13-дәріс. Жоо-ғы эдвайзерлер, тьютор және офис-тіркеушілердің қызметі. Оқу-әдістемелік материалдарды құру технологиясы Жоспар



Дата19.12.2023
өлшемі21.17 Kb.
#486890
13-дәріс. Жоо-ғы эдвайзерлер, тьютор және офис-тіркеушілердің қы-emirsaba.org


13-дәріс. Жоо-ғы эдвайзерлер, тьютор және офис-тіркеушілердің қызметі. Оқу-әдістемелік материалдарды құру технологиясы Жоспар

13-дәріс. ЖОО-ғы эдвайзерлер, тьютор және офис-тіркеушілердің қызметі. Оқу-әдістемелік материалдарды құру технологиясы


Жоспар:
1.Эдвайзер және оның қызметі.
  1. Педагогикалық іс-әрекетті тьюторлық қызмет. Офис-тіркеушілердің іс-әрекеті.


3. Портфолио білім алушылардың өзіндік жұмыстары бойынша жетістіктерін бағалау формасы ретінде


Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мəдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық жəне жеке ұлттық игіліктер негізінде тəрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.

XXI ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.


Осы орайда, біріншіде барлық саланың ғаламдануы, ал екіншіден рухани азғындаудың бас көтеріп, даму үдерісімен түсіндіріледі. Бүгінгі тандареспубликамызда нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастандыбалаларсаныныңкөбеюі, Қазақстансəбилерініңжержүзінетаралыпқолды болу сияқты қоғамымыздағы келеңсіз көріністер жалпы тəрбие үдерісінің күрделене түскендігін байқатады.
Бүгінгі тəрбиенің басты міндеті – адамзат мəдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани, мəдени байлықты кіріктіре отырып меңгерту, студент-жастардын нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге икемделген, жан-жақты жетілген, қабілетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты, Отанын сүйетін азамат етіп тəрбиелеу болып табылады. Адам баласының өз өмір жолында тəрбиелі ғұмыр сүруі оның қоршағанортасына, достарына, тəрбие беретін мекемелерге жəне от басына байланысты. Осы орайда студенттермен жүргізілетін əртүрлі бағыттағы тəрбие жұмыстары олардың шығармашылық, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңызы ерекше. Тəрбие қызметінің табыстылығы көптеген жағдайда студенттік топпен бірге жүргізілетін куратор-эдвайзерлерінің кəсіби педагогикалық шеберлігіне байланысты болады.
Куратор (curator) – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің өміріндегі тəлім-тəрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, əлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы.
Эдвайзер (advizor)– оқу кезеңінде білім бағдарламасын меңгеруге бағыт беретін арнаулы кафедра оқытушысы.
Ал, куратор-эдвайзер студенттермен тығыз байланыста болып, бірге қызмет атқаратын маман. Оған төмендегідей талаптар қойылады:
Куратор-эдвайзер оқу жылы барысында студенттік топтың өмірімен танысып, топтық жəне жеке мəселелерді шешуге көмек көрсету, топта достық қарым- қатынас орнату жəне əрбір студентке тұлға ретінде қарау.
Студенттердің сабаққа қатысуын,үлгерімін, денсаулығын бақылау, сабаққа қатысу, тұрғылықты мекен-жайын, бос уақытын ұйымдастыруын, үйірмелерге, спорттық ойындарға, клубтарға жəнет.б. қатынасуын қадағалау.
Денсаулығына, оқу сабақтарына, аралық, апталық жəне сессияға байланысты мəселелер туындаса көмек көрсету.
Топтағы əрбір студенттің мінез- құлқына, бір-бірімен қарым-қатынасына социометриялық талдау жасау.
Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми мүдделерін ескеру, зерделеу.
Студенттерді студенттік өмірге баулу, өздерін-өзі танытуына жағдай жасау.
Жоғары оқу орнына бейімделу барысында қиындыққа тап болған əрбір студентке педагогикалық-психологиялық көмек көрсету.
Студенттердің ата-аналармен байланысып тұру жəне студенттердің сабақка қатысуы мен сабақ үлгерімі жəне жек еіс-əрекеті туралы қажетті ақпараттар беру.
Топтағы студенттердің этикалық тəрбиесіне, сыртқы келбетіне, киім-киісіне, жүріс-тұрысына, бір-бірімен қарым- қатынасына, сөйлеу мəдениетіне мəн беру жəне студенттерді университет ережесімен, студент кодексімен таныстырып əрдайым талқылап отыру.
Студенттермен бірлесіп жылдық тəрбие жоспарын құру жəне азаматтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық, салауаттылық, құқықтық жəнет.б. тəрбие беру бағыттарына байланысты тəрбиелік іс- шаралар ұйымдастыру.
Куратор-эдвайзерлердің басты мақсаты жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тəрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру жəне өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.
Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндеті оқу тобында тəрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру жəне студенттерді университеттің қоғамдық жəне шығармашылық өміріне біртіндеп тарту жəне кураторлық сағат жоспарын құру жəне сол жоспар негізінде жұмыстар жүргізу. Куратор-эдвайзер сағаты аптасына бір ретжүргізіліп отырылуы тиіс.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тəрбиежұмысы жəне тілдерді дамыту департаментінің директоры Г.Ə.Сəрсенбекова «Сабақ кестесіндегі кураторлық сағаттардың өткізілу сапасы, куратор-эдвайзерлердің топ активтерімен жұмысты ұйымдастыруы, университеттегі жаңа бастамаларды тез арада топ студенттері мен талқылап, пікір бөлісуі бірізділендірілу керек»- деген болатын.
Куратор-эдвайзердің атқаратын қызметінің негізгі бағыттарының бірі 1 курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделуі, студенттерге əлеуметтік- тұрмыстық жəне бос уақытты тиімді өткізу жолдарын шешу барысында топ аралық достықты, бауырмалдықты, ынтымақтастықты, бір-бірін қолдауды, бір- біріне көмек көрсету жəне т.б. қасиеттерді қалыптастыру болыптабылады. Осындай қызметтерді атқаратын куратор- эдвайзерлерге əдістемелік көмек беру мақсатында философия жəне саясаттану факультетінің жалпы жəне этникалық кафедра кафедрасының ішінен университет көлемінде жұмыс жасайтын «Куратор- эдвайзер мектебі» ашылып төмендегі бағыттарда жұмыс атқара бастады.
Жалпы тəрбие жұмысының бағыттары: рухани-адамгершілік, қоғамдық-саяси жəне құқықтық, патриоттық жəне ұлтаралық, мəдени-эстеттикалық жəне этномəдениеттік, парасаттылық, ақыл-ой, ғылыми зерттеушілік, экологиялық, экономикалық, салауатты өмір салты тұрғысында іске асырылады. Оларға қысқаша тоқталайық:
Рухани адамгершілік. Рухани- адамгершілік мəдениеті, оның жеке тұлға ретіндегі табысты түрде өзіс-əрекеттерінде іске асырылатын əлеуметтік мəні бар қасиеттер жүйесінің жетілуі жəне дамуынан көрінеді. Мысалы, ЖОО осы бағытта мақсатты, жоспарлы тұрғыдан мамандардың адамгершілікбейнесі мен дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Қоғамдық-саяси жəне құқықтық. Қоғамдық-саяси жəне құқықтық мəдениеті оқушылардың өмірге белсенді көзқарасы, идеялық саяси көзқарастары мен сенімдерін, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық актілерін білуімен сипатталады. Осы мақсатта оқушылармен қоғамдық өмір туралы, оның дамуыт уралы, қазіргі заманның күрделі мəселелерін түсіндіру, саяси мəдениет қалыптастыруға бағытталған іс шаралар (дəрістер, əңгімелер, кештер жəне т.б.) жүргізілуітиіс.
Патриоттық жəне ұлтаралық. Қазақстан Республикасының азаматтарының жалпы ұлттық санасын қалыптастыру, отанға сүйіспеншілігін, мемлекеттік рəмізді, тілді құрметтеуге, толеранттыққа тəрбиелеу көзеделеді.
Мəдени-эстетикалық жəне этномəдениеттік. Бұл бағытта жеке тұлға бойында қажетті мəдени құндылықтар ақпарат жүйелері, кітапханалар, жетекші мамандар, барлық саладағы оқытушылар арқылы сіңіріледі. Сондай-ақ маңыздыіс- əрекетті оқушылардың оқудан тыс тəрбие жұмыстарын ұйымдастырыуы арқылы жүзеге асырылады.
Парасаттылық. Бұлт əрбиенің мазмұнына адамның бүкіл танымдық қызметтерін дамыту арқылы парасатты дамыту енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу сияқты психикалық процестер; тəрбиешілердің жеке парасаттылық қабілеттерін жəне танымдық мүмкіндіктерін дамыту; оқушылардың санасын оның шығармашылық əлеуетін қалыптастыру.
Ақыл-ой тəрбиесі. Білімалу мен оқыту арқылы іске асырылады. (пікір сайыс, ойын, дебат жəне т.б.)
Ғылыми-зерттеушілік. Алдымен оқушылар теориялық білімдерін практикада қолдануға машықтанады. Оқу барысында олар ғылыми зерттеу жұмыстарын іске асырады. Оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу арқылы ғылыми- зерттеу мəдениетінің қалыптасуына жағдай жасалуы тиіс.
Экологиялық. Экологиялық тəрбие саласында жалпы ақпараттандыру мен оқушылардың техникалық білім алуымен қатар қоршаған ортаны қорғауды басқару мен экологиялық саясатты жасау мен оған белсене қатысу саласындағы түрлі оқуларды іске асыруға баса көңіл аударылады.
Экономикалық. Экономикалық тəрби жүйесі оқушылардың екінші кезектегі жұмыспен қамтамасыз етуге жəрдемдесуі
Салауаттық өмір салты. Жастардың денсаулығының кепілі де салауаттық өмір салтын ұстануларынан басталады. Қоғамда дені сау адамды тəрбиелеуде бұл тəрбиенің орны ерекше. Ол белгілі орындарда, яғни спорт алаңдарында, сауықтыру орындарында іске асырылады. Осы тəрбие бағыттары негізінде кураторлық сағаттар жүргізіледі.
Кураторлық сағат-оқу жылы басында бекітілген эдвайзер-куратор жоспары негізінде жүргізіледі. Жоспар тəрбие бағыттарына негізделіп жасалуы тиіс. Мысалы: «Отбасы–тəрбие негізі» деген тақырыпта əңгіме жүргізер болса, онда «отбасы» ұғымына талдау жасап, отбасы арқылы студенттер бойына барлық тəрбие бағыттарының қалыптасатынын түсіндіріп кеткен жөн.
Тұлғаның көркемдік талғамын қалыптастырып, сұлулықты қабылдауға үйрету үшін дарын нышанын айқындап, талантын дамыту үшін эстетикалық тəрбиенің мəні зор. Баланың көру сезімі жетіле бастағаннан-ақ табиғаттың тамаша көріністеріне қызыға қарайды, эстетикалық əсер алады, үлкендердің түсіндіруімен дүние таниды. Əсемдіктітүсіну- адамдық сана- сезімнің жоғары сатысы. Əр баланың көркемдікке өз бейімділігі болады. Сол нышанды ата-ана дер кезінде байқап, қамқорлық жасауы керек. Жас бала сурет салуға, əн, тақпақ айтуға, билеуге құштар скеледі. мен əншілердің, суретшілер мен əртістердің өнерлері ерекше əсер етеді. Оған əн, тақпақ үйретуден жалықпауымыз керек. Осы орайда ұлы жазушы А.П.Чехов «Адам барлық жағынан да сұлу болуы керек», - дейді. Отбасында ата-ана баланың таза киініп, таза жүруімен қатар оның əдепті болуын талап етеді. Əдептілік эстетиканың негізгі бір саласы. Эстетикалық əсер ізгілік сезім туғызады. Əсерленген балада эстетикалық ұғым, эстетикалық мұрат пайда болады. Көркемдік негіз тұрмысты сəндендіреді жəне адамның адамгершілік қасиетін арттырады. Əсемдік əрқашанда жақсы сезімге бөлейді. Баланы əсемдікті көре білуге, одан лəззат ала білуге үйретуіміз керек. Əсемдік табиғатта, сондықтан мен алғашқы сабақты табиғат аясында бастадым, - дейді атақты педагог В.А.Сухомлинский. «Баламен бақ ішінде жəне далада өткізген бір күн – сабақ үстінде өткізген көп аптаға пара-пар» - дейді ұлы педагог К.Д. Ушинский.
Бұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса, студенттер арасында ынтымақтастық, ұйымшылдық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізері анық. Суреттерден байқағанымыздай студенттер эстетикалық талғамға сай, киімдерін біргіп таңдап, бірігіп тіккен. Бұл ұйымдастырылған іс- шара студенттердің бойына эстетикалық жəне еңбек тəрбиесінің қалыптасуына ықпалын тигізері анық.
Көркемдік сана эстетикалық тəрбиенің аса маңызды нəтижесі, талғамдар мен көркемдік көзқарастардың, эстетикалық мұраттардың жиынтығы. Баланы өнерге үйрету, эстетикалық талғамға үйрету, оның бойына сұлу мінез-құлық қалыптастыру, шығармашылық еңбектерді, үлкенді құрметтеуге үйрету, оның патриоттық сезімін ояту от басының міндеті болса, əрі қарай тəрбие жұмыстары негізінде бала бақшада, мектепте жəне жоғары оқуорындарында ұштастыру тəрбиешілер, мұғалімдер жəне куратор-эдвайзерлердің негізгі қызметі болып табылады.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет