Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы «23» шілдедегі
№ 198 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 тамызда № 3470 болып енгізілді
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
-
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
1) қызмет берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚКО);
3) «электронды үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезекке қою болып табылады, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға кезектілік нөмірі көрсетілген қолхат беріледі.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электронды және қағаз түрінде.
-
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
-
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (немесе көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша уәкілетті өкілінің) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтінішінің және/немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат үлгісіндегі сұратуының болуы негіздеме болып табылады.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл - қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы мен тіркеуі және оларды қызмет берушінің қызметкеріне орындауға беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл - қызмет берушінің қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыны кезекке қоюы, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға кезектілік нөмірі көрсетілген қолхат беріледі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының қызмет берушіге немесе ХҚО-ға жүгінген сәттен бастап – 30 (отыз) минут.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі сұратуды берген сәттен бастап 30 (отыз) минутты құрайды.
-
Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі кезектілік нөмірі көрсетілген қолхат болып табылады.
-
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
қызмет берушінің кеңсе қызметкері;
қызмет берушінің қызметкері.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1) қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы мен тіркеуі және оларды қызмет берушінің қызметкеріне орындауға беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2) қызмет берушінің қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыны кезекке қоюы, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға кезектілік нөмірі көрсетілген қолхат беріледі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.
Рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес, рәсiмді (iс-қимылды) өту блок-схемасында көрсетілген.
-
Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
9. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚО жүгінеді және осы Стандарттың 9 тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Қызмет берушінің сұратуын дайындау және жолдау тәртiбi:
қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
қызмет беруші қызметкерінің сұрату нысанын құжаттардың қағаз түрінде бар болуын белгілеу бөлігінде толтыруы және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ұсынған қажетті құжаттарын сканерлеуі, оларды сұрату нысанына қоса тіркеуі;
электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу және қызметті ЭҮӨШ АЖО-да өңдеу;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭҮӨШ АЖО-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (анықтама беру) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-сы қолданылып қалыптастырылады.
Қызмет берушінің сұратуын жолдауға уәкілетті құрылымдық бөлімшілер немесе лауазымды тұлғалар:
ХҚО-ның операторы.
ХҚО қызметкерлерінің қызмет алушының сұратуын ХҚО-ның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдары осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес ХҚО ЫАЖ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара iс-әрекеттесудің № 1 диаграммасында көрсетілген.
ХҚО және (немесе) өзге көрсетiлетiн қызмет берушiлермен өзара iс-қимылдың реттiлiгi мен мерзiмдерi, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызмет берушiлердiң сұратуларын қалыптастыру және жолдау рәсiмдерi (iс-қимылдары):
-
1 - процесс – ХҚО операторының мемлекеттік қызметті көрсету үшін ХҚО АЖ АЖО-ға логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
-
2 - процесс – ХҚО операторының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін экранға сұрату нысанын шығару және ХҚО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты бойынша деректерді енгізуі;
-
3 - процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-ға көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ БНАЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхатының деректері туралы сұратуды жолдау;
-
1 - шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің
ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болуын тексеру;
-
4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің
ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да сенімхат деректерінің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
-
5 - процесс – ХҚО операторының сұрату нысанын құжаттардың қағаз түрінде бар болуын белгілеу бөлігінде толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрату нысанына қоса тіркеуі және мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың толтырылған нысанын (енгізілген мәліметтерді) ЭЦҚ арқылы растауы;
-
6 - процесс – ХҚО операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-ға жолдау;
-
7 - процесс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;
-
2 - шарт – қызмет беруші маманының көрсетілетін қызмет алушының қоса берген құжаттарының Стандарттың 9 тармағында көрсетілгендерге және мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
-
8 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
-
9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚО операторы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (қолхат) алуы;
10. ХҚО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу процесі:
-
көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар пакетімен ХҚО-ға жүгінеді;
-
көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды;
-
мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (қолхатты) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін жүгінеді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 30 (отыз) минут;
-
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша электронды кезекті портал арқылы «брондауға» болады.
11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара iс-қимылының № 2 диаграммасында көрсетілген:
-
көрсетілетін қызметті алушы ЖСН мен парольдің көмегімен ЭҮП–те тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
-
1- процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП–те ЖСН мен парольді (авторландыру процесі) енгізуі;
-
1- шарт - ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЭҮП-те тексеру;
-
2- процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП-те авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
-
3- процесс - қызмет алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қызмет алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электронды түрде сұрату нысанына қоса тіркеуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
-
2- шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін, қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін (сұратуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) тексеру;
-
4- процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
-
5 - процесс - көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұратуды куәландыру және қызметті өңдеу үшін электрондық құжатты (сұратуды) ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-ға жолдау;
-
6 - процесс - электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;
-
3 - шарт – қызмет беруші маманының көрсетілетін қызмет алушының қоса берген құжаттарының Стандарттың 9 тармағында көрсетілгендерге және мемлекеттік қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
-
7 - процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
-
8 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызмет беруші қалыптастырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы қолхатты) алуы.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар ХҚО-мен өзара
іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту
блок-схемасы
Қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы мен тіркеуі және оларды қызмет берушінің қызметкеріне орындауға беруі.
Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут
Қызмет берушінің қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыны кезекке қоюы, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға кезектілік нөмірі көрсетілген қолхат беріледі.
Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша
ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық
өзара іс-қимыл № 1 диаграммасы
ХҚО АЖ АЖО
ЖТ МДҚ/
БНАЖ
ЭҮОШ АЖО
ЭҮОШ АЖО
ЭҮШ
ЭҮОШ АЖО
1 процесс
2 процесс
3 процесс
5 процесс
6 процесс
7 процесс
9 процесс
4 процесс
8 процесс
ХҚО
сұрау бас тарту бас тарту
Орталық оператор
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл № 2 диаграммасы
ЭҮП АЖ
ЭҮОШ АЖО
ЭҮОШ
ЭҮШ
1 процесс
3 процесс
5 процесс
6 процесс
8 процесс
2 процесс
7 процесс
4 процесс
ЭҮП
сұрау бас тарту бас тарту
Көрсетілетін қызметті алушы
Достарыңызбен бөлісу: |