Зейінді дамытуға арналған жаттығудың мақсаты: Оқушының қызығушылығын қарым-қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, ішкі энергиясын, лидерлік қабілетін анықтауды қамтамасыз етеді және де оқушы туралы жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
«Рұқсат етілмейтін қимыл»
Мақсаты: Баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту
Нұсқау: «Балалар,қане бәріміз түзу тұрып маған назар аударыңыздар. Қазір мен қолыммен түрлі қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы қимылдарды мұқият қарап отырып,менің артымнан қайталап отырыңыздар. Бірақ мына шартты ұмытпаңыздар; қолыңызды төмен түсіруге болмайды. Мен қолымды төмен түсіргенде,сендер жоғары көтеріңіздер. Кім қателесіп менімен бірге қолын төмен түсіріп қойса,сол ойыннан шығады.» (топпен)
«Көзбен сана»
Мақсаты: Белсенді зейінді,оның шоғырлануын қалыптастыру
Нұсқау: «Алдарыңыздағы суретке мұқият, зейіндеріңізді салып қараңыздар.Бұл суретте дөңгелектер мен қосу таңбасының суреттері бейнеленген. Ал енді мұқият болыңыздар? Саусақтың немесе карандаштың көмегінсіз әр қатардағы қосу таңбасы мен дөңгелектің санын,содан соң қосу таңбасының санын есептеп шығып, жанына жаз»
++ 0 0 + 0 +++ 00 + 0 +
0 + + 000 + 0 + 00 ++
+ 0 + 0 ++ 0 + 00 + 00 + 0
+ + + 0 + 0000 + + 0 +
+ 0 + 00 ++ 0 + 00 + 0
+ 00 + + 00 + 00 + + +
000 + 0 + 0 + + 000
+ 0 + + 0 + + 0 + 00 ++
«Сурет сал»
Мақсаты: Ырықты зейінді қалыптастыру
Нұсқау: «Алдымен балаға қағаз бен түрлі-түсті карандаштар береміз. 10 үшбұрыштың суретін бір қатарға салғызамыз да, балаға мынадай тапсырма береміз. Алдымен берілген тапсырманы мұқият тыңдап ал. Мына суреттегі 3-ші 6-шы және 9-шы үшбұрыштарды қызыл бояумен боя, 2-ші және 5-ші үшбұрыштарды жасыл түспен боя, ал 4-ші және 8-ші үшбұрышты көк түспен боя, ал енді осы айтылған бойынша үшбұрыштарды бояу керек.
2. Еске диагностикалық әдістемелер.
Ес- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін күрделі процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |