2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы



Дата23.02.2016
өлшемі32.58 Kb.
#8829


2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы Курчатов қаласының

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Қала халқының саны жылдың басымен салыстырғанда 2,4 пайызға өсіп 11 467 адамды құрады.

1 қазандағы жағдайы бойынша қалада 151 бала дүниеге келіп, 78 адам қайтыс болды, соның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 1 бала, табиғи өсім 73 адамды құрады. Аналық өлім жағдайы болмаған. Қала бойынша 2012 жылдың 12 айында туберкулез ауруымен ауратындар деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда – 133,1 пайызды құрады, бұл көрсеткіш орташа облыстық көрсеткіштен (92,0) жоғары.



Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 9,0 пайызға өсіп, 4378,0 млн. теңгені құрады. Бұл тау – кен, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау және өзге де қалдықтарды жою қызметтердің өсімдер есебінен болды.

Нақты индекс көлемі 6,2 пайызға өсіп, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 62,9 пайызға, электрмен жабдықтау – 19,8 пайызға.

Тау –кен өнеркәсібіндегі нақты индекс көлемі - 80,8 пайызды, сумен жабдықтау - 87,8 пайызды құрады.

Өнеркәсіптік өндірістің негізгі үлесін сумен жабдықтау, құбыр жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуге бақылау 39,7 пайызды құрайды, тау – кен өндірісі және карьерлерді өңдеудің үлесі - 31,5 пайызды, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 21,6 пайызды, электрмен қамту, газ және бу беру, ауаны кондиционерлеу -7,2 пайызды құрайды.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 944,9 млн. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың деңгейінен 44,9 пайызға көп, тау – кен өндірісі 17,5 пайызға көбейіп – 1378,6 млн. теңге, электрмен жабдықтау 9,8 пайызға төмендеумен - 317,7 млн. теңге, сумен жабдықтау 5,5 пайызға төмендеумен – 1736,8 млн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өніміндегі нақты индекс көлемі -109,2 пайызды (269,7 млн.теңге) құрады.

Тірі салмақта 145,6 тонна ет (өсім 2,4 пайыз), сүт – 696,4 тонна (өсім 3,8 пайыз), жұмыртқа – 64,9 мың дана (өсім 45,2 пайыз).

ІҚМ басының саны 904 басты құрайды (5,8-ға төмендеу), қой мен ешкі – 2782 бас (өсімі 1,9 пайызға), жылқы – 390 бас (100паыз), шошқа – 156 бас (өсімі 1,3 пайызға).

Негізгі капиталға түскен инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,6 пайызға өсімімен 2 242,2 млн. теңгені құрады. Нақты индекс көлемі 96,6 пайызды құрады. Инвестициялардың қысқаруы республикалық бюджеттен инвестициялардың азаюы есебіне болды.

Салынған инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың меншік қаражаттары құрайды – 52,9 пайыз, қарыздық қаражат – 11,6 пайыз, республикалық бюджет қаражаты – 18,5 пайыз, жергілікті бюджет қаражаты – 17,0 пайыз.

Жалпы алаңы 3 850 кв.м. тұрғын үйлердің іске қосылуы қамтамасыз етілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің мәліметтеріне 24,4 пайыз. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1317,8 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 13,4 пайызға артық. Нақты индекс көлемі 109,3 пайызды құрады.

2013 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны 60 бірлік немесе өткен жылдың деңгейіне 96,8 пайыз. Шағын бизнесте жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны - 35 бірлік, бұл өткен жылдың деңгейінен 5,4 пайызға төмен. Белсенді кәсіпорындар саны - 30 бірлік (96,8%). Шағын бизнес субъектілері санының төмендеуі ұзақ уақыт жұмыссыз тұрған кәсіпорындарды жою есебінен болды, соның ішінде ағымдағы жылдың ішінде 3 кәсіпорын жойылды.

Бөлшек тауар айналым көлемі 2 824,8 млн. теңгені құрап, бұл өткен жылдың деңгейінен 21,1 пайызға артық. Нақты индекс көлемі 116,8% құрады.

Тұрғындарды жұмыспен қамту Бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. 2013 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 49 адамды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 22,2 пайызға кем. Жыл басынан 372 жұмыс орыны құрылып, 407 адам жұмысқа орналастырылды; қоғамдық жұмысқа 166 адам, жастар тәжірибесіне - 28 адам жіберілді. Әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда: мемлекеттік әлеуметтік мекен – жай көмегін 29 отбасы, тұрғын жай көмегін – 91 отбасы алды, 261 балаға балалар жәрдемақысы төленді. Мүмкіндігі шектеулі 8 бала үшін үйде жеке оқыту ұйымдастырылған.

Ең төменгі күнкөріс шамасы ағымдағы жылдың желтоқсан айына 17 095 теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 111,8 пайызды құрады.

Салық және басқа да міндетті төлемдерден қалалық бюджетке түскен түсімдер 1 545,2 млн. теңгені немесе болжаммен 100,1 пайызды құрайды. Меншік кірістер 575,1 млн. теңге немесе өткен жылға 2,2%-ға төмендеумен, болжам бойынша 103,4 пайызды құрады.

Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 1 714,4 млн. теңге сомасына немесе 100 пайызға орындалды. 2012 жылдың 1 желтоқсанына республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 404,8 млн. теңге сомасында немесе 99,6 пайызға игерілді.

2012 жылдың қаңтар-қараша айларында жалданбалы жұмысшылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңіне 3,4 пайызға өсімімен 4 112 адамды құрады.

Ірі және орта кәсіпорындардың (филиалдар есебімен) жалпы еңбек ақы қоры 2012 жылдың қаңтар-қараша айларында 4 401,1 млн. теңгені құрады (жедел мәліметтер), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 33,3%-ға артық.

Орташа айлық еңбек ақы төлемі 25,5 пайызға артып және 106 305 теңге деңгейінде қалыптасты.

Курчатов қаласы бойынша 2012 жылдың 1 желтоқсанына ірі және орта кәсіпорындардың дебиторлық берешегі – 3 586,2 млн. теңгені (өсімі 2,3 есеге), міндеттер бойынша берешек – 3 527,8 млн. теңге (58,2%), еңбек төлемі бойынша берешек – 208,8 млн. теңге (107,1%). Қала бойынша мерзімі өткен берешектер жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет