1.Өнеркәсіп. 2007 жылдың 9 айында Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары 298,6 млн теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 27,6 артық



Дата24.02.2016
өлшемі28.89 Kb.
#13845
Зайсан ауданының 2007 жылдың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының  қорытындысы  туралы

1.Өнеркәсіп.

2007 жылдың 9 айында Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары 298,6 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 27,6%  артық. Соның ішінде:


Тау кен өндірісі ЖШС «Сайқан» көлемі –32 млн.теңгенің көмірін өндірді, былтырғы жылмен салыстырғанды 26,2 пайызға артты;
ЖШС «Балық Шығыс» мекемесі көлемі –198,3 млн. теңгенің өнімін өндіріп, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,8 есе артты.

2.Ауылшаруашылық.

2007 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығының жалпы өндірген өнімі 1551,4 млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға өсті. Аудан көлемінде 743557 мың теңгенің 4417тонна  еті, 710702 мың теңгенің 26644 тонна  сүті, 19146 мың теңгенің 2145 мың дана  жұмыртқасы өндірілді. Ірі қара 66654 басқа, қой-ешкі 178773 басқа, жылқы 10295 басқа жетті. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ірі қара 4,5 пайызға, қой-ешкі 14,1 пайызға, жылқы 13,8 пайызға өсті.  Жыл басынан бері 21646 бас бұзау, 68428 бас қозы-лақ, 2143 бас құлын алынды.   



3.Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласы.
2007 жылдың 9 айында 47 жекеменшік (көлемі 3929 м2)  тұрғын үй іске қосылды, оның 27 тұрғын үйі ауыл аймағында.  

4.Қаржы.
2007 жылдың 9 айында аудандық бюджетке түскен барлық қаржы субвенциямен қоса есептегенде –1001987,0 мың тенге, бюджеттік қаржылардың 969020,7 мың теңгесі игерілді.  Бюджеттің өз кірісі 235495 мың теңге жоспарланып, бюджетке 249979 мың теңге түсіп, салықтар мен алымдардың түсімі 106,2 пайызға орындалды.  

5.Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар.
2007 жылдың 9 айында ақылы қоғамдық жұмысқа қатысқаны 448 жұмыссыз, Жұмыссыздық деңгейі - 1,5 пайыз. Жыл басынан тіркелген жұмыссыздардың саны 552 адам. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бір саласы кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау болып табылады, осыған сәйкес 23 тіркелген жұмыссыз оқуға жіберілді. Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен әр түрлі жұмыстарға 322 адам орналастырылды. 170 жаңа жұмыс орны ашылды.       
Ауданда тұратын аз қамтылған, кедейшіліктің шегінен төмен тұратын адамдарға атаулы әлеуметтік көмек 2007 жылға жергілікті бюджеттен аудан бойынша 18 млн.теңге қаражат қаралып, 9 айда 513 отбасының 1593 мүшесіне 13300 мың теңге тағайындалып, төленді.  18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2007 жылға 36,8 млн.теңге қаражат қаралып, 9 айда 1563 отбасының 3721 балаға 28272,9 мың теңге тағайындалып, төленді.

6.Бiлiм. 
Аудан бойынша 2006-2007 оқу жылын  7789 оқушы аяқтап отыр, оның 1353 үздікке, 2458 оқушы «4» пен «5»-ке аяқтап, білім сапасы 49,5 пайыз, үлгерім 99,9 пайыз. Аудандық білім бөлімі 2007 жылы Әуезов, Ломоносов, Абай атындағы орта мектептерінде мемлекеттік аттестаттау өткізді. 12 жылдық білім жүйесіне көшуге байланысты Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтынан 2007 жылдың бірінші тоқсанында 129 мұғалім білімін жетілдіріп келді. 9-11 сыныптар арасында жекелеген пәндерге қабілеті жоғары оқушыларды анықтау мақсатында, 2007 жылдың 8-9 қаңтарында  12 пәннен аудандық пән олимпиадасы өткізілді. Пән олимпиадасында I орын алған 27 оқушының жұмыстары облыстық пән олимпиадасына ұсынылып, 18-і облыстық олимпиадаға қатысып, оның 8-і жүлделі орынмен оралды.

7.Денсаулық сақтау саласы.
Зайсан ауданында 1 аудандық емхана , 1 туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы, 8 жан ұялық емхана, 2 фельдшерлік акушерлік пункті және 10 фельдшерлік пункті, 17 елді мекенде жеке ғимаратсыз 17 медицина қызметкерлері  халыққа қызмет етуде.  Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінуде, 2007 жылға Облыстық бюджеттен – 15,2 млн.теңге бөлініп отыр. Денсаулық саласының нысаналарының күрделі жұмысына барлығы 30,5 млн. теңге бөлініп отыр, оның ішінде аудандық орталық емханаға – 7,0 млн. теңге, Туберкулезге қарсы емдеу емханасына – 7,5 млн. теңге, Зайсан қаласының №1 жан ұялық емханасына – 5,0 млн. теңге, Шілікті ауылының жанұялық емханасына – 7,0 млн. теңге, Кенсай ауылының жанұялық емханасына – 4,0 млн.теңге,   оның ішінде биылғы жылдың 9 айында игерілгені -  18,5 млн.теңге.

8. Заңдылықтар.
2007 жылдың 9 айында аудан көлемінде  профилактикалық және жедел шаралар  нәтижесінде аудан көлемінде  тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 184-тен 130 дерекке, яғни 37,2 пайызға төмендеді.  Ашылу пайызы 94,1 пайыз.

9.Демографиялық жағдай.
2007 жылдың 9 айында дүниеге келген сәбилердің саны 505 бала, 274 адам қайтыс болып; оның ішінде 9-ы бір жасқа дейінгі балалар. Табиғи өсiм 231-ге жеттi. Ауданға  846 адам көшіп келдi, ауданнан басқа жаққа қоныс аударғандар саны – 776 адам, сальдо – 70 адам.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет