Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту талдауы
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарының атауы, мақсаттары мен міндеттері
|
Есепті кезеңде мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын іске асыру жөнінде жоспарланған іс-шаралар
|
Нақты орындау (есепті кезеңде мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған
іс-шаралар)
|
Орындалмау себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1-стратегиялық бағыт. Павлодар облысы әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру
|
1.1-мақсат. Өзіне жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін облыс әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету
|
1.1.1-міндет.
Облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалы, консультациялық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру
|
Стратегиялық жоспарды іске асыру мақсатында әлеуетті дамыту және қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар мынадай аспектілер бойынша қолданылатын болады:
-адами ресурстар
- аппарат ішінде мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен өкілеттіктерін нақты бөлу мақсатында ұйымдастыру құрылымын жетілдіру;
- аппарат ішінде инфрақұрылымды және жұмыс үдерістерін ұйымдастыру құрылымына, белгілі бір функцияларға, өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерге сәйкестендіру;
- түрлі мәжілістерді ұйым-дастыру тәртібін нақты көрсету арқылы қызметтің ішкі тәртібін жетілдіру;
- жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу
|
- Облыс әкімі аппараты қызметінің тиімділігін арттыру және бекітіліп берілген міндеттер мен функциялар-дың орындалу тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 2-05/26 бұйрығымен облыс әкімі аппараты қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілді. Бағалау мақсаты қызметкерлердің жұмыс сапасы мен нәтижелілігін арттыру.
Бағалау міндеттері :
-
қол жеткізген еңбек нәтижелерінің деңгейін анықтау;
-
қызметтік міндеттерін тиімсіз орындауға әсер ететін факторларды жою;
3) жұмыс тиімділігін арттыру үшін қызметкерлерді уәждеу
Қызметтік міндеттерді орындау толықтығы мен уақтылығы бағалау нысаны болып табылады.
Облыс әкімі аппараты қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу 2011 жылғы мамырдан бастап ай сайын жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органдары,
құрылымдық бөлімшелері қызметінің
тиімділігін бағалау және бақылау жөніндегі жүйелі жұмысты жүргізу, бағалаудың объективті нәтижелерін алу мақсатында аппараттың ұйымдастырушылық құрылымы жетілдірілді:
- облыс әкімі аппаратының ішкі аудит бөлімі құрылды;
- әлеуметтік мәселелер жөніндегі облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеде бас маманның қызметі облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас маман –хатшысы қызметіне қайта аталды. (ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» №501 Жарлығы).
Бұдан басқа, облыс әкімі аппаратының қызметін жетілдіру және бекітіліп берілген міндеттер мен функцияларды құрылымдық бөлімшелердің орындау тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 18 сәуірдегі №2-05/27 бұйрығымен Павлодар облысы әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілді. 2012 жылдан бастап осы бағыт бойынша жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.
- Ішкі қызмет тәртібі және облыс әкімінің, республикалық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен мәжілістер мен басқа да іс-шараларды өткізу тәртібі облыс әкімі аппаратының басшысы бекіткен регламентке сәйкес келтірілуде.
- ЖАО жұмысының сапасын жетілдіру және арттыру мақсатында ЖАО қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Төрағасының 2011 жылғы 29 қарашадағы №01-38.121 бұйрығымен бекітілген, 2010 жылға арналған мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша берілген ҚР Президенті тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес және ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғ.Р. Әбдірахимов бекіткен аталған жоспарға сәйкес әзірленген облыстық бюджеттен, қалалар мен аудандардың (облыстық маңызы қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары облыс әкімінің өкімімен бекітілді.
|
|
1.1.2-мақсат.
Облыс әкімі аппараты басқармалары жүйесі қызметінің тиімділігін бағалау, талдау және мониторингілеу
|
1.2.- мақсат. Тұрғындармен жұмыс үдерістерін оңтайландыру, оның ашықтығы мен қолжетімді болуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру
|
1.2.1-міндет.
Облыстың халқы үшін жергілікті атқарушы органның сапалы және қолжетімді жұмысын қамтамасыз ету
|
Адами ресурстарды басқару кадрларды даярлау және қайта даярлау, өздігінен білім алу жүйесін жетілдіру жолымен қызметкерлердің біліктілігін ұдайы арттыру, жақсы еңбек жағдайын жасау және мемлекетті қызметшінің этикасын қатаң сақтауды талап ететін корпоративті мәдениет деңгейін арттыру негізінде жүзеге асырылатын болады
|
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың бекітілген жоспар - кестесіне сәйкес облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін ҚР Президентінің жанындағы академияға оқуға және облыстың өңірлік мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберу үшін жұмыс жүргізілуде. 2011 жылы барлығы 21 адам жіберілді.
ОӨО оқу бағдарламаларына міндетті түрде мемлекеттік қызметшілердің этикасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу заңнамасын сақтау туралы моделдерді енгізу ұсынылды.
|
|
1.3-мақсат. Норма жасау қызметінің сапасын арттыру
|
1.3.1-міндет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу
|
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау және келісу
|
2011 жылдың басынан бастап облыс әкімдігінің барлығы 5 нормативтік құқықтық актісі дайындалып, келісу рәсімнен өтіп, қабылданды.
2011 жылы ҚР заңнамасына қайшы келетін, ескі нормалары бар, пайдалануға тиімсіз актілер анықталған жоқ.
|
|
1.4-мақсат. Аппарат ішінде іс қағаздарын жүргізуді барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін облыс әкімі аппаратының қызметін жүзеге асыру
|
1.4.1-міндет. Кіріс және шығыс хат-хабар-лардың жылжу тетіктерін жетілдіру
|
Кіріс және шығыс хат-хабар-ларды ресімдеу, қарау тәртібін айқын белгілеумен қызметтің ішкі тәртібін жетілдіру
|
Облыс әкімінің аппаратында іс-қағаз-дары облыс әкімдігінің 2006 жылғы 20 қарашадағы № 314/12 қаулысымен бекітілген облыс әкімінің аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдарда құжаттардың орындалуына бақылау жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізледі.
«ҚБП» белгісі бар құжаттар арнайы журналдарда тіркеледі.
Құжаттарды қабылдау, жіберу фельд және арнайы байланыс, «Қазпошта» АҚ, электрондық пошта, факсимиль байланысы және қолмен апару арқылы жүзеге асырылады.
Қызметтік құжаттарды қарау, жылжу уақытын қысқарту кезінде ішкі тәртіпті жетілдіру мақсатында, облыс әкімі, орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы кіріс және шығыс хат-хабарларды қараған (қол қойған) соң, олар уақытында электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесіне енгізіліп, орындаушыға (адресатқа) жіберіледі.
2011 жылдың ішінде құжат айналымы 24524 бірлікті құрады: кіріс хат-хабарлар –11986, шығыс хат-хабарлар – 11331, ішкі құжат айналымы – бірлік.
Келіп түскен құжаттардың (11986) ішінен 7734 құжат ЭҚАЖ арқылы түсті, жіберілген құжаттардың (11331) ішінен 7664 құжат электрондық құжат айналымы арқылы жіберілді.
|
|
1.5-мақсат. Павлодар облысы “электронды әкімдігінің” ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру, тұрғындар мен бизнес-құрылымдардың жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстарына қол жетімділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде қамтамасыз ету
|
1.5.1-міндет.
“Электрондық үкімет” және электронды құжат айналымы жобаларын енгізу мен пайдалану есебінен жергілікті атқарушы органдардың басқару үдерістерінің ақпараттылығы мен ашықтығын, сапасын арттыру; жергілікті атқарушы органдардың ақпарат-тық ресурстары мен жүйелерінің қорғалуын қамтамасыз ету; облыс мемлекеттік органдарының бірыңғай телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту; жергілікті атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдары аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолымен азаматтар мен ұйымдарға қызмет көсетуге барынша бағдарланған жұмыс істеу тетігінің базалық компоненттерін енгізу; облыс тұрғындары мен бизнес – құрылымдарына электронды қызмет көрсетуді қам-тамасыз ету
|
- аппарат қызметі үдерісінің тиімділігі мен автоматтандырылуын арттыру және қызметкерлердің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпаратты жинақтау және пайдалану жүйесінің көп еңбектілігін реттеуге және қысқартуға бағытталған шараларды қолдану, құжат айна-лымын автоматтандыру
- Интернет желісіне, заң дерекқорына, ақпараттық жүйелерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- ақпараттарды беру және сақтау үдерістерінің сенімділігіне тұрақты бақылауын жүзеге асыру, ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау (яғни компьютерге рұқсат етілмеген қол жеткізуде жаман ойлы қадамдардан сақтау);
- жұртшылықпен және жеке меншік секторларымен тиімді байланысты дамытуға бағытталған қосымша тетіктерді әзірлеу және енгізу саласында аппараттың веб-сайтын жетілдіру, оның өзекті жаңартылуы жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру;
- жергілікті мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру үшін ақпараттық-коммуника-циялық технологияларды кеңінен пайдалану
|
- облыстың мемлекеттік органдарында ақпараттық технологияларды пайдалану және енгізу есебінен қол жеткізілуде (БМКО ММ-ді дамыту, ЭҚАЖ енгізу, қағаз емес түрдегі құжат айналымына көшу, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру және т.б).
2011 жылы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін қаражат бөлінген жоқ.
- «Павлодар облыс әкімі аппараты» ММ қызметкерлеріне Интернетке қол жеткізу қызметі бірыңғай қосылу нүктесі арқылы көрсетіледі. «Павлодар облыс әкімі аппараты» ММ қызметкерлеріне локальді желі арқылы «Заң» ДҚ қолжетімді түрде беріледі. Базаны жаңарту Интернетке шығудың бірыңғай нүктесі арқылы автоматты режимде жүргізіледі.
- вирусқа қарсы қорғаныс, жүйелік БЖ жаңарту, резервтік көшіру, пошталық сервистерді сүйемелдеу, сондай-ақ АҚ –ның бірыңғай саясатына сәйкес серверлік тораптар қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені есебінен жүзеге асырылады.
АҚ талаптары туралы облыстың мемлекетік органдарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
- облыс әкімдігінің интернет-ресурсы қатынауды арттыру мақсатында Google, Yandex және т.б. іздестіру жүйелерінде тіркелді. Сайтта күн сайын жаңартылған контентке қолдау көрсетіледі: айдарлар өзгертілді (қосылды), үш тілдегі ақпараттар күн сайын жаңартылады, облыс әкімінің блогы мен виртуальды қабылдауына қолдау көрсетіледі.
2011 жылы облыс әкімінің веб-сайтына түскен өтініштер статистикасы:
- қатынаған пайдаланушылар - 362 984;
- жаңалықтар ақпараты - 1169;
- виртуалды қабылдауға қатынаған тұлғалардың өтініші - 1620;
- әкімнің блогына түскен өтініштер- 1996.
«Павлодар облысының мемлекеттік мекемелеріне түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мониторингі-леу» АЖ әзірленді. Жүйе облыстың 6 мемлекеттік мекемесінің тестілік пайдалану режімінде жатыр.
- ЖАО-ға «Электрондық әкімдік» АЖ, ҚР БАМ –ның Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін интеграцияланған ақпараттық жүйені, облыс халқына және бизнес-құрылымдарына қызмет көрсету үшін ҚР БАМ-ның «Е-Лицен-зиялау» АЖ енгізу және қолдану жүзеге асырылуда.
БМКО ММ-ді дамыту және ЖАО-ға тарату, ЭҚАЖ-ны енгізу, толық қағазсыз түріндегі құжат айналымына көшіру, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жөніндегі іс-шараларға 2011 жылы қаражат бөлінген жоқ.
|
АҚ-ты қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі әзір-ленген және енгізілген қолданбалы БЖ-ның, серверлік және шл-юздік жабдықтардың, БМКО ММ енгізілген инфрақұрылымымен қоса ЖАО-ның серверлік үй жайларын сертификациялау және аттестациялау; АҚ –ны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды тиімді жүргізу үшін облыстың барлық ЖАО –ның АТ – қызметін үйлестіру қажеттілігіне байланысты болып отыр.
2011 жылы осы бағыттағы іс-шаралар үшін қаражат бөлінген жоқ .
|
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл талап етілетін міндеттерге қол жеткізу көрсеткіштері
|
Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік орган
|
Міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жоспарланған шаралар
|
Есепті кезеңде міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралардың нақты орындалуы
|
Есепті кезеңде мақсаттарға, міндеттер мен міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1-стратегиялық бағыт. Павлодар облысы әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырудың сапасын арттыру
|
1.1-мақсат. Өзіне жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін облыс әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету
|
1.1.1-міндет. Облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ұйымдас-тырушылық, құқық-тық, ақпараттық-тал-дамалы, консульта-циялық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру
|
Облыс басқармалары, қалалар мен аудандар әкімдіктері
|
Мәжілістерді, кеңейтілген отырыстарды өткізу, әкімдіктің қаулы жобаларын әзірлеу
|
2011 жылдан бастап облыс әкімінің қатысуымен облыс активінің 2 отырысы, облыстық және ау-мақтық мемлекеттік органдардың қатысуымен 117 мәжіліс, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен 15 мәжіліс, 32 аппараттық мәжіліс, жұртшылық өкілдерінің қатысуымен 50-ден аса қоғамдық маңызы бар іс-шаралар өткізілді, 10 ауданға, Ақсу, Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарына, Ленин кентіне барылды, Павлодар қаласын аралау жұмыстары жүргізілді, облыс әкімдігінің 10 мәжілісі өткізілді.
Облыс әкімінің орынбасарлары облыстық және аумақтық мемлекеттік органдардың, қалалар мен аудандар әкімдіктері бас-шыларының қатысуымен облыстың индустриялдық -инновациялық дамуы, дамудың негізгі экономикалық өлшемдері, құнды саясат, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, облыста заңсыз құрылыс салу, жылумен жабдықтау, әлеуметтік саланы дамыту және т.б мәселелер бойынша 180 жұмыс отырысын өткізді. 2011 жылдың 1 жарты жылдығында облыс әкімінің аппараты қалалар мен аудандарға облыс АНТ-ның 2 рет, РАНТ –ның 2 рет шығуын ұйымдастырды. Бұдан басқа 20 тұрақты комиссияның және үйлестіру кеңестерінің қызметін үйлестіру қамтамасыз етілді, барлығы 118 отырыс өткізілді.
|
|
1.1.2-міндет.
Облыс әкімі аппараты басқармалары жүйелері қызметінің тиімділігін мониторингілеу, талдау және бағалау
|
Облыс басқармалары, қалалар мен аудандар әкімдіктері
|
Жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу
|
Облыс әкімінің аппараты жергілікті деңгейде облыстық уәкілетті мемлекеттік органдардың – облыс экономика және бюджетті жоспарлау және қаржы басқармаларының төменде көрсетілген бағыттар бойынша ЖАО қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу бойынша жұмысын үйлестіруді жүзеге асыруда:
1-қадағаланатын салада-ғы/ аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу;
2 – бюджеттік қаражаттарды басқару.
2011 жылы жергілікті деңгейде бағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік орган «пилоттық режимде» екі басқарманың (облыс ішкі саясат; туризм, дене тәрбиесі және спорт) және Баянауыл ауданы әкімдігі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізді .
Облыс әкімінің аппараты облыстық уәкілетті мемлекеттік органдармен (облыс экономика және бюджетті жоспарлау және қаржы басқармаларымен) бірлесіп жүргізген бағалау қорытындылары бойынша 2012 жылға арналған ЖАО қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірледі және оған сәйкес облыстың барлық басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдіктері жауапты орындаушылар болып табылады.
|
|
1.2. -мақсат. Тұрғындармен жұмыс үдерістерін оңтайландыру, оның ашықтығы мен қолжетімді болуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру
|
1.2.1.-міндет
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының халық үшін сапалы және қол жетімді жұмысын қамтамасыз ету
|
Облыс басқармалары, қалалар мен аудандар әкімдіктері
|
Облыс әкімінің, орын-басарларының қабылдауын ұйымдастыру
|
2011 жылы облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2323 өтініш келіп түсті, оның ішінде 588 ауызша және 1735 жазбаша өтініш. Осы өтініштер құзырлықтарына сәйкес облыстың басқармаларымен, қалалар мен аудандар әкімдіктерімен бірлесіп қаралды. Облыс әкімі, орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады.
2011 жылдың басынан облыс әкімі облыстық әкімдіктің қоғамдық қабылдауында 8 азаматты қабылдады, 28 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды, «Нұр Отан» ХДП ПОФ-ның қоғамдық қабылдауында 13 азамат қабылданды.
Облыс әкімінің орынба-сарлары, облыс әкімі аппаратының басшысының жеке қабылдауына 120 адам қабылданды.
Облыс әкімінің азамат-тарды қоғамдық қабылдау бөлмесінде 429 адам қабылданып, тиісті түсініктеме мен кеңестер берілді. Қаралатын мәселелер бойынша құзырлығына сәйкес барлық деңгейдегі облыстық атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдары азаматтарды қабылдауға қатысты. Бұ-дан басқа есепті кезеңде облыс әкімінің жеке блогына 1996 адам, виртуальды ресми WEB-сайтына 1620 сұрақ түсті.
Осы сұрақтар облыстық және аумақтық мемлекетік мекемелердің қатысумен қаралды.
|
|
1.3-мақсат. Норма жасау қызметінің сапасын арттыру
|
1.3.1-міндет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама өткізу
|
Облыс басқармалары, қалалар мен аудандар әкімдіктері
|
Кәсіпкерлік, БАҚ-да нормативтік құқықтық актілерді жариялау мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің отырысы
|
2011 жылдың басынан кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің 28 отырысы өткізілді.
Облыс әкімдігінің 10 мәжілісі өткізіліп, 311 қаулы қабылданды.
Оның ішінде 5-уі әділет ддепартаментінде тіркелді және облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі жариялау үшін БАҚ-ға жіберді, облыс әкімі аппараты 13 қаулы дайындады.
|
|
1.4-мақсат. Аппарат ішінде іс қағаздарын жүргізуді барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін облыс әкімі аппаратының қызметін жүзеге асыру
|
1.4.1-міндет.
Кіріс және шығыс хат-хабарлардың жылжу тетіктерін жетілдіру
|
Облыс басқармалары, қалалар мен аудандар әкімдіктері
|
|
Облыс әкімдігі ҚР БАМмен бірлесіп Павлодар облысы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мен ҚР мемлекеттік органдары арасында қағаз тасымалдағыштағы құжаттарсыз ведомствоаралық электрондық құжат айналымына көшу жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыруда.
2011 жылғы желтоқсанда облыс әкімінің аппараты қағаз түрінде емес ведомствоаралық құжат айналымына көшуді жүзеге асырды.
|
|
Тәуекелдерді басқаруды талдау
Ықтимал тәуекелдің атауы
|
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қолданылмаған жағдайда ықтимал салдарлар
|
Тәуекелдерді басқару жөнінде жоспарланған іс-шаралар
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың нақты орындалуы
|
Орындалмау себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Ішкі қатерлер
|
ЭҚАЖ-ның жеткіліксіз даму
|
Берілген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбеу
|
Нысаналы қаржыландыруды қамтамасыз ету; облыстың мемлекеттік мекемелерінде толық электрондық құжат айналымын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығару және орындау
|
Қағаз түрінде емес құжат айналымын жүргізу үдерісін регламенттеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Облыс әкімдігі ҚР БАМ-мен бірлесіп облыстың мемлекеттік мекемелерінде іс-қағаздарын толық электрондық (ішкі және ведомствоаралық) түрде жүргізуге бағытталған іс-шаралар іске асырылуда
|
|
Өзектендіру стандарттарының және «электрондық қызметтерді» көрсету регламенттерінің болмауы
|
Берілген нысанлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу; «электрондық қызметтерді» көрсету (ұсыну) мүмкіндігінің болмауы
|
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын өзектендіру, келісу және бекіту жөніндегі жұмысты жеделдету
|
Облыс әкімінің аппараты электрондық форматқа көшірілген орталық мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - ОМО) мемлекеттік қызметтерді өзектендіру мониторингісін жүзеге асырды. ОМО –ға «жартылай автоматтандыру» бөлігінде - мемлекеттік қызмет көрсету нысандарының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын енгізу туралы ұсыныс жіберілді. Стандарттарды өзектендіру ЖАО-ның электрондық форматқа көшірілген 20 қызметінің ішінен 5 қызмет бойынша жүзеге асырылды. Оларды облыс әкімдігінің аппараты бекітті, сондай-ақ ҚР БАМ-мен келісілді, 2012 жылғы 1 тоқсанда бекіту жоспарланып отыр.
Басқа 15 электрондық қызметтер бойынша стандарттарды үкіметтік деңгейде өзектендіру жөніндегі іс-шаралар өткізілді.
|
|
Жүйе құраушы мемлекеттік дерекқор мен ведомстволық және ақпараттық жүйелер арасында толыққанды ықпалдастықтың болмуы
|
Берілген нысанлы көрсеткіштерге қол жеткізбеу; облыс мемлекеттік мекемелерінің «электрондық қызметтерді» көрсету (ұсыну) мүмкіндігінің болмауы
|
Орталық органдардың интеграцияланған үдерістерді пысықтауы
|
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «электрондық үкімет» өңірлік шлюзы арқылы Павлодар облысы жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «Заңды тұлға, «Жеке тұлға», «Азаматтық хал-актілерін жазу», «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік дерекқордың іс-қимылын қамтамасыз ету үшін «Ақпаратқа қол жеткізу және беру ережесін бекіту туралы» бұйрығы бекітілді
|
|
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерінің сапасын мониторингілеу және бағалау жүйесінің жеткіліксіздігі
|
Берілген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбеу;
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының төмендеуі
|
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу және мониторингілеу мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен жергілікті атқарушы органдардың көп деңгейлі және тығыз байланысын қамтамасыз ету
|
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастырушылық құрылымы жетілдірілді - ішкі аудит бөлімі құрылды, оның бірден-бір мақсаты мониторинг жүргізу, ЖАО қызметін үйлестіру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізуді жүзеге асыру болып табылады.
ЖАО қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі Өңірлік сараптама комиссиясы, сондай-ақ оның кіші тобы – ЖАО мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жөніндегі жұмыс тобы құрылды
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |