2. 1-тапсырма



Дата08.04.2024
өлшемі17.03 Kb.
#498010
модуль2


2.1-тапсырма Бастауыш білім беру деңгейі мен негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінде грамматиканы оқыту ерекшеліктерін анықтаңыз, әр деңгей бойынша өз ойыңызды тұжырымдаңыз.

Білім беру деңгейі

Ерекшеліктері

Тұжырым

1-4 - сынып

Лексикалық дағдыларында ортақ тақырыптар аясында сөздік қорларын дамытуды қамтамасыз ететін лексикалық бірліктер болады: жекелеген сөздер, синонимдер, антоним, қарапайым тұрақты тіркестер және т.б. сөзжасамдық дағдыларына:
Сөжасамның кейбір тәсілдерімен танысу, біріккен сөз жасау, қос сөздің жасалуымен танысу жатады.

Бастауышта фонетикалық дағдылардан басталады, лексикалық дағдыларды қамтиды, грамматикалық дағдыларына морфологиялық және синтаксистік түрлері жатады



5-9 - сынып

Жалпы және жалқы есімдерді ажырата білулері керек, жалғау түрлерін дұрыс жалғау, деректі және дерексіз зат есім, мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, одағай түрлерін орынды қолдана білу, өздік, өзгелік, ортақ және ырықсыз етістің қызетін білу т,б, ерекшеліктері бар.

Бұл кезеңде коммуникативтік дағдылар өте маңызы, дайын шаблон, модель, құрылымдар арқылы орындалады.



10-11 - сынып

Грамматика лексикалық тақырыптар аясында функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға бағытталған. Оқушыны рецептивті дағдыдан продуктивті дағдыға дайындау үшін арнайы сөз тіркестері, сөйлем үлгілері, модельдері ұсынылып, ауызша қайталату тапсырмалары ұйымдастырылады.


Коммуникативті-функционалдық қағиданың негізінде жүйленеді. Коммуникативті қағида тілдің сөйлеу әрекеттеріндегі қызметін ескереді. Функционалды құрылымдық қағида тіл деңгейлері бірліктерінің өзара байланысты қызметін басшылыққа алады.Жаттығу үлгілері.





2.2-тапсырма. 1-4 сынып «Тілдік нормаларды қолдану» бөлімінен оқу мақсатын таңдап, тапсырма әзірлеңіз.

Сынып:

4 сынып Тақырыбы: "Күн жүйесі"

Оқу мақсаты:

4.​1.​1.​1 анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру
4.​2.​3.​1белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу

Бағалау критерийі

Мәтінмен танысады; Сұрақтарға жауап береді

Тапсырма:



Синквей формасы (француз тілінен аударғанда) 5 - өлең жолды өлең құрастыру.
 1 - жол - 1 сөз, зат есім немесе адамның аты
 2 - жол - сипаттау - 2 сын есім
 3 - жол - іс-әрекетті баяндау - 3 етістік
 4 - жол - тақырыпқа сәйкес 4 сөз
 5 - жол - қорынды 1 сөйлем
Сұрақтарға жауап беру,сөйлемді толықтыру
Ғаламшарлар түзу сызық бойымен (нені?) айналады. 2. Олар сымға таққан дөңгелек (неге?) да ұқсайды. 3.(ненің?) шамамен 60 серігі бар. 4. (ненің?) табиғи серігі – Ай.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет