2010 жылғы «28» желтоқсандағы №350/19 қаулысымен бекітілген



бет1/3
Дата23.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#216815
  1   2   3


Павлодар облысы әкімдігінің

2010 жылғы «28» желтоқсандағы № 350/19 қаулысымен бекітілген

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ

(әзірлеуші – мемлекеттік органның атауы)



мемлекеттік органының 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп

(25.02.11 ж. №9/1, 30.03.11 ж. №43/2, 6.05.11 ж. №80/3, 11.07.11 ж. №145/6,

4.11.11 ж. №238/9, 28.12.11 ж. №306/10 енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен)
Есеп беру кезеңі: 2011 жыл

Мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар,

іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт. Павлодар облысы әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырудың сапасын арттыру

1.1-мақсат. Өзіне жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін облыс әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 01.1.120.001.




Қол жеткізудің соңғы мерзімін (кезеңін) көрсе-тумен нысаналы индикатордың, міндеттің және тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Ақпарат

көзі


Өлшем бірлігі


Есептік кезең

Қол жеткізбеу себептері

Жоспар

Нақты

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикаторлар
















Әкімнің қызметін қамтамасыз ету мақса-тында аппарат жүзеге асыратын ұйымдас-тырушылық, құқықтық, консультациялық жұмыстар сапасының деңгейі

Облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық басқар-малардың атқа-рылған жұмыстар туралы есептері

%

100

100




Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) қызметінің тиімділігін бағалау


Бағалауды өткізу кестесі

%

100

100




Облыс әкімі аппараты құрылымдық бө-лімшелері мен ведомстволық бағынысын-дағы ұйымдардың қызметіне ішкі бақылау


Ішкі бақылау

іс-шараларының жоспары



Тексе-рулер саны

3

5




1.1.1-міндет. Облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалы, консультациялық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















Облыс әкімдігінің мәжілістерін өткізу

Облыс әкімі аппа-ратының ұйым-дастырушылық-бақылау бөлімінің, жалпы бөлімнің, облыстық басқар-малардың атқар-ған жұмыстары туралы есебі

Саны

Қажетіне қарай

10




Облыстың әлеуметтік-экономикалық да-муы бойынша талдамалы материалдар дайындау

Аппараттың құрылымдық бөлімшелері-нің, облыстық басқар-малардың атқар-ған жұмыстары туралы есебі

Саны

12

12




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Облыс әкімдігі мен әкімінің жұмысын жос-парлау


Облыс әкімі мен әкімдігінің жұмысын жоспарлауды облыс әкімі аппараты тоқсан сайынғы және ай сайынғы негізде жүзеге асырады: құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарлары тоқсан сайын әзірленіп, облыс әкімі аппаратының басшысымен бекітіледі, облыс әкімінің қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесі ай сайын әзірленіп бекітіледі.

Бұдан басқа, облыс әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімі ай сайын облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізеді.



Қызметінің түпкілікті нәтижелерін көрсе-тумен қызметкерлердің қызметтік міндет-темелерін әзірлеу

Облыс әкімі аппаратында жаңадан белгіленген функциялар мен міндеттерді бекіту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында міндеттердің қайталануына жол бермеу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп отырады.

Облыс әкімі аппаратының кадрлар жұмысы бөлімімен белгіленген тәртіпте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2011 жылғы 12 тамыздағы “Мемле-кеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы” № 02-01-02/164 бұйры-ғының талаптарына сәйкес облыс әкімі аппаратының барлық мем-лекеттік әкімшілік лауазымдарына лауазымдық нұсқаулықтарды әзірледі және облыс әкімі аппаратының басшысымен бекітілді. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарлары арасында жұмыстың негізгі бағыттарын бекіту әзірленді және бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысының талаптарына сәйкес құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді қайта қарау және бекіту жұмысы жүргізіліп, функциялар мен міндеттер бойынша өзгерістер енгізілді.

ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін енгізуге, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ЖАО қызметін үйлестіру жөніндегі функцияларды беруге байланысты 2011 жылдың шілдесінен бастап облыс әкімі аппаратында ішкі аудит бөлімі құрылып, бөлім туралы ереже әзірленді және бекітілді.



1.1.2-міндет. Облыс әкімі аппаратының басқару жүйесі қызмет етуінің мониторингін, талдауды және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















ЖАО қызметінің тіимділігін бағалауды енгізу

Баға бойынша жалпы қорытынды

Бірлік

3

3




Облыстық бюджеттен қаржыландырыла-тын атқарушы органдардың қызметін бағыттар жөніндегі бағалауға есептік ақпарат дайындау бойынша үйлестіру

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ақпараты

Бірлік

3

3




Облыс әкімі аппараты мен оның ведом-ствосындағы ұйымдарды ішкі бақылаумен қамту

Ішкі бақылау

акті


%

60

60




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Облыс әкімі аппаратының уәкілетті құры-лымдық бөлімшелерімен ЖАО қызметінің тиімділігін келесі бағыттар бойынша бағалауды өткізуі: “облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар-дың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органда-рының облыс әкімінің, оның орынбасарла-рының, облыс әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасы”, “мем-лекеттік қызметтер көрсету”, “персоналды басқару”, “ақпараттық технологияларды қолдану”


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 сәуірдегі № 438 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республи-калық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес облыс әкімі аппаратының уәкілетті құрылымдық бөлімшелері 2011 жылы “пилоттық режимде” үш атқарушы органның: облыс ішкі саясат басқармасының (ПО ІСБ); облыс туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының (ПО ТДТСБ); Баянауыл ауданы әкімдігінің қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Уәкілетті орталық мемлекеттік органдармен бекітілген ЖАО қыз-метінің тиімділігін бағалау әдістемелерінің негізінде облыс әкімі аппараты келесі бағыттар бойынша бағалауды өткізді:

- облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, оның орынбасарларының және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалу сапасы (бағалау облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімімен өткізілді);

- мемлекеттік қызметтер көрсету (бағалау облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімімен өткізілді);

- персоналды басқару (бағалау облыс әкімі аппаратының кадрлар бөлімімен өткізілді);

- ақпараттық технологияларды қолдану (бағалау облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімімен және “Ақпараттехсервис” КМК бірлесіп өткізілді).

Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 93/4 қаулысымен ЖАО қызметінің тиімділігін бағалауды өткізудің 2011 жылға арнал-ған кестесі бекітілді, облыс әкімінің өкімімен әрбір бағыт бойынша Жұмыс топтары құрылып, ЖАО қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жөніндегі Өңірлік сараптау комиссиясының құрамы мен оның қызметі туралы ереже бекітілді, облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімі оның жұмыс органы болып белгіленді.

2011 жылдың желтоқсан айында ЖАО қызметінің тиімділігін баға-лауды өткізудің 2012 жылға арналған кестесі әзірленді және облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді.



Облыс әкімі аппаратының бағалауды өткізуге уәкілетті құрылымдық бөлімшеле-рінің келесі бағыттар бойынша қорытын-дыларын дайындауы: “облыстық бюджет-тен қаржыландырылатын атқарушы орган-дардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы ор-гандарының облыс әкімінің, оның орынба-сарларының, облыс әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасы”, “мемлекеттік қызметтер көрсету”, “персо-налды басқару”, “ақпараттық технология-ларды қолдану”


Ережеге сәйкес облыс әкімі аппаратының уәкілетті құрылымдық бөлімшелері “пилоттық режимде” өткізген 2010 жылдағы ЖАО қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижесінде, құрылған Жұмыс топтарының шеңберінде бағалау бағыттары бойынша тиісті қорытындылар дайындалды.

бағыттар бойынша өткізілген бағалау қорытындылары:

1. Облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасы – тиімділіктің жоғары деңгейі:

- ПО ІСБ – 96,7 балл;

- ПО ТДТСБ – 100 балл;

- Баянауыл ауданының әкімдігі – 97,9 балл.

2. Персоналды басқару – орташа деңгей:

- ПО ІСБ – 60,7 балл;

- ПО ТДТСБ – 79,5 балл;

- Баянауыл ауданының әкімдігі – 62,3 балл.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету:

- ПО ІСБ – тиімсіз деңгей – 35,0 балл;

- ПО ТДТСБ – тиімсіз деңгей – 35,0 балл;

- Баянауыл ауданының әкімдігі – төмен деңгей – 55,7 балл.

4. Ақпараттық технологияларды қолдану – қызметтің тиімсіз деңгейі:

- ПО ІСБ – 24,7 балл;

- ПО ТДТСБ – 35,9 балл;

- Баянауыл ауданының әкімдігі – 21,8 балл.




ЖАО қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы сараптама қорытын-дыларын дайындау және облыс әкіміне ұсыну

Ережеге сәйкес ЖАО қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау бойынша құрылған Өңірлік сараптау комиссиясының шеңберінде облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ұсынған Жалпы қорытындылардың негізінде облыс әкімі аппараты келесі жалпы қорытынды балдармен ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау бойынша Сараптау қорытындылары дайындалды және облыс әкіміне ұсынылды: ІСБ – 65,2 балл; ТДТСБ – 67,9 балл; Баянауыл ауданының әкімдігі – 57,5 балл.

Өткізілген бағалау бойынша мынадай шаралар қолданылды:

1. Анықталған проблемалы мәселелер талдау дан өткізілді, тиісті бағыттар бойынша жұмыс сапасын арттыру бойынша жалпы ұсынымдар қалыптастырылып, барлық облыстық басқармаларға, қалалар мен аудандар әкімдеріне жіберілді.

2. Әрбір бағыт бойынша бағалау критерийлерін және бекітілген Әдістемелерге сәйкес бағалауды өткізу тетігін егжей-тегжейлі түсіндіру мақсатында Аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығымен бірге облыстың қалалары мен аудандары шығумен оқыту семинарлары өткізілді.

3. 2011 жылдың қарашасында облыс әкімі аппаратымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторының, облыс басқармалары мен қалалар мен аудандар әкімдері аппараттары басшыларының, облыс әкімі бас инспекторларының, облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелері меңгерушілерінің қатысуымен республикалық және жергілікті деңгейде 2010 жылдағы ЖАО өткізілген бағалау қорытындыларын шығару және ЖАО қызметінің тиімділігін арттыру үшін одан әрі шараларды пысықтау мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырылды және өткізді.

4. Бағалаудың әрбір бағыты бойынша ЖАО қызметі тиімділігінің көрсеткіштерін арттыру жөніндегі 2011 жылға арналған Іс-шаралар жоспарлары әзірленді және бекітілді.




Облыс әкімі аппараты мен оның ведомст-восындағы ұйымдарда қаржылық бақы-лауды өткізу

Облыс әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі 2011 жылға арналған Қаржылық бақылау іс-шаралардың жоспарына сәйкес 5 тексеру өткізді: “Павлодар облысы әкімдігінің автошаруашылығы” КМК – 1 тексеру, “Аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы” КМК – 1, облыс әкімі аппаратының әкімшілік-қаржы бөлімі – 3.

Павлодар облысы әкімі аппаратының 2012 жылға арналған Ішкі қаржылық бақылаудың іс-шаралар жоспары әзірленді және бекі-тілді.




1.2.-мақсат. Тұрғындармен жұмыс үдерістерін оңтайландыру, оның ашықтығы мен қолжетімді болуын қамта-масыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 01. 1.120.001.




Нысаналы индикатор
















ЖАО мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру


Облыстық, қалалық, аудандық бюджеттерден қаржыландыры-латын атқарушы органдардың ақпараты

%

0

100




2.1-міндет. Облыс жергілікті атқарушы органының облыс халқына сапалы және қолжетімді жұмысын қамта-масыз ету

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















Құқықтық мәдениетті арттыру, соның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа тө-зімсіз көзқарасты қалыптастыру үшін об-лыс тұрғындарын ақпараттық-насихаттау жұмысымен қамтуды ұлғайту


Облыс әкімі аппа-раты құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық басқарламалар-дың өткізілген жұмыс туралы есептері


%

100

100




Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ЖАО көрсететін мемлекеттік қыз-меттер санын көбейту



Облыстық, аудан-дық бюджеттер-ден қаржыланды-рылатын атқару-шы органдардың ақпараты, облыс әкімі аппараты-ның тексеру актілері

%

36

36




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және облыстық басқарма-лардың қызметін Елбасы қойған страте-гиялық мақсаттар мен міндеттерге, Қазақ-стан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімінің тапсырмаларына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін үйлестіру және мониторингін жүргізу


Облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелерімен тұрақты негізде облыстық басқармалардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің Елбасы айқындаған негізгі мақсаттар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру жүзеге асырылады, жетекшілік ететін облыстың басқармалардың стратегиялық жоспарларына стратегиялық міндеттерге қол жеткізуге бағытталған нысаналы индикаторлар мен іс-шараларды түзету бөлігінде уақытында өзгерістер енгізіледі.

2011 жылы облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен облыс әкімінің, оның орынбасарларының, сондай-ақ аумақтық және облыстық мемлекеттік органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіле-ген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамта-масыз ету мәселелері бойынша шамамен 117 кеңес ұйымдастырылып өткізілді, облыс әкімінің жанында қызмет ететін 20 тұрақты Комиссиялар мен Үйлестіру кеңестерінің қызметі қамтамасыз етілді.

2011 жыл ішінде келесі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын үйлестіру және мониторингін жүргізу жүзеге асырылды: “2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы”, “Бизнестің жол картасы 2020”, “Өнімділік 2020”, “Экспорт 2020”, “Ақ бұлақ”, “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту”, энергияны үнемдеу бағдарламасы, “Жұмыспен қамту 2020”, денсаулықты дамытудың “Саламатты Қазақстан”, Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту, 2010-2014 жылдарға арналған “Балапан”, мемлекеттік тілді дамыту, бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу, Қазақ-стан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Іс-шаралар жоспары; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚХА ХV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары; сондай-ақ Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру.

Бұдан басқа, облыс әкімі аппаратымен Қазақстан Республикасы Елбасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Респуб-ликасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, облыс әкімінің, оның орынбасарла-рының, облыс әкімдігінің тапсырмалары, жоспарлары мен норма-тивтік-құқықтық актілері орындалуының күн сайынғы мониторингін жүзеге асырды.



Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Прези-дентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің курстарын іске асыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің курсын іске асыру мақсатында 2011 жылғы бірінші жартыжылдықта Елбасының Қазақстан халқына «Болашақты бірге қалаймыз!» Жолдауын талқылау бойынша идеологиялық актив өткізілді.

Белгіленген негізгі міндеттер мен мақсаттарды сапалы және уақтылы орындау мақсатында облыс әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің 2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңейтілген отырысында берілген Елбасының тапсырмаларын талқылау мәселесі бойынша облыстық активтің отырысын өткізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің 2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңейтілген отырысының № 01-7.4 хаттамасының орындалуын бақылау жөніндегі Іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді және онда іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдері анықталып, жауапты орындаушылар бекітілді. Жоспарды іске асыру мәселесі облыс әкімінің бас инспекторлары, облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелері меңгерушілерінің тұрақты бақылауында болды.

2011 жылы облыс әкімдігі мен облыс әкімі аппаратының қызметімен байланысты 9 азаматтық іс бойынша материалдар дайындал-ды, оның ішінде 7 сот процесіне қатысты.



Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша ЖАО қызметін үйлестіру және мониторингілеу

2011 жылы облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ЖАО қызметін үйлестіруді жүзеге асырды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатын-да жеке және заңды тұлғаларға облыс басқармалары қызмет көрсететін жеті мемлекеттік қызмет көрсету регламентін әзірлеу және облыс әкімдігінің қаулысымен бекіту бойынша жұмыстар өткізілді.

Оның ішінде:

- Павлодар облысының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ –ды есепке алу;

- мұрағаттық анықтамалар беру;

- әкетiлетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру;

- асыл тұқымды жануарлар саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттiк аттестаттау;

- байқаудан өткiзушiлердi және тұқым сарапшыларын аттестаттау;

- бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқымдарды іске асырушыларды аттестаттау;

- уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер беру».

Бүгінгі күні әділет органына тіркеуге жіберу үшін регламенттер бойынша құжаттар топтамасы жинақталуда. Мемлекеттік жергілікті атқарушы органдар көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы және электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын мониторингілеу тоқсан сайын жүзеге асырылады.

Облыс әкімі аппаратының интернет – ресурсында мемлекеттік қызметтер бойынша тұрақты негізде жұмыс істейтін айдар ашылды, онда бекітілген стандарттар мен мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері туралы ақпараттар жаңартылып отырады.

Бұдан басқа, 2011 жылы облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімі «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша «пилоттық режимде» ЖАО қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізді, оның нәтижесі бойынша облыс басқармалары және қалалар мен аудандар әкімдіктері көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданды.


1.3-мақсат. Норма жасау қызметінің сапасын арттыру

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 01. 1.120.001.



Нысаналы индикатор

















Облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілері жобаларының жоғары тұрған деңгейдегі актілеріне сәйкестігіне заң сараптамасын жүргізу, соның ішінде cыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және заң сараптамасын жасау бөлімінің атқарған жұмысы туралы есебі

%

100

100




1.3.1-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















Облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік құ-қықтық актілерінің жобаларына сапалы заң сараптамасын жүргізу

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және заң сараптамасын жасау бөлімінің атқарған жұмысы туралы есебі

%

100

100




Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар





Облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілері жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне заң сараптамасын жүргізу

2011 жыл ішінде облыс әкімі мен әкімдігінің 467 актісі қабылданды, оның ішінде:

- облыс әкімдігінің қаулысы – 311;

- облыс әкімдігінің шешімі - 2;

- облыс әкімдігінің өкімі– 154.

2011 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, нормасы қолданыстан шыққан, іске асырылуы тиімсіз актілер анықталған жоқ.


1.4-мақсат. Облыс әкімдігінің аппараты ішінде іс қағаздарын жүргізуді барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін облыс әкімі аппаратының қызметін жүзеге асыру.

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 01. 1.120.001.



Нысаналы индикатор
















Облыс әкімі аппаратында құжат айналымын толық электрондық (қағазсыз) түрде жүргізуге көшіру

Атқарылған жұмыс туралы есеп

%

60

60




1.4.1-міндет. Кіріс және шығыс хат-хабарлардың жылжу тетіктерін жетілдіру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















Құжаттармен жұмыс істеудің негізгі ереже-леріне оқыту жөніндегі тәжірибелік сабақтар өткізу

Құрылымдық бөлімшелердің атқарған жұмысы туралы есебі



Сабақтар саны

Қажетіне қарай

ЭҚАЖ –мен жұмыс жасауды үйрету бойынша оқыту жүргізіл-

ді: жеке оқыту -302, консультация -1290, жалпы саны 122 адам қатысқан 4 семинар

өткізілді





Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Айқын белгілері бойынша құжаттамалық кешендерге (істерге) жіктеуді нақты ұйымдастыру. Құжаттарды белгіленген тәртіпте сақталу мерзімдерін белгілеумен ресімдеу

2011 жылы облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері құрылымдық бөлімшелердің берілген индекстеріне сәйкес облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығы негізінде бекітілген іс номенклатурасына істерді ұйымдастыру және жіктеу жөніндегі жұмысты жүргізді.

Іс номенклатурасынан тыс істерді қалыптастыруға жол берілмейді. Іс-қағаздары үлгілік ережелерге сәйкес, істерді белгілі мерзімге (ұдайы, уақытша) дейін сақтау арқылы жүргізіледі.

2011 жылғы желтоқсанда облыс әкімі аппаратының 2012 жылға арналған іс номенклатурасы әзірленіп, қазіргі уақытта бекітілген тізбеге сәйкес бірқатар құжаттардың сақтау мерзімдерін анықтау үшін мемлекеттік мұрағатта келісімде жатыр.

Номенклатура келісу рәсімінен өткен соң облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітілетін болады.



Облыс әкімі аппаратында құжат айналымын толық электрондық түрде (қағазсыз) жүргізуге көшіру шеңберінде іс-шаралар-дың орындалуын қамтамасыз ету

Облыс әкімдігі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп (бұдан әрі – ҚР БАМ) Павлодар облысы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерімен және Қазақстан Республика-сының мемлекеттік органдары арасында қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды қоса жібермей электрондық ведомствоаралық құжат айналымына көшіру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыруда. 2011 жылғы желтоқсанда облыс әкімінің аппараты ведомствоаралық қағазсыз құжат айналымына көшті.

Облыс әкімі аппаратының «Инфотехсервис» КМК электрондық құжат айналымы жүйесінің сервистік қолдауы облыстың 79 мекемесіне көрсетіледі, ЭҚАЖ-ның жұмыс орнының жалпы саны – 1361.

Облыс әкімінің аппаратында құжат айналымын толық электрондық қағазсыз) түрде жүргізуге одан әрі көшіру 2010 жылғы 1 қарашада бекітілген қағазсыз түрдегі ішкі құжат айналымына көшіру жоспары мен 2011 жылы 30 желтоқсанда бекітілген облыстық бюджеттен, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі 2012 жылға арналған Іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде жоспарланып отыр.


1.5-мақсат. Павлодар облысының “электрондық әкімдігінің” ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру, тұрғындар мен бизнес-құрылымдардың жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстарына қол жетімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде қамтамасыз ету

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 01. 1.120.001.



Нысаналы индикатор

















Ақпараттық-коммуникациялық технология-ларды пайдалану есебінен облыс мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру

Ақпараттық технологияларды қолдану бағыты бойынша облыс әкімі аппараты, ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі сараптама қорытындысы

%

65

-

Көрсеткіш «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау қоры-тындысы бо-йынша анықта-латын болады


1.5.1-міндет. “Электрондық үкімет” және электронды құжат айналымы жобаларын енгізу мен пайдалану есебінен жергілікті атқарушы органдардың басқару үдерістерінің ақпараттылығын және ашықтығын, сапасын арттыру; жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің қорғалуын қамтамасыз ету; облыс мемлекеттік органдарының бірыңғай телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту; жергілікті атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдары аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетуге барынша бағдарланған жұмыс істеу тетігінің базалық компоненттерін енгізу; облыс тұрғындары мен бизнес - құрылымдарына электронды қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
















Қалалар мен аудандардың деңгейіне дейін облыс мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ақпараттық жүйесімен қамтылу үлесі

Атқарылған жұмыс туралы есеп

%

42

42




Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің деңгейіне дейін ЭҚАЖ-ны енгізу

Құрылымдық бөлімшелердің атқарған жұмыс туралы есебі

Жұмыс орны-ның саны

1361

1361




Павлодар облысы ЖАО-ның әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерін электрондық форматқа ауыстыру

Атқарылған жұмыс туралы есеп

Қыз-

мет тер саны



15

15





Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

2015 жылға қарай қалалар мен аудандар әкімдіктерінің деңгейіне дейін “Е-акимат” АЖ –ны әзірлеу, енгізу, сүйемелдеу және тарату

2011 жыл ішінде «Е-акимат» АЖ 20 электрондық қызмет көрсету құрамымен облыстың 8 мемлекеттік мекемесінде тәжірибелік пайдалану режимінде қолданылды. «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ-мен бірлесіп, аталған жүйе қызметін сүйемелдеу және пысықтау жұмысы жүзеге асырылуда.

Есепті кезеңде «Е-акимат» АЖ-да қызметтер бойынша электрондық түрде 11 362 өтініш өңделді.

Оның ішінде өтінімдер мынадай қызметтер арқылы берілді:

- атқарушы органдар – 10 653;

- «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – ЭҮП) - 140;

- Халыққа қызмет көрсету орталығы – 569.

Облыс әкімдігінің аппараты электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтердің регламенттерін келісу және бекіту үдерістерін мониторингілеуді тұрақты негізде жүзеге асырады.

2011 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ЭҮП-ға енгізілген 5 мемлекеттік қызмет бойынша регламент ҚР БАӘ-мен келісілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті:

1. Мұрағаттық анықтамаларды беру;

2. Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру;

3. Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек тағайындау;

4. Үйде білім алатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу;

5. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейін) балаларды тіркеу.

Облыстық әкімдікте және Павлодар қаласында аталған регламент-терді бекіту жөніндегі жұмысты аяқтау 2012 жылғы 1 тоқсанда жоспарланып отыр.

Қалған15 электрондық қызмет көрсету бойынша стандарттарды үкіметтік деңгейде өзектендіру жөнінде іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, 2011 жылы «Е-акимат» АЖ-ның базасында 2012 жылы электрондық форматқа көшіру жоспарланған 5 электрондық қызметтен тұратын тізбе анықталды.



Павлодар облысының БМКО ММ-ді қолдау және сервистік қызмет көрсету, облыстың ММ-нің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Пошта және басқа да сервистерді қолдау

Павлодар облысының БМКО ММ-де 2011 жыл ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін (бұдан әрі – АҚ) мынадай іс-шаралар жүргізілді:

1) қорғаныстың жоғары деңгейін және вирус жұқтыру әрекетіне әрекет етуді қамтамасыз ету мақсатында вирусқа қарсы орталықтандырылған қорғаныстың сервисін қолдау.

2) қорғалуын, тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатымен операциялық жүйенің компоненттерін және Microsoft қосымшаларының орталықтандырылған вирусқа қарсы жаңартылуына қызмет көрсету.

3) деректерге бұзып кіру және бүлдіру әрекетінен пайдаланушының жұмыс орнының қорғаныс деңгейін арттыратын Павлодар облысының БМКО ММ-ның 89 сегментіне қызмет көрсету.

4) Пошталық қызмет көрсетуді ұсыну. Пошта байланыстың қорғалған қауіпсіздік арнасы бойынша беріледі, поштаны жіберу және алу қауіпсіз байланыс арқылы өтеді. Байланыстың сенімділігін арттыру үшін Интернет-арналармен қосарланып жіберіледі. 2011 жылдың соңында 1040 пошта жәшігі қызмет көрсетті.

5) web-сервисті әкімшілендіру, 30 –дан аса сайтты сүйемелдеу, оның ішінде Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, аудандық әкімдіктердің сайттары. Жергілікті деректер базасы мен интернет-серверді синхрондаудың сервисін қолдау, серверлік алаңдағы веб-сайтты қолдау, сондай-ақ домендік атауды қолдау.

6) дерекқор базасын резервтік көшіру сервисін, серверлерді қолдау.

Осы мақсат үшін аппараттық-бағдарламалық құралдар кешені және мамандандырылған бағдарламалық жасақтама қолданылуда (бұдан әрі – БЖ).

Мемлекеттік қызметшілер арасында АҚ-ның талаптары туралы түсіндіру жұмысы жүргізіліп тұрады. Бұған қоса, БМКО ММ –ның аппараттық-бағдарламалық құралдар кешенінің жұмысына тұрақты негізде жүргізілген мониторинглеу үдерісінде БМКО ММ -ға енгізілген және ЭҚАЖ-ны пайдаланатын жұмыс станцияларында ішкі желі (Интернет) ішінде рұқсат етілмеген қосылулар үнемі анықталып жатады, бұл деректерге бұзып кіру және бүлдіру қаупін төндіреді. Осындай фактілер бойынша ақпарат шешім қабылдау үшін облыс басшылығына жіберіледі.


Белгіненген талаптарға сәйкес облыс әкімінің интернет - ресурсын жетілдіру (жаңарту) және қолдау

2011 жыл ішінде Павлодар облысы әкімінің веб-сайтын жетілдіру, өзекті түрде жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді:

- қатынауды кеңейту мақсатында облысы әкімінің веб-сайты Google, Yandex және т.б іздестіру жүйелеріне тіркелді;

- сайтта күнделікті жаңартылған контент жұмыс істейді;

- айдарлар тақырыбының мазмұны өзгертілді (қосылды);

- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпараттар күнделікті жаңартылады;

- облысы әкімінің веб-сайты мен блогына күнделікті қолдау көрсетіледі;

- әлеуетті қауіпті осалдықты жою жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулысына сәйкес ресми интернет-ресурстарды қолдау жөніндегі талаптар орындалады.

«Павлодар облысының мемлекеттік мекемелеріндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мониторингілеу» АЖ әзірленді. Жүйе облыстың 6 мемлекеттік мекемесінде тестілік пайдалану режимінде тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет