2005 жылдың 9 айындағы Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі75.56 Kb.
#8141


2005 жылдың 9 айындағы Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

ақпарат
Өнеркәсіп. Ағымдағы жылдың тоғыз айында қала бойынша өнеркәсіптік өнімдерді шығару 94,8 млрд. теңгені құрады, ол былтырғы жылдың салыстыру кезеңіне қарағанда 11,6 млрд. теңгеге көп, салыстыру бағаларындағы физикалық көлем индексі 93,5 % деңгейінде қалыптасты.

Қаланың ірі кәсіпорындар саласында өнеркәсіптік өнімдерді шығару бойынша жағдай келесі түрде бейнеленеді:

«Азия Авто» ЖАҚ 2005 жылдың шілдесінен бастап «Шкода» автомобилін жинау өндірісін бастады, 70 автомобиль жиналды. Есеп беру кезеңінде ВАЗ 21214 инжекторлық моделді жинау басталды, 45 автомобиль жиналды. 2005 жылдың тоғыз айында әр түрлі моделді 1521 автомобиль шығарылды.

«Тамила +» ЖАҚ шығарылатын өнімдердің көлемі 15,4 % өсті. «Дюшес» алкогольсіз сусын өндіру технологиясына өзгерістер енгізілді, «Тамила» сырасын өндіру бойынша жаңа технологияны әзірлеу және игеру, сыраны сүзуде жаңа кизельгурлік сүзгі енгізілді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қала бойынша негізгі капиталдағы инвестицияларды игеру 11,7 млрд. теңгені немесе былтырғы жылға 100,0 % құрады.

Кәсіпорындар, мекемелер мен жеке тұлғалардың өз қаражаттары есебінен 220 әлеуметтік-тұрмыстық нысандар салынып қолданысқа енгізілді: оның ішінде Головков көшесі, 25а бойынша әкімшілік ғимараты, Севастопольский көшесі бойынша сауда кешені, Киров көшесі бойынша 50 орындық мейрамханасы. Қаладағы көріктендірілген үйлердегі көп қабатты тұрғын үйлердің саны 1625 құрайды, соның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйдің саны – 60 (509 пәтер). Санитарлық-қорғалған аймақтағы мемлекеттік ескі тұрғын үй – 16 үй (168 пәтер) есептеледі. 2005 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар саны 1833 адам, соның ішінде: тұрмысы төмен азаматтар – 1690 адам, бюджет саласының және мемлекеттік қызметшілер – 143 адам. Жыл басынан кезекте тұрған 46 адамға тұрғын үй берілді.

Жыл басынан 37,6 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылды, ол 2004 жылдың көрсеткішінен 2,6 есе асып түсті. Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ағымдағы жылдың тоғыз айда Тоқымашылар даңғылы, 13/6 және Карл Маркс даңғылы, 24/1, Ленин даңғылы, 77 және 145, Комсомольский көшесі, 39/1, Өтепов көшесі, 16 позициясы бойынша көп қабатты жеті үйде 594 пәтер және 39 жеке тұрғын үй, сондай-ақ жібек матарлар комбинаты ауданындағы 119-пәтерлік коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 18 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда, тұрғын үйдегі жоспарланып отырған алаң 95 мың. шаршы метр тұрғын үй немесе 1,5 мың пәтер.

Шағын кәсіпкерлік. 2005 жылдың тоғыз айында шағын кәсіпорындармен 20,1 млрд. теңге сомасына өнімдер шығарылды, жұмыстар мен қызметтер көрсетілді. Жалпы шығару көлемінде сауда кәсіпорындарына және тұтынушыларға қызмет ұсынуға 41,0 %, құрылысқа – 16,6 %, өнеркәсіп саласына – 15,9 % келеді. 2005 жылдың тоғыз айында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 3610,6 млн. теңге (2004 жылға 112,3 %) сомасында салықтық төлемдер аударылды, қалалық бюджетке 876,9 млн. теңге түсті. Шағын кәсіпкерлік субъектілерден түскен түсімдердің үлесі былтырғы жылдың салыстыру кезеңімен салыстыру бойынша қалалық бюджет 27,5 %-дан 28,5 %-ға дейін өсті.

Агро азық-түлік бағдарламаларын шешу шегінде қалада 1290,6 тонна (2004 жылға 108,8 %) ет, 6698,0 тонна (100,9 %) сүт, 2055,0 мың дана (91,9 %) жұмыртқа өндірілді. 2005 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша ірі қара мал басы 7,0 %, қой және ешкі – 49,1 %, шошқа – 31,9 % өсті.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында көлік кәсіпорындарымен және көліктік емес ұйымдармен 32,4 млн. тонна жүк және 224,5 млн. жолаушы тасымалданды.



Қаржы. Былтырғы жылдың кезеңімен салыстыру бойынша 2005 жылдың 1 қыркүйек жағдайына қала бойынша жалпы еңбекақы төлеу қоры 19,5 % өсті және 23,3 млрд. теңгені құрады. Орташа ең төмен еңбекақы төлеу 30108 теңгеде құралды, ол былтырғы жылдың салыстыру кезеңіне қарағанда 12,9 % жоғары.

Жыл басынан барлық деңгейдегі бюджетке 26 701,1 млн. теңге немесе жоспардан тыс 104,7 % түсті, 2004 жылмен салыстыру бойынша 5450,5 млн. теңгеге көп. Қалалық бюджетке 3076,7 млн. теңге немесе жоспардан тыс 101,5 % аударылды, жыл басынан жоспардан бөлек 44,4 млн. теңге түсті. Жеке төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының табыстары бойынша (102,1 %), жеке төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығының табыстары бойынша (101,9 %), әлеуметтік салық бойынша (104,5 %), жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы бойынша (114,6 %), ауыл шаруашылығы мағынасындағы жерлерге жеке тұлғалардан ұсталатын жер салығы бойынша (118,7 %), елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан ұсталатын жер салығы бойынша (116,2 %), бірыңғай жер салығы бойынша (201,3 %), заңды тұлғалардан көлік құралдарына ұсталатын салық бойынша (111,9 %) болжам орындалды.

2005 жылдың 1 қазанына қала бойынша мерзімінде төленбеген салықтардың жалпы сомасы 1000,5 млн. теңгені құрайды. Қала бойынша бюджетке мерзімінде төленбеген салықтар 104,5 млн. теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстыру бойынша 38,8 млн. теңгеге қысқарды.

Облыстық бюджеттен алынған субвенциялар ескеріліп бюджеттік қаражаттардың нақты шығындары 4119,3 млн. теңгені құрайды. Бағдарлама әкімгерлерінің есептік шоттарындағы кассалық қалдықтар 991,5 млн. теңге сомасында қалыптасты.



Еңбек рыногы. Өскемен қаласы бойынша 2005 жылдың басынан 4130 жаңа жұмыс орны құрылды, ол 2004 жылдың салыстыру кезеңіне қарағанда 827 орынға көп. Өнеркәсіп саласында 355 жұмыс орны, шағын және орта бизнесте – 3775 жұмыс орны құрылды. Қоғамдық жұмыстарға 1030 адам қатысты, қоғамдық жұмыстар аяқталғаннан соң тұрақты жұмысқа 200 адам орналастырылды. Есеп беру кезеңіне 4673 адам немесе былтырғы жылға 148,4 % жұмысқа орналастырылды.

2004 жылдың салыстыру кезеңіне қарағанда 2005 жылдың 1 қазанына жұмыссыздар саны 28,0 % төмендеді және 2945 адамды құрайды. Тұрғындардың экономикалық белсенділерінен тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,8 % құрайды, ол 2004 жылдың деңгейіне 0,7 пайыздық тармаққа төмен.

Есеп беру кезеңінде бос орындарға 5 жәрмеңке өткізілді, оның қорытындылары бойынша 1200 адам жұмысқа орналасты.

Ағымдағы жылдың тоғыз айнда кедейшілікті төмендету жөніндегі Бағдарламаның іс-шаралары шегінде 14190 тұмысы төмен азаматтарға 44,1 млн. теңге сомасында көмек, 1293 тұмысы төмен отбасыларына жалпы сомасы 10,9 млн. теңгеде тұрғын үй көмегі көрсетілді. Осы кезеңде белгілі бір тұрақты тұратын жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында 376 адам оңалтудан өтті.



Демографиялық жағдай. 1 тамыз жағдайы бойынша қаладағы тұрғындар саны 300,7 мың адамды құрайды.

Өткен кезеңде қалада 3306 адам (2004 жылға 122,7 %) туды, 3404 адам (106,2 %) қайтыс болды. Табиғи кему 98 адамды құрады.



Мәдениет. 2005 жылдың 9 айында 73 іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралардың көп бөлігі Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 60-жылдығын мерекелеу шегінде өтті. Мереке күн құрметіне – Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-жылдығы және Өскемен қаласының 285-жылдығына кешенді іс-шаралар өткізілді: ҮМЗ Мәдениет Сарайында қаланың қоғамдық қауымымен салтанатты жиын және мерекелік концерт, «Жемчужина Востока» атты іскер әйелдер арасындағы конкурсы өткізілді, «Өскемен қаласының үздік жалауы», «Өскемен қаласының үздік елтаңбасы», «Өскемен қаласының үздік әнұраны» атты шығармашылық конкурстарының қорытындылары шығарылды, қаланың орталық алаңында мерекелік бағдарлама бойынша концерт өткізілді.

Қаланың кітапханаларында 509 іс-шаралар өткізілді, 32 тақырыпта көрмелер ресімделді, олар : «Шығыстың ержүрек ұлдары», Абайдың 160-жылдығына «Менің Қазақстан Республикам», «Еліміздің басты заңы» және басқа да көрмелер.

2005 жылдың тоғыз айында мәдениет мекемесінің ведомствасына қарасты бөлімдермен 304 іс-шаралар өткізіліп, оған 19 700 адам қатысты. Ведомстваға қарасты клуб мекемелерінде 35 шығармашылық үйірмелері және мүделер бойынша клубтар өз жұмысын жалғастыруда, онда 734 адам шұғылданады.

Білім беру. 2005 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша қалада 51 жалпы білім беретін мекемесі қызмет етеді, оның ішінде: 6 қазақ тілде оқытумен; 7 гимназия оның 1 қазақ тілде оқытумен; 1 қазақ тілде оқытумен лицейі; 2 кешкі мектебі; 1 Крупский атындағы мектеп интернаты; 1 еңбекті меңгерту мектебі; 3 түзету мекемелері; 1 тілдерді жандандыру мектебі. Балалар мен жасөспірімдер үшін қосымша білім беру мекемелері – 15.

2005 жылдың 1 қыркүйегіне оқушылар саны 39731 құрайды. 27 мектеп алды мекемелерінде 4775 бала мектеп алды тәрбиемен қамтылған. Білім беру мекемелерінің ведомствасына қарастыларда жұмыс істейтін педагогтардың жалпы саны 3294 құрайды, оның ішінде мектеп мұғалімдері – 2699 адам. 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасымен анықталған білім беру жүйесін жаңарту стратегиясын жүзеге асыру негізінде педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстық біліктілігін көтеру институты жанынан 269 адам, республикалық біліктілігін көтеру институты жанынан – 23 адам қайта даярлау курстарынан өтті, барлығы – 292 адам.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы. 2005-2006 жылдары қаланы жылу беру кезеңіне дайындау үшін қаланың мекемелері мен кәсіпорындарымен әзірленген іс-шаралары негізінде жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. 2005 жылдың 28 қыркүйек жағдайы бойынша «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 24,5 км (жоспардан 110,5 %) жылу жүйелеріне ауыстырулар жүргізілді, 19 қазандықтың 16 жылу беру кезеңінің жұмысына дайын, қалған қазандықтарда жөндеу жүмыстары аяқталуда. Пәтер иелерінің кооперативтерімен 474 (жоспардан 77,7 %) шатырлар, жылу беру жүйесінің 91,7 % жөндеуден өткізілді, жүйелердің 82,2 % сығымдалды. Бөлінген қаражаттар шегінде білім беру нысандарына жөндеу жүргізілді.

Қала тұрғындарынан коммуналдық қызметтер үшін қаражаттардың түсуі келесі жағдайда қалыптасты: «Өскемен жылу жүйелері» АҚ бойынша – 99 %, «Өскемен-Водоканал» МКК бойынша – 99 %, «Шығысэнерготрейд» ЖШС бойынша – 97 %.

Жыл басынан қаланы көріктендіру және санитарлық тазалау, ұстау бойынша жұмыстарды орындауға бюджет қаражаттарынан 582,8 млн. теңге шығындалды. Түнгі уақытта көшелерді жарықтандырумен қамтамасыз етілді, қызыл жолаққа кірмейтін көшелер мен пәтер иелері кооперативтерінің қарамағына қарасты емес аумақтарына үнемі тазалау жүргізіледі, жолдардағы шұңқырларға жөндеулер жүргізілуде, Үлбі өзенінің жағалауын нығайту қамтамасыз етілді. 2005 жылдың тамыз айында жаңа көпір ауданы маңындағы Ворошилов көшесінің телімі пайдалануға берілді.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай қалыпты болып бағаланады. Келесі формадағы тіркелетін аурулардың төмендеуі анықталды: эпидемиалық паротит 15,3 есе, қышыма қотыр 1,3 есе, ауыз вирусы арқылы ас ішектің қабынуы 58,0 %, дизентерия 20 жағдайға, менингоктік жұқпа 1 жағдайға.

Тоғыз ай ішінде көше саудасын жою мақсатында 48 рейдтік тексеру жүргізілді, 390 сауда орны тексерілді, әкімшілік бұзушылықтар туралы 239 хаттама жазылды, 56 ескерту берілді. 1642 тамақ кәсіпорын нысандарының 1511 тексерілді. 447 санитарлық-химиялық көрсеткіштерінен сынау алынды, оның 2,2 % талаптарға сай келмейді.

Қаладағы қоғамдық-саяси жағдай бір қалыпты деп сипатталып отыр, бюджет саласының қызметкерлеріне еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы төлеу уақытында төленеді, әлеуметтік бағдарламалар уақытында қаржыландыры-

лады, жұмыссыздар саны қысқарды, жаңа жұмыс орындары құрылды, қала экономикасының позитивті даму айғақталды. Қалада 150 таяу үкіметтік емес ұйымдар мен 36 религиоздық бірлестіктер, 19 ұлттық мәдени орталықтар тіркелді. Қала әкімдігі азаматтық сектормен, атап айтқанда қалалық әлеуметтік бағдарламаларын қалыптастыруды жұмылдыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. 2005 жылдың тоғыз айында тұрғындармен қала әкімінің 16 кездесуі өтті, онда 12 000 астам адам қатысты, кездесу қорытындылары бойынша азаматтармен келтірілген мәселелерді шешу бойынша нақты жоспар әзірленді.

Құқықтық тәртіп. 2004 жылы 4688 қылмыстан 2005 жылы 6078 қылмысқа дейін былтырғы жылдың салыстыру кезеңінің қатынасы бойынша 2005 жылдың тоғыз айында қылмыс саны 29,6 % өсті. Жалпы қылмыстық қылмыстар бойынша ашу пайызы 40,7 % құрайды. Шұғыл жағдайды жақсарту мақсатында 28 шұғыл-алдын алу іс-шаралары өткізілді: соның ішінде: «Қылмыстық тәртіп», 3 кезеңде «Мигрант», 4 кезеңде «Қару», «Іздеу» операциясының 5 кезеңі, 2 кезеңдік «Допинг», «Автомобиль» операциясының 3 кезеңі, «Арқан», «Группа», «Браконьер» операциясы, «Пәтер», «Жалпы оқыту», «Денсаулық» және «Мак» операцияларының 2 кезеңі, сондай-ақ көрсетілген кезеңде 31 ұрлыққа қарсы іс-шаралар және шағын отбасылық жатаханалар, бау-бақшалар бойынша 20 жергілікті сараптау жүргізілді.

Жол полициясы бойынша 241 (былтырғы жылға 86,4 %) жол-көлік оқиғасы тіркелді, оқиға салдарынан 38 адам қайтыс болды және 289 адам әр түрлі ауырлық деңгейде дене жарақаттарын алды.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет