2013 жылғы Халықаралық балаларды қорғау Күнін өткізуге тұжырымдама 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бекітілген 2010 жылы 29 қарашада №1113 Жарлығымен «Саламатты Қазақстан»



Дата25.02.2016
өлшемі0.49 Mb.
#21697
2013 жылғы Халықаралық

балаларды қорғау Күнін өткізуге тұжырымдама
2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бекітілген 2010 жылы 29 қарашада №1113 Жарлығымен «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтау Мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 73 бұйрығына «Салауатты өмір салтын қалыптастыру және 2013 жылы аурулардың алдын алу профилактикасы іс-шараларын өткізу туралы» сәйкес, республикада 1 маусым күні - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс- шара өткізіледі.

Халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылы қабылданған. Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының (ХДӘФ) шешімімен өткізіледі. Бірінші Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді.

Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл, гуманды және әділетті қоғам құру үшін қажетті жағдай ретінде ересектерге балалардың өмір сүру, пікір және діни еркіндік, білім алу, демалысы мен ермегі, күш көрсету мен психологиялық зорлық - зомбылықтан қорғану, балалар еңбегін пайдаланудан қорғау, құқығын сақтау, керектігі туралы ескерту. Балаларды қорғау күні түрлі іс-шаралардың өткізілуімен аталып өтіледі. Ондағы мақсат қоғам назарын балалар мәселелеріне, оларды түрлі қауіп-қатерден қорғауға аудару.

Халықаралық балаларды қорғау күні – 1 маусымда барлық елдерде аталып өтіледі. Бұл балалар үшін ең көңілді мейрам болумен қатар, балаларды жақсы көру, оларды қауіптен сақтау, балаларды өз қуанышына балау, өзінің ұрпағы ретінде тану сияқты жалғыз мүмкіндікті жаңғырта отырып, ересектерге де балалардың үнемі қамқорлық пен қорғауды қажет ететіні туралы және ересектердің олар үшін жауапты екені туралы ескертеді.

1959 жылы БҰҰ балалар құқығын қорғау декларациясын қабылдады, ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметті, мемлекеттік емес мекемелерді, декларацияда жазылған балалардың құқығы мен еркіндігін мойындауға және оларды сақтауға шақырды. Декларация тек ұсыныс сипатында болды, міндеттеу күші болмады. Балалардың ең озық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президенті Н.Назарбаев бұл Конвенцияға қол қойды, оны үкіметіміз 1994 жылы ратификациялады. Қазақстан Республикасының 08.08.2002 жылғы «Бала құқығы туралы»№ 345 –П Заңы қабылданды, ол бойынша балалар құқығы Конвенциясының 1 бабында 18 жасқа толмаған балалар, бала құқығына кіреді.

Қазақстан бойынша 5,0 млн. тұрғын саны балалар, соның ішінде мектепке дейінгі балалар – 41,7 мың. Республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінде оқитын балалардың саны шамамен 2,5 млн., 2013 жылы бірінші сыныпқа баратын балалардың саны 270 мың. Бұл балалар оқу-әдістемелермен толық қамтылатын болады.

Қазақстан Республикасында 149 мың балаға даму мүмкіншіліктері шектелген, балалар және сәбилер үйіндегі, интернаттар мен стационарларда емделіп жатқан балаларға ерекше көңіл аударылады. Балалар үйінде 5 978 бала тәрбиеленеді, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттарда 1218 бала, даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттарда 14 000 аса бала тәрбиеленуде.

Елімізде 2012 жылы 5-ші Ұлттық әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Осы сұрақтар бойынша жалпы білім беретін мекемелерде ыстық тамақпен ауыл балалары 52,5% (ер бала 55,4 % және қыз бала 49,6%) қамтылған, ал қала балаларының қамтылуы одан 5% артық 57,5% (ер бала 57,7% және қыз бала 57,3%). 11-14 жастағы және 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында қауіп – қатер факторларын зерттеуі бойынша, қала балаларының арасында темекі шегу 6,3% құрайды (ер балалар 9,8% және қыз балалар 2,6%), ауыл балалары арасында - 71,1% (ер балалар 9,4% және қыз балалар 4,9%) құрайды. 2012 жылы келіп түскен мәліметтер бойынша балалар арасында темекі шегушілік факторы 2007 жылғы 4-ші Ұлттық әлеуметтік зерттеулермен салыстырғанда 9,0% төмендеген. Балалар арасында үнемі жаттығу жасайтын балалар 66,9%, оның ішінде ұл балалар – 69,8 % қыз балалар – 64% , қалалықтар – 69,1%, ауылдықтар – 64,3% құрайды.

Балалардың денсаулығын қорғау бүгінгі таңда өзекті және маңызды болу себепті, Қазақстан Республикасында 2013 жылы өткізілетін Халықаралық балаларды қорғау күнінің ұраны «Балалық шақ - елімнің ертеңгі күнінің болашағы!».

Мақсат: балалар мәселелері бойынша билік өкілдерінің, мемлекеттік органдарының және көпшіліктің назарын аударту.

Нысаналы топтар:


  • Ересек тұрғындар

  • Балалар

  • Ата – аналар

  • Медицина қызметкерлері

Міндеттер:

1.Балалар ауруларының алдын – алу мәселелері бойынша, иммундық профилактика, Ұлттық күнтізбе бойынша профилактикалық егу алу туралы, балаларды дүниеге келген күннен бастап емізу керектігі, мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру, қауіп – қатер факторларының алдын – алу

(темекі шегу, алкоголдік ішімдіктерді тұтыну, нашақорлық, АИТВ/ЖИТС) туралы ата – аналарға қол жетімді кеңес беру.

2.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы туралы нормативті- құқықтық актілер туралы мамандардың тұрғындарға кеңес беруі және ол туралы түсіндіруі.

3.Балалардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша БАҚ беттеріне мақалалар жариялау.

Серіктестер:

Әкімдіктер

Білім басқармасы

Әлеуметтік қорғау басқармасы

Бала құқығын қорғау комитеті

ІІД


Халықаралық ұйымдар

Қайырымдылық қорлар

Коммерциялық ұйымдар

МЕМ


Мәдени ойын – сауық орталықтары және т.б.

БАҚ


Негізгі шаралар:

1.Аймақтық дәстүрлерді еске ала отырып, Халықаралық балаларды қорғау күнін өткізу бойынша өңірлік шаралар жоспарын дайындау;

2.АМСК болашақ аналар үшін кең ауқымды акциялар өткізу;

«Мен ана боламын» немесе «Ең сүйкімді және ең тартымды болашақ ана», «Мен керемет ғажайыпты күтудемін – менің қунышымды бөліс» және т.б. фотосайыстар өткізу;

3. Балалар үшін сурет конкурсын ұйымдастыру: «Әлем балалар көзімен», «Балалар сурет салады», «Біз жол қауіпсіздігі үшін»; шығармалар: «Қауіпсіз дөңгелек», «Қызыл, сары, жасыл» және т.б.

4. Балалар шығармашылығынан концерттік бағдарлама ұйымдастыру: «Балалар ән салып, би билейді», «Әлем билері», «Біз тату елдің балаларымыз» және т.б.

5. Балалардың, жасөспірімдердің ата – аналардың қатысуымен спорттық іс-шаралар ұйымдастыру (футбол, волейбол, баскетбол, ұлттық ойындар және т.б.);

6. Перзентханаларда және балалар медициналық мекемелерінде, әйелдер кеңестерінде әр – түрлі салалардағы білікті мамандарды жұмылдырумен «Ашық есік күнін» өткізу;

7. Жас инспекторларға ЖЖЖЕ бойынша ІІД өзара көпшілік жерлерде (саябақ, алаңда, стадион, спорттық алаңдарда, мәдениет сарайы, оқушылар сарайыларында, мектеп жанындағы лагерлерде, ауладағы балалар клубтарында және т.б) конкурс ұйымдастыру;

8. Ата – аналарға балалардың денсаулығын қорғау, репродуктивті құқықты қорғау және жасөспірімдердің құқығы жөнідегі сұрақтарға мамандарының

педиатр, акушер–гинеколог, заңгер, психолог және т.б. тегін көмек көрсетуін ұйымдастыру;

9. Балалар үйінде, отбасы негізіндегі үйлерде, мектеп – интернаттарда МЕҰ-мен бірлесіп іс –шаралар өткізіп, естелік сыйлықтар табыс ету;

10. 1- маусым күні перзентханалар мен неонаталдық бөлімдерде дүниеге келген нәрестелерге ЗАГС–тың келісімімен салтанатты тіркеуден өткізіп, «Отбасында сәбиге күтім жасау» (Қуан сәби), «Салауатты отбасын құрамыз», «Жүктіліктің мазасыздану белгісі», екпелердің ұлттық күнтізбесі, «Отбасын жоспарлау», «Репродуктивті денсаулықты қорғау»т.б. ақпараттық – танымдық материалдарды табыс ету;

11. «Балалық шақ - елімнің ертеңгі күнінің болашағы!» атты ұранымен дөңгелек үстелдер, баспасөз-конференциялар, дебаттар, семинар-тренингтер өткізу;

12. Театрландырылған қойылымдар мен фильмдердің, балаларға арналған аттракциондарды (бір сеансын немесе бір күнін) тегін болуын ұйымдастыру;

13. Медицина қызметкерлерінің БАҚ-на (мақалалар, балалар денсаулығын қорғау мәселесі жөнінде теле-радио бағдарламаларда) сұхбат беруін ұйымдастыру;



Күтілетін нәтиже:

Балалар денсаулығын қорғау мәселесі жөнінде аймақтың ақпараттануының жоғарлауы;

Балалар мен ересектер арасында спорттың жаппай дамуы;

Балаларды жеке гигиеналық тазалыққа дағдыландыруы;



Балалар ауруы мен жарақатын азайтуы;

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет