2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы



бет1/17
Дата04.07.2016
өлшемі1.49 Mb.
#176020
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Қосымша 1
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы

129 қаулысымен бекітілген Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы оперативтік есеп



Есепті кезең: 2012 жылғы

Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері, іс-шаралары, нәтижелерінің көрсеткіштері
1-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымын дамыту

1.1-мақсат. Көліктік-коммуникациялық кешеннің озыңқы даму қарқынына қол жеткізу



Осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 001, 002, 003, 005, 006, 009, 012, 014, 015, 016, 019, 020, 028, 030, 033, 034


Мақсатты индикаторлардың атауы, мәселелер және соңғы мерзім көрсеткіштерімен тура нәтиже көрсеткіштерінің (кезең) жетістіктері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Асырып орындау/орындалмау

себептері

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикатор

1. ЖБИ-дың «Жолдардың сапасы» ұстанымы



ДЭФ

орын

120

Глобалдi индекс бойынша бәсекеге түсе алатындықты есептеу нәтижесi 2013 жылдың 3 тоқсанында жарияланады.




2. ЖБИ-дың «Теміржол инфрақұрылымының сапасы» ұстанымы

ДЭФ

орын

31




3. ЖБИ-дың «Порт инфрақұрылымының сапасы» ұстанымы

ДЭФ

орын

99




4. ЖБИ-дың «Әуе көлігі инфрақұрылымының сапасы» ұстанымы

ДЭФ

орын

98




5. ЖБИ-дың «Километрдегі орынның қол жетімділігі» ұстанымы

ДЭФ

орын

56




6. Инфрақұрылымның жалпы сапасы («ЖБИ ДЭФ» көрсеткіші)

ДЭФ

орын

78




7. Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің ашықтығы («ЖБИ ДЭФ» көрсеткіші)

ДЭФ

орын

44




8. 2015 жылға қарай көлік бойынша жалпы қосылған құнның 63%-ға өсуіне қол жеткізу үшін көлік-коммуникация кешенінің негізгі көрсеткіштерін ұлғайту

стат. деректер


%

42,6

51,4

(2012 жылғы 9 айдағы ҚР Статистика агенттігінің алдын ала деректері, түпкілікті деректер 2013 жылғы маусым айында қалыптастырылады)



2012 жылғы 9 айға көлік бойынша жалпы қосылған құнның өсуі (1 434 900,9 мың теңге) 2008 жылмен салыстырғанда (947 618,9 мың теңге) 51,4 % құрайды.

- жүк тасымалдары

стат. деректер

млн. тонна

2943,1

3 014,3




- жолаушылар тасымалдары

стат. деректер

млн. адам

18640,0

18 483,9

Көлік қызметтерін қолданылатын, экономика саласында өсу қарқынының төмендеуі

- жүк айналымы

стат. деректер

млрд.
т-км

383,8

368,1

- жолаушылар айналымы

стат. деректер

млрд.
ж-км

211,1

211,3




9. НКИ көлік қызметтері, алдыңғы жылға қарағанда %

стат. деректер

%

107,5

107,2

Көлік қызметтерін қолданылатын, экономика саласында өсу қарқынының төмендеуі (тау-кен өндірісі – 100,2 %, ауыл шаруашылығы бойынша НКИ – 82,2 %,).

Көлік және қоймалау бойынша НКИ өсуі экономиканың жалпы өсуімен тығыз өзара байланысты, сондықтан көлік және қосымша қызметтер қызмет көрсету сипатын және олардың қалыптастырған сұранысы көлемінде көрсетіледі.



11. Мемлекеттік бақылау субъектілерінің жоспарлы тексерулер санын қысқарту (жыл сайынғы тексеру жүргізу жоспарына сәйкес)

ККМ деректері

%

10

10




13. Көлiктегі көлiктік оқиғаларды азайту (әуе көлігінен басқа)

ККМ деректері

%

2

17,5

2012 жылдың қорытындысы бойынша көліктік апаттардың саны 14 331 құрады, ол 2011 жылғы қорытындысымен салыстырғанда 17,5%-ға артты (2011 жылы көліктік апаттардың саны 12 192 құрады).



Автомобиль көлігі саласында – 14 068, темір жол көлігі саласында – 240, су көлігі саласында – 23.

Жасалған көліктік апаттардың себептері келесіде:



Автомобиль көлігінде: жол үстіндегі тәртіптің төмен деңгейі, жол жүру Ережесін сақтамағандары, яғни – жылдамдықты асыру, жаяу жүргендерге және бөгеттерге басып өту, қарама-қарсы жолға жығып кету және басқалары.

Темір жол көлігінде: жүк темір жол вагондарының бүйіріндегі рамаларының қирауы, жаяу жүрушілер бағыты мен темір жолды кесіп өтетін орындарда ескерту белгілерінің саны жеткіліксіз болуы және басқалары.

Су көлігінде: кеме жүргізушілерімен кемелердің қауіпсіз пайдалану ережелерінің құқықтық-нормативтік актілері талаптарының сақтамаулары, кемелердің құтқару жабдықтарымен жабдықталмағандары, капитанның кәсіби жарамдылығы мен жүргізушілік қателіктері, ауа райының қиын жағдайында кемелермен жүзу және басқалары.

1.1.1-міндет. Автожол саласы инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

1. 2015 жылға қарай орташа алғанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдардың 85%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда



ККМ деректері

ККМ деректері



%

79

79




км

18 561

18 561




2. 2015 жылға қарай орташа алғанда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 70%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

ККМ деректері

ККМ деректері



%

63

63




км

44 173

44 173




3. Жөндеудің барлық түрімен қамтылған республикалық маңызы бар жолдардың ұзақтығы

ККМ деректері

км

2 155

2 215




4. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік транзит дәлізін қайта жаңарту

ККМ деректері

км

820

860,9




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

1. Шамамен 12 мың км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу

Бөлінген қаржы шеңберінде жүк тасымалы жиі, перспективалы және транзиттік бағыттағы Щучье-Көкшетау-Петропавл, РФ шекарасы-Орал-Ақтөбе, Атырау-Ақтау-Түркіменстанның шекарасы, Омбы-Павлодар, Майқапшағай, Астана-Қостанай-Челябі учаскелерін қайта жаңарту, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін қайта жаңарту шеңберінде - Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент және Шымкент-Тараз-Жамбыл обл. шекарасы жолдарының учаскелерін; Таскескен-Бақты учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жалғастырылуда, «Алатау» АТП АЭА және Щучье-Бурабай курорттық аймағына кіреберістерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда көрсетілген объектілерде ұзындығы 5 946 км құрылыс, қайта жаңарту және республикалық маңызы бар жолдарын жөндеу жұмыстары орындалды.

850 км республикалық маңызы бар автомобиль жолы пайдалануға берілді.

3 282 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа және күрделі жөндеу орындалды.


2. 2015 жылға қарай шамамен 10 мың км жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 8 331 км жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары өткізілді.

3. 2013 жылға қарай республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелеріне ақылы жүйені енгізу

Ақылы жүйенiң кiрiспенің құрылғылары бойынша, жұмыстың аяқталуы 2012 жылдың 31 желтоқсанында, төлеу жүйесінiң құрылымы 2013 жылға жоспарланады.

2012 жылда Астана-Петропавл автомобиль жолында Астана-Щучье учаскесінде ақылы жүйені енгізу бойынша жұмыстар аяқталды, жіберілуі ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған. Қазіргі уақытта ақылы жинау жүйесі тестілеу тәртіпте жүргізілуде.



4. Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылаушы аумақтық жол зертханаларының жауапкершілігін арттыру

Территориялық жол лабораторияларының жауапкершілігін арттыру үшін 2012 жылы «Облжоллаборатория» ММ мобильді лабораторияларында GPS фототіркеу жүйесін қолданысқа енгізді. Аталмыш жүйе жылжымалы лабораториядың ағымдағы географиялық орнын автоматты түрде жіберуге және қондырылған стационарлы фототүсірілім алуға мүмкіндік береді. Қосымша инженерлердің көмегімен құқық бұзушылық орны суретке түсіріліп Астана қаласындағы ОДП жіберіледі.

2013 жылы аталмыш іс-шараларды жүзеге асыруға төмендегілер орындалады: қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру үшін және олардың өкілеттілігін кеңейту үшін Жарғыға толықтырулар мен өзгертулер енгізу: «Облжоллаборатория» ММ қызметкерлерінің біліктілік деңгейі мен жалақысын жоғарылату, сонымен қатар бюджетті толықтыру кезінде заманауи жабдықтармен жабдықталған жылжымалы лабораторияларды сатып алуды қарастыру.



5. Техникалық байқау орталығын ашу туралы рұқсат беру тәртібін хабарлама түріне ауыстыру

Экономикалық даму және сауда министрлігінде өңделген, ҚР Заңында «Рұқсат беретiн құжаттардың қысқартылуы және мемлекеттiк органдардың бақылау - қадағалау функцияларының ықшамдалу сұрақтары бойынша, ҚР кейбір заң актілеріне өзгерістер және қосымшалар енгізуі туралы» ҚР Президент әкiмшiлiгiнiң ескертулерiмен сәйкес, техникалық байқау орталықтарының ашылуы туралы шешiмдерге рұқсат беретiн ескерту ретiне аударма қарастырылған, шешiмдердiң көрcетiлген ескерту ретiнде ТБО ашу туралы Заң жобасында жойылған.

1.1.2-міндет.Теміржол саласы инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру

2. Жолдың жоғарғы құрылысын күрделі жөндеу

АҚ

«ҰҚ«ҚТЖ»» деректері



км

650

675,4




4. Теміржол көлігінің негізгі активтерінің тозуы 60 %-ға дейін төмендеген

ККМ

деректері



%

65

61,2




5. Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар маршруттар саны

ККМ дерек-тері

бірл.

65

65




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

1. 2014 жылға қарай Қорғас-Жетіген теміржол желісін салу

2012 жылда 293 км жалпы ұзақтығымен Қорғас-Жетіген 2-шi iске қосылатын кешен объекттерiнің құрылысы аяқталды.

2. 2013 жылға қарай Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара теміржол желісін салу

2012 жылда 146 км жалпы ұзақтығымен Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара 2-шi iске қосылатын кешен объекттерiнің құрылысы аяқталды.

3. 2012 жылға қарай Бейнеу – Жезқазған және Арқалық-Шұбаркөл теміржол желісін салу

Қаржыландыру құрылымы осы жобаларды iске асыруға республикалық бюджеттен жартылай бiрлесiп қаржыландыруымен АҚ "ҰҚ Қазақстан темір жолы" қарыз қаражаттарымен және меншiктi қаражат есебінде іске асыру көзделген.

Қазіргі кезде АҚ "ҰҚ Қазақстан темір жолы" құрылыс жұмыстарының орындауына жалданатын ұйымдар, техниканың мобилизациясы және жұмыс қызметшiсi бойынша шаралар қабылданатын кiлттеулер анықталған.

2012 жылдың шiлдеде мемлекет Басшылығымен, көрcетiлген темiр жол желiлерiнiң құрылысының басталуына старт берілді. Қазіргі уақытта жобалар бойынша жер қабатын төсеу, су өткізу құбырларын монтаждау, ішкі электрмен жабдықтау бағаналарын жеткізу, сондай-ақ рельс-шпалды торды құрастыру мен төсеу жүргізілуде. Жобаларда 1,2 мың адам және 800 бірлік техника тартылған.


4. 2014 жылға қарай темір жол көлігін басқарудың жаңа жүйесін енгізу

2012 жылдың 27 наурызда АҚ «ҰҚ «ҚТЖ»: АҚ «Теміржолжылу» қосылуы және ААҚ «Желдорводотеплоснабжение» АҚ «Теміржолсуға» еншілес ұйымдарды қайта құру бойынша іс-шаралар аяқталған.

ЖШС «Лесозащита» және ЖШС «Жолаушылар тасымалдаушылар жедел-технологиялық орталық басқару» - АҚ «Жолаушылар тасымалдаулар» енщілес ұйымдарда ажырату бойынша іс-шаралар жүргiзiліп жатыр.



5. Теміржол жылжымалы құрамын сатып алу

2012 жылда жалпы 258,9 млрд.теңгеге жылжымалы құрам 14 471 бірлік алынды, олардың ішінен: локомотивтер-58,3 млрд.теңгеге 152 бірлік , жүк вагондары-185,2 млрд. теңгеге 14 217 бірлік, жолаушы вагондар 15,4 млрд. теңгеге 102 бірлік.

7. Жүк және жолаушыларды тасымалдау саласында жаңа тарифтік саясатты іске асыру

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы №303-ОД бұйрығы және 2012 жылғы 29 №226-Ц желтоқсандағы «ҚТЖ»ҰК» АҚ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап темір жол көлігімен жүк тасымалдауына магистральдық темір жол желісіне тариф мөлшерлеріне өзгерістер бекітілген.

Бірыңғай экономикалық кеңестік мемлекеттерімен қабылдаған міндеттерді орындау іске асыру мақсатында тасымал түрлері бойынша (экспорттық, импорттық және мемлекетішілік) тарифтердің деңгейі оларды біріздендіру арқылы шеңберінде өзгерді

Біріздендіру қорытындысы бойынша тарифтің төмендеуі экспорттық тасымалдауда келесі жүктер бойынша: Астық (-10%), көмір (-11%), темір рудасы (-3%), мұнай өнімдері (-58%), шекі мұнайға (-37%) және тағы басқаларға тиісінше темір жол шығыстарына қазақстандық жүк жөнелтушілеріне әсер етті


8. 2014 жылға қарай магистральдық желі қызметтерінің шектік тарифтерін 10 жылға бекіту

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

бағаларды мемлекеттік реттеу теміржол көлігі, нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құзыретіне кіреді



9. Әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау

Әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауы «Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалын субсидиялау» 009 бағдарламасы бойынша 2012 жылға республикалық бюджеттен 22,2 млрд. тг. бөлінді. Жылдың қорытындысы бойынша бөлінген қаражат толығымен игерілді.

1.1.3.-міндет. Азаматтық авиация инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

1. ИКАО санатына ие әуежайлар саны (қауіпсіздікті арттыру)



данные

МТК


бірлік

11

11




2. Халықаралық әуе қатынастары санының ұлғаюы

данные

МТК


бірлік

64

64




3. Халықаралық әуежай – «хабтардың» саны 4 бірлікке дейін

данные

МТК


бірлік

3

3




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

1. Республиканың 13 әуежайында ұшу-қону жолақтарын, жолаушы және жүк терминалдарын қайта жаңарту (салу)

2012 жылы Көкшетау қаласының әуежайында ұшу-қону жолағының және аэровокзалдың ғимаратының реконструкциясы (мемлекеттік әдістің актісі бас қол қою кезеңінде) аяқталды, сонымен қатар, Ақтау қаласының әуежайында ұшу-қону жолағының реконструкциясы (мемлекеттік әдістің актісі қол қойылған) аяқталды

2. 2016 жылға қарай еуропалық авиациялық стандарттарды толық енгізу

«ҚР-ның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР-ның Заңын қабылдануына байланысты ҚР-ның аумағында барлық субъектілер үшін еуропалық авиациялық талаптар сияқты халықаралық азаматтың авиация ұйымдарының авиациялық талаптары қолданылады

3. Шетелдік авиакомпанияларды тарту үшін жағдай жасау

Мемлекеттің әуежайларын ары қарай модернизациялау жұмыстары жүргізілуде.

2012 жылы Әуе қозғалысы басқармасымен модернизациялау және радиотехникалық қамтамасыздандыруды енгізу бойынша іс-шаралар жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, азаматтың авиациясының тұғырнама болып табылатын дүниежүзілік геодезиялық спутникті аэронавигацияның координат жүйесі енгізу жұмыстары жүргізілді.



4. Әуе тасымалында бәсекелес нарықты құру

Әуе тасымалдардың ішкі рыногіне либералды рұқсат алу туралы шешім қабылданды.

Министрлікпен 2011 жылдың 30 маусымда авиамаршруттарға конкурсты күшін жоюды пысықтау қарастырылған бәсекелестікті дамыту үшін іс-шаралар (жол карта) жоспары бекітілді. Аталған жұмыстардың шеңберінде қазақстандық авиакомпаниялардың ішкі әуе тасымалдардың рыногіне рұқсаты жеңілдіктері және де ішкі авиамаршруттарға конкурсты тоқтату қарастырылған.

Осы өзгерістер әуе тасымалдар рыногінде бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді, авиабилеттерге тарифтердің төмендетеді. Осы мақсатта ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкес авиатасымалдаушыларға жаңа квалификациялық талаптар әзірленді.

Шегінде айтылмыш жұмыстың оңайлатылған тәртіп қазақстандық авиакомпанияның авиаперевозок ішкі базарына, орындатпау конкурс ішкі авиажол бағдарларыма көзделген. осы мақсаттарда жаңа біліктіліктің талаптары авиаперевозчикам сәйкестікке полетов қауіпсіздігінің халықаралық қалыптарына әзірлейді.



1.1.4-міндет. Су көлігі инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

1. Теңіз порттарының өткізу қабілеті 48 млн. тоннаға дейін жеткізілді



ККМ деректері

жылына

млн. тонна



16,0

16,0




2. 2015 жылға қарай мемлекеттік техникалық өзен флотын 24 бірлік мөлшерінде жаңарту және жаңғырту

ККМ деректері

бірлік

2

2




3. Ұлттық теңіз сауда флоты қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының порттарынан Каспий теңізіне тасымалдау көлемінің үлесі

ККМ деректері

%

70

78




Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

1. 2015 жылға қарай Өскемен, Бұхтарма және Шүлбі шлюздерін қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру

Өскемен және Бұқтарма шлюзін қайта жөндеу жобасы бойынша 2011 жылғы 21 ақпанда Шығыс Қазақстан РМҚ су жолдары кәсіпорынымен № 78 келісім шарт жасалды.

Жобаның жалпы құны – 1,3 млрд.теңге.

Іске асыру мерзімі – 2009-2014 жылдар.

2009-2011 жылдары – 930,1 млн. теңге игерілді. 2012 жылға жобаны іске асыру үшін бюджеттен 272,3 млн. теңге бөлінді, жылдық қаржыландыру жоспарынан 100 % игерілді.



Шульба шлюзінің қорғаныс гидротехникалық құрылысының салынуы 2012 жылғы 17 ақпанда Шығыс Қазақстан РМҚ су жолдары кәсіпорынымен № 14 келісім шарт жасалды.

Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд. теңге.

Іске асыру мерзімі – 2012-2014 жылдар.

2012 жылы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін – 44,8 млн. теңге бөлінді, жылдық қаржыландыру жоспарынан барлық көлемде немесе 100 % игерілді.



2. 2016 жылға қарай Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясында және ішкі суларында кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету

Навигациялық кезеңді 2012 жылғы сәуір - мамыр айларында ашылып қазан-қараша аяқталумен жүзеге асырылады. Навигациялық кезеңнің бастап Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейіндерінде су жолдары учаскелерінде жалпы ұзындығы 4 040,5 км – 792 247 км/тәулік; сондай-ақ түбін тереңдету – 1710,4 мың куб метр; түзету – 55 мың куб. м; түбін тазарту – 10,8 мың тонна, жобалық арналық іздену – 205,8 км, кеме қатынасы шлюздерін, техникалық флотты және кеме қатынасы жабдықтары белгілерін жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстар орындалады.

3. Мемлекеттік техникалық өзен флоты кемелерінің құрылысы

Келісі іс шараларды жүзеге асыру жүргізілді:

- құрылысты бастау:

қосалқы флоты (1 кезең) – 1 бірлік;



- құрылысты жалғастыру:

жабдық флоты (2 кезең) - 1 бірлік;

түбін тереңдету флоты (2 кезең) - 2 бірлік.;

қосалқы флоты (2 кезең) – 4 бірлік;



-құрылысты аяқтау және жеткізу:

жабдық флоты (2 кезең) - 1 бірлік;

қосалқы флоты (3 кезең) – 1 бірлік.


4. Ақтау портының инфрақұрылымын техникалық жаңғырту

«Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту» жобасын іске асыру шеңберінде 2012 жылы концессиялық негізде үш құрғақ жүк терминалын салу жоспарланған (1 астық және 2 жанжақты), республикалық бюджетпен 80,3 млн. теңге шамасында техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге қаражат бөлінді.

Бірақ Ақау теңіз портын акционерлеуге байланысты көрсетілген қаражат құралдарын бюджетке қайтару туралы шешім қабылданды және құрғақ жүк терминалын салуға бұрын бекітілген техникалық экономикалық негіздемені түзету Ақтау порты қаражаты есебінен жүргізілді.



1.1.5-міндет. Автокөлік саласы инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

1. Халықтың автобуспен жолаушылар тасымалдары сапасына қанағаттану деңгейі



ККМ деректері

%

62

62




2. Елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен қамту

ККМ деректері

%

75

75




3. Халықаралық жүк автотасымалдары нарығындағы қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі

ККМ деректері

%

26

26




4. Белгіленген талаптарға жауап беретін автомобильдік жолаушылар тасымалдары инфрақұрылымының үлесі

ККМ дерек-тері

%

50

50




5. Көлік құралдарын міндетті техникалық тексеріп қараумен қамтуды ұлғайту

ККМ дерек-тері

техника-лық бай-қау желі-лері

400

641

Жоспардың асырылып орындалғаны келесіде:

«Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» ҚР-ның Заңына ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен 2012 жылғы сәуірде аудандық маңызы бар елді-мекендерде техникалық байқау орталықтарын ашу кезінде кәсіпкерлерді мобильді линияларды міндетті сатып алудан босату бөлігінде түзетілер енгізілді, яғни кәсіпкерлерге техникалық байқау орталықтарын ашуға қаржылық шығындар төмендетілді;

«Техникалық байқау орталықтары» тізбегіне енгізу ретін жеңілдету, яғни қажетті құжаттардың тізімі қысқартылды.


Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

1. Автовокзалдар, автостанциялар және тасымалдаушылардың мемлекеттік стандарттарын енгізу

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 617-од бұйрығымен бекітілген 3 ұлттық стандарт әзірленді:

«Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері»;

«Тұрақты және тұрақты емес тасымалдар бойынша автокөлік қызметтері»;

«Такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері».

Осы стандарттар 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазіргі кезде жоғарыда аталған қызметтерді көрсетілген стандарттармен сәйкестікке келтіру бойынша шаралар қолданылуда.

Сонымен қатар облыстық орталықтардағы және Астана, Алматы қалаларындағы автовокзалдар видеобақылау құралдарымен және Интернетке сысыз қолжетімділік жүйелерімен жабдықталды.


2. Жергілікті атқарушы органдардың жол жағдайы және жолаушылар қатынастарына қажеттілігі бар елді мекендерді тұрақты автобус маршруттарымен қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігін арттыру

Жол жағдайлары және жолаушы қатынасында қажеттілігі бар (100%) елді мекендерді тұрақты автобус маршруттарымен қамтамасыз ету (қамту) бойынша көлік қолжетімділік индикатор аумағын дамыту бағдарламасына енгзу көзделетін ҚР-да автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалдарын дамыту бойынша шаралар кешені ҚР Премьер-Министрінің 2012 жылғы 19 маусымдағы № 119-р тапсырмасымен бекітілді.

3. Қазақстандық тасымалдаушыларға халықаралық автокөлік құралдары нарығындағы олардың ұстанымдарын нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау

2012 жылы 20 халықаралық кездесулер өткізілді, олардың 10 Халықаралық автомобиль тасымалдарын іске асыру мәселелері бойынша бірлескен комиссияның отырыстары (Монғолия, Қытай, Беларусия, Болгария, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Литва, Украина, Дания); ШЫҰ сараптама кездесуіне, БҰҰ ЕЭК Ішкі көлік бойынша комитеті жұмыс тобының 3 отырысына, ОЭС және ТРАСЕКА отырыстарына; Еуразиялық экономикалық комиссияның МДП келісімін пысықтау бойынша жұмыс тобының 2 отырысына қатысылды.

Өткізілген кездесулердің қорытындылары бойынша 38 елмен рұқсат беру бланкілермен алмасу квотасы белгіленді. Бұл реттет 3 елге (елден) 29%-ға рұқсат беру бланкілерін алмасу квотасы қысқартылды, ол алмасу квотасы қысқартылған шетел мемлекеттерінен жүк тасымалдауға жол берді.

Жалпы, қабылданған шаралар халықаралық автокөлік қызметтері нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың үлесін арттыруға жол берді.


4. Аудандық деңгейдегі елді мекендерде ашылатын орталықтар үшін ұтқыр желілердің болуы туралы талапты алып тастау

«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңына 2012 жылғы 17 сәуірдегі енгізілген өзгерістер шеңберінде аудандық маңызы бар елді мекендерде техникалық байқау орталықтарын ашу кезінде стационарлық және мобильдік желілердің міндетті бар болуы бойынша талап алынып тасталды



5. Жолаушылар тасымалының инфрақұрылымын дамыту

Көлік инфрақұрылымының (автовокзалдардың, автостанциялардың және аялдама (кассалық) пункттердің, такси тұрақтарыныңғ өндірістік базалардың) барлық бар желісін тексеру негізінде автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалдарын дамыту бойынша іс-шаралардың аймақтық жоспарларын әзірлеу және бекіту көзделген ҚР-да автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалдарын дамыту бойынша шаралар кешені ҚР Премьер-Министрінің 2012 жылғы 19 маусымдағы № 119-р тапсырмасымен бекітілді.

Республиканың барлық аймақтары келесіні қарастыратын автомобиль көлігінде жолаушылар тасымалдарын дамыту бойынша аймақтық іс-шаралар жоспарларын әзірледі және бекітті:

1) елді мекендер дамуының бас жоспары есебімен автовокзалдар мен автостанциялардың маршрут желісін және дислокация орындарын қайта қарау;

2) жаңа автовокзалдар мен автостанцияларды салу, соның ішінде МЖӘ тетігін қолданумен;

3) автовокзалдар мен автостанциялары жоқ елді мекендерде автобустар үшін аялдама пункттерін ашу;

4) автовокзалдар мен автостанциялардың бірыңғай орнатылған талаптар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету;

5) жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауларына ведомствоаралық рейдтік тексерістерді жүргізу;

6) жер учаскесін мақсаттық арнауда емес, с.і. автобустарды жөнелту үшін рұқсат етілмеген ұйымдастыру кезінде жер учаскесін қолдануға актілерді алып қою;

7) машина-орын қажеттілігін талдау есебімен жолаушылар бар орындарда (рыноктар, супермаркеттер, ойын-сауық-мәдени орталықтар және т.б.) такси тұрақтары үшін орындарды анықтау және оларды жабдықтау;

8) тасымалдаушыларды өндірістік-техникалық базаны жетілдіру бойынша ынталандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет