ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
70
есептер тек қағаз жүзінде қалды, шағым, арыз, хаттарға жауап болған жоқ (Айдарбеков, Актаева,
Джагфаров және т.б., 2014: 70)
Қазақстан Кеңестер Одағының құрамында болған басқа да республикалар сияқты жазықсыз
адамдардың өз мемлекеті аумағына жаппай қоныс аударуыжағдайына байланысты барлық
ауыртпалықтар мен азапты кезеңдерді бастан кешірді. Бірлескен өмір мен қызмет жылдары
қазақстандықтардың тоталитарлық, империялық, этнонационалистік саясаттың қандай да бір
белгілерін тұрақты қабылдамауын қалыптастырды. Қоныс аудару территориясы ретінде
республиканың бүкіл аумағы алынды, депортация кеңестік жүйенің көріністерінің бірі
болды.КСРО жасаған саяси репрессиялау құрбаны болған халықтардың ең көп санды болғаны –
поляктар және Польша мемлекетінің халықтары, сол аймақты мекендеген басқа ұлттар да болды.
Қазақ жеріне күштеп депортациялау жұмыстары барысында қай халыққа болмасын оңай соққан
жоқ. Қазақстанда өткен1999 жылғы халық санағы бойынша XХ–XXI ғғ. аралығында 40 мың поляк
тұрғыны болған, бұл республика халқының 0,3%-ын құрады. Поляктардың көпшілігі Солтүстік
Қазақстанның аймақтарына жер аударылған, атап айтқанда, Ақмола және Қостанай облыстарына.
Солтүстік Қазақстан облысында поляктардың ең көп саны – 17054 адам, бұл облыс халқының
2,6% құрайды. Бұл тарихи фактілермен де сәйкес келеді, өйткені саяси қуғын-сүргін және
депортация жылдары, 1930–1940 жылдар шегінде поляк азаматтарының көп бөлігі осы аймаққа
көшірілді.
Депортацияланған тұтқындар арасында түрлі қарсылық процестері орын алды, мысалы
аудандық комитет хатшысының 1937 жылғы мамырдағы баяндамасында «Соңғы 10 күнде жаңа
кенттерде немістер мен поляктардың қоныс аударушылары арасында контрреволюциялық элемент
тарапынан арандатушылық жұмыс қатты өрістеді... шабындық жерлерді өртеуді ұйымдастыру,
социалистік меншікті ұрлау, жеке бақшаларды отырғызудан жалтару, қашу» осындай
әрекеттермен басшылық тарапқа қарсылығын білдірді (Этническая депортация, 2014:
http://my.krskstate.ru/docs/greatwar/etnicheskaya-deportatsiya-polyakov).
Дегенмен, ішкі тәртіп
ережелерінің қатал жағдайларына қарамастан қашу кейде жаппай орын алып та отырды. Мәселен,
№ 4, 9, 10, 11 кенттерден 1936 жылғы маусымнан бастап 1937 жылғы наурызға дейінгі кезеңде
тұратындардың жалпы саны 2700 құрады, оның ішінде 302 адам қашуға мәжбүр болды. Орын
алған оқиғалар арасында көпшілік қашып кеткен азаматтар Омбы қаласына бет алды, олардың
пікірінше, осы аймақтан өз туған жерлеріне жету оңай болады деп ойласа керек.Аталған
оқиғалардың орын алуын тоқтату, революцияға қарсы қауесеттердің таралуын тоқтату үшін
Красноармейск аудандық партия комитеті 1937 жылы 7 мамырда «аталған ауылдардағы саяси
оқиғалар
туралы»қаулы
қабылдады,
онда
«ауылдардағы
орын
алған
саяси
қарсылық»көрсетілгендеп
келтіріледі
(Этническая
депортация,
2014:
http://my.krskstate.ru/docs/greatwar/etnicheskaya-deportatsiya-polyakov). Осы қаулымен аудандық
атқару комитетінің партиялық тобына «ұйымдастырушыларды анықтау және оқшаулау, халық
арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоныс аударушылардың қозғалысына қатаң бақылау
орнату, ауыл кеңесі мен коменданттың рұқсаты жоқ қоныс аударушыларды жұмысқа қабылдауға
тыйым салу»шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды. Сондай-ақ қашу мен өрттерді
ұйымдастырушыларға демонстрациялық сот процесін ұйымдастыру, материалдық жағдайдың
мәселесін талқылай отырып, жалпы шаруашылық жиналыстарын өткізу міндеті қойылды
(Этническая
депортация,
2014:
http://my.krskstate.ru/docs/greatwar/etnicheskaya-deportatsiya-
polyakov).
Қазақстанға жер аударуға жоспарланған поляктар үшін депортацияның тағы бір толқыны
1939–1941 жылдары пайда болды. Бұл республикалардың кеңес режиміне қарсы барлық өкілдері
20–30-шы жылдары жұмыс істеген схема бойынша Сібірге, Орта Азияға және Қазақстанға
көшірілді. 1940 жылы жер аударылғандардың көптеген құрамы Солтүстік Қазақстан, Павлодар,
Ақмола, Талдықорған, Алматы және Жамбыл облыстарына жіберілді. Олар қуғын-сүргінге
ұшыраған бүлікші ұйымдардың қатысушыларының, бұрынғы поляк армиясы офицерлерінің,
полицейлердің, түрмеге қамалғандардың, жандармдардың, помещиктердің, фабриканттардың
және бұрынғы поляк мемлекеттік аппараты шенеуніктерінің отбасы мүшелері болды
(Алдажуманов, Алдажуманов, 1997:12). Олардың арасында «поляк посадниктері және
|