1.Өнеркәсіп. 2007 жылдың бірінші тоқсанында Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары 88,72 млн теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 31,8 артық



Дата22.02.2016
өлшемі35.42 Kb.
#1129
Зайсан ауданының 2007 жылдың 1- тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы

1.Өнеркәсіп.
2007 жылдың бірінші тоқсанында Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары 88,72 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 31,8 % артық. Соның ішінде:
Тау кен өндірісі ЖШС «Сайқан» көлемі – 16,239 млн.теңгенің көмірін өндірді, былтырғы жылмен салыстырғанды 6,0 пайызға артты;
ЖШС «Балық Шығыс» мекемесі көлемі – 50,733 млн. теңгенің өнімін өндіріп, былтырғы жылмен салыстырғанда 72,4 пайызға артты.

2.Ауылшаруашылық.

2007 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы өндірген өнімі 481465 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті. Аудан көлемінде 273215 мың теңгенің 1623 тонна еті, 187411 мың теңгенің 7026 тонна сүті, 2321 мың теңгенің 260 мың дана жұмыртқасы өндірілді. Ірі қара 61747 басқа, қой-ешкі 180503 басқа, жылқы 9315 басқа жетті. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ірі қара 9 пайызға, қой-ешкі 13,8 пайызға, жылқы 9,2 пайызға өсті. Жыл басынан бері 10222 бас бұзау, 51750 бас қозы-лақ, 1020 бас құлын алынды.



3.Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласы.
2007 жылдың бірінші тоқсанында 3 сауда дүкені іске қосылды. Сондай ақ 12 жекеменшік (көлемі 1070 м2) тұрғын үй іске қосылды, оның 7 тұрғын үйі ауыл аймағында.
«Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС мекемесі құрылысы аяқталмаған 5 қабатты 30 пәтерлі үйдің құрылыс жұмыстарын, бұрынғы кинотеатр ғимаратын мейрамханаға қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Орталық аурухананың психоневрология бөлімінің күрделі жөндеу жұмыстарына ашық тендер өтіп, ҚҚБ «Шығыс» мекемесі жеңіп алды.

4.Қаржы.
2007 жылдың 1 тоқсанында аудандық бюджетке түскен барлық қаржы субвенциямен қоса есептегенде – 253677,0 мың тенге, бюджет қаржысының бос қалдығы- 9748 мың теңге, бюджеттік қаржылардың шығысы – 260721,1 мың теңге жоспарланып, оның – 245427,3 мың теңгесі игерілді. Бюджеттің өз кірісі 62710,0 мың теңге жоспарланып, бюджетке 65001 мың теңге түсіп, салықтар мен алымдардың барлық түрлері 100 және одан жоғары пайызға орындалды.

5.Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар.
2007 жылдың 1 тоқсанында ақылы қоғамдық жұмысқа қатысқаны 151 жұмыссыз, немесе 2006 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 41,1 пайызға артты, оның ішінде ауылдық жерден 92 адам қатысты. Жұмыссыздық деңгейі - 1,7 пайыз. Жыл басынан тіркелген жұмыссыздардың саны 236 адам. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бір саласы кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау болып табылады, осыған сәйкес 21 тіркелген жұмыссыз оқуға жіберілді. Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен әр түрлі жұмыстарға 79 адам орналастырылды. Жұмысқа орналыстыру деңгейі 42% құрады, 9 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 7-і ауылда.
Ауданда тұратын аз қамтылған, кедейшіліктің шегінен төмен тұратын адамдарға атаулы әлеуметтік көмек 2007 жылға жергілікті бюджеттен аудан бойынша 18 млн.теңге қаражат қаралып, 1-ші тоқсанда 273 отбасының 867 мүшесіне 3692,6 мың теңге тағайындалып, оның 3261 мың теңгесі төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2007 жылға 36,4 млн.теңге қаражат қаралып, 1-ші тоқсанда 1330 отбасының 3233 балаға 10220,6 мың теңге тағайындалып, оның 6963,8 мың теңгесі төленді.

Жұмыссыздық деңгейі

6.Бiлiм.
Аудан бойынша 2006-2007 оқу жылы I жарты жылдықты 7778 оқушы аяқтап отыр, оның 1101 үздікке, 2139 оқушы «4» пен «5»-ке аяқтап, білім сапасы 41 пайыз, үлгерім 99,7 пайыз. Аудандық білім бөлімі 2007 жылы Әуезов, Ломоносов, Абай атындағы орта мектептерінде мемлекеттік аттестаттау өткізді. 12 жылдық білім жүйесіне көшуге байланысты Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтынан 2007 жылдың бірінші тоқсанында 74 мұғалім білімін жетілдіріп келді. 9-11 сыныптар арасында жекелеген пәндерге қабілеті жоғары оқушыларды анықтау мақсатында, 2007 жылдың 8-9 қаңтарында 12 пәннен аудандық пән олимпиадасы өткізілді. Пән олимпиадасында I орын алған 27 оқушының жұмыстары облыстық пән олимпиадасына ұсынылып, 18-і облыстық олимпиадаға қатысып, оның 8-і жүлделі орынмен оралды.

7.Денсаулық сақтау саласы.
Зайсан ауданында 1 аудандық емхана , 1 туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы, 8 жан ұялық емхана, 2 фельдшерлік акушерлік пункті және 10 фельдшерлік пункті, 17 елді мекенде жеке ғимаратсыз 17 медицина қызметкерлері халыққа қызмет етуде. Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінуде, 2007 жылға Облыстық бюджеттен – 15,2 млн.теңге бөлініп отыр. Денсаулық саласының нысаналарының күрделі жұмысына барлығы 30,5 млн. теңге бөлініп отыр, оның ішінде аудандық орталық емханаға – 7,0 млн. теңге, Туберкулезге қарсы емдеу емханасына – 7,5 млн. теңге, Зайсан қаласының №1 жан ұялық емханасына – 5,0 млн. теңге, Шілікті ауылының жанұялық емханасына – 7,0 млн. теңге, Кенсай ауылының жанұялық емханасына – 4,0 млн.теңге, оның ішінде биылғы жылдың 1-ші тоқсанында игерілгені - туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы бойынша 2,888 млн.теңге.

8. Заңдылықтар.
2007 жылдың 1-ші тоқсанында аудан көлемінде 16 профилактикалық және жедел шаралар атқарылды. Атқарылған нақты алдын-алу шаралары нәтижесінде аудан көлемінде тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 45-ден 35 дерекке, яғни 22,2 пайызға төмендеді. Ашылу пайызы 83,9-дан 86,4 пайызға көбейді.

9.Демографиялық жағдай.
2007 жылдың 1-тоқсанында дүниеге келген сәбилердің саны 159 бала, бұл 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16 балаға көбейді, аудан бойынша 87 адам қайтыс болып; оның ішінде 1-і бір жасқа дейінгі балалар. Табиғи өсiм 72-ге жеттi. Заңды түрде отау тiккендер саны 52 болса, ажырасқандар саны 19 болды. Ауданға 2007 жылдың 1 тоқсанында 271 адам көшіп келдi, ауданнан басқа жаққа қоныс аударғандар саны – 191 адам, бұл көрсеткіштер теріс оң шығып 80 адамға көбейді, оның iшiнде 33-і 16 жасқа дейінгі балалар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет