2 1 тарау заттық ҚҰҚЫҚТЫҢ жалпы сипаттамасы


– тарау Заттық құқық меншік құқық туралы заңдардың дамуы



бет3/4
Дата11.06.2016
өлшемі463.5 Kb.
#128306
1   2   3   4

3 – тарау Заттық құқық меншік құқық туралы заңдардың дамуы

3.1 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында: "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей корғалады," — деп жазылған.

Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда — жеке (191 -бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.

Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі катынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға не­месе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.

Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.

Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық, болып екіге бөлінеді (192-бап).

Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады делінген.

Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен баска органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң кұжаттарында, ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін кұзыреті шегінде Қазакстан Ресггубликасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.

Зандарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-тің 111-бабының 1 және 2 тармақтары).

Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың жөнсіз араласуынан қорғайды.

Мемлекеттік емес занды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді.

Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіндегі жеке дара (өзіндік) (тұтыну-шылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет.

Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының "Тұрғын- үй қатынастары туралы" заңының 40-бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін не­месе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және кайта жабдықтауына тыйым салынады.

Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да ("Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы) біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінін әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.

Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері (кіре беріс, баспалдақ, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, жер учаскесі, оның ішінде көріктендіру элементтері және ортақтасып пайдаланатын басқа да мүліктер) үй-жай меншігі иелеріне ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі болады.

Үй-жайдың әрбір меншік иесінің ортак, мүліктегі (ортақ меншіктегі) үлесі оған тиесілі үй-жайға бөлек (өзіндік) меншікке бөлінбейді. Үлестің мөлшері, егер меншік иелерінің келісімінде өзгеше көзделмесе, бөлек (өзіндік) меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.

Кондоминиумның әр алуан түрінің құқылық тәртібінің ерекшеліктері заң құжаттарымен айқындалады, ал "Тұрғын-үй қатынастары туралы" заңда тұрғын үй кондоминиумы жайында айтылған.

Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортак, меншік құқығымен тиесілі болады.

Меншік құқығының түрлеріне сипаттама берген кезде мүліктің құқықтық тәртібінің мазмұны мен ерекшелігі мүліктің қайсы бір түріне жататындығына байланысты келеді.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕНШІК ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ

1. Қазақстан Республикасының ұлттық меншігі құкығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтті.

КСРО-ның азаматтық зандары жеке меншікті мойындамай, мемлекеттік меншікті халықтың меншігі деп жоғары деңгейде тәртіптеді. КСРО Конституциясы социалист: меншіктің үш нысанын бөліп қарады: мемлекеттік, колхоздық-кооперативтік және кәсіподақтар мен басқа да қоғамдык ұйымдардың меншігі, сондай-ақ социалист меншіктен туындайтын өзіндік меншік (КСРО Конституциясының 10,11,12-баптары, Қазак КСР Конституциясының 10,11,12-баптары). Оның үстіне КСРО-да ұзақ уақыт бойы қоғамдық, яғни мемлекеттік меншікті жекелеген азаматтардың өзіндік меншігінен басым бағалады. Ал оның соңғысы тиісті құқық жағынан қорғалмады және өндіріс құралы болып есептелмеді.

90-шы жылдардың басынан бастап "социалистік меншіктен" бас тарту үрдісі басталды. КСРО Конституциясының 10-бабы (КСРО Заңының редакциясы 1990-жылғы 14-наурыз) және 1990-жылғы 6-наурыз КСРО-дағы "Меншік туралы" Заңның 4-бабы 1-тармағының негіздерінде меншік мынадай түрлерге бөлінді: "азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік." КСРО Конституциясының 11-бабына сәйкес мемлекеттік меншік бүкіл халықтың игілігі деп танылды. Мемлекеттік (жал­пы халықтық) меншік кеңес мемлекетіне жататын бір қорды құрды, ол бұл меншіктің дара және бірден-бір субъектісі болды, ал Қазақ КСРО-ның егемендігі тек сөз жүзінде қалды. КСРО-ның "Меншік туралы" заңы (21, 22, 23-баптары) жерді және басқа табиғи объектілерді ешқандай мемлекеттің кұрылымы-ның қарауына жатқызбады. Бұл объектілер КСРО-ға да, республикаларға да бірдей карайтын, сөйтіп, шын мәнінде меншік субъектілерінің даралығына қайшы келді. Осындай жұмбақ тұжырымдар әр республикаға өз меншік құқығын бермей койып, мынадай салдарға душар болды, айталық, осы баптарға сүйеніп, Қазақстан Украинаның жерін меншіктеуге, керісінше, Украина қазақ жеріне құқылы болуына әкеп соқты. Әлгі "жалпы игілік" деген ұғымның өзі бұл мүлікті иесіздікке душар етті, зат бір қарағанда бәріне тиесілі болды, сонымен бірге оның нақты иесі де болған емес. Демек, әу бастан "халықтың игілігі" категориясы заңмен бекітіле тұрса да, ешкандай ілгерілеуді әкелген жоқ. Өз кезегінде Қазақ КСР-нің Конституциясы да меншік бүкіл халықтікі деп жар салды, бірақ та "халық" деген сөз де тағы келіп нақтылықты көрсете алмады. Егер меншік субъектісі экономикалык мағынада — халық десек, оның бір де бір бөлігі өз бетінше меншік иесі болып танылмады. Заттардың бүкіл халықтық болуы тауар — ақша қатынасына қайшы келді, нәтижесінде мемлекеттік мүлік нақты қатынастардан шығып калды. Бірыңғай меншік иесіне тауарсыз экономика ғана тән еді. Шын мәнінде затқа халық емес, оның бір бөлігі (занды тұлғалар мен азаматтар) иелік ету тиіс.

2. КСРО-дағы меншік туралы заңда бұрынғы "өзіндік меншік" үғымының орнына "азаматтардың меншігі" деген жаңа ұғым пайда болды (2-бөлім). Заң әдебиетгерінде жеке меншік тек капиталистік шаруашылыққа ғана тән емес, бар болғаны тауарлы шаруашылықтың белгісі деп тұжырымдалды.

Қазақ КСР-нің өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдасында Қазақстан КСРО шеңберінде дербес республика ретінде шаруашылык жүргізуді бекіту мен дамыту жағдайларын қарастырды, сол арқылы жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде жеке-дара (өзіндік) меншікті және жеке-дара — өндірістік меншікті енгізу идеясы ұсынылды.

Қазақ КСР-інің 1990-жылғы 15-желтоқсанда қабылдаған "Меншік туралы" заңында тұңғыш рет меншік құқығының принциптері мен ұғымы бекітіліп, Қазак КСР-нің жері мен басқа табиғат ресурстарына айрықша меншік жарияланды. Меншіктің қалған басқа түрлері де республиканың меншігі болып танылды, дей тұрғанмен, онда бүкілодактық меншікті қалыптастыру жағы да ескерусіз қалған жоқ. "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы" Заңының 3-бабында "Республика аумағындағы барлық ұлттық байлық оның меншігі болып табылады және республиканың зандық құзырына өтеді" деп нақты жазылды. Қазақ КСР-і өзінің меншігін, КСРО-ның меншігін, республикалық және коммуналдык меншіктерді құрды..

3. Қазақ КСР-нің меншік туралы заңындағы ең бір ұнамды тұсы оның 7-бабы 2-тармағында азаматтың меншігі былайша тұжырымдалды: "азаматтың дене және рухани қажеттерін табыс келтірмей қанағаттандыруға арналған өзіндік меншігі табыс келтіруге арналған жеке меншік түрінде көрінеді". Бірақ та Заңның бірқатар ережелеріне елеулі түзетулер қажет еді. Сонымен, мемлекеттік меншіктің құқық субъектісі Халық депутаттары Кеңесінің барлық деңгейі деп танылды. Мүліктің меншік иесі Кеңестер болып табылатын органдар емес, мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық кұрылым аталды. Бұл Заңда көңілге қонбайтын ережелер де кездесті. Мысалы, Қазақ КСР-і мемлекет ретінде коммуналдық меншіктің субъектісі бола ал­мады (Заңның 19-бабы).

Қазақ КСР-інің "Меншік туралы" заңында меншіктің үш түрі белгіленді: азаматтардың меншігі, ұжымдық және мемлекеттік. Заңның 24-бабына сәйкес жер мемлекеттін айрықша меншігі деп айқындалды, ол тек жалға немесе ғұмырлык мұрагерлік құқығына ғана берілетін болды. Тұңғыш рет осы Заңда заттық құқық бекітілді (шаруашылық жүргізу кұкығы жәнет.б.).

1994 жылы 27-желтоқсанда Қазақстан Републикасының Азаматтық кодексінің қабылдануы меншік құқығынын жағдайын түбірімен өзгертті.

Азаматтық кодекс азаматтық-қүкықтық ғылыми нәтижелерін және меншік кұқығына байланысты заңдардың қол жеткен жетістіктерінің ең тандаулысын заңды түрде тұжырымдады да, нарық талаптарына сәйкестендірді.
МЕНШіК ҚҰҚЫҒЫНА ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУ НЕПЗДЕРІ

Меншік құқығын азаматтық құқыктың субъектілері әртүрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-бабында "тәсіл" ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК-тің 7-бабы).

Меншік қүқығын алуда бастапцы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.

Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, меншік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты: жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы (236-бап, 1-тармақ); өңдеу (237-бап); иелену мерзімі (240-бап); олжа (245-бап); қараусыз жануарлар (246-бап); меншік иесінен алынған мүлікті иелену (248-бап); көмбе (247-бап).

Туынды негіздер меншік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің құқығына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуына байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен меншік құқығына ие болу негіздерінін жалпы сипаттамасына тоқталайық.

Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-сату, заем, несие және т.б), сондай-ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет бойынша) байланысты, ол занды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу (АК-тін 249-бабы4-тармақшасы), жекешелендіру (АК-тін 249-бабы 3-тармағы), реквизациялау (АК-тің 249-бабы 3-тар-мағы), жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (АК-тің 249-бабы 5-тармакшасы), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер (АК-тің 249-бабы 6-тармақшасы) қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да оған жатады.

Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй сатып алған адамға сол үймен байланыс­ты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көшеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құны шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құкығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда мирасқорлық касиет тән. Меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік иесі бұрынғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттікті түгелдей өзіне алады деуге болмайды. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және оның иесі кім екендігіне (мемлекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа иеленушінін меншік құқығы қандай болатындығына (мемлекеттік немесе жеке меншік) байланысты.

Енді меншік құқығының бастапқы негіздеріне тоқталайық Азаматтық кодекстің 235-бабының 1-тармағы меншік құқығын алудың бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты жатқызады. Меншік құқығы бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, затты дайындап не оны жасаған адам сонын меншік иесі атанады. Жаңадан дайындалып, жасалған заттар қозғалатын не қозғалмайтын болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге, кұрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Егер заң кұжаттарында неме­се шартта құрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу кезделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабыл­дап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда бо­лады.

Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқгалғанға дейін, ал тиісті жағдайларда — оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.

Заң бастапкы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерді, өнімді, табысты жаткызады (АК-тің 235-бабы 1-тармағы). Зат күйіндегі жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген органикалық дүние, ол затқа айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не адам күшімен өңдіріледі), сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп боледі (бұйым, енім және т.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы, жалға ақы төлеу немесе пайыздар (және т.б.). Зат табиғи жемістер мен өнім және табыс түріндегі жемістердің ара-жігін ашып көрсетеді, бұл АК-тің 193-бабын-да қарастырылған: мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсімдер (жемістер, онімдер, табыстар), егер зандарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады.

Меншік құқығын алудың бастапқы негізіне өңдеуде жатады (бір тұлға материалды өңдеп, одан екінші бір зат жасайды). Сонда әлгі өнімге құқық алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың меншік иесі ме?' Азаматтық кодекстін 237-бабы-на сөйкес шартта өзгеше көзделмегендіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материалдардың меншік иесі ала­ды. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік кұқығын адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Бұл екі жағдайда да өңдеушіге жасаған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне материалдың құнын өтеу мәселесі туындайды. Бұл сұрақтың шешімі мынадай: өз материалдарынан дайындалған затқа меншік құқығын алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құкығын алған ретте соңғысы материалдар-дың меншік иесіне олардың кұнын кайтаруға міндетті.

Өңдеуді жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттерінің нәтижесінде материалынан айрылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне беруді және өзіне келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы (АК-тің 237-бабынын 2,3 тармақтары).

Меншік құқығының пайда болуының бастапқы негіздеріне өнімді жинауга, балық, аң аулауға арналған көпшілік тұтынатын заттарды меншікке айналдыру да жатады. Заңдармен жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатка сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық аулауға, аң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берілген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады (АК-тің 241-бабы). Мысалы, осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені сактау талап етіледі (аң аулау, балык аулау және т.б.). Мұндай ережені бұзған тұлға тиісті жауапкершілікке тартылады кодексінде тек талап мерзімі ғана болғанды. Бірақ иелену мерзімі институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі тұңғыш рет енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат немесе занды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал онын мерзімі — 15 жыл, ал қозғалмалы мүлікке — 5 жыл. Қозғалмайтын немесе басқа да мүліктерге меншік құқығы бұл мүлікті иелену көнелігіне сәйкес алған тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.

Иелену мерзімі бойынша меншік құқығын алудың қажетті жағдайы мынадай болады: иелену, яғни "тура өзінің мүлкіндей көру", адалдық, ашық, үздіксіз болуы және мерзім. "Тура өзінін мүлкіндей көру" теңеуі тек мүлікті ұстау ғана емес, оны заңға сәйкес иелену болып табылады. Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді пайдалану оны өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Яғни, мемлекеттік жер пайдалануға берілген екен, оны иеленуші өзіне меншіктемей, басканын мүлкі деп есептеуі тиіс.

Иелену мерзімінің қажетті шартты оны адалдықпен иеле­ну, яғни мүлікті иеленуші өз иелігінің заңдық негізін естен шығармайды. Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану болып табылады. Ашық дегенді иеле­ну ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру деп түсіну керек, сондықтан да ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық, не әлдекімнің қолдан жасалған кедергілеріне ұшырамайды. Міне, сол себепті де АК-тің 240-бабының 4-тармағында тұлғада бо­лып, оның иеленуіне орай талап етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену көнелігінің өтуі тиісті талаптар бойьшша та­лап кою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.

Үздіксіз пайдалану иелену мерзімінің шарты ретінде иеле­ну мерзімінің уақыты бітпейінше мүлікті басқа біреуге бермеуді білдіреді. Демек мұңдай құқық іс жүзінде де, заң жүзінде де тоқтатылмауы керек.

Иелену мерзімі меншік құқығына айналуы үшін козғалмайтын мүліктер үшін — 15 жыл, ал қозғалатынына — 5 жыл мерзім керек. Иелену мерзіміне жүгінетін азамат немесе заңды тұлға өздері кұкықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы затқа иелік еткен уакытының бәрін өз иелігіне қосып алуына болады. Мысалы, мұрагерлер мүлікке заң және өсиет арқылы ие болып, оған иелік етуді жалғастырады.

Иелену мерзіміне виндикациялық талаптан туындайтын (өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін)талап ету талап қою мерзіміне байланысты мерзім енбейді (АК-тің 260-263,265-бал-тары),

Заң мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүлкіндей иеленуші азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің, меншік иелері болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға құқылы екендігін бекітеді (АК-тің 240-бабы).

Егер тұлғаға сотта оның меншік құқығын танудан бас тартылған ретте мүлікті иеленуші тұлға меншік иесіне айналады (АК-тің 240-бабы, 5-тармағы).

Азаматтық кодексте иесіз заттарға меншік құкығын алу тәртібі мен негізі көрсетілген. Меншік иесі жоқ немесе меншік кұқығынан бас тартылған зат иесіз болып есептеледі.

Азаматтық кодекстің 240-бабына сәйкес иесіз қозғалмалы затқа меншік құқығы иелену мерзімін алады. Иелену құқығы меншік иесі бас тартқан қозғалмалы мүлік жөніндегі ережені жоққа шығармайды (АК-тің 243-бабы), атапайтқанда олар олжа (АК-тің 245-бабы), қараусыз жануарлар (АК-тің 245-бабы) жене көмбе (АК-тің 247-бабы) женінде болады.

Иесіз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекетгік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Иесіз қозғалмайтын затты есепке алғаннан соң бір жыл өткеннен кейін коммуналдық меншікке билік ететін орган бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тануды талап етіп, сотқа жүгінеді. Коммуналдық меншіккке түскені сот шешімі бойынша танылмаған иесіз козғалмайтын зат оны тастап кет­кен меншік иесінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне қайта қабылдануы, не иелену мерзіміне (АК-тің 240-бабы) сәйкес меншікке алынуы мүмкін.

Меншік құқығынан бас тарту мақсатымен меншік иесі тас­тап кеткен немесе калдырып кеткен жылжымалы заттар Азаматтық кодекстің 243-бабы 2-тармағына сөйкес баска тұлға-ның меншігіне өтуі мүмкін. Тұлға өзінін иелігіндегі не пайдалануындағы жер учаскесінде жатқан заттарды, тіпті оның кұны жиырма айлық есептік көрсеткішінен кем бола тұрса да, ол тасталған металл сынықтары болсын, жарамсыз өнім болсын, оны өзінің меншігіне айналдыра алады. Сөйтіп, бұл заттарды меншік қатынастарына қарай керегіне жаратады. Ал басқа тасталған заттар сол тұлғаның өтініші бойынша сотта қаралып, өзгерусіз болып табылатын болса, иеленушінің меншігіне кіреді.

Азаматтық кодекс меншік иесі затынан бас тарту нормаларын қарастырады. Азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік кұқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бұл мүлікке қандай да болсын құқыктарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуде пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Бұл тұжырым Азаматтық кодекстің 250-бабында бекітілген. Бірақ та бас тарткан бұрынғы иесі затты бас­ка тұлғаның өз меншігіне алуына дейін тиісті кұқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеп соқтырмайды, демек затты бұрынғы иесіне кайтару мүмкіндігі бола береді.

Азаматтық кодекстің 244-бабына сәйкес өз бетімен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншік құқығын алмайды, ал өз бетімен сальнған әлгі құрылыс козғалмайтын мүлік қатарына жатпайды. Себебі ол құрылысты салу кезінде заңды бұрмалағандықтан мемлекеттік тіркеуден өте алмайды. Мұндай жағдайда меншік құқығы тек құрылыс материалдарына ғана қатысты болады. Заңдарда бекітілген тәртіппен осындай мақсаттарға арнап белгіленбеген жер учаскесінде салынған, сон­дай-ак қажетті рұксаты алынбаған тұрғын үй, басқа қора-қопсы, құрылыс немесе өзге де қозғалмайтын мүлік да бетімен салынган құрылыс болып табылады. Өз бетімен салынған кұрылыс оны салушы адамның өз күшімен немесе оның есебінен бұзылады. Сот сондай-ақ құрылыс салынған жер учаскесі өзінің заңды пайдалануында болған адамның өз бетімен салын­ган құрылысқа меншік құқығын тануы да мүмкін. Бірақ та сот өз бетімен құрылыс салуда меншік құқығын оны салған адамға емес, кұрылыс салынған жер учаскесінің иесіне тиесілі деп тануы мүмкін. Бұл ретте құрылысқа меншік құкығы танылған адам оны жүзеге асырған адамға сот белгіленбеген мөлшерде құрылысқа жұмсаған шығындарын өтейді. Егер құрылысты сақтап қалу басқа адамдардың құқықтарын және заңмен корғалатын мүдделерін бұзуға әкеліп соқтырса, не азаматтардың өмірі мен денсаулығына кауіп төндіретін болса, аталған адамдардың өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануға болмайды.

Ерекше жағдайларда әлеуметтік-экономикалык тиімділігі ескеріле отырып, өз бетінше салынған құрылыс сот белгілеген мөлшерде құрылыс шығындары өтеліп, коммуналдық меншікке берілуі мүмкін (АК-тің 244-бабы).

Олжа деп біреудің меншігіндегі, иелігіндегі жоғалған заттың екінші бір адамның тауып алуын айтады. Табылған олжа­ны меншіктену үшін мынадай жағдайлар болуы тиіс:

а) алдымен әңгіме жоғалған зат жөнінде болуы керек. Зат жоғалды деп оны ешкім иеленбегенін, бірақ қожайынсыз да қалмаға-нын айтады. Мысалы, автобуста біреу портфелін ұмытып кетті делік, немесе қалтасынан ақшасы түсіп қалды;

ә) жоғалған зат табылуы тиіс. Егер оны біреу тауып алса, ол тауып алушы болып есептеледі. Затты тауып алушы мен оның өкілетті иесі арасында құқықтық қатынас пайда болады, сол арқылы құқықтар мен міндеттер туындайды.

Зат меншік иесінің шаруашылығында жатып, оны иесі қайда екендігін білмесе, ол олжа болып есептелмейді. Егер меншік иесі затынан саналы түрде бас тартса, онда ол иесіз мүлікке айналады, бірақ та оны олжа деуге келмейді.

Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншік иесіне немесе оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабарлап, табылған затты оған қайтаруға міндетті. Егер зат үй-жайдың ішінде немесе көлікте табылған болса, ол сол үй-жайдың не­месе көліктің иесі болып табылатын адамға тапсыруға тиіс. Мұндай ретте осы иеленуші затты тапқан адамнын құқықтарын иеленіп, оның міндеттерін мойнына алады.

Егер табылған затты алуға кұқығы бар адамның өзі не тұрған жері белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті.

Азаматтық кодекстің 245-бабы 3-тармағында тауып алушының міндеті айқындалған. Сонымен затты тауып алушы оны өзінде сақтауға не полицияның, жергілікті атқарушы органның немесе олар көрсеткен адамның сақтауына тапсыруға құқылы. Тез бұзылатын затты немесе сақтауға кететін шығындары оның құнына сәйкес келмейтін затты тауып алушы түсім сомасын растайтын жазбаша дәлелдер алып, сата алады. Табылған затты сатудан түскен ақша сақталуға және затты алуға заңды құқығы бар адамға кайтарылуы немесе бұл заттын өзі үшін белгіленген тәртіп пен жағдайларда басқа адамдардың меншігіне берілуге тиіс. Затты тауып алушы оның жолғалтқаны немесе бүлдіргені үшін өзінің жасыру ниеті болған немесе өрескел абайсыздық жасаған ретте ғана және сол заттың құны шегінде жауапты болады(АК-тің 245-бабы, 3-тармағы).

Егер олжа туралы полицияға немесе жергілікті атқару орга­нына мәлімденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға заңды кұкығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға не полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімделмесе, затты тауып алушы оған меншік құқығын алады. Егер затты тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол коммуналдық меншікке өтеді (АК-тің 245-бабы, 4-тармағы).

Осы орайда мына мәселеге де көңіл аудара кеткен жөн: затты тауып алушы және алуға занды құқығы бар адамға қайтарып беруші ол адамнан затты сақтауға, өткізуге, сатуға байланысты қажетті шығындарды және затты алуға заңды құқығы бар адамды табуға кеткен шығындарды өтетіп алуға құқылы. Жаңа кодекстің бұрынғысынан бір ерекшелігі затты тауып алған адамға сыйақы беруді қарастырған, яғни затты тауып алушы затты алуға құқығы бар адамнан зат құнының отыз пайызы молшерінде сыйақы алуға құқылы. Егер табылған зат оны алуға заңды құқығы бар адам үшін ғана құнды болса, сыйақының, мөлшері тараптар есептеп шығарған баға бойынша белгіленеді. Егер затты тауып алушы озінің олжа туралы мәлімдеу міндетін орындамаса немесе олжаны жасырып қалуға өзге де әрекеттер жасаса, сыйақы алу құкығынан айырылады.

Қараусыз жануарларға меншік құқығын алу да Азаматтық кодекстегі олжа туралы ережелерге өте ұқсас келеді(АК-тін 246-бабы). Қараусыз немесе қаңғып жүрген немесе қожайынының меншігінен әлдебір себептермен адасып қалған мал, қолға үйретілген үй жануарлары қараусыз жануарлар деп аталады. Егер мал, қолға үйретілген үй жануарлары басқа біреудің отарына, үйіріне барып қосылса, оны жайылып адасып жүрген деп есептейді. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ал егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетгі, олар өз кезегінде меншік иесін іздестіру шараларын қолға алады.

Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңіндегі жануар­ларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкін. Жануарды ұстап алған адамның өтініші бойынша оларды бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар адамды іздеп табуды және оларға жан­уарларды беруді жергілікті атқару органы жүзеге асырады.

Жануарларды меншік иесіне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарды бағып, пайдаланып келген адам сол меншік иесінен жануарларды пайдаланудан алған пайданы есепке жаткыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы (АК-тің 246-бабы 4-тармағы).

Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды, баска да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам олардың меншік иесінен осы Кодекстің 245-бабы 6-тармағына сәйкес сыйақы төлеуді талап етуге құқылы (АК-тің 246-бабы 5-тармағы). Жануарлар басқа адамның меншігіне көшкеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген ретте сол жануарлардың өзіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал, өзге де мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін жағдайлар болған кезде, меншік иесі жаңа меншік иесімен келісім бойынша белгіленетін шарттармен, ал келісімге келмеген кезде — сот арқылы оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы (АК-тің 246-бабы 6-тармағы).

Қараусыз заттар құрамында көмбе де бар, көмбе дегеніміз — жерге көмілген немесе баска әдіспен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін болмайтын не заңдарға сәйкес оларға құкығынан айрылған ақша немесе өзге де бағалы заттар болып табылады (АК-тің 247-бабы). Бұрынғы азаматтық заңда көмбені мемлекет меншігі деп қарастырды, ал жаңа Азаматтық кодекс бойынша көмбе жасырылған жер учаскесі иесінін немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенушінің және көмбені тапқан адамның, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбеген болса, меншігіне тең мөлшерде белінеді.

Азаматтық кодекске орыс құқығында кездесетін көмбені бөтен біреудің жерінен іздеуге болмайтыны туралы норма енгізілді. Егер бағалы затты іздеу мақсатында қазу не іздестіру жер учаскесін пайдаланушы немесе козғалмайтын мүліктің меншік иесінің рұқсатынсыз болса, көмбе табылған күнде ол сол жер учаскесі иесінің меншігіне беріледі (АК-тің 247-бабы 1-тармағы). Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапқан адам осы көмбе кұнының елу пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Сыйақы бұл адамдар арасында осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер қолданыла отырып бөлінеді.

Меншік иесінен алынған мүлікті иелену меншік кұқығын алудың бастапқы негіздеріне жатады. Мәселен, егер адам заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайлар бойынша меншік иесінен заңды негіздерде алынған мүлікті иеленсе, бұл адам мүлікке меншік құқығына ие болады. Оған мысалға меншік иесінен мүлікті меншік иесінің мүлікке міндеттілігі бойынша өтетіп алуын айтуға болады, сондай-ақ бұған реквизациялау және т.б. қатысты.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, меншік құқығын алудың туынды негіздері мирасқорлықка сүйенеді. Меншік кұкығын алудың ең көп тараған туынды негізі затты бөтен біреуге беру болып табылады. Осындай жағдайларда шарт бойынша заттың алушының меншік құкығы дәл қашан пайда болғанын анықтау маңызды. Иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну каупі сатып алушыда меншік құқығы пайда болумен бір мезгілде соған көшетін болғандықтан, аталған мәселе іс жүзінде маңызды рөл атқарады (АК-тің 190-бабы).

Азамагтық кодекстің 238-бабы шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болатынын бекітеді.

Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншігі құкығы тіркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттың куәландыруы да, мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 238-бабының диспозитивтік норма екендігін заң мәтінінен байқаймыз, ондағы тұжырым меншік құқығы ауысар сәтте тараптардың келісімімен немесе арнаулы заңмен өзгертілуі мүмкін. Тараптар мынадай келісімге келе алады: меншік құқығы (шаруашылық жүргізу кұқығы, оралымды басқару құқығы) мүлік алушыда шарт жасалған сәттен басталады, заттың толық құнын төлеу жеткізілгеннен кейін жүзеге асады және т.б.

Азаматтық кодекстің 239-бабына сәйкес, заттардың алушыға тапсырылуы сол сияқты, егер заңда немесе шартта көзделмесе, алушыға жөнелту үшін көлік ұйымына өткізу және иеліктен айрылған заттарды жеткізіп беру міндеттемесінсіз алушыға салып жіберу үшін почтаға өткізу берілу деп танылады. Егер затты иеліктен айыру туралы шартты жасасу кезінде-ақ ол алушының иелігінде болса, зат оған сол кезден бастап жіберілген деп танылатыны тұжырымдалған.

Затқа коносамент немесе өзгеде өкімді құжат беру заттар­ды беруге теңестіріледі (АК-тің 239-бабы 2-тармағы).

Меншік құқығына ие болу негіздерінің тізбесі Азаматтық кодекстің 235-бабында қарастырылған, бірақ ол бәрін бірдей қамтиды деп айтуға болмайды. Оған алдымен Азаматтық кодекстің 235-бабында көрсетілген тізбелер қатысты: атап айтқанда, мына төмендегілер жатады: тұтыну (тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативінің мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және коопе­ратив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады. Демек, бұл зат­тарды иелену үшін осы мүліктер үшін өзінің үлестік жарна­сын төлесе жетіп жатыр.

Қазіргі Азаматтық кодекстің бұрынғысынан бір ерекшелігі, 14-тараудағы "Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы" деген арнайы тарау енгізілуі болып табылады. Азаматтық кодекстің 249-бабы меншік құқығын тоқтатудың негізгі үлгі тізімін ұсынады: меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік кұқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады.

Меншік кұкығын тоқтатудың аталған негіздерінде меншік құқығынан бас тартуды ерекше бөліп қараған жөн (АК-тің 250-бабы). Меншік құқығынан бас тарту болған жағдайда мына бір жағдайды есте ұстау керек, яғни меншік құкығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқыктары мен міндеттерін тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Айталық, азамат не­месе заңды тұлға озіне тиесілі жер учаскесіне меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жонінде ол жариялайды, не бұл жер учаскесіне қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шектейтінін айкын дәлелдейтін баска да әрекеттер жасайды. Жер учаскесінің, меншік иесі немесе жерді пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құқықтарынан (бас­ка жаққа кету, учаскені ұзақ уакыт бойы пайдаланбау және т.б.) бас тартатындығын дәлелдейтіндей іс-әрекет жасаған жағдайда, бұл учаске иесіз мүлік ретінде есепке алынады.

Иесіз мүлік ретінде есепке алынған күннен бастап бір жыл өткен соң мұндай жер учаскесі жергілікті атқару органының талап етуі бойынша сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылады ("Жер туралы" Заңның 74-бабы, 2 тармақ).

Заң меншік иесінен мүлікті ыктиярынсыз алуға байланысты қатынастарды бүге-шүгесіне дейін реттейді. Меншік құқығын алып қою үшін:

а) негіз заңда карастырылған болуы керек;

ә) соттың шешімі болуы міндетті.

Азаматтық кодекстін 249-бабы 1-тармағы меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу қатынасы енгізілген. Мұндай өндіріп алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, тек сот шешімімен жүзеге асады (АК-тің 251 бабы, 1-тармағы), бірақ бұл норма диспозитивті болып келеді. Ақы өндіріп алудың басқалай жолы шарт арқылы болуы мүмкін. Ақы өндіріп алынатын мүлікке меншік иесінің меншік кұкығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құқығы көшетін адамның алып қойылған мүлікке меншік құкығы пайда болған кез­ден бастап тоқтатылады.

Мүлікті меншік иесінен ықтиярынсыз алып қою заң құжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын жағдайда жүзеге асады (АК-тің 249-бабы, 2-тармағы). Егер заң құжаттарымен жол берілетін негіздер бойынша зан құжаттарына сәйкес адамның өзіне тиесілі бола алмайтын мүлік оның меншігінде болып шықса, бұл мүліктің меншік иесі, егер заң кұжаттарында өзге мерзімдер белгіленбесе, осы мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап бір жыл ішінде иелікте.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет