Цель 1.1. Достижение опережающих темпов развития транспортно-коммуникационного комплекса
|
Задача 1.1.1. Повышение уровня развития инфраструктуры автодорожной отрасли
|
2015 жылға қарай орташа алғанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 85%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда
|
Қаржымині, ЭДСМ
|
Іске асырылуы республикалық бюджет есебінен көзделген жобаларды қаржыландыру
МЖӘ негізінде жобаларды дамыту (МЖӘ орталығы)
|
Республикалық бюджет арқылы іске асырылатын жобалардың қаржыландыруы «2012-2014 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының шеңберінде іске асырылған.
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» (ҮАААЖ) құрылысы Концессиялық жобасы іске асыру бойынша жұмыс жүргузеледі. 2012 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) арасындағы консалтингтік қызметтерді көрсету туралы келісімге қол қойылды, оның шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) консультанттары техника-экономикалық негіздемені қайта өңдейді және конкурстық құжаттаманы әзірлейді. 2013 жылғы маусымда концессионерді таңдау бойынша конкурс жариялау жоспарлануда. 2014 жылға «ҮАААЖ» құрылысын бастау жоспарлануда.
|
|
2015 жылға қарай орташа алғанда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 70%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда
|
Қаржымині, ЖАО
|
Облыстық бюджеттерге нысаналы трансферттерді бөлу;
Жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлық емес жай-күйдегі жергілікті маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тоқсан сайын беру
|
Республикалық бюджет арқылы жоспарланған іске асырылатын жобалардың қаржыландыруы «2012-2014 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының шеңберінде іске асырылған.
Жергілікті маңызы бар жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты жылдың қорытындысы бойынша беріледі
|
|
Жөндеудің барлық түрімен қамтылған республикалық маңызы бар жолдардың ұзақтығы
|
Қаржымині, ЭДСМ
|
Іске асырылуы республикалық бюджет есебінен көзделген іс-шараларды қаржыландыру;
МЖӘ негізінде жобаларды дамыту (МЖӘ орталығы)
|
Республикалық бюджет арқылы іске асырылатын жобалардың қаржыландыруы «2012-2014 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының шеңберінде іске асырылған.
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» (ҮАААЖ) құрылысы Концессиялық жобасы іске асыру бойынша жұмыс жүргузеледі. 2012 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) арасындағы консалтингтік қызметтерді көрсету туралы келісімге қол қойылды, оның шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) консультанттары техника-экономикалық негіздемені қайта өңдейді және конкурстық құжаттаманы әзірлейді. 2013 жылғы маусымда концессионерді таңдау бойынша конкурс жариялау жоспарлануда. 2014 жылға «ҮАААЖ» құрылысын бастау жоспарлануда.
|
|
Задача 1.1.2. Повышение уровня развития инфраструктуры железнодорожной отрасли
|
Жаңа теміржолдардың ұзақтығы
|
Қаржымині, ИЖТМ, ЭДСМ
|
Республикалық бюджеттен темір жол желілерін салуды қоса қаржыландырудың қажет етілген көлемді қамтамасыз ету; Концессия мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру арқылы магистральдық темір жол желілерін пайдалану саласында концессияның (МЖӘ) жаңа нысандарын дамыту;
|
Республикалық бюджет арқылы темір жол желілердің құрылысы бірлесіп қаржыландыруы «2012-2014 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының шеңберінде іске асырылған.
|
|
Теміржол көлігінің негізгі активтерінің тозуы 60 % төмендеген
|
ТМРА, ИЖТМ, Қаржымині
|
Тасымалдар саласындағы жаңа тарифтік саясатты іске асыру және кейіннен инфляция деңгейінде индексациямен 2011 жылдан 2014 жылға дейін темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау тарифтерін орташа алғанда 15%-ға жыл сайын арттыру есебінен жылжымалы құрамды сатып алу және күрделі жөндеу; Республикалық бюджет есебінен темір жол жолаушылар вагондары мен локомотивтерді сатып алу
|
2012 жылғы 1 сәуірден бастап темір жол көлігімен жүк тасымалдау тарифі 15 %-ға өсуі табиғи монополияларды реттеу агентігімен келісілді, соның ішінде магистральді темір жол желілердің қызметтеріне 9,6 %-ға.
|
|
Задача 1.1.3. Повышение уровня развития гражданской авиации
|
ИКАО санатына ие әуежайлар саны
|
ЖАО, Қаржымині, ТМРА
|
Техникалық сипаттамаларды ИКАО талаптарына сәйкес келтіру, ұшу-қону жолақтарын, жолаушылар және жүк терминалдарын қайта жаңарту (салу);
Іске асыруы республикалық бюджет есебінен көзделген жобаларды қаржыландыру;
Әуе көлігінің табиғи монополия субъектілеріне қатысты тарифтік саясаттың тиімділігін арттыру
|
Көкшетау қаласының әуежайында реконструкция (ұшу-қону жолағы және жолаушылар терминалы) және Ақтау қаласының әуежайында (ұшу-қону жолағы) аяқталды.
Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге 15 әуежайға рұқсат берілген, оның 11 Халықралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары бойынша санатталған.
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 4 тамыздағы № 1022 қаулысымен «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына жанармай алымын енгізу жолымен авиациялық жанармайдың ұлғайту кезінде бағасын жоғарлату жөніндегі хабарландыруды ұсыну және қарастыру тәртібін оңайлатуға қатысты толықтырулар енгізілді.
|
|
Халықаралық әуе қатынастары санының ұлғаюы
|
|
2016 жылға қарай халықаралық әуежай – «хабтардың» санын 4-ке дейін
|
|
1.1.5-міндет. Автокөлік саласы инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру
|
Халықтың автобуспен жолаушылар тасымалдары сапасына қанағаттану деңгейі
|
ЖАО
|
Автокөлік инфрақұрылымы саласын белгіленген талаптарға сәйкес келтіру
|
Көлік инфрақұрылымының (автовокзалдардың, автостанциялардың және аялдама (кассалық) пункттердің, такси тұрақтарыныңғ өндірістік базалардың) барлық бар желісін тексеру негізінде автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалдарын дамыту бойынша іс-шаралардың аймақтық жоспарларын әзірлеу және бекіту көзделген ҚР-да автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалдарын дамыту бойынша шаралар кешені ҚР Премьер-Министрінің 2012 жылғы 19 маусымдағы № 119-р тапсырмасымен бекітілді.
Республиканың барлық аймақтары келесіні қарастыратын автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалдарын дамыту бойынша аймақтық іс-шаралар жоспарларын әзірледі және бекітті:
1) елді мекендер дамуының бас жоспары есебімен автовокзалдар мен автостанциялардың маршрут желісін және дислокация орындарын қайта қарау;
2) жаңа автовокзалдар мен автостанцияларды салу, соның ішінде МЖӘ тетігін қолданумен;
3) автовокзалдар мен автостанциялары жоқ елді мекендерде автобустар үшін аялдама пункттерін ашу;
4) автовокзалдар мен автостанциялардың бірыңғай орнатылған талаптар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
5) жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауларына ведомствоаралық рейдтік тексерістерді жүргізу;
6) жер учаскесін мақсаттық арнауда емес, с.і. автобустарды жөнелту үшін рұқсат етілмеген ұйымдастыру кезінде жер учаскесін қолдануға актілерді алып қою;
7) машина-орын қажеттілігін талдау есебімен жолаушылар бар орындарда (рыноктар, супермаркеттер, ойын-сауық-мәдени орталықтар және т.б.) такси тұрақтары үшін орындарды анықтау және оларды жабдықтау;
8) тасымалдаушыларды өндірістік-техникалық базаны жетілдіру бойынша ынталандыру.
|
|
Елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен қамту
|
|
Белгіленген талаптарға жауап беретін автомобильдік жолаушылар тасымалдары инфрақұрылымының үлесі
|
|
2-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту
|
2.1-мақсат. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдар көлемдерін ұлғайту
|
2.1.1-міндет. Қазақстан Республикасының көлік кешенін халықаралық көлік желісіне ықпалдастыру деңгейін арттыру
|
Транзиттік бағыттағы жүк тасымалдарының көлемдерін ұлғайту
|
СІМ, ИЖТМ,
Қаржымині (КБК), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)
|
СІМ – келісілген халықаралық көлік саясатын жүзеге асыру;
ИЖТМ – мультимодальді көлік-логистикалық орталықтар жүйесін құру;
Қаржымині (КБК) – шекара маңындағы ынтымақтастық, шекараларды өту кезінде кеден рәсімдерін жеңілдету; «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – халықаралық транзиттік жобаларды іске асыруға дүниежүзілік тәжірибені және капиталды (қатысушылар, әріптестер, консультанттар, консорциумдар) тарту, құрылықтық маңызы бар жаңа транзиттік көлік магистральдарын, транс және еуразиялық құрлықтағы көлік дәліздерін құру.
|
Қазақстан Республикасының көлік кешенін халықаралық көлік желісіне ықпалдастыру деңгейін арттыру мәселесі пысықтау «Қазақстан – жаңа Жібек жолы» жобасын іске асыруы бойынша іс-шаралардың кешенді жоспардың қалыптастыру шеңберінде жүргізілген.
Осы жұмыстың қорытынды бойынша жоғарыда айтылған кешенді жоспар 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 231-р Премьер- Министрдің өкімімен бекітілген.
|
|
Транзиттік тасымалдардан түсетін кірісті ұлғайту
|
|
Темір жол транзиттік учаскелері бойынша жүк поездарының орташа қозғалыс жылдамдығын ұлғайту
|
|
Автомобиль транзиттік дәліздер бойынша жүктің орташа қозғалыс жылдамдығын ұлғайту
|
|
Қазақстан аумағы бойынша транзит арқылы өткен автокөлiк құралдары санының өсуi
|
ЭДСМ, Қаржымині (КБК), ИЖТМ
|
Әкiмшiлiк кедергiлердi азайту
|
Әкiмшiлiк кедергiлердi азайту мәселесі пысықтау «Қазақстан – жаңа Жібек жолы» жобасын іске асыруы бойынша іс-шаралардың кешенді жоспардың қалыптастыру шеңберінде жүргізілген.
Осы жұмыстың қорытынды бойынша жоғарыда айтылған кешенді жоспар 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 231-р Премьер- Министрдің өкімімен бекітілген.
|
|
3-стратегиялық бағыт.
Мультимедиялық қызметтерді ұсынуға бағытталған, қазіргі заманғы технологияларға негізделген қызметтерді, өндірістерді және АКТ инфрақұрылымын, инновацияларды дамыту
|
3.1-мақсат. Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымының дамуын қоса алғанда, ЖІӨ-дегі АКТ секторы үлесінің өсуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету
|
3.1.1-міндет. АКТ саласындағы базалық қызметтерге қолжетімділік деңгейі және Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарын телефон байланысымен, Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен 100% қамтуды қамтамасыз ету
|
ІТ-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері мен қағидаттарын әзірлеу
|
ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині
|
ІТ-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері мен қағидаттарын айқындау
|
ҚР ККМ қолдануымен, байланыс операторлармен және ІТ компаниялармен АКТ даму Қоры құрылған. Қордың қызмет бағыттары:
1. Егістік инвестициялар;
2. НИОКР-ды қолдау;
3. Құзыреттілікті арттыру;
4. Маркетинг пен pr.
|
|
Қазақстандық кредиттерді шетелдік елдерге ұсыну кезінде тапсырыстарды алу бойынша экспортқа жұмыс істейтін отандық ІТ-компанияларын қолдау бойынша шараларды әзірлеу
|
Қазақстандық кредиттерді шетелдік елдерге ұсыну кезінде тапсырыстарды алу бойынша экспортқа жұмыс істейтін отандық ІТ-компанияларды қолдау бойынша шараларды айқындау
|
|
АТ-жобаларында қазақстандық қамтудың үлесін арттыру
|
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
|
АТ-қызметінде, қорапты БҚ көлемінде (лицензиялық), және АТ-жабдықтар секторында қазақстандық қамтудың үлесін арттыру бойынша шаралар қабылдау
|
Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен 2012 жылғы 19 наурыздағы № 125 Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешенінде және инфокоммуникациялық
технологияларда қазақстандық қамтудың үлесін арттыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары бекітілді
|
|
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша статистикалық ақпараттарды қалыптастыру
|
СА
|
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы статистикалық нысандарды дамыту
|
«Білім саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану есебі» (жылдық, 1-ақпарат), «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) мекемелерде пайдалану есептілігі» (жылдық, 3-ақпарат), «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы үй шаруашылық тексеру сауалнама» (жылдық, H-020) статистикалық есептіліктің нысаны қайта қаралып, жетілдірілген.
АКТ статистикасының негізгі индикаторларын қосу бойынша ережелерді құратын, халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейінің тәсілдерін құрайтын «Ақпараттық қоғам статистикасын көрсетуді өңдеу бойынша методологиялық ұсыныстар» қосымша жасалған.
|
|
1) Мемлекеттік тапсырыс негізінде
iCarnegie халықаралық стандарттары бойынша IT-мамандықтары бойынша оқитын студенттердің саны (өткен жылға);
2) ХАТУ-гі ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны
|
БҒМ
|
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде студенттерді оқыту үшін гранттарды бөлуге ықпал ету.
АКТ саласындағы ҒЗТҚЖ мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу
|
Мемлекеттік тапсырыс негізінде
iCarnegie халықаралық стандарттары бойынша IT-мамандықтары бойынша оқитын студенттердің саны – 312 адам.
АТХУ қызметкерлерімен 2 ғылыми-зерттеу жұмыстары өткізілді:
-
«Даулас» объектердің үлкен көлемді есептерде классификациялау/ нейрожелілік анықтау тәсілдердің шектеулі бағасы»;
-
«АКТ дамыту негізінде ҚР халқына комплекстік электрондық коммерциялық қызметтерді көрсету бойынша ұсыныстарды әзірлеу».
|
|
4-стратегиялық бағыт.
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, техникалық сүйемелдеу үдерістерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, соның ішінде Кеден одағының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар және тетіктер жасау
|
4.1-мақсат. Электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеу деңгейін арттыру
|
4.1.1-міндет. Цифрлық сертификаттар арқылы азаматтардың және ұйымдардың мемлекеттік электрондық қызметтерге қауіпсіз қол жетімділігін қамтамасыз ету
|
Мемлекеттік қызметтердің, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар электрондық қызметтердің санын көбейту
|
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
|
Ұсынылатын мемлекеттік электрондық қызметтердің санын жыл сайын арттыру
|
2012 жылдың қорытындылары бойынша Электрондық үкімет порталында 157 баж салығы қызметтер көрсетеді, соның ішінде салық төлеу бойынша сервистер және жол қозғалыс ережесін бұзуына айыппұл төлеу қызметтер.
|
|
Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің тізбесін айқындау
|
ЭДСМ
|
Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар қызметтер ретінде 31 мемлекеттік қызметтер айқындалған.
|
|
Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру
|
ІІМ, ӘМ, ЕХӘҚМ, Қаржымині, БҒМ, ДСМ, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі
|
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шараларды автоматтандыру және іске асыру
|
2012 жылдың қорытындылары бойынша әлеуметтік маңызы бар қызметтердің үлесі (19 қызмет) 61,2 % дейін жеткізілді.
|
|
«Е-лицензиялау» МДҚ арқылы электронды түрде берілетін лицензиялар үлесін көбейту
|
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар-лицензиарлар
|
«Е-лицензиялау» арқылы электронды түрде лицензияларды беру
|
2012 жылдың қорытындылары бойынша «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы электронды түрде берілетін лицензиялардың үлесі 100 % көбейді
|
|
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын (үдерістерін) автоматтандырудың орташа деңгейі
|
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар-лицензиялар
|
1. Функцияларды (үдерістерді) автоматтандыру бойынша шараларды іске асыру;
2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және ақпараттық ресурстарын тіркеу;
3. Депозитарийге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарының бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын және нормативтік-техникалық құжаттамаларын енгізу;
4. Барлық ақпараттық жүйелерді мемлектеттік тілдегі интерфейспен қамтамасыз ету;
5. «Электрондық үкіметтің» құрауыштарымен ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру.
|
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесіне сәйкес Автоматтандырылуға жататын функциялардың (үдерістердің) тізбесі Министрлікпен келісімдеу арқылы мемлекеттік органмен анықталады және бекітіледі. Өз кезегінде Министрлік өз құзыреті шеңберінде барлық келіп түскен сұрау салуларды қарастырды. 2012 жылдың 2 тоқсанының соңында 22 орталық мемлекеттік және 16 жергілікті атқарушы органдардың автоматтандыруға жататын функциялар тізбелері бекітілді.
2012 жылға функцияларын (үдерістерін) автоматтандырудың орташа деңгейі орталық мемлекеттік органдарда 63,6%, жергілікті атқарушы органдарда 43,4% құрайды.
Осылайша, мемлекеттік органдармен осы көрсеткіш боынша жоспарланған нәтижелер қол жеткізген. Қойылған мақсаттардың жеткізгендігене қарамастан, 12 ОМО функцияларын (үдерістерін) автоматтандырудың орташа деңгейі 60% кем емес.
-ЖРБА автоматтандырудың деңгейі 0;
-БҚА, СІМ, ИЖТМ, ЭБЖМ функцияларын (үдерістерін) автоматтандырудың деңгейі 30% кем емес;
-АММ, ТҮКШҚІА, ҚОҚМ, ҒҰА, ҚМ 50% кем емес;
-МҚІА, АШМ 50% тең.
БҚА и ҚҰА функцияларын автоматтандыруы төмедеуіне ведомствалық ақпараттық жүйенің жоқ болуына.
ИЖТМ мен ЭБЖМ-не қызметтерді автоматтандыру бизнес-процесстерді талдау бойынша жұмыс жүргізілді, оның қорытындысы бойынша оларды автоматтандырудағы нақты мерзімдермен қызметтерді автоматтандыру жоспары құрылады. СІМ-не «Бірыңғай дерекқор» ақпараттық жүйені енгізу сатысында, бұл 93% мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға мүмкіндік береді. ҚОҚМ-мен ағымдағы жылдың соңына дейін
9 қызметті автоматтандыру жоспарлануда, осылайша автоматтандыру деңгейін 36%-ға көтереді. «E-қызмет» ақпараттық жүйесін енгізу шегінде МҚЖА-мен 2015 жылдың соңына дейін қызметті 100%-ға автоматтандыру жоспарлануда. ТҮШҚЖА, ҚМ, МАМ, АШМ және ЖРҚА-мен қызметтерді автоматтандыру деңгейінің төмендігі бойынша түсініктеме таныстырылмаған.
Жамбыл, Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Батыс-Қазақстан облысы әкімдіктерінде автоматтандыру қызметтерінің деңгейі 40%-дан төмен емес. БҚО әкімдігімен 2012 жылдың соңына дейін 8 қызметті автоматтандыру жоспарлануда, бұл қызметті автоматтандыру деңгейін 38,5%дан 43%-ға дейін көтереді. Жамбыл облысы әкімдігімен ағымдағы жыл соңына дейін 21 қызметті автоматтандыру бойынша жұмысын аяқтау жоспарлануда, бұл қызметтің автоматтандырылу деңгейін 30,7%дан 42,5%-ға дейін көтереді.
Басқа ЖАО қызметтердің төмен автоматтандырылуы бойынша объективті себептер көрсетілмеген.
|
|
Мемлекеттік орган бекіткен тізбе мен істер номенклатурасына сәйкес 5 жылға дейінгі сақталу мерзімі бар құжаттарды қағаз түрінде қосарламай ведомствоаралық құжаттаманы электрондық форматқа көшіру
|
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
|
1. Қағаз түрінде қосарланбайтын, электрондық форматта ведомствоаралық құжат айналымға жататын тізбе мен істер номенклатурасын бекіту.
2. Бекітілген тізбе мен істер номенклатурасына сәйкес 5 жылға дейінгі сақталу мерзімі бар құжаттарды қағаз түрінде қосарламай ведомствоаралық құжаттаманы электрондық форматқа көшіру
|
Қағаз түрінде қосарланбайтын, электрондық форматта ведомствоаралық құжат айналымы бойынша жұмыстар жопарланған тәртіпте өткілді.
2012 жылда ЭҚАБЖ Орталығы арқылы жіберілген орталық МО - 99,87%, ЖАО құжаттар үлесі:
-
2010 және 2011 жылдарда қосылғандар – 95 % аса,
-
2012 жылы қосылғандар – 91 %.
Ай сайын МО интранет-порталында (бұдан әрі – МОИП) ведомствоаралық құжатайналымының есептері-мониторингтері жөніндегі ақпарат өзектіленеді.
МО-ларда электрондық құжатайналымы дамуының динамикасы сонғы жылда электрондық құжаттармен қағазды қайталамау түрінде жұмыс істеуге өтудің батыл қарқынын көрсетті.
|
|
4.2-мақсат. Кеден одағы шеңберінде халықаралық ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
|
4.2.1-міндет. Кеден одағы шеңберінде ақпаратпен алмасу үшін мемлекетаралық шлюзді құру
|
-
«Кеден одағы шеңберінде
ақпаратпен алмасу бойынша мемлекетаралық шлюз» АЖ құру
-
Кеден одағы шеңберінде
ақпаратпен алмасу үшін мемлекетаралық шлюзбен ықпалдастырылған МО АЖ саны
|
ЭДСМ, Қаржымині
|
Кеден одағы шеңберінде ақпаратпен алмасу бойынша мемлекетаралық шлюзді құру
|
№ 148 техникалық сәйкестік актімен ҚР Ұлттық шлюзді құру туралы шартына. сәйкес ҚР Ұлттық шлюзі әзірленді және 2012 жылы 23 қарашада қабылдау комиссиясымен тәжірибелік пайдалануға еңгізілген.
Сонымен қатар, 2012 жылғы 22 шілдесіндегі №149 техникалық сәйкестік актімен Сенімді үшінші тарабың мүлітену және аппаратты-ақпаратты HSM криптографикалық модулі шартына. сәйкес Сенімді үшінші тармақ жүйесі әзірленді және 2013 жылы 23 қарашада енгізу актімен қабылдау комиссиясы тәжірибелік пайдалануға еңгізілген.
|
|
ЭДСМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар
|
Кеден одағы шеңберінде ақпаратпен алмасу үшін мемлекетаралық шлюзбен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру
|
|