Орындаған: Бауыржанқызы альфия Тобы: тпп206 Қабылдаған: Алтенов А. Микроорганизмдерге әсер ететін жағдайларды (факторларды) негізінен үш топқа бөлуге болады: физикалық, химиялық және биологиялық факторлар



бет1/8
Дата11.03.2022
өлшемі0.98 Mb.
#456166
  1   2   3   4   5   6   7   8
микробиопрактика (Al” (копия)

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті Микроорганизмдерге химиялық және физикалық факторлардың әсері.   Орындаған:Бауыржанқызы альфия Тобы:ТПп206 Қабылдаған:Алтенов А.

Микроорганизмдерге әсер ететін жағдайларды (факторларды) негізінен үш топқа бөлуге болады: физикалық, химиялық және биологиялық факторлар.

Микроорганизмдерге әсер ететін жағдайларды (факторларды) негізінен үш топқа бөлуге болады: физикалық, химиялық және биологиялық факторлар.

Физикалық факторлардың түрлері:

ылғалдану,

температура,

құрғақтану,

жарықтану факторлары.

Ылғалдың микроорганизмдерге әсері.

  • Микроорганизмдер клеткаларының 85%-і судан тұрады. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті ылғалды жерде ғана жүреді. Көптеген қоректік заттарды микробтар клеткасы тек ерітінді күйінде ғана сіңіре алады. Әсіресе, микроорганизмдер клеткасы бөлінгенде және көбейгенде ылғал қажет. Кейбір микроорганизмдер ылғалдың тапшылығына қарамастан тіршілік ете береді. Ал микроорганизмдердің қайсыбір топтары құрғақ жерде бірнеше жылдар бойы тіршілік қабілетін жоймайды. Бактериялар және теменгі сатыдағы саңырауқұлақтар спораларының тіршілігі ұзақ уақыт бойы сақталады. Бірақ құрғақ жерде өніп-өсе, көбейе алмайды. Бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтарының тіршілігі ортаның ылғалы 20—30%, зең саңырауқұлақтарының тіршілігі 15—20% болғанда тоқталады. Бұл олардың клеткаларының сору күшінің көптігін көрсетеді. Сүт қышқылы бактериялары құрғақ, тірі күйінде бірнеше айлар және жылдар сақталады. Олардың осы қасиетін түрлі сүт тағамдарын даярлауда, құрғақ ашытқыны әзірлеуде қолданады. Құрғатқан ашытқы саңырауқұлақтар да жақсы сақталады. Түрлі ауылшаруашылық өнімдерін сақтағанда алдымен оларды құрғатады. Бірақ олардағы ылғал мөлшері бөлме ауасындағы ылғал шамасымен тығыз байланысты.

Микроорганизмдерге температураның әсері:

Ортаның температурасы — микроорганизмдерге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Өсімдіктер мен жануарлардан микроорганизмдердің айырмашылығы — микроорганизмдер температураның өзгеруіне төзімді келеді. Мәселен, пішен таяқшасы +5 — 57°, көптеген сапрофит бактериялар +20 — 35° арасында тіршілік етуге бейімделген. Бірақ ауру қоздырушы паразит микроорганизмдердің басым көпшілігі тірі организмде, солардың дене қызуының шамасында + 35 —36°-та тіршілік етеді.Әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктесі бар. Олар оптимальды, максимальды және минимальды температуралар.Оптимальды температурада микроорганизмдерге ең қолайлы жағдай туады. Бірақ көптеген спора түзуші микроорганизмдердің өніп-өсуі мен олардың спораларының түзуіне қажетті оптимальды температураға үнемі сәйкес келмейді. Мәселен, өсіп дамуы үшін +37° керек болса, олардың спора түзуге қажетті температурасы +31°. Минимальды температура — бұл тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі. Ал температура бұдан төмендесе, микроорганизмдер тіршілік ете алмайтын болады. Максималды температура микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі. Бұдан жоғарыласа микробтар тіршілік ете алмайды. Әдетте ортаның температурасы минималды жағдайдан төмендегенде микробтар кейбір жануарлардың қысқы ұйқыға кеткені тәрізді күйге душар болады. Мұны микробтардың анабиозы деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет