық 360 метр ғана, бірақ ол өзінің солдаттарымен бұл қанды метрлерді толассыз атылған оқтың астында 7 сағатта, жерге жабыса еңбектеумен өтті. Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды тікті. Бұл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи ерлік жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады, баспасөзде кеңінен хабарланды.
Р.Қошқарбаев бұрынғыдай мұнтаздай, денесі тіп-тік, келбетті жігіт қалпында. Омырауын «Қызыл ту», «І дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдары ажарландырып тұрды. «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті.
«Халық қаһарманы» атағы Р. Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді.
1.Рахымжан Қошқарбаев қандай ерлігімен бүкіл елге даңқы шықты? A) Варшаваны азат еткені үшін. B) Беларусь майданындағы ерлігі үшін. C) Брестті азат еткені үшін. D) Берлинді азат еткені үшін. E) Бірінші болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл ту тіккені үшін. 2. Рахымжан Қошқарбаевқа 2001жылы қандай атақ берілді ? A) Кеңес Одағының Батыры. B) Халық Батыры. C) Халық қаһарманы. D) Халық қалаулысы. E) Халықтың қорғаушысы. 3. Рахымжан Қошқарбаевтың балалық шағы қалай өтті? A) Жетімдік пен қиыншылықты көп көрді. B) Бақытты өмір сүрді. C) Жақындары туысқандары көп болды. D) Ерке болып өсті. E) Әкесімен бірге өмір сүрді. 4. Рахымжан Қошқарбаев ерлігінің маңыздылығы неде? A) Батырлық және патриоттық мәнінде. B) Еңбеққорлық мәнінде. C) Ата дәстүрін дәріптеу мәнінде. D) Ана тілін қастерлеу. E) Әскери адамды құрметтеу мәнінде. 5. Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды көрсетіңіз A) Ер үмітін ер ақтар,ер атағын ел сақтар. B) Ердің екі сөйлегені – өлгені. C) Ерлік – елдің сыны. D) Батыр жарасыз болмас. E) Ер – ырыстың кілті.
II ТУР


1. Мәтінді оқыңыз. Мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
Спорт – денсаулық кепілі
Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт.
1.

2.

3.




2. Берілген арнаулы тақырыптардың біреуіне мәтін құрастырып жазыңыз.
1. Мектептегі үйірмелер (үйірме және спорт секциялары).
2. Сүйікті пәндерім (қызығушылық танытатын пәндер, себебі).
3. Мектептегі мерекелер (мектебіңізде ұйымдастырылатын іс-шаралар).
4. Менің сыныптастарым (достық).
5. Менің жетістіктерім (мадақтама, жетістік).

3.Өзіңізге ұнайтын поэзиялық немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.

Бекітемін:


Мектеп директоры
А.Д. Аккулиева
2022 ж.
11 орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепшілік олимпиадалық тапсырмалар

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет