2003 жылғы және 2004 жылдың қаңтарындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары Макроэкономикалық үрдістер



Дата22.02.2016
өлшемі32.52 Kb.
#1184
2003 жылғы және 2004 жылдың қаңтарындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Макроэкономикалық үрдістер. 2003 жылы, жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі ағымдағы бағалармен 4449,8 млрд. теңге болды. Нақты ЖІӨ 2002 жылмен салыстырғанда 109,2% өсті. ЖІӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі ЖІӨ-де – 42,9%, қызмет көрсетуде – 51,6%.

2003 жылдың желтоқсанында тұтыну бағаларының индексі 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,8%-ды, жылына орта есеппен 106,4%-ды құрады. 2004 жылдың қаңтарында тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағалары мен тарифтері 2003 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,7%, соның ішінде азық-түлік тауарларына – 1,2%, азық-түлік емес тауарларға – 0,1%, ақылы қызметтерге – 0,2% өсті. 2004 жылдың қаңтарында өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың бағалары 2003 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,3% өсті. Сараптық бағалау бойынша 2003 жылы жұмыссыздар саны 670,6 мың адам, 2004 жылдың қаңтарында – 717,1 мың адам болды. 2004 жылғы қаңтарда жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына 9,5%-ды құрады.



Экономиканың нақты секторы. 2004 жылдың қаңтарында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 245 млрд теңге болды, бұл 2003 жылғы қаңтардағыдан 8,7% артық. Өндіріс көлемі 2003 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 10%, өңдеу өнеркәсібінде – 8,2%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 6,8% өсті.

2004 жылдың қаңтарында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 17,4 млрд теңге болып, 2003 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,8% артты.

2004 жылдың қаңтарында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көлік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 126,5 млн. тоннаны құрап, 2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,1% өсті.

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 79,6 млрд теңге болып, 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 6,0% көбейді.

2004 жылдың қаңтарында негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 56,9 млрд теңгені құрады, бұл 2003 жылғы қаңтардағыдан 17,2% көп.

2004 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша республикада 191595 шаруашылық жүргізуші субъектілер (заңды тұлғалар) тіркелді, олардың 143841 жұмыс істеп тұр, соның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын заңды тұлғалар - 132292. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар – 107546, олардағы шағын бизнес субъектілері - 94696.



Сыртқы сауда. 2003 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (кеден статистикасының деректері бойынша ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 21227,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2002 жылмен салыстырғанда 31% өсті, соның ішінде экспорт – 12900,4 млн. АҚШ долларына (33%-ға өсті), импорт – 8326,9 млн. АҚШ долларына (28%-ға өсті) артты.

Қаржы. ҚР Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша 2004 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті 40,3 млрд. теңге дефицитпен орындалды, бұл ЖІӨ-ге –0,9%-ды құрайды. 2004 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түскен түсім көлемі 1022,3 млрд. теңге, бұл 2003 жылғы 1 қаңтардағыдан 24,5% көп, шығыстар мен кредиттеу 1062,6 млрд. теңге (27,4%) болды.

Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2003 жылы қаржылық нәтиже табыс есебінде 52,1 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2002 жылғыдан 11,1% көп. Пайдалылық деңгейі – 13,5%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 38,6% болды. 2004 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 978,1 млрд. теңгені құрады (2003 жылдың 1 қаңтарында – 672,4 млрд. теңге). Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде орта және ұзақ мерзімді кредиттер үлесі – 62,2%, шет ел валютасындағы кредиттердің үлесі – 55,5%. 2004 жылдың 1 қаңтарында банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 731,2 млрд теңгені құрады, бұл 2003 жылдың 1 қаңтарындағыдан 21,2% көп, соның ішінде халықтың депозиттері (салымдары) тиісінше – 335,4 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың тиісті кезеңдегісінен 33,8% көп.



Халықтың табысы. 2003 жылдың желтоқсанында бағалау бойынша халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 11055 теңгені құрап, 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 17,2%, ал нақты ақшалай табыстары – 9,7% өсті. 2003 жылдың желтоқсанында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 28192 теңге болып, 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 15,6% артты. Нақты жалақы 8,3% өсті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет