2 ДӘріс дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет6/22
Дата26.03.2023
өлшемі387 Kb.
#471117
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
карым катынас психологиясы

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынастың әлеуметтік психологиясы деген не?
2. Басқару деген не?
3. Қарым-қатынастағы басқарудың ерекшеліктері неде?
4. Топ деген не?
5. Ұжым деген не?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.

  2. Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.

  3. Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.

  4. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.

  5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.

  6. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.

  2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

  3. Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.

  4. Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.

  5. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.

  6. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

Тақырып 6. Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық аспектілері
Жоспар:
Педагогикалық қарым – қатынас туралы түсінік. Тұлғаралық қарым – қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі.Тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту. Коммуникативті әсер етудің тиімділігін жетілдіретін құралдар.
1. Педагогикалық қарым – қатынас туралы түсінік. Тұлғаралық қарым – қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі.
Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтаған. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен мәселенің сұрақтарын қарастыруға болады. Негізгі мәселе - мұғалімдік мамандыққа қойылатын талаптарды психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып көрсету және оны педагогикалық және методикалық жағынан алып талдау. 1. Тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту. Коммуникативті әсер етудің тиімділігін жетілдіретін құралдар.
Талас-тартысты мәселелердің туындап отыруының әлеуметтік- психологиялық заңдылықтары болады. Ал бұл мәселенің теориялық және методикалық негіздері мен сипаттарын ғылыми тұрғыдан тереңірек ашып көрсету өз алдына зерттеліп, тиісті шешімін келешектен күтеді. Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы кезге дейін зерттелуде. Міне,осы мәселені зерттеуді негізгі объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты: орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді; өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс қалып көрсетпеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды ”тәрбиеленуі қиын” балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарында қиындатады. Енді-енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді. Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де әсер етуі жатады.Тәлім-тәрбие саласында жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтап қарастырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыстардың туындап, олардың етек алуының бірнеше түрлері болатындығы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет