Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы тағылымдарының даналығы Сабақтың мақсаты



Дата24.11.2023
өлшемі30.93 Kb.
#484399
түріСабақ
3 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы тағылымдарының даналығы
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету.
Сабақтың барысы:
«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Дәйек сөз
«Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады. Әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді, әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді, әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады»
Абайдың үшінші қара сөзінен
Абай Құнанбайұлы
(1845-1904) - ақын-ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғақлия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни өз тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге –
деп жастарды білім – ғылымды меңгеруге шақырды.
Ақын шығармалары XIX ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:

  • Қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;

  • Ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары;

  • Орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері.




А.Құнанбаевтың төртінші қара сөзінде күлкі туралы былай делінген:
«Үнемі уайым-қайғыға жан шыдай ала ма екен? Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жөн шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Шығар есігін таба алмай, уайым –қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де – бір антұрғандық және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл ызалы күлкі өзі де-қайғы. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі»(жасанды).


https://youtu.be/UmpXGqTJ1aA

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет