2. Топырақ бонитетін анықтау әдістері мен тәсілдері


Топырақ бонитетінің (1979 ж) Мемлекеттік әдістемесі



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#131539
1   2   3   4

3.3 Топырақ бонитетінің (1979 ж) Мемлекеттік әдістемесі
Топырақ бонитетін анықтайтын (1979) Мемлекеттік әдіс мына формуламен анықталады:

Топырақ бонитеті =



(VI)

Мұндағы:
К –дегеніміз топырақ критерилері



  1. Қарашірінді

  2. Кмех.құр- механикалық құрам

  3. КNа- кебірлік

  4. Ктұз- тұздылық

  5. Ктас- тастылық

  6. Ктоп.қаб.- топырақ қабаттылығы

  7. Кжер.ас.су- жер асты сулары

Мысалы: Кәдімгі қара топырақ Ч2 балл банитетін анықтау.

Т.б. =
Орташа өнім мөлшерін табу үшін мына формула қолданылады.
Өорт.өн.мөл. = (VII)
Мысалы: Өорт.өн.мөл. =

Б = 32


Ө = 14
Ббаға= яғни топырақ бонитетінің 1 баллы 0,43 ц тұрады.

Топырақтың баллы 1 балға төмендесе,


Ө =
Өорт = 55 х 0.43 = 23.65

Өорт = 60 х 0,43 = 25.8


Өнім мөлшерін табу үшін 1 баллдың бағасын кез-келген топырақтың бонитет балына көбейтеді.

Сондықтан топырақ бонитировкасы жер бағалаудың негізі болып табылады.


4.Қостанай облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау
Қостанай облысы – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлігі. Орталық-Қостанай қаласының Жер аумағы 196,0 мың км2.Облыстың географиялық орны өте қолайлы. Ол солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі. Облыс аумағы негізінен жазық дала.

Қостанай облысының топырақтары-облыс жерінде алты өсімдік-топырақтық аймақшалар бөлінеді,олар даланың кәдімгі және оңтүстік қара топырақтары мен күнгірт қара-қоңыр, қара-қоңыр /құрғақ дала/, ашық қара-қоңыр /шөл дала/ топырақтар мен қоңыр топырақ /шөлді аймақ/.Соңғы екі типшелерден басқалары егіншілікте /астық егісі/ пайдаланады. Қазақстандағы ең ірі астық өңірі /егістік көлемі 5,6 млн.га/. Қара және қоңыр-қызғылт топырақтар облыстың солтүстік және орталық аудандарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы. Оңтүстіктегі сұр топырақты бөлігі құнарлығының төмен болуына байланысты негізінен, мал шаруашылығына қолайлы.

Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған. Оның солтүстігінің жіңішке бөлігін орманды-дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлер негізінен, әр түрлі бұталар өскен терек аралас қайынды шоқтардан тұрады.

Ауыл шаруашылығын жақсы жүргізуге және жоспарлауға топырақ құнарлығының сандық есебі өте қажет. Бұған топырақ бонитеті мен экономикалық бағалау жатады.Топырақ бонитеті жер қорының сандық және сапалық жағын көрсететін жер кадастрының ең негізгі бөлігі.

Қостанай облысында бонитет шкаласы қойылғанда негізгі көрсеткішке(0-50см) орта метрдегі қарашірінді қабаты жатады.Облыста жақсы қасиеті мен өнімділігінің белгілігімен этолон ретінде – кәдімгі орта қабатты қаратопырақ орта гумусты орта құмбалшық көрсетілген.Оған 100 балл қойылған. Қарашірінді қоры қабатта 0-50см.

Топырақ құрамындағы бонитет шкаласының дұрыстығы топырақ өнімділігі мен бағасының шкаласымен тексеріледі. Міне осы арқылы бағалауға жататын ауылшаруашылығы топырақтың өнімділігі анықталады.



Ауа-райы

Қостанай облысы Евразия материгінің орталығында орналасқан, өзінің жылдам континенталды ауа-райымен ерекшеленеді.

Аймақ климаты негізінен жазы жылы және қысы суық /шығысында ызғарлы/ болып келеді. Батыс – шығыс бағытта жылу мен жауын-шашын мөлшері азайып, климат ызғарлығы артады. Орманды дала климаты, дала аймағына қарағанда, жұмсақтау және ызғарлылығы шамалы. Мұнда шілде мен ақпан айларының орташа температурасы батыстан шығысқа қарай сәйкес ішінде 240С-дан 200С-ға және -40С-дан 270С-ға дейін төмендейді.Температурасы 100С-дан жоғарғы күндер саны орманды-даланың батысында 150-180, шығысында 90-120-ға дейін азаятын болса, дала аймағында сәйкес 140-180 және 97-140 күнге тең. 100С-дан жоғары жылдық тиімді температура қосындысы сол бағытта орманды далада 2400-30000-тан 1400-16000-қа, ал далада 2300-35000-тан 1500-23000-қа дейін төмендейді.

Атмосфералық түсім мөлшері 500-600 мм-ден 300-350 мм-ге дейін және солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Жауын-шашынның едәуір мөлшері /30-40-еуропалық. 50 проц. Азиялық бөлігінде/ жаз айларында түседі. Орманды-дала аймағының солтүстік жағында жауын-шашын мен булану мөлшерінің арасалмағы бірге жақындайды, оңтүстігінде ол=0,77, дала аймағында одан да төмен /0,50-0,66/.



Топырақтарына шолу

Қара топырақтың негізгі топыраққұраушы жыныстарына лөс пен лөс тұрпатты құм-балшықтар жатады.

Қара топырақ тегі-жаралуы (генезис) туралы үш болжамды көзқарас (гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік.

Қара топырақты дала аймағында табиғи шөптесін өсімдіктер астында жылына едәуір (100-200 ц.га) органикалық қалдықтар түзеді. Ол жалпы биомассаның 40-60 процентіне тең және қалдықтардың сондай мөлшері өсімдік тамырларына келеді.Сондықтан қара топырақ құралуындағы биологиялық заттар айналымының негізгі ерекшелігі-өсімдік қалдықтарымен жыл сайын топыраққа азот пен күлдік элементтердің мол түсуі. Далалық өсімдіктер қалдықтары ақуыз азоты мен негіздерге бай болғандықтан, олар даланың қолайлы ылғалы-жылу, оттегі жеткілікті жағдайында және жыныстың сілтілі ортасында ыдырап, гумустену үрдісімен тартынады.

Қара топырақтың гумустілігінен кейінгі белгісі-қарашірінділі жиектің дән-уақ кесекті, суға төзімді, түйіртпектілігі. Сондай-ақ қара топырақ өсімдікке қажет қоректік элементтердің едәуір қорымен, қолайлы су-ауа және физикалық-химиялық қасиеттерімен, яғни жоғары табиғи құнарлылығымен сипатталады.

Қара топырақ жаралуындағы тағы бір ерекшелік-кескін бойында карбонат тұздарының маусымды қозғалысы (динамикасы). Жоғарыда сиатталған қара топырақ құралуындағы жалпы ерекшеліктер аймақаралық өсімдік-климаттық жағдайларға сай өзіндік айырмашылығымен айқындалған.

Дала аймағында кәдімгі және оңтүстік қара топырақ типшелерін айырады. Олардың алабы кебірлік ала кешенмен 99 млн га жерді алып жатыр.

Кәдімгі қара топырақ А жиегі қалың /30-40см/, күңгірт-сұр немесе қара түсті, айқын дәнді немесе кесек дәнді түйіртпектерден тұрады. Ол біртіндеп келесі күрең реңді күңгірт-сұр кесекті немесе кесек-призма түрлі В1 жиекшеге ауысады. Жалпы гумус жиегінің /АВ1/ қалыңдығы=65-80 см.

В1 астында гумус ағыны бар В2 жиекше орналасқан, ол көбінесе карбонатты иллювилік жиекпен ұштасқан немесе оған дереу ауысады. Карбонаттар «ақкөз» түрінде айқындалған. Бұл белгі-кәдімгі қара топырақтың жоғарыда сыпатталған типшелерінен айырмашылығы. Банитет баллы (60-70).



Оңтүстік қара топырақ дала аймағының оңтүстік бөлегін қамтып, күңгірт-қара қоңыр топырақтармен шектеседі. Гумустық жиек қалыңдығы =25-40 см, оның түсі күңгірт-сұр немесе қоңыр-күрең, кесекті келеді. Одан төмен айқын қоңыр-күрең түсті, кесек-призма түрлі, түйіртпектілі В1 жиекше жатады.Жалпы гумустық жиек /А+В1/ қалыңдығы 45-60 см жетеді.Иллювилік жиекте /Вк/ карбонат «ақкөздері» айқын көрінеді. Тұз қышқылының тасу тереңдігі В1-дің төменгі бөлегінде немесе гумустық жиектің шекарасында жатады. Төменгі 1,5-2м, кейде одан терең жынысты, ұсақ кристаллды ғаныш, кейде көтеріңкі мөлшерде жеңіл еритін тұздар кездеседі. Қара топыраққұралу үрдісі нәтижесінде топырақтың механикалық құрамында кескін бойы айтарлықтай өзгеріс болмайды. Тек күлгінденген, кейде сілтісізденген, тектер кескіні төменгі жалынды тозаңды түйірлер мөлшерінің аздап көбейгені байқалады. Керісінше кебірленген және кермектелген тектес кескінінің жоғарғы бөлегінде тозаң мөлшері артқаны байқалады. Минералогиялық құрамында біріншілік минералдар басым, екіншілік /жоғары дисперсті/ минералдар монтморилонит пен сулыслюда тобынан тұрады. Тозаң тобына солармен қатар кристаллданған бір жарым тотықты минералдар /гетит,гибсит/, аморфты заттар мен аз мөлшерде жоғары дисперсті / тым майда/ кварц кіреді.

Қара топырақтың химиялық құрамына мына негізгі ерекшеліктер тән: кескінінің жоғарғы жағында гумус пен қоректік заттардың /N,Р,К, микроэлементтер/ биотекті жиналғаны, кескін бойы минералды бөлшектің жалпы құрамы салыстырмалы тұрақты болуы және одан қарбонаттардың иллювилі /шайылымды/ типті таралуы және одан жеңіл еритін тұздардың шайылғандығы. Топырақ кескініндегі қарашірінді таралуын алсақ, оның мөлшері жоғарғы жиекті көтеріңкі де, кескін тереңдеген сайын біртіндеп кеми береді. Гумус түзілудегі бұл ерекшелік шөптесін өсімдік тамырларының тарауымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қара топырақ қарашіріндісі құрамында гумин қышқылдары /гқ/ басым / Сгкфк=1,5-2/. Олардың өзегінде /ядро/ жоғары дәрежелі конденсацияланған /күрделенген/ және кальциймен байланған топ басым; күлгін топыраққа қарағанда, фульвоқышқылдар тобы күрделі келеді де оның еркін «белсенді» фракциясы мүлдем болмайды. Сондықтан қарашірінді суда шамалы ериді /1/200-1/250 бөлегі/.

Гумустің мөлшері топыраққұралу жағдайлары мен аналық жыныстар құрамына байланысты өзгереді: ең көп қор орташа балшықты және ауыр құмбалшықты, қалыпты, сілтісізденген және кәдімгі қара топырақ типшелеріне келеді. Топырақтағы азот үлесі /0,2-0,5 проц/ гумус мөлшеріне сәйкес өзгереді.

Кремний қышқылы мен бір жарым тотықты қосындылардың таралу жалпы мөлшері кескін бойы біркелкі, яғни топырақта минералдар бұзылуының жоқ екенін көрсетеді. Тек күлгінденген және сәл сілтісізденген қара топырақтар кескіні жоғарғы бөлегінде біржарым тотықтылар азайғанымен кремний қышқылының өскені байқалады;бұл құбылыстар топыраққұралу үрдісінің ерекшеліктеріне /күлгіндену, кебірлену немесе кермектенуге/байланысты. Карбонаттардың иллювилі /шайынды түрлі/ таралуы топырақ кескінінде су-жылулық құбылымдар ерекшеліктеріне, топырақ ауасы мен ерітіндісі арасында жүретін көмір қышқыл газы динамикасына /жылжуына/ байланысты.

Қара топырақтың гумуске байлығы, кальцийдің қарқынды биотекті жылжуы, оның қолайлы физикалық-химиялық қасиеттерін қалыптастырады. Қара топырақ жоғары негіздер сіңіру сиымы /30-70 мг-экв 100 г т/, сіңіру кешені негіздермен қанығуы, жоғарғы жиектер реакциясының бейтараптылығы және жоғары буферлігі мен /қайсарлылығы/ ерекшеленеді. Сіңірілетін алмаспалы катиондар арасында кальцийдің маңызы зор, ал сіңірілген магний үлесі катиондар жиынтығының 15-20 процентіне тең. Күлгінденген және сілтісізденген типшелер сіңіру кешеніне сутегі ионы кіретіндіктен оларда біраз /5-7 мг-экв/ гидролитикалық қышқылдылық байқалады. Кәдімгі және оңтүстік типшелер сіңіретін катиондар құрамына шамалы натрий кіреді де басқа типшелерге қарағанда, магний үлесі жоғарылайды. Кебірленген қара топырақ кешеніне енген натрий катионы саны өскен. Еркін карбонатты топырақ жиегінің ортасы сәл сілті /рН=7,5-8,5/ тартқан.

Қара топырақтың жақсы физикалық және суфизикалық қасиеттері оның жоғары гумустілігі, қарашірінді жиегінің қалыңдығы және суға төзімді түйіртпектілігіне байланысты. Қолайлы физикалық және жоғарғы су сіңіру, су ұстау қабілетін анықтайды.

Құрғақ дала аймағының басты типі қара-қоңыр топырақ.

Қара-қоңыр топырақтар қалыптасуы ұзақ, құрғақ жылы жазда және суық, жұқа қарлы қыста ызғарлы климат жағдайында өтеді. Аймақтың ортажылдық температурасы ұ дан 2-30 С-ға төмендейді. Аймақтың басым бөлігі жазық және ойлы-қырлы құрылық, оның бедері көлемді.ал тұрпаты ойлы-қырлы келеді. Топырақ негізінен лөс түрлі карбонатты құмбалшықтар мен аздап лөсте қалыптасады.

Типшелер мынандай тектерге бөлінеді: кәдімгі, кебірлі, сортанданған, қалдық сортанданған, кебірлі-кермекті, карбонатты, терең сортанданған, тұтасқан және шала дамыған. Бонитет баллы (40-60).

Күңгірт қара-қоңыр тың топырақтарда қарашірінділі жиек қоңыр түсті, кесек дәнді түйіртпекті келеді, ал егістікке игерілгенде түйіртпектер ыдырап, топырақ массасы шаңды-кесекті құрылым алады. А+В жиегінің қалыңдығы 35-45 /50/ см, тасу тереңдігі 45-50 см, ғаныш пен жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте жатады. Кебірленген тереңде қарашірінділі В1 жиекшенің төменгі жағы шайылып келген коллоидтармен байыған, ол кепкенде қатаяды да, құрылымы кесек бағаналы немесе тоң кесекті, қырлары қоңыр-күрең түсті 1,5 тотықты темір мен қабыршықты агрегаттардан тұрады.

Әдетте кебірлігі күшейген сайын соңғы белгі де үдей береді.

Күңгірт қара-қоңыр кебірлі кермектенген топырақ белгісін қарашірінділі жиектің жоғарғы және төменгі бөлігіндегі түйіртпек қырларына қонған кремний тотығы ұны мен тақталы (плиталы) немесе қабатшалы- саңылаулы түйіртпектілік құрылым көрсетеді.

Корбанатқа қанық жыныстарда құралған топырақтар карбонатты келеді де, топырақ тұз қышқылынан кескін бойы күшті тасиды. Ал карбонатты кебірленген топырақтар карбонатты ауыр механикалық құрамды жыныстарда қалыптасады да, кескіні құрғақ күйінде қатты нығыздалған және жарылған күйінде сақталып, ылғалданса тым ісініп сазданып кетеді. Топырақтың сіңіру кешенінде /В да/ алмаспалы натрий мен магний басым. Қалдық кебірленген күңгірт қара-қоңыр топырақтың сырт белгісі анық сақталған, бірақ В мұндай кебірлік қасиет «қалдық» саналады. Шамалы таситын түрше жеңіл механикалық құрамды жыныстарда құралған, олардың суды жақсы өткізуіне байланысты, карбонаттары 1-1,5 м тереңдікте шайылған және ғаныш қабаты болмайды. Тұтасқан топырақ тегі балшықты жыныстарда құралған, онда сіңірілген натрий мөлшері аз болса да, В-жиегі айқын болады. Шала дамыған тегі қатты тасты жыныстар үгіндісі Дэлювиде құралады, оның кескіні сәл ғана қалаптасқан және қарашірінділі жиек жұқа А+В1 20 см аспайды.

Құрғақ дала аймағының басты типі қара-қоңыр топырақ..Қара-қоңыр топырақтар қалыптасуы ұзақ, құрғақ жылы жазда және суық, жұқа қарлы қыста ызғарлы климат жағдайында өтеді.

Аймақтың басым бөлігі жазық және ойлы-қырлы құрылық, оның бедері көлемді, ал тұрпаты ойлы-қырлы келеді. Топырақ негізінен лөс түрлі карбонатты құмбалшықтар мен аздап лөске қалыптасады.

Қара-қоңыр кейіпті топырақ далалық қуаң климат жағдайында, шөптесін өсімдіктер астында қалыптасқан. Қара-қоңыр тың топырақ кескінінде шамалы шымды А жиек белгіленген, жалпы гумустук жиек қара-қоңыр немесе ашық қара-қоңыр /қоңыр рең үстемдеу/ түсті, құрылымы түйіртпекті-шаңды келеді. А дан төмен өтпелі В1 жиекше жатыр, оның реңі сұр-қоңыр, құрылымы ірі түйіртпекті, кебірленген тегі кесекті бағаналы-жаңғақ түрлі түйіртпекті келеді. Түйірлер қырларының кей жері жылтыр, түсі қоңыр-күрең тартқан. Келесі жиекше –В2-ің түсі біркелкі емес, жалпы сұр-қоңыр реңді, құрыламы-ірі түйіртпекті немесе кесекті, оның астында шайылымды-карбонатты Вк жиек жатады. Оның түсі қоңыр-сарғыш, түйіртпектері жаңғақ түрі, карбонаттылығы мен кебірлену қасиеттері салдарынан топырақ массасы аса тығыз жымдасқан. Бонитет баллы (35-40).

Кәдімгі қара-қоңыр түпшеде қарашірінді диек жұқалау /А+В=30-40 см/, топырақ кескіні жоғарырақ тасиды /40-50 см/, тұздар жақын жатады: карбонаттар -50-55 см, ғаныш 150-170 см және жеңіл еритін тұздар -2 м.

Қалыптасқан қара-қоңыр топырақтардың әдетте лайлы түйірлер тобы кескін бойы біркелкі тараған, ал кебірленген тегінде олар В жиегінде жиналған. Кебірлік қасиет артқан сайын мұндағы лай лай түйірлер саны да артады. Н.Горбуновше/1964/ қара-қоңыр топырақтың лай құрамындағы балшықты /екіншілік/ минералдар монтмориллонит реті мен сулы слюдалардан құралғаны байқалады, аз мөлшерде гетит, гиббситтер кездеседі, ал каолинит мөлшері шамалы; топырақтың ірі түйірлері көбінесе кварц пен дала шпаттарынан, слюда мен мүйіз алдамышынан тұрады. Қара-қоңыр топырақтың кескін бойы жалпы кремний қышқылы мөлшері біркелкі келеді, тек А жиегінде оның азғана шоғырланғаны байқалады; сондай-ақ кебірленген тегінде де сол жиекте мол жиналған; керісінше 1,5 тотықты темір мен алюминидің таралуы әдетте топырақтың кебірлену қасиетіне бейімдеу: өте-мөте мөлшері кебірленген жиекте артқан. Бонитет баллы (30-40).



Ашық қара-қоңыр топырақ типшесінің қарашірінділік жиегі алдынғыдан сәл жұқалау /А+В=25-35 см/, түйіртпектілігі мәнді емес, карбонаттар шайылмай, топырақ бетіне жақын жатады; кебірленген топырақ кескіні жеке жиектерімен ерекшеленген. Лайлы түйірлер А жиегінде тапшы, В да олар мен 1,5 тотықтар саны артқан. Кебір белгісі айқындалған жоғарғы жиектің түсі ашық қоңыр, бет жағы қабыршық-тақталы түрлі түйіртпекті, массасы қопсыған, ал кебірлі жиек құрылымы тығыздалған. Кебірленген В жиегіндегі сіңірілген алмаспалы натрий мөлшері сіңіру сиымынан есептегенде, 3 проценттен аспайды, сәл кебірлі тегінде ол 3-5 процентке тең, орташа кебірленген топырақта 5-10 және аса кебірленген топырақта 10-15 процентке жетеді.

Ашық қарақоңыр топырақтың құмбалшықты түршесінде материалдық заттар мөлшері мынандай : қарашірінді 2-3, азот 0,15-0,2, фосфор 0,08-0,2 процент; негіздер сіңіру сиымы 100 г топырақта 15-25 мг-экв-ке тең, олардың құрамында кальций мен магний 65-97, алмаспалы натрий 3-15 процентке жетеді. Топырақтың ортасы жоғарғы кескін бөлегінде сәл сілтілі болса /рН=7,2-7,5/, төменгі жағында сілтілі /рН-8/ қалыптасқан. Қоректік элементтер мөлшері мен корбанаттылығына байланысты: 1кг топырақта жылжымалы фосфор 5-20, алмаспалы калий 100-400 мг-ге дейін ауытқиды. Жеңіл еритін тұздар құрамы мен мөлшері шайылмайтын құбылымда қалыптасқан және терең кескінді қамтиды; ғаныш пен жеңіл еритін тұздар көбінесе оның жоғарғы 1,5 м қабатында жиналған. Кебірленген топырақ кескінінде жеңіл еритін тұздар өте аз-су сүзіндісінде құрғақ қалдық 0,1 проценттен аспайды, олар тек жоғарғы 120-160 см тереңдікте байқалады; құрамдық мөлшері тұрғысынан сілтілі жерлік металдардың күкірт тұздары басым. Сондықтан қара-қоңыр топырақтар үштік кезең жыныстарында құралған, әдетте күкірт Дхлор типті келеді.

Ауыл шаруашылық дақылдары өніп-өсуін құрғақшылық тежейтін болғандықтан, өнімді егіншілікті дамыту үшін әдетте топырақта жеткілікті тиімді ылғал қорын жинауға арналған агрошараларды /қар тоқтату, егін қорғаушы ағаштар отырғызу, екпе пар, топырақты сүдігерлі терең қопсыта жырту, ықтырма егісін т.б./ қолданған жөн. Күңгірт және кәдімгі қара-қоңыр топырақтарда қатты бидай, тары, күнбағар мен жүгері егіледі. Ашық қара-қоңыр топырақта суармай егін егу нәтижесіз және өнім тым тұрақсыз, оны 3-4 жылда бір алуға болады.

Қара-қоңыр топырақтарды суармалы жағдайда азот, фосфор, ал суарылмайтын егістікте ылғалды жылы фосформен тыңайтқан, әсіресе фосфор тыңайтқышының аз мөлшерін тұқым мен қоса себу тиімді. Кебірленген қасиет топырақ өнімділігін төмендететін болғандықтан, оның құнарлылығын арттыру үшін фоспогипс қолданады. Аса кебірленген топырақты жайылымға пайдалану керек.

Торғай үстірті /плато/, ұсақ тас төсенішті, қоңыр түсті, көбінесе сортанды, шаңды ауыл құмбалшықтардан және жеңіл механикалық құрамды жыныстардан тұрады. Бонитет баллы (25-40).

Шөлейттік қоңыр топырақтың негізгі тектік ерекшелігі құралу жағдайлары өзгешелігінде, атап айтқанда, ауа райы құрғақшылығы мен өсімдік жамылғысының аз өнімділігінде.Қарашірінді аздығы және гумус жиегі жұқалығы шөлейттік қоңыр топыраққа тән қасиеттер. Органикалық заттардың бұзынуы артық болуына байланысты олар тез ыдырайды. Сондықтан өсімдік қалдықтары ыдырауынан біраз сілтілі металл-күлдік элементтер /200-кг/га/ жиналады. Олардың құрамындағы натрий тұздары терең шайылмайды да, бұл катион топырақ сіңіру кешеніне еніп, шөлейттік қоңыр топырақтың кебірленуіне себептеседі. Ал кебірлік жиек осы топырақтың аймақтық белгісі болғандықтан, В.Докучаев оны қоңыр кебірленген топырақ деп атаған.Бірақ жеңіл механикалық құрамы топырақтарда бұл қасиет онша дамымаған. Сондай-ақ шөлейттік қоңыр топырақтарға ғаныш пен жеңіл еритін тұздардың және корбанаттардан аз шайылғандық /сілтісіздену/ қасиет тән.

В.Докучаев /1900/ қара қоңыр және қоңыр топырақтарды әуелі бөлек көрсетсе, кейін оларды «қара-қоңыр және қоңыр топырақтар» деп бір типке біріктірген. Н.Сибиоцев /1901/ те оларды бір типке жатқызып, тек қана қоңыр /құба-қоңыр/ топырақ типшесі ретінде көрсеткен. Соңыра шөлейттік қоңыр топырақтар өз алдына бөлек тип ретінде көрсетіліп, таратылу шекаралары мен тектік белгілері анықталады.

Топырақтағы қарашірінді мөлшері мен аймақтық қасиеттердің /кебірлік, карбрнаттылық, сортаңдылық/ айқындалу және тұздардың сілтісіздену /шайылу/ дәрежесі тұрғысынан, тип ішіндегі айырмашылықтар жергілікті жағдайлар /топырақтың механикалық құрамы, жыныстар өзгешеліктері, т.б./ мен өңірлік ерекшеліктеріне байланысты.

Шөлейттік қоңыр топырақ кескінінде әлсіз қабат-қабат түйіртпекті және борпыл құрылымды, құбалау-қоңыр немесе ашық құба түсті, қарашірінділі-элювилі /гумус шайылатын / А1 жиекше айқындалған. Көбінесе оның үстінде жұқа қабықша байқалады. Қарашірінділі жиек қалыңдығы 10-15 см, ол төмен қарай, түйіртпектері үлкен кесекті немесе тоң кесекті, тығыздалған немесе тығыз құрылымды, түсі күңгірттеу-сұр қоңыр иллювилі /шайынды заттар шоғырланған/ В1 жиекшеге ауысады. А12 жиекшелердің қалыңдығы -30-35 см.

Қарашірінділі-иллювилі жиектен төмен біркелі реңді емес, ақшыл карбонат дақтары бар, сарғыш қоңыр иллювилі карбонатты Вк жиек жатыр, ол тығыз салындығы, тоңкесек немесе жаңғақ түрлі түйіртпекті келеді; 80-100 см тереңдіктен ол оқшау, ғаныш /Сғ/ шоғыры бар аналық жыныспен жалғасады; оның астында жеңіл еритін тұздар /Ст/ жиынтығы байқалады.


Шөлейттік қоңыр топырақтар арасында құмбалшықтылары мен бірге құмайтты және құмды түршелерді де кеңінен тараған. Топырақтың механикалық құрамына тән ерекшелік тозаңды түйірлер тобы кескін бойы біркелкі таратылмайды және оның көп мөлшері, тұрақты кебір белгісі бар, В1 жиекшенің төменгі бөлігінде шоғырланады. Онда кебірлік қасиет ұлғайған сайын, тозаңды түйір мөлшері де артады.

Шөлейттік қоңыр топырақтың физикалық қасиеттері қолайсыз, қатты бөлегі түйіртпексіз, иллювилі жиек тым тығыз /құрғақ күйінді/, суөткізгіштігі төмен.

Шөлейттік қоңыр топырақтарды құнарлылығы мен ылғалдылығы төмен болғандықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге тек қана суармалы жағдайда ғана мүмкін. Солай болғанда басты назарды бұл аймақта топырақтың қайта сортандануына, кебірленуіне және жел эрозиясына қарсы тұрақты, озат жүйелі агротехнология мен агроормандық мелиорация шараларын игеру керек. Суармалы егіншілікке біркелкі кебірленбеген, сортанданбаған массивтердің топырағы жарамды. Дегенмен ең қолайсыз-шабынды, далалық қоңыр топырақ. Тұщы ыза деңгейі құрылық бетіне жақын жатқан, механикалық құрамы жеңіл, шабынды далалық қоңыр топырақтар бақша, көкөніс және жеміс ағаштарын өсіруге қолайлы. Жылу қоры жеткілікті болғандықтан, шөлейттік қоңыр топыраққа суармалы жағдайда өте бағалы дақылдар өсіруге болад

8кест-Қостанай облысының топырағының балл банитетін есептеу

Топырақ-тар

Индекс

Қара-

шірінді


0-50см

Негіз-гі

балл


Түзету коэфициенттері

Негіз-гі балл

М/қ



тұз

тас

топ.

қаб.


қал.

Жер аст. Су дең.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Кәдімгі қара топырақ

Ч2 тс

4,7

67

0,95

1,0

-

-

1,0

1,0

64

Ч2 тсСН1

4,5

64

0,95

0,92

-

-

1,0

1,0

57

Ч2 глСН3

4,4

62

0,95

0,46

-

-

1,0

1,0

28

Оңтүстік қара топырақ

Ч1 тсСН2

3,9

55

0,95

0,54

-

-

1,0

1,0

29

Ч1 глСН3

3,5

50

0,95

0,46

-

-

1,0

1,0

22

Қара қоңыр топырақ

К3 тс

3,0

42

0,95

1,0

-

-

1,0

1,0

40

К3 тсСН3

2,8

40

0,95

0,44

-

-

1,0

1,0

16

ҚР солтүстік облысындағы балл банитетті есептеудегі, көрсетілген түзету коэфициентінің талдауы мынадай тұжырымдама береді:

1. ҚР солтүстік облысындағы топырақтың сапасын бағалау және балл банитеті 1979 жылғы методика бойынша (қарашіріндінің негізгі балынан басқа) жүргізіледі.

2.Әр облыста өзінше түзету коэфициенті сияқты сапаны бағалау белгілері топырақтың ерекше қасиеттеріне және белгілеріне сәйкес критетилері қойылған.

3. 1979 жылғы методика бойынша ұсақтасты және гидроморфты топырақтарға түзету коэфициентін анықтау әдістеріне ешбір облыстан қолданыс таппаған. Бұндай жағдай натриді сіңіру және топырақ тұздылығында да орын алған.

Сондықтан, барлық солтүстік облыстарда «өздерінің» түзету коэфициенттері ойластырылған, (1985ж СКО, Қостанай) осының негізінде Мемлекеттің қаржылық бюджетінен алынып суарылмайтын топырақтың балл бонитеті есептелінген.

4.Облыстық филиалдар қосымша келесі қасиеттері мен белгілеріне сәйкес түзету коэфициенттері жүргізілген:

1)топырақтың механикалық құрамына

2)кебірлігіне

3)корбанатына

4)солодтануына

5)ұсақтастылығына

6)қаңқалығына

7)топырақ ұлпасының қабатының қалыңдығына

8)гидроморфтынығына

9)тау жынысының шығуына

10)комплекстілігіне

11)эрозияланғандығына (алғашқы эрозия)

12)тұздылығына

13) тау жынысының тереңдікте орналасуына

14) қиыршықтылығына

16) жауып кетуіне (су эрозиялық)

17)глейленгендігіне.

1979 ж методикасын қажет ететін түзету коэфициентінің жалпы саны 3,4 есе.

5.Солтүстік облыстағы суарылатын топырақтың қойылған балл банитетін әртүрлі топырақтың қасиеттері мен белгінеріне түзету коэфициентімен есептелінетіндіктен оны дұрыс қойылмаған деп есептеу керек.
Осындай жағдайларда 1979 жылғы методика Солтүстік филиалындағы топырақзерттеушілерді қанағаттандырмағандықтан Методиканың өздігінен өзгеруіне әкеп соқты.

Методиканың өзінше өзгеруі Орталық органның келісімінсіз (Гос НПЦзем) жүргізілгендіктен бұны ақтамайды.

Сондықтан, өздерінің облыстық түзету коэфициенттерінің қойылуы мынаған әкелді, топырақ бонитировкасындағы құжаттардың сәйкессіздігіне және қала шетіндегі райондар мен қосылған облыстарда даулы жағдайларға.

Бұл жағдай ұзамай шешілуі керек. Біздің көзқарасымыз бойынша, Облыс филиалдары қойған түзету коэфициенттерін жақсылап қарап шығу, әрбір топырақ сапасын бағалау критерилерін ғылыми негіздеу және олардың санын неғұрлым минимумға дейін азайту.

Онымен бірге қарашіріндінің этолонды көрсеткіштеріне түзету жұмыстарын жүргізу керек, егістік жерде қарашіріндінің 14-18%-ке азаюын есепке ала отырап (мәліметтер СКО-дан), нәтижесінде ортагумусты қаратопырақ азгумустының қатарына қосылған, ал азгумусты әлсізгумусты топырақтың қатарына қосылған (мәлімет Қостанай облысы бойынша).

Ал түзету коэфициенттері бойынша мыналарды көрсетуге болады:

1.Оқығаннан кейін мына түзету коэфициенттерін анықтауға және талдауға қолдану керек:механикалық құрам, кебірлік, жер асты суы, тұздылық, эрозия (су, жел) , тау жынысының өту тереңдігі.

2.Түзету коэфициенттерінің ұсақтастылығына, тастылығына, қаңқалы, қиыршықтылығына.

3.Глейлену критериін жер асты суына (гидроморфтыға) қосу керек.

4.Климаттық жағдайы- космостық факторлар, яғни топырақ емес, олар «жер» түсінігінің қосылыстары болып табылады, жер учаскесінің балын анықтағанда қолданылуы мүмкін, егер осындай жағдайлар туындап жатса.



4.1 Топырақ бонитировкасындағы және топырақ зерттеудегі материалдардың жағдайы.
Республикада әр кезеңдегі топырақ зерттеу құжаттары 182,5 млн.га аумақты және әртүрлі деңгейдегі ауылшаруашылық дақылдарының топырақтары 82% құрайды.

Қазіргі уақытта ауылшаруашылығына арналған топырақ зерттеулері әр жылға толығымен арналған.

1986 ж. дейін әртүрлі сатыдағы топырақ зерттеулері 178 млн.га аудандарда орындалған, олардағы 22,3 млн.га егістік. Бұл жұмыстар ауылшаруашылығына арналған жерлерде 84,3 млн.га, олардағы 20,2 млн.га егістік.

1986-2002 жж. аралығында топырақ зерттеулерінің ауданы 53,9 млн.га, сонымен қатар 1986-1990жж. -29,2млн.га, 1991-1995жж.-17,1млн.га және 1996-2002жж. 7,6 млн.га. Ауылшаруашылығына арналған жерлердің топырақ зерттеулерінің көлемі көрсетілген уақытта 47,2млн.га, және 1986-1990жж.-24,3 ,1991-1995жж.-15,3 , 1996-2000жж.-7,6млн.га (кестеде көрсетілген).

1986-2002жж. егістікте өткізілген топырақ зерттеулерінің ауданы 15,8млн.га, ауылшаруашылығындағы жерлердің ауданы 78% -ті құрайды.

1986 ж. топырақ зерттеулер бонитировкамен қосылып жүргізілді, негізінен, ертеректе жүргізілген түзетулер мен зерттеулер және олардың сапаларының жағдайлары топырақ балл бонитетін анықтауға жарамды.



Топырақ бонитировкасын жүргізу жұмыстарындағы негізгі көлемі, мерзімі және бағасы.
«Қазақстан Республикасында Ірімасштабты топырақ зерттеу инструкциясы» бойынша (Алматы қаласы,1995 ҚР Госкомземом бекітілген), Ірімаштабты топырақтарды зерттеу жұмыстары суарылмайтын жерлерде 15 жыл, суарылатын жерлерде 10 жыл сайын жүргізіліп отырады.

Ауылшаруашылық құрылымдағы кәсіпорындардың көбеюіне байланысты, жер учаскесіне деген ауылшаруашылық өндіріс орындарында сапа куәліктерін енгізу , топырақ зерттеудегі материалдар сапасын және бонитировка ізденістерінің көлемін ұлғайту қажет.

Бірінші кезекте (2003-2005ж), ауылшаруашылық жерлерге арналған құжаттарды жаңарту (1986ж дейін ауданы 15,0млн.га) және бірінші кезекте, ауданы 5,2 млн.га құрайтын егістіктерде жүргізіледі.

Жылдағы ізденістер көлемі 5млн.га құрайды және 90 жылдардағы зерттеу бағдарламаларының деңгейіне жетеді.

Болашақта (2006-2010жж.) 1986-1990жж. жүргізілген ауданы 24,3 млн.га , ондағы 8,2 млн. Га егістік, ауылшаруашылық жерлердегі құжаттарға жаңарту қажет болады.

Одан кейін 1991-1995жж. жалпы ауданы 37,4 млн.га, ондағы 5,1 млн.га егістік жерлерінің құжаттарын жаңарту.

Топырақ зерттеу құжаттарын жаңарту жұмыстары топырақ бонитировкасымен бірге жүргізілуі керек.

Көлемі, мерзімі және жұмыстардың бағасы келесі кестеде көрсетілген.


Қорытынды
Бонитеттеу нәтижесі топырақтарды егіншілікке игергенде құнарлылығында мүмкін болатын өзгерістерді сандық бағалауға және топырақ құнарлығын сақтау мен көтеру арқасында ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнімдер алуға арналған шараларды құрастыруға негіз болмақ.

Топырақ зерттеу кезінде оның басқа топырақтармен салыстырылғандағы өнім беру мүмкіндігінің қаншалықты айырмашылығы бар екендігі анықталады. Топырақ бонитетінің мақсаты- топырақтың құнарлылығын оның даму тарихымен байланыстырып, сол даму барысындағы табиғи және әлеуметтік өзгерістердің топырақтың құнарлылығына деген әсерін анықтау.

Топырақ бонитеттеу үшін оның барлық қасиеттерін толығымен зерттеп, топырақтың құрамын, құрылымын, көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарының бірнеше жылдық өнім беру мүмкіндігін қарастырып, зерттеп, зерделеу қажет.

Топырақты бонитеттеу экономикалық бағалаумен жалғасады, ол деген-жер қорының құрамды бөліктерін өзара салыстыру арқылы оның тиімділігін анықтау. Экономикалық бағалауда, тек топырақ құнарлығын анықтап қана қоймай, ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы сапасында белгілі территорияның өнім алудағы шығын мөлшерін анықтайтын құрлық өзгешеліктерін (жер бедері, топырақ жамылғысы, өнім өткізу орнының алыстығы, т.б.) есептейді. Экономикалық бағалаудағы есептер бағамен жүргізіледі, оның маңызды көрсеткіштеріне алынған азықтың жалпы мөлшері және таза табыс жатады.



Қолданылған әдебиеттер
1. Оспанов Бақыт, Жамалбеков Есбол. «Қазақстан жер қорлары, оларды бағалау және тиімді пайдалану». Қаз. Ұлттық унив-ті. Алматы: 2005ж.

2. Тазабеков Тілепбай «Топырақтарды жақсарту, бағалау және қорғау». Алматы: Қазұлтагру, 2004ж.

3. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р Н. «Жалпы топырақтану және топырақ географиясы». Алматы: Қазақ унив-ті 1997ж.

4. Тазабеков Т.Т. «Топырақ географиясы». Қазақ мемлекеттік Аграрлық унив-ті , Алматы: 2000ж.

5. Давлятшин И.Д. «Принципы и критерии бонитировки почв. Алма-Ата: КазНИИНКИ. 1990г.

6. Антропов, Виктор Николаевич, Каржанов Курмангали Д. «Бонитировка и экономическая оценка земель». Алма-Ата: Наука, 1987г.



7. Родомакин, Александр Федорович и Федорин Ю.В. «Качественная оценка земель». Алма-Ата, «Қайнар» , 1970г.

8. Ю.Г.Евстифеев. «Почвы казакской ССР выпуск 6 Кустанайская область». Академия наук Казахской ССР. Алма-Ата 1966г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет