12 лекция Органикалық ерітінділердің токсикологиясы



Дата02.01.2022
өлшемі105 Kb.
#452268
түріЛекция
12 лекция


12 лекция
Органикалық ерітінділердің токсикологиясы
Бүл топқа шартты түрде қатты заттарды еріту үшін қолданылатын төменгі молеулярлы,полимерлік /резеңке,каучку,қарамай,пластиналық денелер,бояу, лак т.б органикалық химиялық қосылыстар/үшпа сүйықтар жатады. Ерітінділер сондай-ақ желім дайындауда,майды,балауызды еріту мен экстрациялауда,металлды жерлерді майсыздандыруда қолданылады. Ерітінділер ретінде үнемі мүнайлы және коксохимиялық көмірсутегілер, терпендер, спирт, эфир, кетон, хлорланған көмірсутегілер, сондай-ақ арнайы нөмірленіп не маркімен шығарылатын түрлі қосылыстағы олардың қоспалары пайдаланылады. Ерітінділерді үшпалылығына қарай тез буланғыштығына байланысты 3 топқа бөлу қарастырылған:жеңіл үшпалы, орташа үшпалы,аз үшпалы.

Тез,жеңіл үшатын ертітінділер қатарына ацетон,бензин,бензол,күкіртті сутегі т.б жатады.Орташа үшпалыға-бутилді спирт (бутанол),ксилол т.бжатады.Аз үшатындарға тетралин,декалин жатады.

Жеңіл үшатын ерітінділер өндірістік аймақта қоршаған ортаның ауасын ластауда аса маңызды рол атқарады.Ерітінділері аса токсинді,улы,ал үшпалылығы аз ерітінділер жүмыс жасау барысында аса қауіптілік туғызбайды,улылығы да аз,бірақ тез буланғыш болып келеді.Организмге

аталған заттардың түсу жылдамдығы,таралуы және организмнен бөліп шығару жолын қарастыру маңызды саналады.Суда ерігіштік коэфиценті неғұрлым төмен болса/бензол,толуол,күкіртті сутегі/,соншалықты ауыр улану қаупі бар.Басқа жағынан қарағанда,судағы ерігіштік коэфиценті аса жоғары заттар организмге көп мөлшерде түсуі/қан сывороткасында еруі немесе басқа биологиялық ортада еруі нәтижесінде болған/ерігіштік коэфиценті аз заттарға қарағанда едәуір тез түседі.Осыдан шығатын қортынды,кумуляцияға бейімділігі ,аз концентрациялы заттың әсері ерігіштігі көп концентрациялы заттарға қарағанда созылмалы улануға жағдай жасайды.Ерітінділердің бірқатар түрлері (бензол,дихлорэтан т.б) тері қабаты арқылы өтіпулану туғызуы мүмкін.Тері арқылы уланудың аса қауіптілігі липоидты ерігіш заттарға да қатысты айтылады.

Барлық ерітінділер орталық жүйке жүйесіне (ЦНС) еліту әсерін тигізбей қоймайды.Бұған қоса,кейбір ерітінділер (ацетон,бензин т.б) көз бен үстіңгі тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіруі қасиетіне ие,сондай-ақ аллергиялық және қоздырғыштық түрдегі тері ауруларын таратуы мүмкін(декалин,тетралин).

Бензин- метанды,нафтенді,хош иісті,шектеусіз көмірсутегінің қосылысы- түссіз немесе сары,ұшпалы,өткір иісті,тез тұтанғыш қасиеті бар.

Петролейнді эфир (бензин) бірінші - N пентаннан және ^гексаннан тұрады.Бұл тез ұшатын заттар жәй газдар тәріздіаспирация барысында тез сіңіп жоқ болады,асфиксия туғызады.Ерітінді ретінде қолданылады.

Бензин көлік қызметіне жанаржағармай ретінде,сондай-ақ резеңке және бояу- лак өндірісінде ерітінді ретінде,күнжара және дәннен майды экстрациялауда,сүйектен майды ажыратуда қолданылады.

Бензин буы организмге түседі де,өкпе арқылы шығарылады.Бензин зақымданбаган тері арқылы да сіңіріледі.Ішек-қарын жолдарына түскен жағдайда улану қаупі болады.

Қауіпті интоксикация беруі бензин буының жұтылатын концентрациясына байланысты.5000-10000 мг/м^ концентрацияда бірнеше минуттардан кейін бас ауырады,жөтел,көз,мұрынның шырышты қабығы тітіркенеді,беттің қызаруы байқалады.Организмге 15000-20000 мг/м^ концентрациялы бензин буын жұтқан кезде адамның есінен тануы мүмкін.Жұтылатын ауада бензиннің иісі білінеді.Бензиннің одан да жоғары (35000-40000 мг/м^) концентрациясында жедел өлім болуы мүмкін.

Ауыз арқылы бензинмен улану жағдайы бензинді шлангыдан ауыз арқылы жұтқан кезде болады.Тіпті жұтып қою және аспирация болуы мүмкін.Жүрегі айнып,тез арада қатты жөтел пайда болады,оның ұзақтығы 20-30 минутқа дейін созылады.Ұзақ емес белгілері байқалмай өткен(2-8 сағаттан соң,кейде 2 тәуліктен кейін)жағдайда плевропневмония болады.

Бензин ішекке түскен жағдайда улану түрі күшті гастроэнтерит түрінде болады. Бензинмен уланудың созылмалы түрі бас айналудан,үйқысыздық не қатты ұйқы келушіліктен,арықтау,саусақтардың жансызданып,қүрысуы,балтыр бүлшық еттерінің тартылуы,ас қорытудың бүзылысынан байқауға болады. Күнделікті жағдайда қол терісінің бензинмен жүмыс жасауында күшті және созылмалы тері ауруларының түрі асқынуы мүмкін (дерматит,фолликулит,экзема).

Ацетон-тез түтанғыш,жағымсыз иісті түссіз жеңіл үшпалы сүйықтық. Нитро және ацетилклетчатка,резеңке,қарамай,нитроклетчатканы желатиндеуде еріткіш ретінде пайдаланылады.

Организмге ингаляциялық жолмен түседі,тері арқылы да түмуі мүмскін.Көз қабығы мен үстіңгі тыныс алу жолының шырышты қабығынатітіркендіргіш әсер береді,орталық нерв жүйесінің барлық мүшелеріне зақым келтіреді. Қауіпті улану жағдайында көз,мүрын,тамақтың шырышты қабатының тітіркенуімен қатар ,бас ауруы,талып қалу жағдайлары да кездеседі. Созылмалы интоксикация жағдайында -үстіңгі тыныс алу жолдарындағы өзгерістің байқалуы,тамаққа тәбеттің болмауы байқалады.

Күкіртті сутегі-түссіз,майлыүшпалы сүйықтық,таза күйінде жағымды иісті,техниаклық өнімі шіріген шомырдың иісіндей болады.Күкіртті сутегінің буы ауадан 2,6 есе ауыр.

Жасанды жібек жасау өндірісінде фосфор,май,резеңке,балауызды еріту үшін,оптикалық шыны дайындай ісінде,каучукті вулканизациялауда синтез жүмысын тездетуде,табиғи жібек жасауда (бүл жерде аса қауіпті) қолданылады.

Күкіртті сутегі нерв жүйесінің органикалық зақымдануын туғызатын ерігіштер қатарында аталады.

Липидтерде жақсы ери отырып,тек тыныс алу жолдары арқылы өтіп қоймай,тері арқылы да жақсы өтеді.Бүйрек,ішек,шектеулі жағдайда тері арқылы бөлінеді.

Нерв жүйесінде үзақ кідірістей отырып (соның ішінде мида) күкіртті сутегі серотонин алмасуына әсер етеді,ол

аминтоптарындағылардың,метиллоферменттердің реактивті ингибиторы болып саналады.

Күкіртті сутегі тек жүйке емес,сондай-ақ тамырлардың да уы болып есептеледі.Жүрек-қан тамырларының өзгерісі интоксикацияның (гипертензивті реакция) алғашқы стадиясында пайда болады.

Қазіргі кезде тәжірибе көрсеткендей,күкіртті сутегінің бауырдың ферментті жүйелеріне бәсеңдеткіш әсер беруі организмде холестериннің,гистаминнің,катехоламиннің жиналуына әкеп соғады. Холестериннің биологиялық тасымалдануының бүзылуы (гиперхолестеринемин) жүрек-қан тамырларының,бас сүйегінің атеросклерозына әкеледі.Жасанды жібек өндіріснде жүмыс жасайтындар арасында жүректің ишемиялық ауруынан өлушілер саны көптеп байқалған. Күкіртті көмірсутегімен жүмыс жасауда нерв жүйесінің преифериялық ауруы,тыныс алу жолдарының,жүрек-қан тамырлары ауруларының қозуы,наркомания,эндргенді психоз т.б ауру түрлерінің пайда болуы әбден мүмкін.Уақытылы медициналық тексеруден өткенде интоксикацияның алғашқы стадияларында аурудың белгілерін анықтап,емделудің алдын-алу шараларын жасақтау керектігі ескертіледі.Жұмыс аймағындағы ауада күкіртті сутегінің ШРК орташа -3 мг/м3,максимальды бір рет-10 мг/м^. Күкіртті сутегімен жұмыс жасайтын цехтарда әйел адамдар жіберілмейді. Бензол-түссіз,бөлме температурасында тез ыдырайтын сұйықтық.Бензол буы ауадан 2,7 есе ауыр. Бензол гомологтарынан ерекше танымалдары: толуол(метилбензол),ксилол (диметибензол),стирол (винилбензол).

Бензол, фенол, нитробензол,малеинді ангидрид алу үшін қолданылады. Ресей Федерациясында бензолды еріткіш ретінде қолдануға тыйым салынған, оның орнына толуол немесе ксилол пайдаланылады.

Организмге түсу жолдары-тыныс алу жолдары арқылы (бу күйінде) және тері арқылы (сұйық түрінде).Бензол мен оның гомологтары жеңіл және өзгермеген күйінде бөлінеді.Организмде бензол күкіртті және глюкуронды қышқылмен байланысқан фенолға,полифенолға дейін қышқылданады, органикалық сульфат ретінде дәрет арқылы бөлініп шығарылады. Бензол нарв жүйесіне, қан айналымға еліту және түршігу әсерін береді.

Өндірістік жағдайда улану қаупі сирек байқалады:апат жағдайында, бензол мен оның гомологтарының цистерналарын тазалау барысында,аз желдетілетін бөлмелерде құюдан,жабық бөлмелерде тез кеуіп кететін бояу құрамында қолданған жағдайда болады.

Бензолмен қауіпті уланудың жеңіл түрі масаң күйді еске түсіреді,ал ауыр жағдайда-есінен тану,құрысу болады.Өте жоғары концентрацияда (кейде тез арада) тыныс алу және тамыр жолдарының өлім қаупін,жансыздануға әкеп соғады.

Уланудың созылмалы түрінің ерте байқалуы-нерв жүйесінің функциональды өзгерісінен көрінеді:вегатативті дисфункцияның неврастеникалық және астеникалық белгілерінің ,әйелдерде меноррагияға бейімделісі байқалады. Бензолмен жұмыс жүргізілетін өндіріс орындарына әйелдер,18-ден төмен әйел жыныстылар жіберілмейді(соңғылары бензол гомологтарымен жұмыс жасауға да жіберілмейді).Жүкті және бала емізетін аналар да жұмысқа жіберілмейді,өйткені бензол гомологтарының әсері өте күшті болады.Қан ауруымен ауыратын,бауыр,нерв жүйесі,ісік,созылмалы алкоголизм,эндогенді психоз ауруымен ауыратындарға бензолмен жұмыс істеу тыйым салынады. Жұмыс аймағындағы бензолдың ШРК 5 мг/м^(орташа сменді), 15 мг/м3(максимальды).

Ксилол, толуол. Пластмасса,лак,бояу,желім заттарын алуда пайда болатын өнімдер-органикалық еріткіштер.Пәтерлерде 0,25-0,5 мг/м^ концентрацияда кездеседі.Бөлмедегі ластау көзі лактар,еріткіштер,желім,мастик,линолеум т.б. болып табылады.Бояу еріту үшін,паетицидтарға қосымша ретінде,майлау ретінде қолданылады.

Стирол Синтетикалық полимерлерді өндіру барысында алынатын зат түрі.Стирол буы көздің шырышты қабатын қатты зақымдайды,бас ауруын шақырады,қүсу,бас айналу,спазм,есінен тануға әкеп соғады.Бу концентрациячы 0,032 мг/м^ дейін жетеді.Стирол буының бөлмеде кездесуі 80 % жетеді ,олардың концентрациясы орташа есеппен ШРК 2,5 есе артып түседі.Стирол буының басты көздері: полистирольды жылу изоляциялық пенопласттар,қаптау пластигі, ылғалға төзімді обойлар т.б материалдар саналады.

Фенол Синтетикалық қарамай және басқа да заттар шығару барысында пайда болатын хош иісті спирт.Фенолмен созылмалы түрде улану бауыр мен бүйректің зақымдануына,қан қүрамының өзгерісіне әкеп тірейді.Бөлме ауасындағы концентрациясы 0,36 мг/м^ жетеді,ШРК -дан 12 есе артық болады.

Скипидар Лактар мен бояуларды еріткіш ретінде қолданылады.Токсиндік қасиеті орталық нерв жүйесіне наркотиктік әсер етуімен түсіндіріледі.Өлім жағдайын болдыратын мөлшер:100 мл.Уланудың белгілері:өңештің,іштің қатты ауруы,қан аралас қүсықтың пайда болуы,қатты әлсіздік,бас айналу.Қатты уланған жағдайда психикалық қозу,тілі күрмелу,түршігу,есінен тану қүбылыстары байқалады.

Амидті және нитро байланыс.Бензол мен толуол гомологтарының амидті (КН2)және нитро(^02) өнімдері өндіріс орындарында жиі қолданылады. Сабын қайнату,парфюмерияда,органикалық синтездеуде,анилинді бояу алу мақсатында жүмсалатын табиғи қарамай алу үшін,жарлығыш зат ретінде (тринитротолуол) пайдаланылады.

Организмге тыныс алу жолдары арқылы және зақымданбаған тері арқылы түседі.Соңғы жағдай әсіресе жылдың ыстық -жаз мезгілінде жиі кездеседі. Ішек-қарын жолдары арқылы да түсуі мүмкін-шаң жүту арқылы.Әдетте жеңіл ,өзгеріссіз күйде,ең бастысы қышқылданған және қайта қалпына келтірілген өнімдер бауыр арқылы,глюкуронды қышқылдың бу қосылыстары күйінде бөлінеді.Бензолдың нитро және аминді қосылыстары кумулятивті қасиетке ие,тері сыртында,паренхимитозды мүшелерде,ең бастысы роларды бейтараптандыру процесі жүретін бауырда депо түзеді.Организмге жан- жақты әсер береді: жүрек-қан тамырларына және ЦНС-ке метгемоглобин түзу,гемолитикалық,гепатотропты әсер қалдырады.Нитро және амино қосылыстар аллергендер қатарында ,сондықтан экзема мен бронхиальды астма шақыруы мүмкін.

Өткір интоксикация.Алғашқы белгілері токсиндік өнім түрімен әсерлескеннен кейін 3-5 сағат аралығында біліне бастайды (бас айналу,әлсіздік,жүрек соғысы,жүрегі айну,қүсу,тері қабатын,шырышты қабатты жасыл-лас түстес цианоз жабуы,кейде шелдің сарғаюы).Нитробензол интоксикациясы кезінде жүтылатын ауа мен дәрет өткір бадам иісіндей болады.Ауыр жағдайда-есінен тану,тыныс алу және қан тамырларының жансызданып,өлімге әкеп тіреуі болады.

Ауыз арқылы уланғанда-кенеттен көгеру,құсық,жүрегі айну,талып қалу болады.

Созылмалы интоксикация.Көптеген нитро қосылыстар алақанның ,мұрын желбезектерінің,тырнақтың сары түсте болуынан,шаштың сарғыш түске боялуынан байқалады.Созылмалы гастрит,гепатит,нерв жүйесінің функционалдық бұзылысы,вегетоастеникалық белгі дамиды.Әйелдерде- менструальды циклдың бұзылысы байқалады.

Анилин-майлы,түссіз сұйық,ауада және жарықта тез қараяды,хош иісті болып келеді. Анилин өндірістік мақсатта кеңінен қолданылады.Ол анилинді бояуда,тоқыма өндірісінде анилинді бояу алу мақсатында,мақта-қағаз,жібек басқа да мата түрлерін қара анилинге бояуда,пластикалық денелер дайындауда,резеңке және парфюмерияда,сондай-ақ нафталин және хош иісті заттар қатарын алуда қолданылады.Организмге тері арқылы түсу мүмкіндігіне ие.Анилиннен интоксикация беру өте қиын.Анилин қанда болса-метгемоглоб түзуші ретінде бауыр мен бүйректе орналасады,онда ауыр бауыр-бүйрек жетіспеушілігін дамытатын,қан жетіспеушілігін тудыратын дистрофикалық өзгерістер туғызады.

Анилинмен қатты уланған жағдайда терінің ,шырышты қабаттың циатондығы байқалады,нәтижесінде метгемоглобин түзіледі.

Созылмалы улану түрі анилиннің аз мөлшердегі концентрациясының ұзақ уақыт әсер беруі нәтижесінде болады,және белгілері уланудың қауіпті түріне жақын,бірақ белгілі бір мүшенің ғана зақымдануымен байланысты болады;кей жағдайда қан жетіспеушілігімен,кейде токсиндік гепатит,астениямен анықталады.Анилинді бояу өнеркәсібінде жасайтын жұмысшылардың қуығында ісік байқалған.

Жұмыс аймағындағы анилиннің ШРК-0,1 мг/м^

Нитробензол-майлы сарғыштау,өткір бадам иісті,тәттілеу-созылмалы дәмі бар.Көп жағдайда анилин алу үшін шикізат ретінде,тас көмір қарамайын алу үшін қолданылатын бояулар,жарылғыш заттарды алуда пайдаланылады.

Әсер етуіне қарай анилинге ұқсас,бірақ қанда және бауырда ерекше өзгерістер тудырады.

Азот қышқылы -өткір иісі бар,сарғыш сұйықтық,азоттың қоспасынан тұратын,ауада түтіндейтін,буы ауадан ауыр болады.Сумен араласады.Қайнау температурасы (-83,4° С) Жанбайды.Күшті тотықтандырғыш.Жұмыс аймағындағы ШРК-0,005 г/м^, 0,01-0,27 г/м^ бу концентрациясында- көздің,кеңсірік пен кеуденің ащуы,күйдіруі болады;0,2-0,4 г/м 3-өкпенің қабынуы,0,4-0,5 г/м 3-тез өлім жағдайы болады.Теріге түскен жағдайда химиялық күю жолын алады.Адам организміне молекулярлы дәрежеде әсер етеді және түрлі деңгейдегі улану түрін тудырады.
Пестицидтер мен биозаттар
Ауылшаруашылығында дәнді дақылдарды алу,жоғары және түрақты егін алуда тыңайтқыштарды қолдану, қорғаудың агротехникалық,биологиялық әдістерін қолдануда пестицидтер басты роль атқарады.Пестицидтер- өсімдіктер,бүталар ауруына және түрлі зиянкестерге, микрорганизмдерге, паразиттермен және адам мен жануарлар ауруларын таратушылармен қарсы күресетін химиялық заттар.Жер жүзінде пестицидтерді кең көлемде көп жылдар бойы қолдану бірқатар келісімсіздіктер салдарына әкеп соқты:қоршаған ортаны,тағам өнімдерін ластау,адам денсаулығына зиянды әсер т.б.Көпшілік пестицидтер үзақ уақыт бойына адам тіршілік ететін ортада сақталады,бір ортадан екінші ортаға ауысып отырады,кей жағдайда аса токсинді қосылыстарға айналады,бірақ олар адамға қауіптің белгілі болуымен ерекшеленеді.Флора мен фауна,биоценотикалық тепе-теңдік т.б.
Пестицидтердің жіктелуі

Пестицидтер химиялық қүрамына қарай жіктеледі.Химиялық қүрамына қарай пестицидтердің 3 негізгі тобын ажыратуға болады:

Бейорганикалық қосылыстар (сынап, фтор, барий, күкірт, мыс, қосылыстары, хлораттар мен бораттар).

Бактериальды,

Саңырауқүлақты,өсімдікті пестицидтер (пирертин, бактериальды және саңырауқүлақты заттар,антибиотиктер,фитонцидтер).

Жоғары физиологиялық активтілікке ие органикалық қосылысты пестицидте,хлорорганикалық қосылыстар (гексахлорциклогексан,гептахлор т.б);фосфор органикалық қосылыстар (хлорофос,метилнитрофос,карбофос т.б);карбаминді тио- және дитиокарбаминді қышқыл түзушілер (пиримор,карбин,тиллом);нитро фенолды түзушілер (нитрафен, каратан); фталимидтер (каптан,фталан); минеральды майлар; сынаптың органикалық қосылыстары (гранозан,меркуран т.б);хинондар (дихлон);

Қолданылу орнына қарай пестицидтер төмендегі топтарға бөлінеді:

инсектицидтар-өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғау үшін;

Акарицидтар-өсімдіктерді зиянды таскенелерден қорғау;

инсектоакарицидтер-әрі зиянды жәндіктерден,әрі таскенелерден бірдей қорғау үшін;

овицидтер-зиянды жәндіктер мен таскененің жүмыртқаларын қүрту үшін;

ларвицидтер- зиянды жәндіктер мен таскененің балапан қүртын жою үшін;

моллюскицидтер-өсімдіктерді моллюскілерден қорғау үшін;

нематицидтер (домалақ қүрт,фитогельминттер)-өсімдіктерді зиянды жүмырқүртардан қорғау үшін;

родентицидтер (зооцидтер)- эиянды кеміргіштермен күрес жүргізу үшін;

фунгицидтар-өсімдіктерді саңырауқүлақ ауруынан қорағу үшін;

бактерицидтар-өсімдіктерді бактериялық ауру түрлерінен қорғау үшін;

гербицидтар-шөпті -өсімдікті (улы,арам)жерді құрту үшін;

арборицидтер-ағаш-бұталы өсімдік тұнған жерлерді құрту үшін;

альгицидтер-балдырларды құрту үшін;

Бұл жіктеу шартты түрде ғана,көптеген пестицидтер әсері жан-жақты болады,тек жәндіктерді ғана емес,олардың жұмыртқалары мен балапан құрттарын да жою қасиетіне ие. Көптеген гербицидтер дозасы көбейгенде бұталы өсімдікті жерді құртып жібереді, яғни арборицидтарға жатады.

Организмге түсуіне және әсер етуіне қарай

Организміне түсуіне және әсер етуіне қарай/гигиеналық жіктеу/ пастицидтер ішек,контактылы,фумиганттар болып бөлінеді.

Ішек инсектицидтары организмге тамақ арқылы түсе отырып,зиянды жәндіктердің улануын туғызады.

Контактылы инсектицидтар тері қабатымен әсерлескенде жәндіктер өледі. Фумиганттар-жәндіктер мен жануарлардың тыныс алу жүйесіне газ не бу түрінде өтетін химиялық заттар.Оған фумиганттық әсердегі инсектоакарицидтер жатады,бұлар да тыныс алу жолдары арқылы зиянды жәндіктер мен таскененің улануын тудырады.

Бұл жіктеу шартты түрде,басқа пестицидтер де контактылы,ішекті және фумигантты әсер бере алады (гексахлоран,гетахлор).

Барлық пестицидтер 2 үлкен топқа жіктеледі: контактылы және жүйелі.

Контактылы түріне зиянды жәндіктерді жою мен өлтіруді болдыратын химиялық заттар жатады.

Жүйелі түріне өсімдіктерге еніп,олардың ұлпаларына орналаса алатын,осылайша зиянды организмді өлтіреді (арам шөп,ауру туғызушылар,зиянкестер).

Гигиеналық жіктеу пестицидтердің организмге әсер етуіне қарай баға береді

Асқазанға түскен жағдайдағы токсиндігі (ЭЬ 50,мг/м);

-улы күшті әсер ететін заттар-50 дейін;

-Токсиндігі аса жоғары-50-200;

-Токсиндігі орташа-200-1000;

-токсиндігі аз-1000 аса

Тері-резорбтивті токсиндігі бойынша (ЭЬ 50,мг/м);

-дереу байқалған-300 аз (тері коэфиценті 1-ден төмен);

-аз байқалған-1000 жоғары (тері коэфиценті 3).

Тері коэфиценті-затты теріне енгізуде орташа өлітіретін мөлшер шамасының ауытқуы.

¥шпалылығына қарай:

-аса қауіпті заттар-токсиндігі тең немесе концентрациясы қаныққан.

-қауіпті зат-табалдырық концентрациясынан қаныққан концентрациясының жоғары болуы.

-аса қауіпті емес-қаныққан концентрациясы табалдырық әсерін тигізбейді.

Кумуляция бойынша (кумуляция коэфиценті бойынша):

-шамадан тыс кумуляция-1-ден төмен;

-айқын,байқалған-1 -3;

-шектеулі-3-5 ;

-аз байқалған-5-тен жоғары.

Г игиеналық бағалау барысында пестицидтердің қауіптілігін анықтауда оның тератогенділігіэсбриотоксиндігі,заттың аллергия шақыратын белгілері ұшып кетеді.Осыған байланысты гигиеналық жіктеу көрсетілген қаиеттерді есепке ала отырып тағы 5 топқа жіктеледі.

Бластомогендігіне қарай:

-анық канцерогенділер-жекелеген жағдайда адамдарда рак ауруын болдырады;жануарларларға тәжірибе жасауда күшті канцерогендер. -канцерогенді-канцерогенділігі жануарларға тәжірибе жасауда анықталған,бірақ адамдарға әлі жасалмаған.

-әлсіз канцерогенді-жануарларға тәжірибе жасауда әлсіз канцерогендер. -бластомогенділікке күмәнді - жануарларға тәжірибе жасауда әлсіз канцерогендер.

Мутагенділігіне қарай:

-супермутагендер-өсімдіктер мен жануарларда 100 % мутация тудырады (100 % дегенде 100 мутацияға 100 хромосома сәйкес келеді).

-күшті мутагендер-дрозофилдердегі 5-100 % мутация.

-әлсіз мутагендер- дрозофилдердегі 2-5 % мутация. өте әлсіз мутагендер- дрозофилдердегі 0,5 % мутация .

Тертогенділігіне қарай:

-анық тератогендер-жекелеген адамдарда,кей жағдайда адамның түрін сұрықсыздандыру тудырады,тәжірибе жүзінде жануарлрада қолданылған. -тератогенділігіне күмәнді-жануарларға сұрықсыздану тәжірибесін жүргізу. 4.Эмбриотоксиндігіне қарай:

-таңдап алынған эмбритоксиндігі-ана организміне токсинділік әсері жоқ мөлшерлі түрде байқалады.

-шектеулі эмбриотоксиндігі-басқа да токсиндік эффектілермен қатар байқалады.

Аллергенді қасиетіне қарай:

-Күшті аллергендер-қалыпты жағдайда адамдарға аз мөлшерден аллергиялық реакция беруі.

-әлсіз аллергендер-жекелеген адамдарда аллергиялық күй туғызады.

Гигиеналық жіктеу пестицидтердің адамға зиянды әсерін көрсетіп,оны ауыл шаруашылығына енгізуде сандық және сапалық критериилерді анықтап алуға мүмкіндік береді.


Пестицидтердің токсиндігі
Токсикология саласы агрономиядағы пестицидтердің қасиетін зерттеумен айналысады,олардың жылы қанды жануарларға, жәндіктерге, саңырауқүлақтарға, өсімдіктерге, биоценозға әсерін анықтайды және экологиялық жүйесін де зерттеумен айналысатын агрономиялық токсикология міндетіне жатады.

Токсиндігі-пестицидтің аз мөлшері организмнің қалыпты өмір сүру жағдайын бүзады,улану шақырып,өлімге соқтыруы да мүмкін. Пестицидтердің токсиндігі әртүрлі дәне түсу жолына, түскен мөлшеріне, әсер ету үзақтығына, организмнің жай-күйіне, қоршаған ортаға байланысты болады.

Пестицидтердің токсиндігін шектеу жолы -доза болып табылады.

Мөлшер (доза)- белгілі эффект тудыратын пестицидтердің саны.Пестицид массасы бірлігінің өңделетін заттың массасына,көлеміне,ауданы бірлігіне қатысы арқылы анықтайды.Токсиндікті анықтауға арналған организмдерді биотестер деп атап,ал биохимиялық және физиологиялық процесттердің жеке өзгерістері,улану деңгейін анықтауға арналған көрсеткіш түрін тест деп атайды.Пестицидтердің тәжірибеде зерттелетін организмдерге әсер беруін олардың өлгені бойынша немесе уланудың ерекше тән белгілеріне қарап (организмнің жеке мүшелерінің белсенділігінің өзгеруі,оның реакция беруі,респродукциялайтын қабілеттің,массаның,өсудің т.б төмендеуі) және бақылауға қатысын процентпен белгілейді.Тәжірибе жүзінде нақты белгіленген өндірістік жағдайдағы өсімдіктерді қорғау үшін пестицидтерді ң саны немесе жүмысшы қүрам саны және ауылшаруашылығында жоғары эффект алу үшін жүмсалатын күш жүмасалатын шығын нормасы болып табылады.Пестицидтің токсиндікке тәуелділігі пестицидтің түрлі ортада таралуына байланысты.Алдымен пестицидтің әсер ету эффектісін анықтайды,сосын кесте бойынша эффект-мөлшері өзінің санын табады.Физика-химиялық әдіс түрінен айырмашылығы бүл әдіс биологиялық деп аталады.

Жануарлар организмінің клеткаларына пестицидтердің енуі жалаы заңдылықтарға бағынады.Олар мембрана арқылы еріткіштермен диффундацияланып, концентрация түзеді.Липофильді пестицидтер мембрананың липидті қабығында еріп,өтеді.Пестицидтер сондай-ақ макроэргиялық қосылыстардың энергиясын активті пайдалану арқылы да өтеді.Көпшілік пестицидтер жоғары активті органикалық қосылыстарға жатады.Бүл пестицидтер эмульсия концентраттарының формасына қарай липофильді қосылыстар болып табылады,сондықтан клетка мембраналарының липидінде жақсы ерігіштігімен сипатталады және клеткада (жасушада) оңвй диффундацияланады.

Минеральды пестицидтер клеткаға ион түрінде және диссоциацияланбаған молекула түрінде өтеді.Пестицидтердің ерігіштігі неғүрлым күшті болса,соғүрлым клеткаға оңай өтетін болады.Ірі молекулярлы қосылыстар цитоплазмаға пиноцитоз арқылы түседі.

Тірі клеткаға енісімен пестицидтер цитоплазманың физика-химиялық қасиетін өзгертеді,органелл мембранасын зақымдайды,орта әсерін өзгертіп,клетка белоктарының қалыпты функциялануының шарттарын бұзады.

Улау әсеріне әсіресе,пестицидтердің фермент-биокатализаторлар деп аталатын түрі сезімтал келеді. Метаболизациялау процесіне қатысатын маңызды ферменттің улануы организмге шаршаңқы,ұшпалы әсер береді.Белгілі бір ферменттің инактивизациялауға ұшырауы биохимиялық зақымдану деп аталады.Пестицидтер фермент молекулаларының белоктық бөлігімен байланысқа түсіп,толықтай инактивизациялай алады,агонмен де солай (активті простатиттік топ),тұрақты қосылыстар мен лабильді кешен түзеді.Екі жағдайда да пестицидтер ферменттердің ингибаторы ретінде жұмсалып отыр,мұнда ферменттердің пестицидтармен инактивизациялануы кері қайтатын және кері қайтарылмайтын болуы мүмкін.

Ферменттердің барлық ингибиторлары,соның ішінде пестицидтерді де шартты түрде екіге бөлуге болады: жалпы және арнайы.

Жалпы ингибиторлар-ауыр металлдар тұзы (күміс, мыс, сынап, қалайы, вольфрам), сондай-ақ белоктарды тұндырғыш 3-хлорсілті қышқылы, танин, сондықтан олар барлық ферменттердің әсерін жойып отырады.

Ферменттерді ауыр металлдармен ингибирациялау металл түзетін заттар мысалы,цианид,этилендиамидтетраацетат қосқан жағдайда кері қайтымды.

Биопрепараттар

Биопрепараттар-эиянкестердің ауру қоздырғыштары:бактериялар, вирус, саңырауқұлақ, микроспоридтер т.б.

Тұңғыш әлемдік практикада энтопатогенді микроорганизмдердің зерттеу процесі ретінде И.И.Мечников,И.М.Красильщик (1908) қойды. Кең далада Меіагтһігіиш апізорііае (Меізһ) атты саңырауқұлақты қызылша таратушығы қарсы күрес құралы ретінде қолданған.

ХХ ғасырдың басында академик В.П. Поспелов Мечников бастаған тәжірибиені тереңдетіп,кеңейтті .Ол ауылшаруашылық зиянкестерімен биологиялық күресте микрорганизмдерді қолданудың аса маңызды теориялық мәселелерін алға тартты.Онда маңызды рол зиянды жәндіктердің дамуына әсер ететін экологиялық факторларды анықтауға аса мән берілген. Зиянкестердің ұрпақтануын болдырмайтын патогенді микроорганизмдердің әсерін анықтау да басты себеп болған.Жәндіктердің тұтастай ауруға ұшырауына ішек микрофлорасы қатысып қана қоймай,сондай-ақ аталған процесте алдыңғы орын алды.

Активті іздестіру нәтижесінде табиғаттан энтомопатогенді бактериялардың бірқатар түрлерінен вирулентті штаммаларын бөліп қарау,соның нәтижесінде биопрепарттардың алғашқы нұсқасы жасалған.

50-жылдардың соңына қарай энтобактерин 3 пайда болды,1962 жылы капуста,жеміс,бау-бақшалық жерлер мен орман жапырақтарын кеміретін зиянкестерге қарсы пайдалануға болады деп шешілген.Күрестің микробиологиялық әдісі дақылдардың ауру қоздырғыштарын препарат күйінде қолдану,ол зиянкестер популяциясына инфекцияны тарату үшін керек.

Өсімдіктер ауруын қоздырғыштарға қарсы дәрі түрі-биопрепараттар тәжірибеде кеңінен қолданылуда.

Қазірде түрлі ауруларға (жемістердің күюінен болатын Егшп^а апуІо^ага,пирикуляриоз,тағы басқа күріш ауруларының түрлері,фасоль ,соябактериозы,кейбір вирустық аурулар )қарсы антибиотиктерді бірлесе отырып пайдалану дәлелденген (химиялық фунгицидтер күшті эффектілер бере алмаған).

Фунгицидтер-ауыршаруышылығы дақылдарын түрлі саңырауқүлақ ауруынан қорғауда қолданылатын химиялық заттар.

Антибиотиктерді қолданудың артықшылықтары мынада:

Салыстырмалы түрде адамдар және жануарлар үшін токсиндік әсері төмен.

Өсімдіктерге өту мүмкіндігінің болуы және ауруға түрақтылығын көтеру.

Әсер етудің арнайылығы.

Аурудың патогенді организм-қоздырғыштарына қатысты жоғары активтілігі,бүл оны аз концентрацияда қолдануға және олардың қалдықтарының өнімде ,топырақта жиналуын болдырмайды. Антибиотиктердің көпшілігі белгіленген мөлшердегі концентрацияда өсімдіктердің дамуы мен өсуін қадағалап,егін сапасын жоғарылатады.

Диоксиндер

Қүрылысы,физикалық және химиялық қасиеті.Диоксин молекуласы жалпақ және жоғары симметриялығымен ерекшеленеді.Электронды тығыздығының орналасуында көпшілігі оттегі және хлор атомдарының зонасында,ал аз бөлігі бензолды сақина орталығында болады.Бүл қүрылысының,электронды күйінің ерекшелігі және диоксин молекуласының экстремальды қаситтерін қадағалауға бағыттайды.

Диоксин-балқыту температурасы жоғары (305 °С) және үшпалылығы өте төмен,суда нашар еритін (25 °С-та 2х10-8 %),бірақ оргаикалық еріткіштерде жақсы еритін криссталды зат.Ол жоғары термикалық түрақтылығымен ерекшеленеді,оның ыдырауы 750 °С-тан жоғарылағанда байқалады,ал 1000 °С-та эффектілі жүреді.

Диоксин-химиялық инертті зат.Қайнату барысында да қышқылдармен,сілтілерге ыдырамайды.Хош иісті қосылыстарды хлорлау мен сульфаттаудың рекциялануы үшін қатаң жағдайда катализаторлар көмегімен әрекет етеді.Диоксин молекуласының хлор атомдарын басқа атомдар тобына орналастыра түру еркін радикалды рекция жағдайында ғана болады.Бқл айналыстардың кейбірі,мысалы ультра-күлгін сәуле шашуда натрий-нафталин мен қалпына келтіріп хлорлаудың әсерлесуі диоксиннің аз ғана мөлшерін жою үшін қолданылады.Сусыз жағдайда қышқылдандыру жүргізгенде диоксин бір электронын оңай беріп,тұрақты катион-радикалға айналады,бірақ бұл су арқылы диоксинге оңай айнала алады,табиғи және полициклды синтетикалық қосылыстардың комплексін түзуге ықпал етеді. Токсиндік әсері.Диоксин-тотальды у,аз ғана мөлшерде (концентрацияда)тірі материяның-бактериядан жылы қандыларға дейін түгелге жуығын зақымдап үлгереді.Қарапайым организмдер жағдайында диоксин әсері,нәтижесінде тұрақты кешен түзетін металлоферменттердің жұмысының бұзылуымен, еркешеленеді.Әсіресе диоксинмен жылы қандылардың зақымдануы қиын болады.

Жылы қандылардың организмінде диоксин алғашқысында май бездеріне барады,одан соң бөлінеді,бауырда жиналады,одан кейін тимуста және басқа мүшелерге де залалын тигізбей қоймайды.Оның организмде бұзылысы нәтижесінде ол организмнен өзгеріссіз,әлі күнге табиғи түрде анықталмаған кешенді түрде шығарылады.Жартылай ену кезеңі 10 шақгы күн жылға дейін Одан да көп уақыт аралығында ауытқып отырады,әсіресе организмге жәй түсу кезінде өсіп отырады. Организмде ұстап тұру мүмкіндігінің өсуімен және таңдап жиналуымен байланысты бауырдың диоксинге сезімталдығы артады.

Жануарлардың күшті улануында диоксиннің жалпы токсиндік әсері байқалады:тәбеттің жоқтығы,физикалық және жыныстық жақтан әлсіздік,қатты шаршау,депрессия,аса көп салмақ жоғалту.Ұшпалы жағдайға удың организмге түсу жылдамдығының мөлшеріне байланысты біраз күн өткен соң келеді,тіпті 10 шақты күннен кейін де болуы мүмкін.

Ұшпайтын жағдайда диоксин ауыр арнайы ауру түрлерін тудырады.Аса сезімтал түрлерде алғашында тері ауруы-хлоракне (май бездерінің зақымдануы,дерматит,ұзақ жазылмайтын жаралардың пайда болуы),адамдарда хлоракне үнемі қайталанып отырады (емдеген жағдайда да).Диоксинмен қатты зақымданудың түрі порфириндердің алмасуының бұзылысына әкеледі,порфирин-гемоглобин мен құрамында темірі бар ферменттер (цитохромдар).Порфирия ауруы-терінің аса күшті фото сезімталдығынан көрінеді,ол әлсіз,ұсақ көпіршіктермен жабылады.Диоксинмен созылмалы уланған жағдайда бауырдың жұмысын бұзатын,иммунды жүйе мен орталық нерв жүйесінің жұмысын әлсірететін ауру түрлері қозғыш келеді.

Бұл ауру түрлері диоксиннің құрамында темірі бар маңызды фермент- Р-448 цитохроммен кенет активтенуі нәтижесінде (он шақты ,тіпті жүз рет) байқалады.Әсіресе бұл фермент плацентте және ұрықта жақсы активтенеді,осыған байланысты диоксиннің аз ғана мөлшерінің өзі өмірга қауіп тудырады,жаңа организмнің дамуына зиянын тигізіп,қалыптасу процесін бұзады,басқалай айтқанда тератогенді және эмбриотоусинді әсер етеді.Диоксиннің құртатын аз концентрациясында зақымданған түрлердің клеткаларында генетикалық өзгеріс болдырады,ісіктердің жиі пайда болу себебін дамыта түседі, канцерогенді, мутагенді әсері өте күшті.

Биосферада диоксин өсімдіктермен тез жүтылады,топырақ,түрлі материалдармен сорбцияланады, бүл жағдайда ортаның биологиялық,физикалық,химиялық әсер нәтижесінде өзгеріске түспейді.Кешен түзу қабілетіне қарай ол топырақтың органикалық заттарымен байланысып,өлген топырақ микроорганизмдерінің қалдықтарында ,өсімдіктің жансыз бөліктерінде жинақталады.

Диоксиннің табиғатта жартылай ыдырау кезеңі 10 жылдан асады.Осылайша,қоршаған ортаның түрлі нысандары осы у түрін сенімді сақтаушылардың бірі болып табылады.

Диоксиннің қоршаған ортада болуы онымен байланысатын заттардың қасиетіне байланысты.Топырақта оның тігінен және көлденеңінен қоныстануы тек бірқатар тропикалық аудандарға тән,мүнда топырақта суда ерігіш органикалық заттардың молынан кездеседі .Басқа , суда ерімейтін органикалық заттары бар топырақ түрлерінде ол топырақтың үстіңгі қабатымен тығыз байланысып,өлген организмдердің қалдықтарында жиналады.

Диоксин топырақтан механикалық жолмен шығарылады. Органикалық заттармен түзілетін комплекс төмен тығыздығымен ерекшеленіп ,сондай-ақ өлген организмдердің қалдықтары топырақ үстінен жел арқылы үшып кетеді,жауын легімен шайылады,ақырында жүқтырудың жаңа ошақтарын жаға отырып (жаңбыр суының жиналатын орындары,көл,өзен аңғарлары,теңіз суының шайылған жерлері,канал,мүхит жағалауы)акваториялық және жазық жерге түседі.

Оңтүстік Вьетнамның кейбір аудандарының топырағына зерттеу жүргізу барысында топырақ қабатының үстіңгі жағында диоксиннің салыстырмалы аз мөлшерде кездесуі және топырақтың тереңінде (30Ррі) триллионға 30 бөлшекті концентрацияның болуы байқалған.Бүл физикалық және механикалық жақтан тропикті ауыстырып отыру- табиғи ортада уды эффектілі жолмен тарауына ықпал етеді. Бірақ бүл диоксиннің биосферада қоныстануының бір жолы ғана емес.

Бүл удың тамақтану тізбегі арқылы да таралуы кездеседі,уланған тамақ өнімдерін өте көп мөлшерде пайдаланатын аудандарда,халық көп жиналған аудандарда үнемі жиналуына жағдай жасайды.

Вьетнамдық ғалым,хирург,профессор Тон Тхат Тунгтың пікірінше,табиғатта диоксиннің тиімді жолмен ауысып отыруы оының жылы қандылармен толығып отыруымен ерекшеленеді,диоксиннің жылы қандылармен толығуының артып отыруы қоршаған ортадағы удың таралуынының артуына байланысты.Бүл бірнеше жылдық тәжірибеде дәлелденген: он миллион халқы бар Вьетнам жүртының «адам өмір сүруіне және қоршаған ортаға қауіпсіз» деген соғыс мақсатына пайдаланылатын гербицидтерді қолданатын жерде өмір сүруі.Фактыларға сүйенейік.



Диоксиннің тағам тізбегі арқылы тарауы.Топыраққа өтісімен диоксин өсімдіктерге сіңеді (әсіресе,астыңғы жер қабатында),топырақ фаунасы арқылы басқа да жануарлар мен қүстардың тағам тізбегі арқылы беріледі.Су және ауа арқылы топырақтан шығарылғандар диоксин зоопланктон балық арқылы тағы да құстар мен сүтқоректілерге жетеді.Басқалай айтқанда,залалды,жұқпалы ортадан алынған сұйық,ет,сүт (ерекше),балық өнімдері арқылы адам столының үстінде тұрмасына кім кепіл.Бұл удың жоғарғы тұрақтылығы тағам тізбегі арқылы бірнеше рет циркулияциялануына жағдай жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет