№12 тәжірибелік тапсырма Тақырыбы



Pdf көрінісі
Дата07.03.2024
өлшемі264.62 Kb.
#494636
12 тәжірибелік тапсырма



№ 12 тәжірибелік тапсырма 
 
Тақырыбы:
«Мастер – Тур» бағдарламалық кешені 
Мақсаты: Туризмдегі брондау және резервтеу жүйесіндегі «Мастер – 
Тур» бағдарламалық кешені туралы білімді түрлі әдістерді қолдана отырып 
жаңарту және жүйелеу. 
Ұзақтығы: 2 академиялық сағат. 
Формат: Универ жүйесіндегі қашықтықтан оқыту курсы 
 
Қашықтықтан оқыту курсына тапсырма: 
«Мастер – Тур» бағдарламалық кешені» тақырыбына түрлі оқыту 
әдістерін қолдана отырып оның мәнің ашу. Әдістер: Фишбоун әдісі, Блум 
ромашкасы әдісі, «Өрмекші» әдісі (постерде), «INSERT» әдісі, «Шахмат» әдісі 
арқылы дайындау. 
Төменде әдістер тізімі келтірілген. Осы әдістер ішінен студент тек бір 
әдісті қолдана отырып тақырып бойынша тапсырманы орындайды. Таңдауды, 
яғни әр студентке қандай тапсырма беру қажеттілігін оқытушы өзі шешеді. 
Маңызды. Тапсырманы орындамас бұрын жоғарыда берілген әдістерді 
түрлі әдебиет көздерін қолдана отырып талдап шығыңыз.
Фишбоун әдісі төменде берілген суреттегі нұсқаулық бойынша 
әзірленуі шарт. Жазылған критерийлер нақты болуы керек, мағыналық 
жағынан қайталанбауы керек. 
 
 
Блум ромашкасы әдісін төменде берілген суреттегі нұсқаулық бойынша 
әзірленуі шарт. Жазылған критерийлер нақты болуы керек, мағыналық 
жағынан қайталанбауы керек. 
 


 
 
3 «Кейс-стади» әдісі – берілген тақырып бойынша жауабы келтірілген 
кем дегенде 2 жағдаятты құрастыру. 
 
4 «INSERT» әдісі – тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс 
жасалады: ! білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді; кесте жүйесі 
бойынша жұмыс жасайды. 
! білемін 
+ жаңалық 
- білмеймін 
?- білгім келеді 
«Мастер – Тур» бағдарламалық кешені» 
 
5 «Шахмат» әдісі Саймон Браунхилл бойынша – шахмат тақтасының 
суретін пайдалану арқылы студент бос ақ ұяшықтарға өз ойларын тақырып 
аясында кезекпен жазады. 
 
Ескертпе. 
Жұмыстарды келесі форматтарда тіркеу және жіберу ұсынылады: 
«.ppt»немесе «.pdf». 
Бекітілген жұмыстар түпнұсқада болуы міндетті, студенттердің өздері 
жекелей орындауы тиіс, басқалардан көшіріп алуға мүлдем жол берілмейді. 
Сондай-ақ, жұмыстың бағалануына келесі критерийлер әсер етеді: 
тақырыптың толық ашылуы және тапсырманы дәл орындау, оның сауатты 
техникалық түптеуі. Студенттердің өзіндік жұмыстары міндетті түрде 
мерзімінде жүктелуі тиіс. Көрсетілген мерзімде бекітілмеген жұмыстар 
оқытушымен қабылданбайды. 
 
Әдебиет көздері:
1 Информационное обеспечение туризма: учебник для студентов вузов, 
обуч. понаправл. подготовки «Туризм» / Н. С. Морозова, М. А. Морозов, А. Д. 
Чудновский и др.. – М.:Федерал. агентство по туризму, 2014. – 288 с.


2 Шитов В.Н. Информационные технологии в туристской индустрии: 
учеб. Пособие для студентов вузов, обуч. по направл. подгот. «Туризм» 
(бакалавриат) / В.Н. Шитов. – М.: КНОРУС, 2016. – 386 с.
3 Сивчикова Т.Ю. Индустрия гостеприимства: учеб. пособие [для 
студентов вузов] / Т.Ю. Сивчикова, Н.С. Носова. – М.: Дашков и К, 2013. – 272 
с.
4 Информационные системы предприятий: учеб. пособие для студентов 
вузов / А.О. Варфоломеева, А.В. Коряковский, В.П. Романов. – М.: ИНФРА-
М, 2013. – 283 с.
5 Информационные ресурсы и технологии в экономике: учеб. пособие для 
студентов вузов, обуч. по экон. специальностям / [авт.: И. В. Артюшков, Г. Н. 
Безрядина, Л. А. Вдовенко и др.]; под ред. Б. Е. Одинцова, А. Н. Романова. – 
М.: Вузовский учебник: ИНФРА-М, 2013. – 462 с.
Интернет-ресурстар
1 http://www.amadeus.com/ 

AMADEUS 
глобальная 
система 
бронирования
2 www.sabretravelnetwork.ru - ПО Sabre
3 www.galileo.com - Система бронирования Galileo
4 www.unwto.org – Всемирная туристская организация (UNWTO) 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет