1.Ән: «Гүлдәурен»
Айхан:
Бәрі есімде мектепке алғаш барған күн
Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау
Шақырғанын алға бізді арман мың
Әсем бөлме терезелер жап-жарық
Қойған дерсің шырақтарынан шам жағып
Қара тақта аппақ парта қаз қатар
Отырдық біз сипап бәрін бәрін таң қалып
Аида:
Ұстаздардың арқасында шаттандық
Сөзін ту ғып болашаққа аттандық
Мектебімде ұстаздар бар ардагер
Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып
Аяулы ұстаз! Өлшемі жоқ бағаның
Айтыңдаршы таласады оған кім?
Еленуде елге істегенеңбегін
Айтады алғыс шәкіттерің саған мың
Айгерім:
Жадыраған жаздай жаны бар
Жақсылықтың шырағы боп жағылар
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жодлдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Дархан:
Білім сыйлап біздерге
Аялайсың әр күні
Қарыздар ғой сіздерге
Шәкірттердің барлығы
Жазира:
Өткенде бізден ағаттық
Байсалдылықпен тағат қып
Балалық болса кешірген,
Байыппен баурап өсірген
Үлгілі әр кез ұстамды,
Сабырлы үлгі ұстазды
Анадай көріп сыйлаймыз.
Айырылар кезде қимаймыз
Аяулым:
Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жанды көргенде,
Шарықтап биік қиялым,
Шаттанып шексіз сый алдым.
Анамдай ұстаз,мектебім,
Алғысым айтар көп менің.
Ән: «Ұстазым»
Достарыңызбен бөлісу: |