2-3 ІІ. Негізгі бөлім


Информатикадағы теория мен практика



бет6/19
Дата08.04.2023
өлшемі158.65 Kb.
#471930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
информатика курс

Информатикадағы теория мен практиканың рөлі. Информатикада теория мен практикаа жалпы ғылыми категориялармен қатар жүреді. Теория – компьютер әлеміне, информация қасиеттеріне түсініктеме берудің, болжам жасаудың құралы болса, практика – теорияны теориядағы болжау көзі және тексеру құралы болып табылады.

Мысалы, лекция деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ), оның қолданылуы, сұраныс беру секілді теориялық мәселелер баяндалады. Ал практикада оқушы компьютер алдында өзінің теориялық материалды игеруі мен комьютер ортасының берілген командаларға әсерін тексереді. Таза теориялық әдіске компьютерсіз алгоритмдердің дұрыстығын дәлелдеу жатады. Сондықтан алгоритмдерді тексеруде практиканың қажеттілігі шығады.

Алгоритм құру немесе оны модельдеу теориялық тұрғыда компьютердің жұмыс істеу принципіне негізделіп, болжам түрінде жасалуы керек. Теориялық мәселе баяндалмаған жағдайда компьютерлік ортаны зерттеудің практиканың ерекше формасы деп есептеуге болады. Теория мен практиканың ұштасуы программаны жүогізу кезінде көрінеді. Практика – программадағы қателердің туындау себептеріне теориялық талдау жасау, оны түзетіп іске қосу кезінде көрініс табады.

Кері байланыс орнату тәсілдері. Бақылау. Бақылау – оқыту процесінің нәтижесін анықтау мақсатында оқу процесіндегі кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын әрекет тәсілі. Дидактикада бақылау әдістерінің бірнеше түрі қолданылады. Олар ауызша, жазбаша, тест түрінде болуы мүмкін. Бақылау мақсатына қарай ағымдық, аралық, қорытынды болып бөлінеді. 

Информатика сабағына тән бақылау әдістерінің бірі – компьютерлік бақылау. Бақылау компьютер әлемін мақсатты да, жүйелі түрде оқушылардың қабылдау мүмкіндігін зерттейтін әдіс.Бұл әдіс зерттеу объектісіне байланысты информация алудың ең маңызды әдістерінен бірі болғандықтан оқушыларда бақылау әрекетін қалыптастырады.

Компьютер әлемін зерттеу барлық басқа ғылымдар секілді объектілерді танып білу, оларды бақылау мен сипаттау жұмыстарынан бастау алады. Жалпы жағдайда, оқушылар үшін бақылау мұғалім тарапынан, жолдастары тарапынан, компьютер тарапынан және өзін - өзі сынау арқылы жүргізілуі мүмкін.

Информатика сабағында оқушылар компьютерде қандай да бір жұмыс нәтижесін көрсетеді. Оның дұрыс та, бұрыс та болуы мүмкін. Қалай болғанымен де алынған нәтиже оқушыға өз іс - әрекетін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кейде, алынған нәтиже қате болған жағдайда «мен дұрыс орындадым, бірақ компьютер басқаша есептеді» - деген секілді оқушының өзіндік бағалауы информатикадағы бақылаудың ерекшелігін сипаттайды. Сонымен бірге, оқушылар бірін – бірі бақылау арқылы «басқаның» ойлау бағытын үйренеді. Бұл кезде оқушы басқа адамдарға өзінің білгенін түсіндіреді, яғни білімін сөзбен жеткізіп, ойын жүйелі айтуға қалыптасады. 

Компьютерлік бақылау барысында бұл жағдай басқаша сипатқа ие болады. Компьютерлік бақылау қателерді «ерекшелеп» көрсетіп, оған оқушының көңіл аударуын талап етеді. Бұл талап оқушының өзін - өзі бақылауына алып келеді және жоғары деңгейлі бақылау болып табылады. Әрқашан адам табиғатының өзіне - өзі сенуге бейім болатыны, өзін іштей жоғары бағалайтынын ескерсек, оның өзін - өзі бақылауы, өзбетінше ойлауы, өзіне сын көзімен қарай білуі оқушылардың информациялық мәдениетінің қалыптасуына әсер етеді.

Бақылау жұмысын қандай мақсатта алынатынын, яғни қорытынды нәтижені білу үшін немесе оқушылардың іс - әрекет тәсілін меңгеруін анықтау үшін жүргізілетінін ажыратып алу қажет. Мүмкіндігінше бақылау нәтижелерін тексеру, талдау жасау, тұжырымдау, қорытындысын оқушыларға жеткізуге көңіл бөлу керек. Кейде нәтиже дұрыс алынғанымен, оған жету жолында артық іс - әрекеттер жасалған болуы ықтимал. Сондықтан, оқушының іс - әрекетін бақылай білу маңызды.

Оқытудың ұйымдастыру тәсілдеріне сәйкес бақылауды ауызша және жазбаша жүргізуге болады. Жазбаша жұмыс тиянақты әрекет жасауды қажет еткендіктен, оның нәтижесі де сапалы болады. Шын мәнінде, компьютер экранында бейнеленген текст жазбаша тілдің бір көрінісі.

Оқыту прцесінде мұғалім – оқушы тура және мұғалім – оқушы кері байланысы жылдам немесе баяу жүргізілуі мүмкін. Көбінесе жылдам байланыс тиімдірек болып есептелінеді. Бірақ өте жылдам байланыс шығармашылықпен ойлауға бейімі бар оқушылардың ойлауына кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, жазылған алгоритмге өзгерістер енгізе білу тиімді, әрі тез әрекет. Себебі, енгізілген өзгерістералгоритмнің орындалуын болжау, түсіну дәрежесін көрсетеді. Егер оқушы әрбір алгоритмнің қадамындағы нұсқауларға мән бермей жалпы текст жөнінде айтып, өзгеріс енгізілген алгоритмді онша орындай алмаса, онда берілген тапсырманы қайта талдап, сонан соң жалпылау қажет. Оқушылар өзгеріс енгізу барысында өте ұқыптылық керек екенін көрсеткен жөн. Өйткені, кішкене өзгертудің өзі алгоритмнің мақсатын өзгертіп жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайларда мұғалім алдын – ала ескеріп отыруы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет