15 - тақырып. Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру
Жоспары:
1. Мектептің педагогикалық Кеңесі.
2.Сынып жетекшісінің семинарлары (әдістемелік бірлестігі).
3. Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтап қорытындылау.
Негізгі ұғымдар: өздігінен білім алу, мектептің педагогикалық кеңесі, сынып жетекшісінің семинары, әдістемелік бірлестік, озық педагогикалық тәжірибе, оқудан тыс тәрбие жұмысы.
1. Мектептің педагогикалық Кеңесі. Мектептің жоғарғы жетекші органы жылына бір рет өтілетін конференция болып табылады. Конференция кең өкілеттілікке ие, жалпы мектептік конференцияда мектептің кеңесі, оның председателі, олардың іс-әрекетінің мерзімі анықталады. Әрбір оқу мекемесі конференцияда оқу мекемесінің нақты жағдайы, мақсаты, міндеттері, өзін дамыту болашағы ескерілетін Уставын қабылдайды.
Сондықтан бір жалпы білім беретін мектептің Уставы өзінің бөлшектерінде басқа мектептің Уставынан ажыратылады, бірақ Уставтың жалпы бағыты жалпы білім беретін оқу мекемесі туралы Типтік ережемен беріледі. Мектеп Кеңесі коллегиальды орган ретінде дамудың негізгі бағыттарын, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру жолдарын бекітеді, оқыту тілін анықтайды.
Мектеп Кеңесі оқу мекемесінің әртүрлі бағыты бойынша уақытша немесе тұрақты комиссии, штабтар, кеңестер құрып, оның құқығын, міндеттерін, өкілеттік шекарасын анықтайды. Конференция делегаттары ретінде өз ұжымының жиналыстарында дауыс беру құқығымен II и III басқыш оқушылары, мұғалімдер және оқу мекеменің басқа да қызметкерлері, ата-аналар (оларды ауыстыратын адамдар), қоғам өкілдері сайланады.
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формасы динамикалы, үнемі дамып отырады. Ол көптеген факторларға байланысты жаңартылып отырылады, негізігісі білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, заңнамалық актілер мен құжаттар; мұғалімнің педагогикалық мәдениет деңгейі, тұлғалық және кәсіптік-іс-әрекеттік көрсеткіштерін диагностикалық өлшеу үрдісінде айқындалған оның әдістемелік сауатылығы; мектеп ұжымындағы моральды-психологиялық ахуал, әдістемелік жұмысты орындаудың материалдық-техникалық мүмкіндіктері; әдістемелік жұмыстарды іске асыруға мектеп жетекшілерінің кәсіби дайындық деңгейін, мұғалімнің инновациялық жаңалығы мен белсенділігін, мектепішілік педагогикалық тәжірибесін зерттеу; мектеп ұжымындағы жағдаяттарды бақылау (мұғалімдер, мұғалімдер мен оқушылар, мұғалімдер мен жетекшілер арасындағы қарым-қатынаста).
Аттестацияның мақсаты білім беру қызметкерлерінің еңбек ақысын бағалаудың тиімді дифференциацияланған жүйесін құруды, олардың кәсіби өсуін ынталандыруды, біліктілікті үздіксіз көтеруді және еңбектің нәтижелілігін көрсетеді. Мұғалімдерді аттаестациялау еңбекті эксперттік бағалау негізінде жүргізіледі: оның нәтижелілігі мен оқу-тәрбие үрдісінің сапасы.
Аттестацияның басты қағидалары: эксперттік бағалаудың еріктілігі, ашықтығы, жүйелілігі және педагогикалық қызметкерлерге обьективтік, түзетушілік, ұқыпты және тілектестік қатынастарды қамтамасыз ететін эксперттік бағалаудың тұтастығы.
Жалпы, аттестация қорытындысы бойынша мұғалімге басқа категория беріледі. Онда біліктілігін, мамандығын көтеру курстарында педагогикалық оқуы, педагогикалық іс-әрекетін талдау нәтижесі және мұғалім еңбегінің нәтижелері ескеріледі.
Әдістемелік жүйенің моделі Мектеп әдістемелік қызметінің негізгі қызмет бағыттары:
1. Әдістемелік кеңес. Қызметттің басты мақсаты – педагогтың біліктілігін үзбей жетілдіру,ғылымның бір саласындағы құзырлығы мен эрудициясына әрдайым көмек жасау.
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің міндеті мен тақырыбын дұрыс таңдау - жұмысты ұйымдастыру үшін мазмұны мен формасын да таңдатады. Әдістемелік жұмыстың формалары.
2. Ұстаздық. Мақсат деп тәжірібиелі педагогтар өз тәжірібиесімен жас мамандармен бөліскенін айтамыз. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен жұмысы ретінде бағдарлама және оқу материалы бойынша жұмыс, жаңа оқыту әдістер ізденісі, алғашқы нәтижелердің талдауы.Бұл мазмұнның жаңа элементтерін көрсету,ашық сабақтарды өткізу,оны талдау,өзара сабақтарға қатысу.
3. Мұғалімнің өздік жұмысы. Мақсаты - біліктілікті жоғарлату, оқу курсындағы жетіспеушіліктер мен ақауларды жою, оны жетілдіру.Қызметтің мазмұны: оқу жоспарымен, бағдарламамен жұмыс,оқу курсының өзінің жеке нұсқасының мазмұны, оқулықтың үзінділері,жаңа мазмүнды нұсқаны енгізуде өзіндік эксперименттер.Әдістер ретінде әдебиеттер оқу, жаңа мазмұнды тексеру бойынша тәжрібие жұмысын өткізу, әріптестерімен эксперименттерге қатысу.
4. Ашық сабақ. Мақсаты – үздік педагогтардың жиналған тәжірібиесі мен педагогикалық шеберлігін көрсету.Қызметтің мазмүны: жаңа мзмұн элементтерін алдын ала көрсету,курстың қиын бөліктерін көрсету.Жиі ашық сабақ бір шараның бөлігі болып келеді: пән айлығының, тәжірібие бөлісу семинарының немесе педагогикалық шеберлік мектебінің.Әдіс-тәсіл ретінде көрсету, әңгімелеу, көрме т.б. болып саналады. Анықталған мақсатты бағынған, басқа формалар мен тәсілдерімен жоспарланған сабақ тиімді болып келеді. Білім ұйымдарындағы жас педагогтардың кәсіби шеберлігін жоғарлату бойынша кең таралған жұмыстарға жас мман мектебі,алғашқы сатыдағы мұғалім мектебі,ұстаздық жатады.
5. Педагогикалық кеңесті өткізу мақсаты – мектеп ұжым мүшелерінің тиімді қызметтестігіне жағдай жасап, бір әдістемелік мәселе бойынша, ұжымдық басқару шешім шығару. Қызметтің мазмұны: мұғалімдердің шығармашылық есебін,нақты әдістемелік мәселе бойынша теориялық баяндамаларды тыңдау,орындаған жұмыстар бойынша қорыиынды,мәселе бойынша басқару шешім шығару. Әдіс-тәсіл ретінде көрсету, әңгімелеу, ұсыныстар дайындау т.б. болып саналады.
6. Педагогикалық шеберлік мектебі. Оның мақсаты – тиімді тәжірібие алмасу,кәсіби ортада педагогикалық қызметтің элементтерін талқылау.
7. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспарының құрлымы
Ұжымдық әдістемелік жұмысының жоғары формасы болып педагогикалық кеңес қалады.
Педагогикалық кеңес жұмысының тиімділігі – ұжымды ұйымдастыру формасының бірі:
- тақырып мерзімдігі;
- өткізу мерзімдігі;
- өткен педкеңестердің шешімін орындау қорытындысын бағалау;
- педкеңес күн тәртібіндегі баяндамалардың мазмұн сәйкестігі;
- педкеңестегі қабылданатын шешімдердің баяндамалардағы қорытындылар мен ұсыныстардың сәйкестігі;
- қабылданатын шешімдердің нақтылығы;
- шешімдерді орындайтын жеке жауапкершілік мен орындау мерзімі;
- педкеңестер жұмысының сабақтастығы;
- педагогикалық қызметкерлердің кәсібилік құзырлығын жоғарлату жөніндегі жұмысты ұйымдастыру,олардың шығармашылық бастамашылдық дамыту,озат тәжірібиені тарату;
- болашақтағы мектепті дамыту әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған, педагогикалық шаралар жүйесін жасақтау;
Әдістемелік жұмысының жүйесін терең талдаусыз жасауға болмайды. Әрбір басқару циклдың құрылымы: - жұмыс талдауы; - жоспарлау; - бағыттау; - бақылау; - түзету;
Мектептегі әдістемелік жұмыстың ұйымдастыруының бақылау бағыттаулары:
- мектептегі әдістемелік жұмыстың жағдайы мен нәтижесі;
- әдістемелік жұмыстының басқару тиімділігі мен жүзеге асырылуы;
- мұғалімнің кәсіби құзырлық деңгейі;
- мектептегі инновациялық жұмыстың жағдайы мен тиімділігі;
- оқу кабинеттерінің материалдық базасын жасау;
Бақылау мәліметтері жиналады және жүйе бойынша жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |