2012 жылдың I тоқсанындағы Курчатов
қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 94,4 пайызға ұлғайып 1 764,5 млн. теңгені құрады. Бұл өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау – кен және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтердегі өсімдер есебінен болды.
Жеке индекс көлемі 2,2 есеге, соның ішінде тау – кен өнеркәсібінде – 180,7 пайыз, өңдеу өнеркәсібі – 199,4 пайыз, электрмен жабдықтау – 106,3 пайызға өссе, сумен жабдықтауда - 2,4 есеге өсті.
Тау кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі 327,5 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,4 пайызға артқан. Өңдеу өнеркәсібінде өткен жылдың сәйкес кезеңіне 2,5 есе өсімімен 341,1 млн. теңге сомасында өнім шығарылды. Электрмен жабдықтау, газ беру және ауаны кондициялау 145,9 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың деңгейіне 8,1 пайызға өскен. Су жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау 950,0 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өскен.
Өнеркәсіптік өндірістің негізгі үлесін сумен жабдықтау, құбыр жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 53,8 пайызды, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 19,3 пайызды, тау - кен өндірісі және карьерлерді өңдеудің үлесі - 18,6 пайызды, электрмен қамту, газ және бу беру, ауаны кондиционерлеу - 8,3 пайызды құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы түсімінің өткен жылдың тиісті кезеңіне 28,4 пайыз өсіммен 18,1 млн.теңгені құрады. Жеке индекс көлемі – 101,3 пайыз. Бұл көрсеткіш облыстық көрсеткіштен 0,9 пайыздық деңгейге көп.
Жалпы қала бойынша тірі салмақта 30,5 тонна ет (өсім 0,3 пайыз), 72,8 тонна - сүт (2,0 пайыз), 6,1 мың дана жұмыртқа (өсім 19,6 пайыз) өндірілді.
Ірі қара мал басы 1 000 басты (өсім – 0,6 пайыз), қой және ешкі малдарының саны 3 453 басты (өсім – 4,8 пайыз), жылқы – 410 басты (өсім – 1,2 пайыз), шошқа – 195 басты (өсім 5,4 пайыз) құрады. Жеке шаруашылықтарда және шаруа қожалықтарды эпизодияға қарсы шаралар іс – шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі капиталға түскен инвестициялар 78,6 млн. теңге құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 16,2 пайызға кем. Жеке индекс көлемі 78,9 пайызды құрады. Инвестициялардың қысқартылуы республикалық бюджетінің қаражаты төмендеу арқылы болды.
Салынған инвестициялардың негізгі үлесін кәсіпорындардың меншік қаражаттары құрайды – 94,2 пайыз, республикалық бюджет қаражаты – 5,4 пайыз, жергілікті бюджет қаражаты – 0,4 пайыз.
Шынаяқ сектор экономиясына негізгі капитал инвестициялары 74,0 млн.теңге құрайды қайсы өткен жылдың деңгейінен 52,3 пайызға көп. Жеке индекс көлемі 143,2 пайыз құрайды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңіне 2,8 пайыз немесе жалпы ауданы 171,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 38,0 млн. теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны 60 бірлікті құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 95,2 пайыз. Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны өткен жылдың деңгейінен 10,0 пайызға аз, 36 бірлік. Белсенді кәсіпорындар саны 31 бірлікті құрады (өсім – 3,3 пайыз). Ұзақ әрекетсіз кәсіпорындарды жою арқылы шағын бизнес субъектілердің саны төмендеді, оның ішінде ағымдағы жылдың ақпаныңда 2 кәсіпорын жойылды.
Бөлшек тауар айналымның көлемі 405,6 млн. теңгені құрады, ЖИК 115,7 пайыз.
Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. ағымдағы жылдың 1-ші сәуіріне жұмыссыздар саны 58 адамды құрайды, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 1,8 пайызға аз. 59 жұмыс орыны құрылды, 67 адам жұмысқа орналастырылды; қоғамдық жұмысқа 83 адам жіберілді. Әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда: мемлекеттік әлеуметтік мекен – жай көмегін 19 отбасы, тұрғын жай көмегін – 68 отбасы алды, 125 балаға балалар жәрдемақысы төленді. Мүмкіндігі шектеулі 6 бала үшін үйде жеке оқыту ұйымдастырылған.
Ірі және орта кәсіпорындарының жалпы еңбек ақы қоры (филиалдарды есепке алғанда) 2012 жылдың қаңтар – ақпан айларында 708,1 млн. теңгені құрайды (шұғыл деректер), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 29,0 пайызға көп.
Орташа айлық еңбек ақы 24,3 пайызға өсіп және 90 841 теңге деңгейінде қалыптасты.
2012 жылдың 1 наурызына Курчатов қаласы бойынша ірі және орта кәсіпорындардың дебеторлық берешектері – 1343,8 млн.теңге (74,9 пайыз)құрайды, міндеттемелер бойынша борыш– 6 010,9 млн.теңге (109,3 пайыз), еңбекақы төлеу бойынша борыш – 166,0 млн.теңге құрайды немесе 91,8 пайыз өткен жылдың тиісті кезеңіне ұқсас. Қала бойынша жалақы төлеу берешегін кешіктіру болған емес.
Салық және басқа да міндетті төлемдерден қалалық бюджетке түскен түсімдер 163,3 млн. теңгені немесе болжам бойынша 95,9 пайызды құрайды. Меншік кірістер 115,8 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 16,7 пайыз өсімімен болжам бойынша 100,8 пайызды құрады.
Қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 164,3 млн. теңге сомада немесе 94,0 пайызға орындалды. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер 9,1 млн. теңге сомасында немесе 80,9 пайызға игерілді.
Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік –маңызды көрсеткіштердің тұрақтануы байқалады. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап барлық жылдарда ұлт денсаулығын жақсарту бойынша саясат жалғасуда.
1 сәуір жағдайы бойынша Курчатов қаласында 32 адам дүниеге келді, 25 адам қайтыс болды, табиғи өсім 7 адамды құрады.
Амбулатуралық - емханалық, стационарлық және диагностикалық қызметтер көрсету жетілдірілуде.
3 айда 16,2 мың адам емханаға қаралған, 1,4 мың адамға үйде ем көрсетілген.
313 ауру стационарда емделген. Емхана ішіндегі күндізгі стационарда 191 ауру, 202 ауру стационарда емделген. 48 операция жасалған. Қала бойынша 2012 жылдың үш айында туберкулез ауыруымен ауратындар деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда – 63,9 құрады.
2012 жылдың 1 тоқсанына білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен мәдениетті тұлға тәрбиелеу шарттарын жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бар іс-шаралар бөлімнің 2012 жылғы жоспарына сәйкес өткізілді.
Жыл Республикалық «Всеобуч» айлығымен басталды. Мектеп мұғалімдері бекітілген шағын аудандардан оқумен қамтамасыз етілмеген балаларды анықтау мақсатында сыныптардың әлеуметтік паспорттарын қарап шықты, актілер құрастырды, бақылауда тұрған отбасылардың тұрғын-үй тұрмыс шарттарын тексеріп, үлкен жұмыс өткізді.
Бөлімнің ерекше бақылауында - қаланың мектеп бітіруші түлектерінің қорытынды аттестациясы, Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді табысты тапсыруы – қала рейтингісі көрсеткіштерінің бірі. Мектептерде 13 сынақ тестілеу өткізілді. Орта балл 55,3 пайыздан 71,0 пайызға дейін көтерілу мақсаты бар.
Жидебай (Абай ауданы), Семей қаласында – Достоевский, Абай атындағы мұражайға, биологиялық орталығына балаларға экскурсия ұйымдастырылған.
«Қуан сәби» республикалық акциясының шеңберінде ағымдағы жылдың 19 наурызында №1 орта жалпы білім беретін мектеп базасында - ата-аналар және балалар үшін, психология тренингі жоспарланған іс-шара өткізілді. Тренингке 48 бала және 38 ата-ана қатысты.
Мәдениет саласында қалалық мәдениет үйінің ұжымымен және қалалық кітапханамен 30 мәдени – көпшілік іс – шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Қалалық кітапхана ақпараттарға қол жетімділікті ұсынып, өсіп келе жатқан ұрпақтардың интеллектуалды – білім әлеуетінің өсуіне нақты әсерін тигізеді, бұл қаладағы мәдениет маңызының арттыруына ықпал көрсетеді. Қалалық кітапхананың жалпы кітап қоры 28 289 дана, соның ішінде мемлекеттік тілде 4263 дана. Мамыр айында 300,0 мың теңгеге кітап сатып алу жоспарланған.
Ағымдағы жылы бұқаралық ақпараттар құралдарында тіл саясаты мәселесі бойынша 8 материал жарияланды.
2012 жылдың 6 ақпанында «Журавушка» балабақшасында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі білім бөлімімен бірлесе отырып мектепке дейінгі басқа ұлт өкілдерінің балалар арасында «Біз қазақша сөйлейміз» атты қалалық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі мекемелеріндегі басқа ұлт өкілдерінің тәрбиеленушілеріне мемлекеттік тілді үйретудің жағдайын зерделеу және олардың ата-аналарының мемлекеттік тілді оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
5 сәуірінде Өскемен қаласының №9 «Арман» балабақшасында ұқсас байқау өткізілді. Осы аталған байқауға Александра Бурнашова қатысып, «Ақжарқын бала» атты номинациясына иеленді.
2012 жылдың 24 ақпанында мемлекеттік тілді оқыту орталығында қазақ жастары арасында орыс тілі білгірлерінің «Жеті жұрттың тілін біл» атты қалалық конкурсы өтті.
Байқау халықтың лингвистикалық капиталын дамыту, орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңестегі қолданысын сақтау мақсатында өткізілді.
Өскемен қаласында өткен «Жеті жұрттың тілін біл» атты облыстық конкурста Салтанат Мәдиева 11 қатысушылардың арасынан 3 орынды жеңіп алып, диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Салауатты өмір салты, атап айтқанда дене шынықтыру және спорт күшті және дені сау қоғамды дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік құрал болып табылуда.
Қалада дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 18 спорт орындары жұмыс істейді: 8 спорт зал (соның ішінде Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде 4 залы), 3 алаң, 3 спорт алаңы, 3 хоккей корты, 1 спорт кешені және спорт клубтары жұмыс істейді.
2012 жылдың 8 сәуірінде Семей қаласында біздің қаланың спортсмендер қатысқан қыздар және жасөспірімдер арасында гір спорты бойынша ШҚО біріншілігі өтті. Қыздар арасында II орынды – Екатерина Назарова, жасөспірімдер арасында I орынды – Александр Борисов жеңіп алды.
Сонымен қатар қаланың хоккей командасы бес серіктестік кездесу өткізді (үшеуі өз аумағымызда, екеуі қала шетіне шығуымен). Курчатов қаласы футболының жас командасы Павлодар қаласындағы ойындарға қатысып, сондай – ақ қаламызда Курчатов қаласы әкімінің жүлдесіне турнир өткізді.
Халықаралық әйелдер күніне арналған волейбол бойынша қаланың кәсіпорындар және ұйымдар арасында балалар жасөспірімдер спорт мектебінде қалалық жарыс өткізілді.
Бірінші тоқсанына 17 жалпы қалалық спорттық іс-шаралар өткізілді. Апта сайын спорттық іс-шараларға 600-ден астам адам қатысады, 2012 жылдың 1 сәуіріне ұйымдастырылған спортпен 2164 адам айналысады, бұл көрсеткіш 2012 жылдың қантарына қарағанда 49 адамға жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |