-
Номер мақаласы
-
Алматыда 7-ші Азия ойындарының алауы жағылды
-
Қазақстанда
-
«Нұр Отан" партиясы демократиялық күштердің жалпыхалықтық коалицию құруды
-
ҚР ОСК 5 млн Қазақстан азаматтарының референдумды қолдау туралы қол қойылған қағаздары тапсырылды
-
Қысқы Азиада ойындары
-
Азиада-2011 Бас Алауы «Қазақстан халық банкі» АҚ-на сақтауға тапсырылды
-
Мұнай-газ секторы
-
«ҚазТрансОйл» АҚ өткен жылдың 11 айында мұнай тасымалдау өлемін 3% арттырды
-
TethysPetroleumДорис кен орнында мұнай өндіру рұхсатына қол жеткізді
-
ҚР БҚА бензинге акцизді екі есеге арттыруды ұсынып отыр
-
Энергетика
-
Қазақстанда электроэнергиясын өндіру 2010 жылы 4,9% өскен - KEGOC
-
2011 жылы тұтынушы үшін электр энергия тарифтерінің жоғарылауы – 12,5 -14% құрайды деп күтілуде
-
Алдын ала мәліметтер бойынша 2010 жылы KEGOC 5,8 млрд. теңге көлемінде табысқа ие болды
-
Қаржы және инвестициялар
-
Несиелік портфель сапасының төмендігі мен несие берудің тұралау процестері Қазақстанның банк секторындағы 2011 жылдыңөзекті мәселелердің бірі болады – ҚБА
-
Нұрбанк провизияны екі есеге арттырды және еуробонд шығарудан бас тартты
-
2011 жыл – Қазақстанның экономикасын белсенді инвестициялау жылы
-
Moody’s: Тұрақты болжамдағы Ваа2 Қазақстан рейтингісі экономиканың қалыпқа келуінің жалғасуына байланысты
-
Транспорт және коммуникациялар
-
ТМР Аэропорттар қызметін шетелдік авиакомпаниялар реттеуінен шығаруы мүмкін – ТКМ
-
Тау-кен және металлургия саласы
-
2010 жылы Uranium One уран өндіру көлемін 106% - 7,4 млн фунтқа дейін өсірді
-
Сауда және тұтынушылар тауарлары
-
Нұрсултан Назарбаевтың төрағалығымен мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс мәслихаты өтті
-
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
-
Еуроодақ Түркменстанмен қатынасты тереңдетуге ниет білдірді
-
Тәжікстан Қытайға өзінің территориясының мың шаршы метрін берді
-
Әзірбайжан мен Иран Энергетикалық банк құрады
-
Бағалар мен статистика
-
Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
-
Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании
-
Мұнай мен газ құны
-
Commodities
-
Металл құны
-
Валюта бағамдары
Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz
Номер мақаласы
Алматыда 7-ші Азия ойындарының алауы жағылды
Дина Күлжанова, Литер
Халықаралық шаңғытрамплині кешенінде 80 алаугер қатысұан Азиада эстафетасының алауы жағылды. Олардың қатарына қазақстанның спортшылары, жаттықтырушылары, қоғам қайраткерлері, журналистер, Қазақстанның халық артистері қатысты. Алау эстафета Алматы көшелері бойымен жүріп өтіп, «Астана» алаңында жеңіл атлетші, Сидней-2000 олимпиадасының чемпионы мен әлем чемпионы Ольга Шишигинаның Азиада алауының қазандығын жағуға ұласты. 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары Алауы Алматы әуежайына Кувейттен келген болатын. Әуежайда Эль-Кувейттен келген делегацияны Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, «7-ші қысқы Азиа ойындарының ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ вице-президенті Евгений Никитинский қарсы алды.
Осыдан кейін Азия Алауы бар колба Халық банкінің сақтауына тапсырылды. Салтанат Алматы қаласындағы банктің бас кеңсесі ғимаратында өтті. Тапсыру салтанатынан кейін алау эстафетасы конвойының жетекшісі алауды «бас» алаудан тұтандырып, негізгі колбаны Халықаралық шаңғы трамплині кешенгінде басталатын эстафета орнына жеткізді.
Түскі сағат екіде Халықаралық шаңғы трамплині кешенінде Азиада Алауы өз эстафетасын бастады. Алматы қаласының әкімі А.Есімов алауды өзінің орынбасары Серік Сейдумановқа беріп, ол жүгіруді бастады. Сейдуманов алауды КСРО жеті мәрте чемпионы, әлем мен Еуропа кубогының бірнеше дүркін иегері, трамплиннен секіру бойынша республикалық федерацияның президенті Андрей Вервейкинге тапсырды.
Эстафета үш сағаттан астам уақыт Алматы көшелері мен даңғылдарында жалғасын тапты. Жүгіруге барлығы 80 алаугер қатысып, оның ішінде, 25 саясаст және қоғам қайраткерлері, 30 танымал спортшылар мен еңбек сіңірген жаттықтырушылар, сонымен қатар халық артистері мен журналистер, студенттер мен олардың ұстаздары болды.
Алау эстафетасы «Астана» алаңында өз мәресіне жетіп, жеңіл атлетші, Сидней-2000 олимпиадасының чемпионы мен әлем чемпионы Ольга Шишигинаның Азиада алауының қазандығын жақты. Азиада алауы эстафетасы ары қарай республиканың облыс орталықтарында жалғасып, 30 қаңтарда Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Азиаданың ашылу салтанатының шарықтау сәтінде жеткізілетін болады.
Қазақстанда
«Нұр Отан" партиясы демократиялық күштердің жалпыхалықтық коалицию құруды
Асқар Бимендин, ҚазАқпарат
«Нұр Отан» ХДП «Қазақстан-2020» демократиялық күштердің жалпыхалықтық коалициясын құру туралы ұсыныс білдірді. Ол туралы орталық аппаратта өткен брифингте партия төрағасының орынбасары Нұрлан Нығматуллин мәлімдеді.
«Бүгін «Нұр Отан» халықтық- демократиялық париясы «Қазақстан-2020» демократиялық күштердің жалпыхалықтық коалициясын құру туралы мәлімдеме жасады. Біз елдің барлық саяси, қоғамдық күштерін «Қазақстан-2020» демократиялық коалициясына ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылғы дейін ұзарту туралы референдум өткізу бойынша бастама аясында бірігуге шақырамыз, осы арқылы Ұлт көшбасшысының өкілеттігін қзарту бойынша референдумға барлық азаматтық қоғам мен қазақстан халқының біріге қолдайтынын көрсете аламыз», - деді Н.Нығматуллин.
Бұған қоса, ол коалиция барлық саяси партиялар, үкіметтік емесе ұйымдар, өоғамдық бірлестіктер, барлық «тұрақтылық, келісім, ілгерілеу мен жаңару қажет» деушілерге ашық, деп қосты. Колиция құру бастамашылар, Қазақстанның ауқымды жаңару бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыру үшін барлық қазақстандықтардың бірлігі мен ауызбірлі қажет екеніне сенімді.
ҚР ОСК 5 млн Қазақстан азаматтарының референдумды қолдау туралы қол қойылған қағаздары тапсырылды
Асқар Бимендин, ҚазАқпарат
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізуді қолдайтын бастама тобы Қазақстанның 5 млн азаматтарының қолы қойылған қағаздарды ҚР ОСК тапсырды. Ол туралы 12 қаңтарда Ұлттық баспасөз клубында өткен брифингте БТ төрағасы Ерлан Сыдықов мәлімдеді.
«Біз ҚР ОСК 5 млн. Қазақстан азаматтарының қолы бар қағаздарды тапсырдық. Ол республиканың сайлаушыларының жартысына көбі. Біздің бұл бастамамыз елдің барлық аймақтарында және түрлі халықтар арасында қолдау тапты», - деп атап өтті Е.Сыдықов.
Қысқы Азиада ойындары
Азиада-2011 Бас Алауы«Қазақстан халық банкі» АҚ-на сақтауға тапсырылды
Айгүл Тұрысбекова, ҚазАқпарат
VII Қысқы Азия ойындарының Бас Алауы бар колба «Қазақстан халық банкі» АҚ сақтауына салтанатты тапсыру рәсімі 12 қаңтарда Алматыдағы бас кеңсесінде өткізілді.
«Азия ойындары тарихында алғаш рет Алау Қазақстан жеріне келді. Біз еліміздің Халық банкі, Алматы тарихында ғана емес, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы бірегей оқиғаның куәгерлері болып отырмыз», - деп атап өтті «Қазақстан халық банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов.
Банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова 2011 жылдың 6 ақпанына дейін сақталатын Азиаданың Бас Алауы бар колбаны жеке залдағы арнайы белгіленген орынға орналастырды.
«Біз көптеген үміткер банктердің ішінен, ең сенімді, филиалдар жүйесі мол , халық пен мемлекет және іскерлік топтар тарапынан жоғары сенім дәрежесіне ие Халық банкінің «Азиада Алауының Сақтаушысы» ретінде таңдалғанын мақтан тұтамыз. Күтпеген жағдай бола қалса, ұйымдастырушылар дәл осы Бас Алауды пайдаланып, Азиада Алауын қайта тұтандыра алады», -деп атап өтті Үміт Шаяхметова. Оның айтуына қарағанда, Азиада символын алып жүретін алаугерлер арасындағы 50 адамның банкке қатысы бар екен. Олар – клиенттер – орта және шағын бизнес өкілдері, банк қызметкерлері мен Халық банкінің қамқорлығындағы балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері.
Алауы бар колба барлық күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін көпшілікке жетімді болады. Барлық ниет білдірушілерге Азиада Алауы жанында суретке түсу мүмкіндігі туып тұр.
Тағы да бір колба – негізгі – чартерлік рейспен Қазақстанның барлық облыс орталықтарын аралайтын болады. Елдің қалаларында эстафетаның қозғалу бағыттары бойынша ПАзиада Алауы бар негізгі колба Халық банкінің облыстық және аймақтық филиалдары кеңселерінде сақталып, алаугерлерге беріліп отырады.
Мұнай-газ секторы
«ҚазТрансОйл» АҚ өткен жылдың 11 айында мұнай тасымалдау өлемін 3% арттырды
Серік Сәбеков, ҚазАқпарат
«ҚазТрансОйл» АҚ өткен жылдың 11 айында мұнай тасымалдау өлемін 3 % арттырды, деп хабарлайды омпанияның баспасөз қызметтері.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистральды мұнай құбыры жүйесі бойынша 2010 жылдың қаңтар-қараша айларында мұнай тасымалдау көлемінінің нақты мәліметтері 47 млн 879 мың тоннаны құраған. 2009 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 519 мың тоннаға немесе 3% арттырылғаны туралы», - айтылған хабарламада.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның магистральды мұнай құбыры жүйесі бойынша жүк айналымы 2010 жылдың 11 айы ішінде 31 млрд. 202 млн. тонна/км болған. Өткен жылдың осыған сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 593 млн. тонна/км немесе 2% құраған.
Өткен жылдың есептік кезең қорытындылары бойынша «Атасу-Алашанкоу» мұнай құбырындағы мұнай ырғалысының көлемі 9 млн. 241 мың тонна мұнай деңгейіне жеткен, ол 2009 жылдың осы мерзіміндегі 2 млн. 224 мың тонна немесе 32% мұнайдан асып түскен.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры бөлігіндегі ресей мұнайының транзиті, 2010 жылдың есептік кезең қорытындылары бойынша 5 млн. 64 мың тонна құраса, ол 2009 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстыра қарағанда, 212 млн. тонна немесе 4% асқан.
2010 жылдың 11 айының қорытындылары бойынша ҚР МӨЗ өңдеу үшін мұнай тасымалдау көлемі 11 млн. 568 мың тоннаны құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 1 млн. 688 мың тонна мұнай немесе 17%(2009 жылдың 11 айында - 9 млн. 880 мың.тонна мұнай)артық болды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Астрахань-Маңғышылақ су тарақышы бойымен Қазақстанның Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұтынушыларын волга суын беруді жүзеге асырады. Қаңтар-қараша айларында су беру көлемі 19 млн.757 мың шыршы метр, 2009 жылдың осы айларымен салыстырғанда 2 млн,382 мың текше метрге немесе 14% артқан.
TethysPetroleumДорис кен орнында мұнай өндіру рұхсатына қол жеткізді
Кайман аралдарында теркелген британдық Tethys Petroleum Limited компаниясы, ҚР үкіметі тарапынан Дорис кен орнын тәжірибелік пайдалану бойынша жобаны мақұлдауын алу туралы жариялады. Ол туралы компанияның баспасөз қызметтері хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, компанияның қазақстандық еншілесі – «ТетисАралГаз» ЖШС ҚР мұнай және газ министрлігінен жобаға рұхсат алған.
Аталмыш рұхсат барлау кезеңінде Ақкөл барлау блогында мұнай өндіру құқын береді және 2010 жылдың екінші тоқсанындағы өндірістік жоспарға сәйкес тәулігіне 3000-4000 баррель мұнай өндіру үшін Tethys-ке пайдалануға өндірістік қуатты орнатуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде тәжірибелік өндіріс аясында «ТетисАралГаз» компаниясына тиісті мұнай өндіру деігейі күніне 750 баррельді құрайды. Осы жобалық баңдарлама жүзеге асырылған соң, мұнай және газ министрлігіне кен орнын толығымен пайдалану үшін сонымен қатар, ішкі және сыртқы нарықта сатуға мүмкіндік беретін пайдалану келісім-шартын алу үшін қор мөлшерінің қорытынды есебі тапсырылады.
Қазақстан қор биржасының хабарлауына сәйкес, «ТетисАралГаз» ЖШС 2010 жылдың қазанында ҚР индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің геология мен кен қоймаларын пайдалану Комитетінің қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының Ақкөл (Дорис) кен орнының мұнай қорының С1 және С2 категориясын мемлекеттік балансқа алу рұхсатына ие болуы, кен орнының сынақтық пайдалану бойынша жобаға келісім беруінің негізгі қадамына айналды.
Tethys Petroleum Limited –Орталық Азияда шоғырланған және Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда мұнай мен газ барлау және өндіру бойынша жұмыстар атқарып келе жатқан компания. Tethys Petroleum барлық үш республикада жұмыс істеп келе жатқан жалғыз тәуелсіз мұнайгаз компаниясы болып табылады.
Компания сонымен қатар, әлемдегі мұнай және газ компанияларының ірі биржасы - Торонто (TSX) қор биржасында негізгі листинг – және Қазақстан қор биржасында (KASE) да листингке ие ашық акционерлік қоғам болып табылады, деп хабарлайды Курсивъ.
ҚР БҚА бензинге акцизді екі есеге арттыруды ұсынып отыр
ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттік (ҚР БҚА) бензин акцизін екі есеге арттыруды ұсынып отыр. Ол туралы 12 қаңтарда ведомство коллегия кеңейтілген отырысында журналистерге берген сұхбатында агенттік төрағасының орынбасары Борис Парсегов мәлімдеді.
«Егер Ресейде бензин бағасының өсуі, бірінші кезекте бюджет кірісінен көрінеді, себебі, онда бензиннің сатылу құнының 50% бюджеттік құрамда, ал бізде акциздер 20% сәл ғана үстінде болып отыр. Негізінен, ЖЖМ құнының өсуінен түсетін пайда бүгінгі күні тек өндірушілер мен бензин, дизельдік отын сатушылардың қалтасына түсіп отыр», - дейді Б.Парсегов.
«Қажетті құзырлы органдарға (премьер агенттікті қолдап отыр, Қаржы министрлігі осы мәселені қарастыруда) табыс тікелей бюджетке түсіп, халықтың әлеуметтік қорғаусыз топтарына қолдау көрсетуге бағытталуы үшін акциздерді ұлғайту ұсынылды. Кейбір мүлдем автокөлігі жоқтарға әсер етпеуі үшін, ең алдымен жолаушылар транспортын пайдаланатынадарға қатысты болады», - деп түсіндірді ол.
Акциздің қаншалықты көтерілетіні туралы сұраққа жауап бере отырып, Б.Парсегов: «Егер біз бағаның тепе-теңдігіне қол жеткіземіз десек, онда салықтық құрам 40% кем болмауы қажет. Қазір ол 20% сәл жоғары (нарықтағы бензин жалпы құнынан) болып отыр. Яғни, акцизді кем дегенде, екі есеге көтеру керек, алайда, сатылу бағасы өзгермеуі қажет» деді.
«Қаңтарда біз бағаны АИ-86 және АИ-92 маркалы бензиндерге 2 теңгеге дейін өсірдік, ол құзырлы орган – мұнай және газ Министрлігі рұхсатымен жасалды», - деп нақтылады ол, деп Kazakhstan Today.
Энергетика
Қазақстанда электроэнергиясын өндіру 2010 жылы 4,9% өскен - KEGOC
Қазақстанда электроэнергиясын өндіру 2010 жылы 4,9% өскені туралы электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық «KEGOC» АҚ компаниясының басшысы Алмасадам Сәтқалиев айтты.
«2010 жылы Қазақстанда электр энергиясын өндіру 82,3 млрд. киловатт-сағатты құраған, ол 2009 жыл деңгейінен 4,9% жоғары, тұтыну – 83,8 млрд киловатт-сағат, артуы – 7,4% құраған», - деді Сәтқалиев баспасөз конференциясында.
Ол 2010 жылды компания негізгі өндіру көрсеткіштері жоспарларын асыра орындаумен аяқтағаны туралы да айтып өтті. «Техникалық диспетчерлік пен өндіріс тепе-теңдігін ұйымдастыру /2009 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтыну 6 және 7 пайыз/ бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемі арттырылған. Ресей транзитін ескергенде элетр энергиясын тарату көлемі 2009 жылдың деңгейне 24% өскен және 37,6 млрд киловатт-сағатты құраған», - деп хабарлады KEGOC басшысы.
Еңбек өнімділігі адам басына 7,1 миллинонан 6,7 миллион теңгеге дейін 13,6% артқан, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
2011 жылы тұтынушы үшін электр энергия тарифтерінің жоғарылауы – 12,5 -14% құрайды деп күтілуде
Айгүл Түлекбаева, ҚазТАГ
2011 жылы соңғы тұтынушы үшін электр энергия тарифтерінің жоғарылауы 12,5-14 % құрайды, деп хабардлады табиги монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) төрағасы Нұрлан Алдабергенов.
«Биылғы жылы электр энергиясының өсуі 12,5-14 пайыз аралығында болады», - деді Н.Алдабергенов журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар оның айтуы бойынша, 2009 жылы осы сектор тарифтердің көтерілу есебінен Т65 млрд, 2010-Т85 млрд шамасында қаржыландырылған.
«2011 жылы аталмыш секторға инвестиция салу 121 млрд теңге көлемінде станцияларға ғана бөлу жоспарланып отыр. Бұл таратушы станцияларды жаңартуға жұмсалатын қаражаттар», - ждеп қосты ол.
Алдын ала мәліметтер бойынша 2010 жылы KEGOC 5,8 млрд. теңге көлемінде табысқа ие болды
Дамир Байманов, ҚазАқпарат
Энергетика желілерін басқару бойынша қазақстандық «KEGOC» АҚ алдын ала есептеу мәліметтері бойынша 5,8 млрд теңге көлемінде табыс алғаны туралы 12 қаңтарда акционерлік қоғам басмқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баспасөз конференциясында хабарлады.
«Компанияда қыржылық көрсеткіштер тұрақты. Оған ел экономикасының дамуы қолайлы жағдайлар әсерін тигізді. Өткен жылы біз жалпы табысқа 5,8 млрд теңге деңгейін алып, жоспарды екі есеге таяу асыра орындадық», - деп атап өтті Сәтқалиев.
Оның сөзіне қарағанда, Мұндай нәтижелерге қол жеткізу қиын болды, себебі, алдыңғы жылы компания 4,5 млрд теңге көлемінде шығынға ұшыраған болатын.
Баспасөз қызметтері нақтылап көрсеткендей, 2009 жылмен салыстырғанда, қызмет көрсетуден түскен кіріс 26% немесе 13 млрд. теңгеге өскен. Компанияның шоғырланған табысы 50 млрд теңге деігейінде күтілуде.
Несиелік портфель сапасының төмендігі мен несие берудің тұралау процестері Қазақстанның банк секторындағы 2011 жылдыңөзекті мәселелердің бірі болады – ҚБА
2011 жылдың Қазақстан банк секторларындағы несиелік портфель сапасының төмендігі мен несие берудің тұралау процестері өзекті мәселелердің бірі болады, деді «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасының қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды бақылау мен реттеу жөніндегі Агенттіктің төрайымы Елена Бахмутова.
«Келесі жылы банк секторының дамуына кері әсер ететін шешілмеген өзекті мәселелер қатарына несиелік портфель сапасының төмендігі мен банктік несие берудің тұралау процестерін жатқызу қажет. Біздің болжамымыз бойынша, осы мәселелер негізінен капиталға қысым түсіру салдарынан, банк секторының кірістік көрсеткіштері төмендейді», - деді Е.Бахмутова. БҚА басшысы атап көрсеткендей, басталған жылы банктер реттеушімен бірлесе отырып, екінші деңгейлі банктер баласында жұмыс істемейтін активтер үлесін азайтуды жалғастыруы қажет.
«Қызмет көрсетуге жұмсалмайтын несиелер құрамын қайта қарау бойынша іс-шаралар кешенінөткізу оның шешімі болуы мүмкін. Соның қатарында ХВҚ ұсынған жүйелік банктер активтері сапасын келешектік диагностикалық бағалау, банкроттық ережелерін нығайту, кепілдік қамтамасыз етуді өндіріп алу, сондай-ақ салықтық кодексті қалыптастыру енгізу де жатады. Қазіргі кезде ҚР Салық кодексінің провизияны қайта қалыптастырудан түскен табысқа салық салу бөліміне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы жасалуда. Яғни провизия қайта қалыптастырудан түскен банктердің кірісі қарыздарды өшіру кезінде салық салынбайтын болады, ол шешімсіз несиелерді өшіру процесін белсендіруге мүмкіндік береді», - деп көрсетті Бахмутова.
Е.Бахмутова атап өткендей, ендігі жерде банктердің несиелеуін ынталандыруда меншік құрылымы мен қаржылық түсімі айғақты қарызгерлер, сонымен қатар болашағы бар бизнестерге қарай бағыттау арқылы реттеледі. Бұл банктердің өзінің негізгі қызметі – қаржылық делдалдық, яғни, экономика субъектілерін белсенді және үздіксіз несиелеумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады, деп хабарлайды Ирбис ҚРАА.
Нұрбанк провизияны екі есеге арттырды және еуробонд шығарудан бас тартты
Қазақстандық Нұрбанк 2010 жылдың желтоқсан айының соңында өзінің жай акцияларының қосымша эмиссиясы бөлігін тарату барысында тартылған қаржысының басым бөлігін, провизияны ұлғайтуға, несиелік портфельден 40% дейін екі есеге көбейтуге бағыттады. Ол туралы 12 қаңтарда Алматы өткен баспасөз конференциясында банктің басқарма төрағасы Марат Зайыров мәлімдеді.
2010 жылдың желтоқсанында банк өз акционерлері арасында 7 миллион 349 мың 635 қарапайым акцияларын таратты. Таратудың жалпы құны 95,5 миллиард теңгені құрады, банк капиталы 129,6 миллиард теңгеге артты.
Оның айтуы бойынша, «провизияның пара-пар деңгейін қалыптастыру» 2010 жылдың мамырында Нұрбан бақылауына ие болған жаңа акционерлердің шешімі болып табылады. Қордың көлемін екі есеге арттыру, 2010 жылдың қорытындылары бойынша жарамсыз қаржылық нәтижеге әкеліп соғатын болады.
«Әрине, 2010 жылы провизия қалыптастыру, шығындар әкелетінін болжап отырмыз», -дей келе, қалыптастырылған қорларды жартылай қайтару есебінен және өзінің негізгі қызметінен түскен кіріс есебінен Нұрбанк өткен жылдың қорытындысы бойынша таза табыс алады деген үмітін білдірді.
Зайыровтың бағалауы бойынша, провизияның жалпы нарықтық деңгейі қазіргі қауіптерді бағалау кезінде 30% жоғары болмауы қажет.
Ағымдағы жыл жоспарлары туралы Зайыров Нұрбанктің 81 миллиард теңге несие беруге ниетті екенін айтты. Нұрбанктің несиелік портфелінің көлемі өткен жылы 245 миллиард теңге деңгейінде сақталған.
Нұрбанк басқармасы төрағасының орынбасары Рауан Дәукенов өз кезегінде, өткен жылы 200 миллион доллар көлемінде шығаруды жоспарлар отырған еуро облигацияларды банк белгісіз мерзімге қалдырғаны туралы айтты.
Осыған қоса ол биылғы жылы 150 миллион доллар еуро облигацияны жабуды жоспарлан отырғанын айтын өтті.
«Сонымен, Нұрбанк толығымен өзінің сыртқы міндеттемелерін төлеуді жоспарлап отыр», - делінген несиелік ұйымның пресс-релизінде.
Өткен жылдың 25 қарашасында жеке тұлға Софья Сәрсенова - Нұрбанктің ірі акционері (70,52% акция үлесі бар) болды. 2010 жылдың соңында қосымша эмиссия бөлігін тарату нәтижесінде акционерлер құрылымы қалай өзгергені туралы банк қабарламады, деп жазады Қазақстан жаңалықтары АА.
2011 жыл – Қазақстанның экономикасын белсенді инвестициялау жылы
Екатерина Ионова, ҚазАқпарат
Қазақстандағы жағдайды бақылай отырып, нарықтағы бизнестің сенімдіөсуін көреміз. Көптеген компаниялар кеңеюді жоспарлап отыр, ол 2011 жыл ел экономикасының дамуы мен оған инвестиция салудың белсенділігінің белгісі, деді «Aureos Capital» (Ұлыбритания) қорының президенті Сев Ветиветпилай 12 қаңтарда Алматыда өткен журналистермен арнайы кездесуінде.
Оның айтуы бойынша, көптеген елдердің дамыған нарығында тікелей инвестициялау қорлары экономиканың маңызды бөлігі болып табылады, олар нақты секторларға едәуір қолдау көрсете алады. «Қазақстанда осындай рольді «Қазына капитал менеджмент» тікелей инвестициялау Қоры атқарады. Ол қазақстан экономикасының дамуына өте маңызды және елде тікелей инвестициялау қорларына қатысу үшін шетелдік әріптестерін тартуды ары қарай жалғастыру қажет», - деп есептейді шетелдік талдаушы.
«Қазына капитал менеджмент»АҚ басқарма төрағасы Абай Алпамысов атан өткендей, қордың негізгі міндеті Қазақстанға «шексіз» ақша түрінде инвестициялар тарту болып табылады. «Бүгінгі күні бизнесті қаржыландырудың жетіспеушілігін орын алып отыр. Көптеген компаниялар тым артық қарыздық жүктеулер мәселесіне кездесіп, қайта құрылу қажеттілігін бастап кешіруде. Біз осындай жағымсыз жағдайларда қол ұшын бере аламыз», - деді ол.
А.Алпамысов Қазақстанда нарығында 2008 жылдан бастап «Aureos Capital» мен «Қазына капитал менеджмент» АҚ құрған «Aureos Central Asia Fund» тікелей инвестициялау қоры жұмыс істейді. Оның акционерлері Еуропалық қайта құру мен даму банкі (ЕҚДБ), Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), «CDC»ұлт ынтымақтастығы елдерін дамыту жөніндегі корпорациясы, «FMO» Нидерланд даму жөніндегі қаржылық компаниясы, Жапонияның даму Банкі мен «Қазына капитал менеджмент» АҚ болып табылады. Қордың капиталы 70 млн. АҚШ долларын құрайды, оның 50% қазақстан нарығына бағытталуы қажет. Қор өайта өңдеу мен жеңіл өнеркәсіп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, фармацевтика мен басқа да көптеген ОШБ секторлары инвестициялайды.
2008 жылдың сәуірінде қор «Лизинг Групп» компаниясының бақылау акциялары пакетін 5 жылдық есеппен иеленді. 2010 жылдың қорытындылары бойынша, ол өзінің нарықтағы беделі мен позициясын нығайтып, активтерін 30% жоғары арттырып алды.
«Aureos Central Asia Fund» Ткомпаниясының басқармасы Талғата Көкеновтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде қор өзінің инвестициясын ұсыну үшін басқа да отандық субъектілерді қарастыруда, ол жеке жобаларға 10 млн. АҚШ доллары көлеміне дейін, бес жыл мерзімге қаржы бере алады.
Moody’s: Тұрақты болжамдағы Ваа2 Қазақстан рейтингісі экономиканың қалыпқа келуінің жалғасуына байланысты
Moody"s Investors Service рейтинг агенттігі шетелдік және ұлттық валютадағы тұрақты болжамдағы Ваа2 тәуелсіз эмитент рейтингісінің әдістемелік бағалауын беретін 2011 жылға Қазақстан бойынша есебін жариялад. Рейтинг келесі байыптарға негізделген:
Қазақстанның экономикасы мұнайгаз секторының белсенділігінің жоғары сипатын көрсететін қайта қалыпқа түсу жолында қорларға бай. Оған қарамастан, қысқа мерзімді келешекте, экономиканың жалпы қалпына келуіне банк жүйесі әлсіздігінің жалғасуы әсер ететін болады; орташа мерзімді келешектегі рейтингті анықтайтын маңызды факторы экономика мен капитал нарығы диверсификациясының күшеюі болады.
Дағдарысты еңсеру бойынша бағдарлама Қазақстанның экономикасын тұрақтандырды және балансты қолдады, алайды, ол банктердің қарыздық міндеттемелерін ауқымды қайт қараумен жүргізілгендіктен, оның Қазақстан қаржы институттарына ұзақ мерзімді келешекте қайлай әсер ететіні белгісіз.
Қазақстан мемлекеттік қарыз бойынша жақсы көрсеткіштерге ие, бірақ, мемлекеттік бюджет жеке секторлардың қарыздық күштің жоғары деңгейінің әсер етуін ұзақ уақыт көтере алмайды.
Қаржылық жүйенің әлсіз жақтары мен шетел валютасындағы депозиттердің үлкен үлесі, сауда баланстару мен капитал қозғалысы есептерімен байланысты Қазақстанның ішкі мәселелерге ұшырауын жоғарылатады. Солай дегенмен, ішкі саясат пен сыртқы қатынастар тұрақты, деп хабарлайды Cbonds.info.
Транспорт және коммуникациялар
ТМР Аэропорттар қызметін шетелдік авиакомпаниялар реттеуінен шығаруы мүмкін – ТКМ
«Шетелдік авиакомпанияларға Қазақстанның транзиттік қызығушылығын арттыру мен тарифтік саясат саласында олардың қызмет көрсетуінің экономикалық тиімді болуы үшін транспорт және коммуникация Министрлігі ТМРА бірлесе отырып, транзиттік ұшулар мен халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша аэронавигациялық қызметтер көрсету бойынша аэропорттар қызмет көрсетуін реттуден шығару жөнінде жұмыстар жүргізуде», - деді Агенттік коллегиясында транспорт және коммуникация вице-министрі Азат Бктұров.
«Қазіргі кезде Қазақстанның аэропорттары әлемдегі қызмет көрсету құны жағынан ең қымбаты болып отыр, оның бір себебі, аэропорттардың жеткіліксіз жүктелуі салдарынан қызмет көрсету көлемінің төмен болуында», - деп атап көрсетті вице-министр.
Нәтижесінде, Орталық Азия арқылы транзиттік рейстерді жүзеге асыру кезінде шетелдік авиакомпаниялар басқа мемлекеттердің «альтернативтік аэропорттары» қызметін пайдалануды таңдайды. Қазақстандық аэропорттар қызмет көрсету құнының көтерілуі бойынша және төмендеуі бойынша шектеулі деңгейде белгіленіп, «тұрақты тарифтермен қысылып» қалуда.
«Әрбір қозғалыс ТМРА-мен келісілуі қажет, ал олар реттеуден шықса, әр авианарық қатысушысына бәсекелес аэропорттарға қарағанда, қолайлы жағдайлар ұсын алатын болады», - деп түсіндірді Бектұров.
Оның айтуы бойынша, ТМРА-де осындай қадам жасауға деген «зор ықыласы» бар. «Жақын арада оның шешімі қабылданады деп ойлаймын», - деді вице-министр журналистерге берген сұхбатында, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Тау-кен және металлургия саласы
2010 жылы Uranium One уран өндіру көлемін 106% - 7,4 млн фунтқа дейін өсірді
Uranium One халықаралық уран өндіруші компаниясы (акциясының 51,4% "Атомредметзолото"ААҚ тиесілі) уран шала тотық-тотық өндіруді (U3O8) 106% - 7,4 миллион фунтқа дейін арттырды делінген U1 хабарламасында, деп жазады РИА Новости.
В 2009 жала U3O8 өндіру 3,6 миллион фунтты құраған. 2010 жылдың тқртінші тоқсанында U3O8 өндіру 2,1 миллион фунт,ол 2009 жылдың 4-ші тоқсанынан 75% артық.
Компанияның U3O8 сатуы 2010 жылы 116% жоғарылаған, ол 2009 жылмен салыстырғанда, 6,9 миллион фунтқа дейін арттырылған.
Uranium One Қазақстанда, АҚШ және Австралияда орналасқан диверсификациялы активпортфелі бар әлемдегі жариялы уран өндіруші компания, деп хабарлайды Нефть России.
Сауда және тұтынушылар тауарлары
Нұрсултан Назарбаевтың төрағалығымен мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс мәслихаты өтті
12 қаңтарда Ақордада мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері туралы жұмыс мәслихаты өткізілді. Жұмыс мәслихатында премьер-министр К.Мәсімов, Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің бірінші орынбасары У.Шөкеев, ҚР Президентінің көмекшісі Б.Сұлтанов, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрі А.Күрішбаев, «ҚазАгро» АҚ басқарма төрағасы А.Мамытбеков қатысты.
Мәслихат барысында мал шаруашылығын ары қарай дамыту мәселелері, сондай-ақ елдің аграрлық секторындағы жалпы жағдайлар туралы сөз қозғаоды.
2010 жылы Қазақстан Республикасында 12,2 млн. тонна салмақта дән жиналған. Майлы дақылдардың жалпы жиыны 775,5 мың тонна, көкөністер – 2,6 млн. тоннаны құраған. 2010 жылы Қазақстанда ет өндіру 1,4 млн. тонна, сүт – 5,1 млн. тонна, жұмыртқа – 3 432,5 млн дана, жүн – 35,8 мың тонна болған. Елдегі түрлі мал басы мен құстар саны: ірі қара мал – 6,5 млн.бас, қой мен ешкі – 19,0 млн. бас, жылқы – 1,56 млн.бас, түйе – 164,9 мың.бас, құстар – 34,8 млн. бас, шошқа – 1,56 млн.басты құраған.
Қазақстанда мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі мақсаты ел ішіндегі мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысты толығымен қамтамасые етумен қатар, оны экпортқа шығару әлеуеті ретінде қарау болып табылады. Жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды есепке ала отырып, елдегі асыл тұқымды мал басы өзегінің жалпы санын 2015 жылдарға қарай 2 есеге, ал 2020 жылдары – 4 есеге арттыру жоспарланды. 2020 жылға қарай асыл тұқымды малдың жалпы саны 2 есеге дейін көбеюі қажет. Бұл жоғары сапалы мал етіне деген ішкі нарық сұранысын толығымен қамтамасыз ету мен экспорттық әлеуетті біртіндеп арттыруға мүмкіндік тудырады. 2013 жылға қарай Қазақстаннан шығарылатын сиыр еті шамамен 13 мың тонна, ал 2020 жылдары – 83 мың тоннаға дейін жетуі қажетү
Мәслихат қорытындысы бойынша мемлекет Басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Ақ Орда.
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
Еуроодақ Түркменстанмен қатынасты тереңдетуге ниет білдірді
«Шығыс ынтымақтастығы мен Орталық Азия стратегиясында ара-қатынасты тереңдетуде аясында Әзірбайжан мен Түркменстан Еуропалық Одақ үшін негізгі серіктестер болып табылады», деп еуро комиссиясының Президенті Жозе Баррозу өзінің Әзірбайжан мен Түркменстанға сапары алдында осылай мәлімдеген болатын.
«Біз қзақ мерзімді қауіпсіздік пен энергетика қорларымызды жеткізу мен сұранысты диверсификациялау турасында зор қызығушылықтар білдіреміз. Ол үшін Каспий аймағынан еуропалық тұтынушыларға тікелей газ жеткізілетін Оңтүстік газ коридорын жүзеге асыру қажет. Осы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін бірге қажетті жағдайлар жасай алатынымызға сенімдімін», деп атады Еурокомиссия басшысы, &ndash хабарлайды.
Еске сала кетсек, Баррозу Әзірбайжанға ресми сапарды 13 қаңтарда жасайды, ал 14 қаңтарда Түркменстанға барады, деп хабарлайды Turkmenistan.ru.
Тәжікстан Қытайға өзінің территориясының мың шаршы метрін берді
Тәжікстан Қытайға шамамен мың шаршы километрін немесе даулы аумағының 3 пайызын берді. Ол туралы 12 қаңтарда СІМ басшысы Хамрохон Зарифи республика пареламентінде хабарлады, делінген Азия-плюс ақпаратында.
«Даулы аумақтар қазіргі Тәжікстанның 28,5 мың шаршы километрін алып жатқан болатын, ол біздің еліміздің территориясының 20 пайызына жуығын құрайтын», - деп түсіндірді сыртқы саясат ведомствосының басшысы.
Хаттамаға қол қойылғаннан кейін (Тәжікстан мен Қытай үкіметтері арасында мемлекеттік шекаралардың демаркациясы мен делимитациясы туралы), осы даулы аумақтық шамамен 3 пайызы немесе 1 мың шаршы километрі Қытайға өтеді. Мен осы хаттамаға қол жеткізу тәжік дипломатиясындағы ұлы жеңіс деп есептеймін», - деді ол.
Осы ретте, Тәжікстанның Исламдық өркендеу Партиясының басшысы Мұхиддин Қабири Қытайға берілген жерді «тәжік дипломатиясының жеңілісі» деп атады. Оның айтуынша, «бұл хаттаманың бекітілуі ТР Контитуциясының 7 бабына қайшы келеді, себебі, біздің мемлекетіміздің территориясы біртұтас және бөлінбейді».
Тәжік коммунистерінің басшысы Шоди Шабдолов, осы хаттама турасында, «бұл Қытаймен арадағы 130 жылдыңтерриториялық таласты шешеді. Біз бұл таласты келешек ұрпағымызға қалдырмауымыз керек және депутаттарды осы хаттаманы бекітуге шақырамын» дейді. Оның айтуынша, осы хаттамаға қол қоюда ашықтық болмауы, Тәжікстан өкіметінің басты қателігі.
Дегенмен, Хамрохон Зарифи бүгінгі сөз сөйлеуінде көптеген сұрақтардың басын ашты. Нәтижесінде депутаттардың төменгі палатасы осы хаттаманы бекітті, деп хабарлайды Ферғана ХАА.
Әзірбайжан мен Иран Энергетикалық банк құрады
Алена Салаева, 1news.az
12 қаңтарда Әзірбайжанның өнеркәсіп және энергетика Министрі Натиг Алиев Бакуде Иранның мұнай министрі, мұнай –экспорттаушы елдер Үйымының (ОПЕК) президенті Сейд Магсуд Мирказеми бастаған делегацияны қабылдады. Министрлік баспасөз қызметтері хабарлағандай, кездесуде мемлекеттер арасында мұнайгаз және энергетика салаларында екі жақты талқылаулар өткен.
Соның ішінде, бірлесе отырып кен орындарын пайдалану, энергетика қорларын өндіру, оларды өңдеу, сату операциялары талқыланған. Және де болашақтағы ынтымақтастық, мұнай химия мен альтернативтік энергетика көздері саласында жобаларды бірлесе жүзеге асыруға қатысты мәселелер де қозғалған. Кездесуде Әзірбайжан Меммұнайкомпаниясы (SOCAR) президенті Ровнаг Абдуллаев та қатысты.
Бағалар мен статистика
Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 13 қаңтар, 2011; дерек көзі: Visor Capital
Наверх
Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 13 қаңтар, 2011; дерек көзі: Visor Capital
Наверх
Мұнай мен газ құны
Дата: 13 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com
Petroleum ($/bbl)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Crude Future
|
91.91
|
.05
|
.05
|
00:58
|
Dated Brent Spot
|
97.30
|
-.03
|
-.03
|
00:56
|
WTI Cushing Spot
|
91.86
|
.75
|
.82
|
01/12
|
Petroleum (cent/gal)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Heating Oil Future
|
262.02
|
.16
|
.06
|
00:51
|
Nymex RBOB Gasoline Future
|
246.45
|
.14
|
.06
|
00:45
|
Natural gas ($/MMBtu)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Henry Hub Future
|
4.48
|
-.05
|
-1.04
|
00:56
|
Henry Hub Spot
|
4.55
|
.14
|
3.17
|
01/12
|
New York City Gate Spot
|
11.23
|
3.16
|
39.16
|
01/12
|
Наверх
Commodities
Дата: 13 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com
Commodity
|
Price
|
Change
|
%Change
|
Time
|
COPPER FUTURE (USd/lb.)
|
440.750
|
-0.400
|
-0.09
|
00:59
|
GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)
|
1385.400
|
-0.400
|
-0.03
|
00:59
|
SILVER FUTURE (USD/t oz.)
|
29.585
|
0.040
|
0.14
|
00:59
|
Наверх
Металл құны
Дата: 13 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com
Silver
|
29.61
|
-0.04
|
Platinum
|
1794.00
|
-7.00
|
Palladium
|
808.00
|
-1.00
|
Rhodium
|
2,380.00
|
0.00
|
Наверх
Валюталар бағамы
Дата: 13 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі
1 USD
|
KZT 147.39
|
1 CHF
|
KZT 151.51
|
1 CNY
|
KZT 22.32
|
1 TRY
|
KZT 94.14
|
10 JPY
|
KZT 1.77
|
1 EUR
|
KZT 191.93
|
1 AUD
|
KZT 146.02
|
1 KGS
|
KZT 3.12
|
1 UZS
|
KZT 0.09
|
|
|
1 GBP
|
KZT 230.61
|
1 CAD
|
KZT 149.23
|
1 RUB
|
KZT 4.85
|
100 KRW
|
KZT 13.2
|
|
|
Отписаться от рассылки
Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:
newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz
Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010
|