2 журналға шыққан. Мал шаруашылық ғылым-техника журналы. Шөп қоректі жануарлар. ҚХР, 2006, №3. 39-40 беттер. Мал шаруашылық ғылым-техника журналы. Шөп қоректі жануарлар. ҚХР, 2006, №4.41-45беттер. УДК 636.082
Қ.Н.Бегімбеков, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Тұқым - ауыл шаруашылығы жануарлары эволюциясының, адамның араласуы арқылы жүргізілген жабайы тегінен бергі селекциясының қорытындысы, оларды жетілдірудегі зоотехниялық негізгі жүйелік бірлік және өндіріс құралы болып табылады. Бүгінде Жер шарында үй жануарларының барлығы 2800-ге тарта, оның ішінде ірі қараның – 1000, шошқаның – 210, қойдың – 600, ешкінің – 20, жылқының – 250, құстың – 240, қоянның – 60, иттің – 400, бұғының – 12 тұқымы бар.
Тұқым туралы ұғым адам жануарларды саналы түрде шағылыстыра бастаған ХІІ ғасырда пайда болған. Сол кезде-ақ тұқымның пайда болуының ортақтығы, оның белгілерінің өзгермей, тұрақты сақталатындығына ерекше көңіл бөлген. «Тұқым» деген ұғымды ғалымдар (Зеттегаст, Вилькенс, Кронахер, Крюгер, Адамец және т.б.) түрліше түсіндірген. Ч.Дарвин тұқымды адам еңбегімен жасалған және оның қажеттерін қанағаттандыру үшін бейімделген үй жануарларының түрі және түр тармағы ретінде сипаттаған. Д.А. Кисловский белгілі бір ортақ типтің белгілері қалыптасқан, тіршілік ету жағдайларына талаптары бір, өзіндік ерекшелігін сақтайтын және басқа тұқымдармен шағылыстырғанда оларға жақсартушы әсер ететін жануарлардың үлкен тобын тұқым деп түсінген.
Көптеген анықтамаларды қорыта келе, белгілі бір табиғи-климаттық, әлеуметтік – экономикалық жағдайларда адамның еңбегімен шығарылған, шығу тарихы мен дамыту жолдары ортақ, өндіріс технологиясы мен сыртқы орта әсеріне беретін жауабы ұқсас, өзіне тән өнімділігінің, дене бітімінің және басқа пайдалы қасиеттерінің белгілер жиынтығының ұрпағында тұрақты тұқым қуалаушылығы арқылы ерекшеленіп тұратын, бір түрге ішіндегі жануарлардың үлкен бір тобы тұқым деп танылады деп ойлаймыз.
«Тұқым» және «популяция» ұғымдарын бір қатарға қою арнайы әдебиеттерде айтарлықтай жиі кездеседі, бірақ олар тең ұғымдар емес. Тұқым – табиғаттың өнімі ғана емес, адамның орасан зор творчестволық еңбегінің нәтижесі. Мұнда негізгі қозғаушы күш - қолдан сұрыптау болса, популяция дегеніміз – бұл генетикалық жағынан ғана ұқсас, біртекті жануарлар тобы, оның құрылуының басты алғы шарттары – еркін шағылысу және табиғи сұрыпталу, жеке ауытқушылықтар тұқым қуаламайды. Жер жүзінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген популяциялары болса, тұқым – тек үй жануарларында ғана болады.
Әлеуметтік–экономикалық факторлар тұқым шығару процесіне зор ықпал етіп келеді. Жануарларды үй малына айналдыру олардың өнімділік қасиеттеріне үлкен өзгерістер енгізді. Қоғам дамуындағы көшпелі, одан соң отырықшы шаруашылыққа көшу сатысында мал өсіру ісі өте қарабайыр жүргізілгенімен, одан кейінгі капитализм дәуірінде (ХVІІІ, ХІХ ғасырлар) тұқым шығару ісі қауырт дами бастады. Мал шаруашылығы өнімдеріне, тоқыма өнеркәсібі мен былғары өнеркәсібіне қажетті шикізаттарға деген сұраныстың өсуіне қарай малдан алынатын табыс та өсті. Селекционерлерде малдың өнімділік сапаларын жетілдіруге, едәуір құнды, экономикалық жағынан тиімді тұқымдар шығаруға ынта артты. Әлеуметтік сұраныстың негізінде белгілі бір тұқымның типі мен өнімділік бағытына деген жаңа талаптар туындады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына қарай, қоғамдық–экономикалық формациялардың ауысуына байланысты, мал шаруашылығының бағыты әлденеше рет өзгерді. Осындай өзгерген талаптардың ықпалымен белгілі бір кезеңге дейін өсіріліп отырған тұқымдар қайтадан күшті өзгерістерге ұшырап отырды. Мысалы, ірі қараның украиндық сұр тұқымының малы бұрын етті – жұмыс бағытында өсірілетін. ХІХ ғасырда ет пен сүтке деген сұраныстың өсуіне орай олар сүтті-етті мал тұқымдарына айналды. Ағылшын селекционерлері ірі қараның шортгорн тұқымын нағыз етті мал тұқымы ретінде шығарса, басқа елдердегі нарықтың талаптары ондағы селекционерлерді шортгорнның етті-сүтті және сүтті типтерін шығаруға итермеледі. Жүн өңдейтін өнеркәсіптің дамуына байланысты қойдың жүнді жаңа тұқымдары шығарылды. Мал шаруашылығын қарқындата жүргізу тұқымдар арасындағы бәсекені шиеленістіріп, бір тұқымды екінші, едәуір өнімді тұқымдармен алмастыру ісін тездетті, нәтижесінде экономикалық жағынан тиімді және мол өнімді тұқымдар ғана аман қалды.
Тұқымның тіршілік ету мерзімі әр түрлі. Мол өнімді тұқымдарды сақтау үшін дүние жүзінің көптеген елдерінде арнайы шаралар жүргізіледі. Мал-құстың құнды тұқымдарының тектік қорын сақтау үшін арнайы биосфералық, шаруашылық–қорықтар, селекциялық-генетикалық орталықтар ұйымдастырылуда.
Барлық елдердегі мал тұқымын шығарудың қазіргі кезеңіне тән бір ерекшелік бар. Ол – генетикалық қуаты кең тұқымдарды барынша тарату. ТМД елдеріндегі көптеген тұқымдар бір генетикалық түбірден шыққан. Мысалы, ірі қараның ішінде қоңыр малдың негізінде кострома, лебедин, алатау, карпаттық қоңыр, кавказ тұқымдары шығарылған. Симменталь тұқымынан сычев малы шыққан. Бірқатар ғалымдар бір генетикалық түбірден шыққан мал саны аз тұқымдарды біріктіруді ұсынады. Шығу тегі ортақ, малының саны аз тұқымдарды біріктіру таңдаулы жануарларды жақсы пайдалануға және комбинациялық өзгергіштік резервтерін арттыруға, тұқым асылдандыру жұмыстарын бірыңғай жоспармен жүргізуге мүмкіндік береді.
Мал тұқымының өнімдік және асыл тұқымдық қасиеттерін жоғары деңгейде сақтау үшін оның құрылымдық бірліктерінде (тип, аталық із, аналық ұя) ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда тұқымның өзімен де тұқым асылдандыру ісінің сындарлы жүйесі жүргізілуі керек. Осыған байланысты тұқыммен 10-15 жылға арналған тұқым асылдандыру жоспары жасалып, онда селекциялық жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалуы қажет.
Мал шаруашылығын қарқындата жүргізуге байланысты жануарлардың тұқымын сынау маңызды шара болып табылады. Мұндай шаралар әрбір тұқымның асыл тұқымдық және өнімділік мүмкіндіктері жөнінде дәл мағлұматтар береді. Жануарлар тұқымдарын қай елдің болмасын әр түрлі аймақтары бойынша аудандастыру мәселесі осыған сүйеніп, қайта қаралуы тиіс. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, қазіргі уақытта дүние жүзінде ірі қараның 1000-нан астам тұқымы таралған, оның 37% сүтті, 13% – етті, 20% – қос өнімді тұқымдар. Қалғандары етті-жұмыс және сүтті-жұмыс малы. Батыс Европа елдерінде сүтті және сүтті-етті тұқымдарға ірі қара санының 80% келеді.
Жануарлар тұқымдарын шығаруға әлеуметтік–экономикалық жағдайлардан басқа, табиғи–географиялық жағдайлар да зор ықпалын тигізеді. Топырақтың, жер бедерінің және климаттың ерекшеліктері мал тұқымының белгілері мен қасиеттерін қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, Швейцарияның таулы климаты мен жер бедері кеудесі кең, сүйектері мықты симменталь сиырын шығаруға себепші болды, оның артқы аяқтары пілдің аяғы секілді тік орналасқан. Голланд тұқымы жазық жер жағдайында пайда болған, оның сүйектері жіңішке, терісі жұқа, бірақ бұлшық еттері жақсы жетілген. Пироплазмоздан азап шегетін ыстық климатты аудандарда зебу тәрізді мал өсіру қолайлы.
Биік альпі шалғындары өлкесін тау мериносы немесе Алатаудың бөктерін қазақтың арқармериносы қойларын өсіру үшін пайдаланған тиімді.
Жаңа климаттық жағдайларға тап болған жануарлар терең физиологиялық өзгерістерді бастан кешіреді. Сыртқы ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына, әсерлеріне ағзаның бейімделуін жерсіну деп атайды. Бұл жануарлардың бірнеше ұрпағын қамтитын ұзақ әрі күрделі құбылыс. Белгілі ортада қалыптасқан әрбір келесі ұрпақ үшін жерсіну оңайлай түседі. Осылай бірнеше ұрпақтың бойында дамып жетілетін бейімделушілік өзгерістерді адаптация немесе жерсіндірілу деп атайды.
Жерсіндірілудің мал ағзасына ата-аналарынан тұқым қуалай берілетін генотиптік және оның жетілу кезеңінде (онтогенезінде) қабылдайтын фенотиптік бейімделушілік дейтін екі түрін ажыратады.
Жерсіну белгілі бір тұқымның әрбір жеке өкілінің тіршілік жағдайларына тікелей бейімделуі нәтижесінде жүзеге асырылады. Тұқым үшін мүлде жаңа жағдайларға жасырақ кезінде тап болған жас жануарлар сақа жануарларға қарағанда оңай жерсінеді. Суық аудандардың жануарларын жылы жерлерге жерсіндіруден гөрі, жылы жерлерде өсірілген жануарлар суық климатты аудандарда жақсырақ жерсіндіріледі. Жануарлардың әр түрлі тұқымдары да түрліше жерсінеді. Мысалы, қырдың қызыл сиыры тұқымын Украинадан Қазақстанға әкелгенде ол өзінің өнімділігін кеміткен жоқ, тіпті кейбір жануарлар бұрын болмаған мол өнім беріп, рекорд жасады. Швейцарияның таулы аудандарында шығарылған симменталь тұқымының да жерсіну қасиеттері өте жақсы болып, жаңа аудандарда да мол өнімділік көрсетті. Осының арқасында ол өте кең таралды. Якутияда қодастардың әр түрлі екі экотипін өсіру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері көңіл қоярлықтай. Олардың төменгі температура жағдайында тіршілік етуге бейімділік қабілеті және басқа тұқымдар малына қарағанда азықты аз жұмсайтын қасиеті анықталды. Жаңа экологиялық жағдайларда жерсіндіру барысында қодаста кейбір физиологиялық өзгерістер туды, бұл оның төлінің өсуін тездетті ( бұзауының бір айлық кезіндегі тірілей салмағы екі есе дерлік артты). Қазір Қырғызстаннан әкелінген қодастарды Кавказда жерсіндіру жұмысы ойдағыдай жүргізілуде.
Баяу жерсінетін тұқымдар да бар, олардың мезгіл-мезгіл өнімі кеміп “ауырып” тұрады. Бірақ бірнеше ұрпақтан кейін мұндай тұқым сыртқы ортаның жаңа жағдайларына бірте-бірте жақсы бейімделіп кетуі де мүмкін. Әрине, жаңа жағдайларға мүлде бейімделе алмайтын тұқымдар да кездеседі. Олар тіпті белгілі бір кезеңнен кейін тұқым ретінде жойыла бастайды. Жерсіну – күрделі процесс. Егер жануарларға жақсы азық беріп, оларды дұрыс күтіп-бақса жерсіну оңайлай түседі. Таза тұқымды жануарларға қарағанда будан, гибрид жануарлар жақсы жерсінеді. АҚШ-та шортгорн және герефорд тұқымының малын зебумен гибридтеу ыстық климатқа жақсы бейімделген малдың етті тұқымын алуға мүмкіндік берген.
Егер жерсіндірілудің экологиялық әсерлері мен организмнің биологиялық ерекшеліктері ескерілмейтін болса, бұл тіпті өте жоғары өнімді тұқымдардың да кері өзгеруіне, жүдеуіне немесе азып-тозуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Тұқымның кері өзгеруі (перерождение) барысында қолайсыз жағдайлардың әсер етуі нәтижесінде жануарлардың өнімділігі кемиді де, олар өздерінің белгілері бойынша аборигендік тұқымдарға жақындайды.
Тұқымның жүдеуі (захудалость) организмнің биологиялық мұқтаждықтары мен тіршілік жағдайлары арасындағы сәйкессіздіктен туады. Мұндай жағдайда жануарлардың дене бітімінің (конституциясы) үйлесімділігі бұзылады, сыртқы пішіні (экстерьері) ақауға ұшырап, өнімділігі төмендейді.
Тұқымның азғындауы, азып-тозуы (вырождение) жануарлардың дене бітімінің күрт нашарлауы, өнімділігінің, өсімталдығының кемуі, организмнің кемістікке ұшырап, жыныстық ауытқушылықтардың пайда болуы.
Жануарларды жерсіндіру барысында олардың ішкі құрылымының (интерьерлік) және сыртқы пішінінің (экстерьерлік) ерекшеліктерінде айтарлықтай өзгерістер туады. Мысалы, Е.К. Меркурьеваның мәліметтеріне қарағанда Даниядан Ресейдің Рязань облысына әкелінген джерсей малында осы аймақтың континенттік климатына ойдағыдай жерсіндірілуі байқалған. Осы әкелінген сиырлардан алынған ұрпақтардың ағзасында зат алмасуы айтарлықтай өзгерген минералдық заттар жақсы сіңіріліп, сүйек ұлпасының минералдануы артқан, ал бұл жағдайлар мал қаңқасының нығаюына және оның сыртқы пішініндегі кемшіліктердің жойылуына себепші болған. Тері температурасының реттелуі өзгеріп, қыста жануарларды қалың және ұзын жүн басқан. Джерсей малын континенттік климат жағдайларына жерсіндіру барысында осы тұқымға тән өнімділіктің қажетті деңгейі мен бағытын сақтауға мүмкіндік туған.
Тұқым – тарихи да жүйелік бірлік, ұғым, оның мәңгі сақталуы мүмкін емес. Мал шаруашылығының дамуы қарқындаған сайын, тұқым аралық бәсеке күшейеді, нәтижесінде жануарлардың тұқым құрамы жаңара береді. Соңғы 80 – 100 жылда Жер жүзінде жануарлардың 150 тұқымы жойылып кеткен, оның 30-ы – ірі қара, 80-і – қой, 30-ы – жылқы, 10-ы – шошқа тұқымы. Әр түрге жататын жануарлар тұқымдарының ұзақ жасауы да түрліше болады, ол тұқымға біріккен жануарлар санына, таралу аймағына, онымен жүргізілетін селекциялық жұмыстың деңгейіне байланысты. Мәселен таңдаулы тұқымдардың таралу аймағын шамадан тыс ұлғайту көптеген жергілікті тұқымдарға жойылып кету қаупін төндіруі мүмкін. Европада жануарлардың 1200 тұқымын зерттегенде олардың 200-і ХХ ғасырдың соңына дейін жете алмағаны, 70% жойылып кету қарсаңында тұрғаны анықталды. Аборигендік тұқымдар ғана емес, сонымен бірге, әлі де асыл тұқымдық қасиеттерінен айырылмаған зауыттық тұқымдар да шұғыл қорғау шараларын қабылдауды қажет етеді.
ТМД шеңберінде Кеңес өкіметі жылдарында ауыл шаруашылығы жануарларының 87 жаңа тұқымы шығарылды, оның ішінде ірі қараның 13, жылқының 11, қой мен ешкінің 29, шошқаның 16, құстың 7 жаңа тұқымы бар. Бұлардың көпшілігі қос өнімді (сүтті- етті және етті-сүтті ірі қара, етті-майлы шошқа, етті-жүнді қой) тұқымдар. Бірақ ірі қараның арнайы етті тұқымдары, бекон шошқалары аз шығарылған. Сондықтан өнеркәсіптік технологияға бейімделген мол өнімді арнайы тұқымдарды шығару таяу жылдардағы мал тұқымын шығару ісіндегі басты бағыт болмақ. ТМД елдеріндегі мал-құс тұқымдары құрамын қайта құру мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын сапалық жетілдіру бағдарламасы жасалған, ол дүние жүзілік биотехнологиялық, генетикалық мүмкіндіктерді, бар тұқымдардың бай тектік қорын кеңінен пайдалануды көздейді.
Егемендігін жариялағаннан кейінгі 14 жылда Қазақстан Республикасында етті бағыттағы ірі қараның жаңа 1 тұқымы, 4 зауыттық типі, қой мен ешкінің 5 тұқымы мен тұқымдық типі, қаракөл қойының әр түрлі елтірілік ерекшеліктері бар 15 зауыттық типі, жылқының 1 тұқымы, 2 тұқымдық типі, 2 зауыттық типі, тауық пен үйректің бір-бірден кросстары шығарылды. Бүгінгі күні республикада қой мен ешкінің 17, ірі қараның 12, жылқының 15 , түйенің 2, шошқаның 7 тұқымы және тауық пен үйректің 13-тен аса тұқымдары мен кросстары өсіріліп отыр.
Жоғарыда аталған мәселелер тұрғысынан, бүгінде Қазақстанда өсіріліп отырған қой тұқымдарының негізгілерінің бірі болып табылатын дегерес құйрықты қойын өсіру мен жетілдіру жұмыстарының нәтижелерін көрсетудің маңызы бар деп ойлаймыз. Дегерес қойларының басты ерекшелігі сол - ол жыл бойы жайылымда бағуға көнбіс, қазақы қойдың құйрығы мен біркелкі ақ, биязылау және ұяң жүнді қасиеттерді тиімді ұштастырған дүние жүзі қой шаруашылығында кездеспейтін бірден-бір ерекше қой тұқымы. Төзімділігі, шөл және шөлейт аймақтардағы маусымдық жайылымдарды жыл бойы пайдалануға бейімділігі жағынан қазақтың жергілікті құйрықты қойларынан қалыспайды. Еттілігі мен майлылығы жақсы қалыптасқан, биязылау жүнінің жіңішкелігі 48-58 сапа аралығында болады. Қозылары ірі болып туады және тез жетілгіш. Көп жылғы мәліметтер бойынша енесінен 3,5-4 айлығында айыру мезгілінде ұрғашы қозыларының орташа салмағы 32-35 кг, еркек қозыларынікі 34-38 кг болады. Жайылым отын жақсы пайдаланып тез ет алады. Ет-май өнімі жағынан қазақы қойлардан кем түспейді. Жақсы семірген еркек қойлардың сойыс салмағы 42-47 кг , құйрық майының салмағы 6-8 кг–ға дейін жетеді. Сойыс шығымы да, етінің сапасы да айтарлықтай жоғары. Жалпы алғанда қазақтың құйрықты қойларына тән жақсы қасиеттерінің бәрі осы тұқымдағы қойларда бар.
Республика бойынша 2005 жылы дегерес қойларының жалпы саны 182 мың басқа жетті. Бұл қойларды өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтардағы ұнамды типті саулықтар саны 25,2 мыңнан асады, оның ішінде селекциялық топта 5,5 мың бас мал бар. Бұлардың биязылау жүнділері 40,0 %, ұяң жүнділері 60,0%. Әр түрлі асыл тұқымды шаруашылықтар арасынан малдың орташа тірі салмағы ( 1-кесте ) жөнінен де, олардан қырқылған жүннің орташа салмағы ( 2-кесте ) жөнінен де осы мал тұқымын өсірген Алматы облысының Балқаш ауданындағы бұрынғы “Бақанас” асыл тұқымды шаруашылығының малы негізінде құрылған “Күнгей” шаруа қожалығы (жетекшісі-Рақымов Қожақан) мен, бұрынғы Жезқазған облысының Ақтоғай ауданындағы “Жәмші” асыл тұқымды шаруашылығының малынан бөлініп шыққан “Бабатай” шаруа қожалығының (жетекшісі-атақты “дала академигі”, бүгінде 95 жастағы Зікірия Көпбаев) қойларының көрсеткіштері басқалардан әлдеқайда жоғары. Бұл заңды да. Өйткені бұл шаруашылықтардың малымен ғылыми-селекциялық жұмыстар соңғы 40 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жүргізіліп келеді. Сөйте тұра, кейінгі кездері құрылып, өте үлкен жауапкершілікпен, зоотехниялық талаптарды барынша орындай отырып дегерес қойын ойдағыдай нәтижелі өсіріп, ендігі асыл тұқымды шаруашылықтар дәрежесін алған Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты “Мәди” шаруа қожалығы (жетекшісі-Қасенов Талайбек) мен Жезқазған (қазіргі Қарағанды) облысы Ақтоғай ауданындағы “Ақтоғай” кеңшарының асыл тұқымды қой фермасы малының негізінде құрылған “Шорманов” шаруа қожалықтары ассоциациясы (жетекшісі-Шорманов Орынбай) және ХХII партсъезд атындағы асыл тұқымды қой фермасы малының негізінде құрылған “Сәрсенбек” шаруа қожалықтары ассоциациясы (жетекшісі-Оспанов Батырбек) өсіріп отырған қойлардың да көрсеткіштері тұқым стандартынан кем емес.
Дегерес құйрықты қойы тұқымы қазіргі кезде республикада қой санын жедел көбейтуге көп әсерін тигізіп отыр. Бұған дәлел кейінгі бес жыл ішінде жоғарыда аталған асыл тұқымды шаруашылықтар бойынша Қазақстанның 5 облысының ( Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан) шаруашылықтарына 10500 бас асыл тұқымды дегерес құйрықты қойы сатылды оның 85% аналық мал. Сатылған асыл тұқымды мал басының саны жөнінен дегерес қойы, республикадағы өсірілетін қой тұқымдарының ішінде ең жоғарғы орындардың бірін алады. Шаруа қожалықтарының осы қой тұқымын өсіруге тырысатыны: біріншіден, дегерес қойының жүн өнімінің мөлшері мен сапасы басқа құйрықты қой тұқымдарына қарағанда өте жоғары; екіншіден, ет-май өнімі және әртүрлі аймақтың жер жағдайына бейімділігі жағынан республикада көп тараған жергілікті қазақы құйрықты қойлардан кем түспейді. Осы айтылған ерекшеліктерінің арқасында сатып алушы шаруашылықтар дегерес тұқымын таза өсіруге бет алып отыр.
Дүние жүзілік тектік қорды пайдаланудың жануарлардың жаңа тұқымдарын шығаруда зор маңызы бар. Таңдаулы тұқымдар, әсіресе жетекші асыл тұқым зауыттарындағы жануарлар тұқымды таза өсіру әдісімен көбейтілуі тиіс. Ал будандастыру әдісімен бір жақты әуестену бұл саланың ғылыми–техникалық ілгерілеуінің тиісінше жеделдеуіне мүмкіндік бермейді. Оның үстіне, жоғарыда көрсетілген тұқымдардың жойылып кетуі жануарлардың тектік қорының жұтауына әкеп соқтырады. Жойылып бара жатқан тұқымдардың бағалы генетикалық қасиеттерін тіпті гендік және клеткалық инженерияның көмегімен де қалпына келтіру мүмкін болмай қалуы мүмкін, өйткені оларға бастама болған жануарлардың тірі үлгілері тіршілігін жояды.
Жануарлардың отандық тұқымдарының тектік қоры – жалпыхалықтық игілік, оған мемлекет тұрғысынан, ұқыптылықпен қарау керек. Жойылып бара жатқан тұқымдардың тектік қорын сақтау үшін арнайы тектік қор шаруашылықтарын қалыптастыру тұқым стандартына сай келетін таза тұқымды жануарларды сұрыптау негізінде жүргізіледі. Қанының және басқа интерьерлік ерекшеліктері бар жануарларға артықшылық берілуі тиіс.
Тектік қор шаруашылықтарының желісі қай елдің болса да барлық аймақтарын қамтуы тиіс. Тектік қор табындарын өсірудің негізі туыс емес малдан жұп құру және аталық іздерді кеңінен пайдалану арқылы жүргізілетін тұйық, тұқымды таза өсіру әдісі болуға тиіс. Табында әрқайсысында кем дегенде 2 аталықтан тараған әр түрлі 3-5 генеалогиялық іздер болуы керек. Тұйық популяцияларда инбридинг болмағаны жөн.
Мал саны аз зауыттық тұқымдар үшін олардың санын қалпына келтіру мақсатында соңғы кезеңде алынған аталықтарды пайдаланып, қайтара будандастыру ісін қолдану қажет. Жергілікті тұқымдарды, олардың тектік қорын жаңадан шығарылатын тұқымдардың аурулар мен стресстерге резистентігін арттыру үшін пайдаланудың селекциялық әдістерін жасаған жөн. Аборигендік тұқымдардың тектік қорына резистенттік бағытта селекция жүргізу үшін үлкен резерв бар.
Жойылып бара жатқан тұқымдардың тектік қорын сақтаудың екінші жолы – тоңазытылған гаметалар, зиготалар, эмбриондар, ұзақ сақталатын тектік қор қоймаларын ұйымдастыру.
Асыл тұқымды мал өсіру ісінің құрамдас буыны – тектік қор құру, сақтау ісін жүргізудің ұйымдық, экономикалық және құқықтық негіздерін жасау қажет. Тектік қор мәселесі, оны сақтау, дамыту, пайдалану жұмыстары міндетті түрде мемлекеттік тұрғыдан қорғалуы тиіс. Қазіргі кездегі аборигендік тұқымдар генетикалық тұрғыдан алғанда бүкіл адамзаттың аса бағалы генетикалық мұрасы ретінде қарастырылады.
* * *
Мақалада жер жүзіндегі мал тұқымдарының саны, жерсінуі, кері өзгеруі, жүдеуі, азғындауы, жойылып кетуі жөнінде мағлұматтар және автордың өзі жұмыс жүргізетін дегерес құйрықты қойы тұқымының ерекшеліктері берілген.
1-кесте. Асыл тұқымды шаруашылықтар селекциялық топтарындағы дегерес қойларының тірі салмағы, кг
-
Шаруашылық
|
Өлшем бірлігі
|
Биязылау жүнді
|
Ұяң жүнді
|
Сақа мал
|
1 жасар мал
|
Сақа мал
|
1 жасар мал
|
♂
|
♀.
|
♂
|
♀
|
♂
|
♀
|
♂
|
♀
|
«Күнгей»
|
n
Х
mx
|
27
97,2
0,25
|
420
56,0
0,29
|
100
56,2
0,20
|
306
39,0
0,30
|
34
98,1
031
|
413
58,0
0,33
|
100
56,2
022
|
220
45,0
0,30
|
«Мәди»
|
n
Х
mx
|
15
93,8
0,35
|
243
58,2
0,33
|
90
50,3
0,25
|
120
45,0
0,33
|
15
97,3
0,32
|
200
60,4
0,20
|
13
55,0
0,35
|
98
44,0
0,25
|
« Бабатай»
|
n
Х
mx
|
35
96,6
0,32
|
672
58,5
0,25
|
230
57,2
0,29
|
295
41,4
0,28
|
35
99,8
0,21
|
450
59,3
0,33
|
97
56,8
0,32
|
198
47,0
0,25
|
« Сарсенбек»
|
n
Х
mx
|
22
93,0
0,35
|
392
56,7
0,31
|
145
52,9
0,29
|
205
41,2
0,23
|
32
93,9
0,30
|
359
57,2
0,25
|
72
53,7
0,33
|
215
43,4
0,25
|
« Шорманов»
|
n
Х
mx
|
25
93,0
0,35
|
293
55,8
0,27
|
130
53,0
0,37
|
215
39,7
0,28
|
27
94,3
0,34
|
315
56,0
0,38
|
72
52,0
0,40
|
188
44,0
0,33
|
2-кесте. Асыл тұқымды шаруашылықтар селекциялық топтарындағы дегерес қойларынан қырқылған жүн салмағы, кг
-
Шаруашылық
|
Өлшем бірлігі
|
Биязылау жүнді
|
Ұяң жүнді
|
Сақа мал
|
1 жасар мал
|
Сақа мал
|
1 жасар мал
|
♂
|
♀.
|
♂
|
♀
|
♂
|
♀
|
♂
|
♀
|
«Күнгей»
|
n
Х
mx
|
35
6,2
0,11
|
445
4,3
0,11
|
120
4,1
0,12
|
313
3,5
0,11
|
37
5,5
0,13
|
411
4,0
0,9
|
98
4,0
0,11
|
213
3,2
0,13
|
«Мәди»
|
n
Х
mx
|
15
5,6
0,14
|
220
4,0
0,12
|
87
3,7
0,11
|
115
3,5
0,11
|
13
4,8
0,13
|
212
3,8
0,11
|
18
3,8
0,12
|
121
3,2
0,12
|
« Бабатай»
|
n
Х
mx
|
37
5,8
0,12
|
543
4,0
0,3
|
200
3,9
0,14
|
345
3,5
0,12
|
40
5,6
0,11
|
455
3,9
0,10
|
97
4,0
0,13
|
220
3,2
0,13
|
« Сарсенбек»
|
n
Х
mx
|
21
5,0
0,17
|
375
3,2
0,11
|
162
3,7
0,09
|
210
3,0
0,15
|
32
4,0
0,15
|
370
3,1
0,10
|
82
3,2
0,11
|
195
2,9
0,15
|
« Шорманов»
|
n
Х
mx
|
25
5,0
0,13
|
292
3,2
0,12
|
135
3,5
0,10
|
213
2,9
0,22
|
30
3,9
0,10
|
299
3,0
0,12
|
75
3,1
0,12
|
198
2,7
0,13
|
Достарыңызбен бөлісу: |