114 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
даныс көркем туындының тілін шұбарлайды,
оқырманға беймәлім сөздер шығарманың тіліне
кері әсерін тигізіп, оның тілін түсініксіз етеді.
Диалектілерді орынсыз қолдану, әдеби емес сөз-
дерді мақсатсыз пайдалану тілге нұқсан кел-
тіріп, әдеби тіл нормаларын тұрақтандырып,
дамытуға кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы орайда
Ә.Т. Қайдардың: «Әрбір қаламгер өз шығарма-
ларында белгілі бір өлкеге тән диалектизмдерді
кейіпкерлердің аузына салып сөйлетуге ерікті.
Бірақ ондай сөздер әдеби тілі нормасы бола
алмайды. Ал жазушының өзі болса, жергілікті
кейіпкерлерше емес, жазушы ретінде шынайы
көркем сөздің үлгісімен баяндап, авторлық
ремаркада әдеби норманы қатаң сақтауы керек.
Бұл қағидаға ұлы ақын-жазушылардан бастап,
көркем сөз саласында бағын сынаушы жас
талапкерге дейін түгел бой ұсынуы қажет», − [3]
деген тұжырымын көркем шығармада диалек-
тизмдерді қолдануға қойылатын қатаң талап
деуден гөрі ұлттық әдеби тілдің тазалығына
деген жанашырлық деп түсінген жөн.
Жергілікті тіл ерекшеліктерінің эстетикалық
мәні контекстегі қолданысы мен ішкі уәжділігі
негізінде айқындалады. Шығармада жергілікті
тіл ерекшеліктерінің қолданылуы белгілі бір
аймақтың колоритін, шығарманың шынайылы-
ғын береді. Ол, ең алдымен, шығарманың тақы-
рыбына, мазмұнына, суреттелетін оқиғаларға,
автордың мақсатына, эстетикалық идеалы мен
шеберлігіне байланысты. Алайда әдеби тілде
жергілікті ерекшеліктерді шамадан тыс қолдану
да шығарманың тілін шұбарландырып, түсінік-
сіздікке ұрындырары сөзсіз. Осыған орай, ака-
демик Р. Сыздық: «Түсініксіз болатын сөздер –
белгілі бір аймақта ғана жұмсалатын жергілікті
сөздер, олардың ішінде диалектизмдер мен
жергілікті кәсіби сөздер, көне немесе сирек
қолданылатын сөздер және жазушының өзі
ұсынған жаңа қолданыстар. Демек, лексикалық
норма проблемасының бір ұшы – көркем шығар-
ма тілінде диалектизмдердің көрінісіне барып
тіреледі.
Жазушы әдетте айтпақ ойын оқырманға
әсерлі, дәл жеткізу үшін әр алуан стильдік
құралдарды іздейді. Мұндайда эмоциялық әсері
үлкен, экспрессиялық бояуы қалың сөздерді
таңдайды. Халықтың сөйлеу тіліндегі кейбір
сөздердің, оның ішінде диалектизмдердің осын-
дай қасиеті күшті болады. Сондықтан автор
кейіпкерлерінің тілінде де, өз тілінде де (баян-
дауында да) мұндай сөздерде әдейі қолданады.
Бірақ осы қолданыста бір жөн (мотив) болу
керек және стильдік жүк арқалаған бейтаныс
сөздің өзін «таныстырып» жұмсау, яғни түсі-
нікті болуын көздеу мақсаты қалып қалмауға
тиіс» [2, 242 б.], – дегенді ескертеді.
Батыс өңірінің тұрғындар тіліндегі жергі-
лікті ерекшеліктердің көпшілігі сол өңірге көрші
отырған түркі халықтарының әсерімен де бай-
ланысты. Ә. Нұрмағамбетов «Қазақ тілі говорла-
рының батыс тобы» атты еңбегінде Маңғыстау-
да мекен еткен тайпалардың Алтай, Моңғолия
төңірегіндегі ру, тайпалармен байланысты бол-
ғанын айта келіп, осы байланыстың тілдегі
көрінісі ретінде көне қалдықтарды сөз етеді.
Республиканың батысындағы қазақтардың ал-
ғашқы отаны – Алтай, Моңғолия даласы төңі-
регі болғаны дәл қазіргі кездегі осындағы
халықтар мен қазақ халқы құрамындағы ру-
тайпа аттарының дыбыстық сәйкестігінен
көрінетінін, ғалым осы өңірдегі кейбір сөздерге
тіл тарихы тұрғысынан талдау жасай келіп,
олардың төркінін қарақалпақ, ноғай тілдерінен
табуға болатынын айтады. Яғни батыс диалек-
тісіндегі ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт тіл-
дері элементтері соңғы кезде ғана халықтардың
көршілес отыруының нәтижесіндегі ауыс-түйіс
емес, ноғай ордасы дәуірінен қалған із екенін
дәлелдейді [4, 200 б.].
Сонымен қатар диалектолог ғалым С. Омар-
бековтың еңбектерінде Маңғыстау қазақтары
тілінде түрікпен, қарақалпақ тілінен ауысқан
сөздердің көп кездесетінін айтады [5; 65 б.].
XVIII-XIX ғасырлардағы Маңғыстау ақын-
жырауларының тілін арнайы зерттеген ғалым
Б. Нұрдәулетова бұл өңірдегі ақын-жыраулар
мұсылманша сауатты болуына байланысты
оларға түркі жазба әдеби тілдерінің әсері ерекше
болғанын айта келіп: «Осы өлкенің ауызша
поэзиясында ортағасырлық түркі жазба әде-
биетінің ерекше тілдік дәстүрінің қалыптасуына
тағы бір себеп – ғасырлар бойы қарақалпақ,
түрікмен халықтарымен іргелес отырып, мә-
дени, әдеби байланыста болуы. Қарақалпақ
қосуқшылары, түрікмен шайырлары, маңғыстау-
лық жыршылар өмірде де, өнерде де іргелес
жүріп, бір-бірінен үйренген, қатар жырлаған. Ал
бұл халықтардың көркем әдеби тілі ортаазиялық
түркі жазба әдеби тілінің негізінде өркен
жайғаны белгілі» [6, 52 б.], – дейді.
Әрбір субъектінің жасына, қызметіне, өмір
сүрген ортасына, күнделікті тіршілігіне қарай
сөз қолданысы да басқалардан ерекшеленетіні
белгілі. Олай болса, жазушы образ сомдауда осы
ерекшеліктерді мүмкіндігінше мол қамтуға
тырысып, экстралингвистикалық факторларды
ескеруі тиіс. Ж. Мұхамбетов көркем шығарма-
дағы диалектизмдердің қолданылу ерекшелік-
теріне талдау жасай келіп, жазушы тілін, сөз
|