2013 жылы жасалған жұмысы туралы Тарғын ауылдық округі әкімінің есебі
2013 жылғы тамыздың 5-інен 9-на дейін тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы табысты өтті.
Баламалы негізде мәслихаттар аудандық маңыздағы қалалардың, селолық округтердің, селолық округ құрамына кірмейтін поселкелер мен селолардың әкімдерін сайлады.
2013 жылы 7 тамызда өткен ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерін сайлауының қорытындысы бойынша Тарғын ауылдық округінің әкімі болып мен, Актанов Нуржан Кайргазинович сайландым. Атап айтқанда, жергілікті әкімдерге әлеуметтік салада қосымша өкілеттіктер берілді.
Биылғы жылы күшіне енген жаңартылған заңнама бойынша бізге заң жүзінде 67 функция бекітіліп берілді, оның өзі іс жүзінде жергілікті маңыздағы барлық көкейтесті мәселелерді дербес және жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 15 тамыздағы № 615 Жарлығы негізінде, барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындар алдында есеп беруде.
Әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру жиыны негізінен тұрғындардың округтегі атқарылып жатқан және атқаруга тиісті істермен, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларымен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.
Өткен 2013 жылдың қаңтар айында есепті кездесу кезінде төмендегі сұрақтар қойылған:
Қойылған сұрақтардың қысқаша мазмұны
|
Орындалуы
|
Малахит демалыс орнынан әкеліп төгілетін қоқыс туралы
«Жанабил и К» шаруа қожалығының ауыл ішіндегі санитарлық тазалықты сақтамауы туралы
Ауыл жанындағы қоқыс төгетін орынды ретке келтіру туралы
Ауылдардағы қанғыбас иттерге шара қолдану туралы
|
Округ әкімі Малахит демалыс орнының басшыларымен кездесіп, Ж-Тайынты ауылындағы рұқсатсыз қоқыс төгетін орынға қатты қалдықтарды төкпеулері туралы ескерту жасалып, бүгінге санитарлық тазалықты сақтау қолға алынды.
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі және санитарлық қадағалау мекемесіне хат жолданды, әкімшілік тарапынан бірнеше рет ескертілді, бірақ орындамай отыр. Енді ол азаматқа осыдан былай шара қолдануға құқық берілді, әкімшілік шара қолданылады.
Айтыков ауылындағы қоқыс төгетін орын трактормен итеріліп, тегістелді. Тапсырма орындалды.
«Ұлан мал дәрігері» мекемесімен жыл бойында бекітілген жоспар бойынша 44 қанғыбас иттердің көзі жойылды.
|
Осы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі және үнемі бақылауда.
2013 жылдың тамыз айында ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде төмендегі сұрақтар қойылған:
Қойылған сұрақтардың қысқаша мазмұны
|
Орындалуы
|
1.Тарғын ауылы
-
Билайн ұялы телефон байланысы
керек
|
Казтелеком мекемесіне хат жазылды, қаражат жетіспеушіліктен жуырда болмайды.
Билайн компаниясының директоры В. Лобченкоға хат жолданды, 2013 жылдың аяғына дейін орнатамыз деген, үлгермеді. Биыл орнатылады деген ойдамыз.
|
2. Жоғарғы Тайынты ауылы
- Бейбітшілік көшесінде қазылған
су құбыры іске қосылмай тұр
- Бекбосынов көшесі мен Кенжалин көшесіне тартылған жарық нүктелері жанбайды
- Тайынты өзені арқылы оқушылар, тұрғындар өтетін жаяу жүргіншілер көпірі жоқ.
- Өскемен-Самарға қатынайтын автобус ауыл ішіне кірмейді.
|
Іске қосылды.
Қаңтар айында Семей қаласынан мердігерлер келіп жөндейді.
Аудан маслихатының депутаты Н. Сейсембинаның ықпалымен «Ұлан жолдары» техника берді, әкімшілік жанар-май және көпір салатын құрылыс заттарын тауып, уақытша көпір салынды.
Депутат Н.Сейсембинаның ықпалымен бүгінгі күні автобус Жоғарғы Тайынты ауылына кіреді.
|
3. Айтықов ауылы
- 16.08.2013 жылы ауыл тұрғындарынын газет-журналдарды уақытында ала алмаймыз, почтальен жоқ деген сұрақ болды.
- Варепа көшесі тұрғыны К. Майжарова үйіне құлау қаупі бар ағаштарды кесіп беруді өтінді.
- Абай көшесінде жарық нүктелері жиі өшіп қалады
- Зейнетақы таратқан кезде төлемақы қабылданса?
- Қаршыға көшесіне көпшілік пайдаланатын
1 су құбырын қаздырып беруді сұрады
- Ауыл тұрғындарына жем әкеліп сатса?
|
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы баспасөзді таратуға 1 азамат бөлінді.
2014 жылы абаттандыруға 280,0 тың.теңге қаражат бөлінген ағаштарды кесу жұмыстары ұйымдастырылады.
Аудан маслихатының депутаты К. Акбердиновтың ықпалымен көше шамдарын, осы жұмыстарды атқарған мердігерлерге айтылып, жөндеу жұмысы жүргізіліп, көше жарығы қалпына келтірілді.
Осы жұмысты Казпошта қызметкері Н.Сапаргалиева ұйымдастыратын болып шешілді.
2014 ж. бюджеттен қарастырылды.
Көкпекті ауданынан жем сатып алынды, зейнетақы берілген кезде саудаланады .
|
4. Манат ауылы
- Ауылға ауыз су құбыры қажет, су алатын бастау 3 шақырымда, өзен суы лас
- Ауыл орталықтан шалғай орналасқан, жеке көлік жоқ, дүкенде нан сатылмайды, азық-түлік әкелу қиындыққа соғып отыр, газ жоқ.
- Медбикеге үй жоқ, дәрігерлер профосмотр өткізбейді
|
2013 жылы желтоқсан айында 2 су құбыры қазылды, 1 су құбыры Н. Сейсембинаның көмегімен тазаланып берілді.
Барлығы 92 қап ұн, 30 газ баллон, қант, өсімдік майы, карақұмық жеткізілді.
Үй 2014 жылғы бюджет қаражатынан қарастырылады.
Аудан дәрігерлері келіп, дәрігерлік байқау өткізді.
|
Тарғын ауылдық округі аудан ішіндегі көлемі жағынан, елді мекендердің саны мен ара-қашықтықтары жағынан үлкен әкімшіліктің бірі болып саналады, бес елді мекендерден тұрады, әкімшілік орталығы – Тарғын ауылы. (слайдта көріп отырсыздар)
№
|
Елді мекен
атауы
|
аула
саны
|
аула
саны
|
халық
саны
|
халық
саны
|
|
|
2012
|
2013
|
%
|
2012
|
2013
|
%
|
1
|
Тарғын
|
245
|
232
|
99
|
1248
|
1235
|
97
|
2
|
Ж-Тайынты
|
153
|
146
|
89
|
588
|
564
|
95
|
3
|
Айтықов
|
136
|
138
|
85
|
881
|
821
|
109
|
4
|
Жантас
|
53
|
52
|
83
|
184
|
201
|
88
|
5
|
Манат
|
43
|
43
|
113
|
212
|
175
|
110
|
|
Барлығы:
|
630
|
611
|
97,0
|
3113
|
2996
|
96,3
|
Барлығы округтегі 611 аулада 2996 адам тұрады. Санаттар бойынша мәлімет слайдта көрсетілген:
Округ тұрғындарының саны қалыпты жағдайда сақталып, демографиялық ахуал төмендегідей: 2012 жылы 33 сәби, 2013 жылы 38 сәби өмірге келді. Бұл дегеніміз округ тұрғындары, әсіресе жас отбасыларының келешекке деген сенімділігінің артуы, мемлекеттің қамқорлығын сезу деп білеміз. (Демографиялық жағдайды слайдтан көрулеріңіз болады).
1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін Монгол Халық Республикасынан және Қытай Халық республикасын ата қонысына көшіп келген қандастарымыздың барлық саны - - 1099 адам, оның ішінде 437 адам Айтықов ауылында тұрып жатыр.
Білім беру
Округ аумағында 2 орта, 2 негізгі мектеп орналасқан. Оқушылар саны- 338, дайындық тобында – 51, шағын орталықта – 61 бала. Мұғалімдер саны - 79. Білім саласында жұмыс істейтіндер саны- 138 адам. Осы мектептерде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға тегін ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған, ас мәзірінде балы, сүті бар. Тегін тамақпен Айттыков орта мектебінің – 127, Таенов орта мектебінің - 34, Қайсенов негізгі мектебінің – 56, Ақжолов негізгі мектебінің - 14 оқушылары қамтылған. (слайдтан көрулерінің болады)
№
|
Мектептердің атауы
|
Балалар саны
|
|
Шағын орталықтар
|
1
|
І. Айттықов атындағы орта мектеп
|
40
|
2
|
М. Таенов атындағы орта мектеп
|
14
|
3
|
Қ. Ақжолов атындағы негізгі мектеп
|
7
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
61
|
|
Даярлық тобы
|
1
|
І. Айттықов атындағы орта мектеп
|
29
|
2
|
М. Таенов атындағы орта мектеп
|
6
|
3
|
Қ. Ақжолов атындағы негізгі мектеп
|
4
|
4
|
Қ. Қайсенов атындағы негізгі мектеп
|
12
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
51
|
|
Оқушылар
|
1
|
І. Айттықов атындағы орта мектеп
|
182
|
2
|
М. Таенов атындағы орта мектеп
|
57
|
3
|
Қ. Ақжолов атындағы негізгі мектеп
|
24
|
4
|
Қ. Қайсенов атындағы негізгі мектеп
|
75
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
338
|
2012 – 2013 оқу жылдарындағы ҰБТ қорытындысы бойынша мәлімет слайдта көрсетілген:
Көрсеткіштері
|
І. Айттықов орта мектебі
|
М. Таенов орта мектебі
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
ҰБТ бойынша орташа балл
|
89,8
|
73,5
|
58,8
|
76,6
|
Ең жоғарғы балл
|
102
|
89
|
79
|
102
|
ЖОО (грандқа) түскендер
|
4
|
2
|
3
|
3
|
ЖОО (ақылы) түскендер
|
-
|
2
|
-
|
1
|
Колледж (грандқа) түскендер
|
3
|
1
|
1
|
2
|
Колледж (ақылы) түскендер
|
2
|
8
|
3
|
2
|
Дайындық курсында
|
-
|
1
|
-
|
-
|
Жұмысқа орналасқандары
|
-
|
2
|
-
|
-
|
Әскер қатарында
|
-
|
-
|
1
|
-
|
Денсаулық сақтау.
Округ аумағында Тарғын ауылында 1 дәрігерлік амбулатория, Айтықов ауылында 1 ФАП, Жоғарғы Тайынты ауылында 1 МП орналасқан, онда 8 медициналық, 4 техникалық қызметкерлер жұмыс істейді. Мекемелердің барлығы ағымды жөндеуден өткен қолайлы жерде орналасқан.
Әлеуметтік сала.
Округ бойынша 2012 жылға қарағанда 2013 жылы мемлекеттік қаржылай көмектер алушылар саны азайды. Себебі тұрғындардың жеке шаруашылықтарындағы мал басының өсуінен, әр-түрлі мерзімдік жұмыстармен айналысуынан деп ойлаймыз. (слайдтан диаграмманы көріңіздер)
Атаулы әлеуметтік көмек
|
Балалар жәрдемақысы
|
Тұрғын үй көмегі
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
саны
|
млн тг
|
саны
|
млн
тг
|
саны
|
млн
тг
|
саны
|
млн
тг
|
саны
|
млн тг
|
саны
|
млн тг
|
4
|
0,067
|
-
|
-
|
179
|
2,533
|
136
|
2,058
|
29
|
0,360
|
18
|
0,241
|
Қоғамдық тәртіп
Округ аумағында 1 полиция тірегі орналасқан, онда компьютер, телефон байланысы бар. Учаскелік полиция қызметкері автокөлікпен және бюджет есебінен тұрғын үймен қамтылған.
2013 жылы – 25 қылмыс тіркелді. Олардың 10-ы мал ұрлығы, 3-уі автокөлік айдап кету, 2-уі ұялы телефон ұрлағаны үшін, 1- бұзақылық жасағаны үшін, 2 – зорлық, 7-уі басқалай қылмыстар. Аталған 25 қылмыстың 11 –і ашылды, ашылмағаны – 14, соның ішінде мал ұрлығына қатысты 8 қылмыс ашылған жоқ.
2012 жылы – 19 қылмыс тіркелді. Олардың 6-ы мал ұрлығы, 1-і бұзақылық жасағаны үшін, 12-і бөтеннің мүлігін жасырын түрде ұрлау. Аталған қылмыстың 13–і ашылды, ашылмағаны – 6, соның ішінде мал ұрлығына қатысты 1 қылмыс ашылған жоқ, бөтеннің мүлігін жасырын түрде ұрлау- 5 ашылған жоқ.
(слайдта бар)
Жасалған қылмыс
|
Ашылғаны
|
Ашылмағаны
|
2012
|
2013 %
|
2012
|
2013 %
|
2012
|
2013 %
|
19
|
25 131,5
|
7
|
11 157,1
|
12
|
14 116,6
|
Әкім аппараты округ аумағындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық құрылымдармен, учаскелік полиция инспекторларымен мектеп ұжымдары және ата-аналар комитетімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.
Округ бойынша мемлекеттік емес ұйымдар және «Қоғамдық кеңес» тұрақты жұмыс атқаруда. Учаскелік полиция инспекторына ақылы қоғамдық жұмысшылар есебінен 3 сарбаз бөлініп берілді. 2013 жылы 1 кәсіби емес медиатор өз жұмысын атқаруда.
Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылығы болып есептеледі.
Округтің жер көлемі 89705 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатыны 78 913 га, оның ішінде шабындық 3257 га, жайылым 69920 га, егістік жер көлемі 5097 га құрайды. Елді мекендердегі жеке меншік малдардың жайылымына берілген жерлер 8869 га, оның ішінде егістік 217 га, жайылым 7412 га, шабындық 82 га, елді мекендер орналасқан жер көлемі - 421 га және қосалқы жерлер 677 га.
2013 жылдың округтегі егістік жерлердің 1421,1 га жері игерілді, оның ішінде 434,1 га бір жылдық шөптер, 957 га көп жылдық шөптер, 106 га картоп, 3 га жерге көкөніс егілді.
Мал басының өсуіне байланысты, көпжылдық шөп егу көлемін жылдан жылға арттыру көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 667 га болса, 2013 жылы 957 гектарды құрайды.
Округтің жерінің құнарлығы 18 – 40 балл банитетке дейін.
Округ бойынша басты бағыт мал шаруашылығы. Барлық мал бастары әкімшіліктегі шаруашылық кітабында тіркелген. Барлығы 611 аула бар, оның ішінде мал ұстайтыны 457 аула. 2012 жылмен салыстырғанда мал басы төмендегідей өсті: (Диаграмманы слайдтан көрініздер)
|
ІҚМ
|
Оның ішінде
сиырлар
|
Қой,ешкі
|
жылқы
|
2012 жыл
|
4175
|
1931
|
5310
|
2219
|
2013 жыл
|
4465
|
2025
|
6251
|
2303
|
көрсеткіш
|
107,0%
|
104,9%
|
117,7%
|
103,8%
|
Ұсақ мал басын көбейту мақсатында «Жайлау» ауыл шаруашылығын дамыту қорынан 100 бастан саулық қойлар алуға 5 азаматтан өтініш түсті. Сол азаматтардың құжаттары арнайы комиссиядан қаралып, осы күні олар 500 бас қой алды.
Мал басын 1 адамға шаққанда : ІҚМ – 1,6 бастан, жылқы – 0,8 бастан, қой мен ешкі – 2,4 бастан келеді. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстығанда ет, сүт, жұмыртқадан да көрсеткіштеріміз жоғары:
|
Ет (ц)
|
Сүт (ц)
|
Қымыз (ц)
|
Жұмыртқа (дана)
|
2012 жыл
|
7303
|
48165
|
21
|
172 000
|
2013 жыл
|
9452
|
48229
|
24
|
175 000
|
көрсеткіш
|
129,4%
|
100,1%
|
114,3%
|
101,7%
|
Мал басы мен оның өнімдерінің көлемі жылдан жылға артып келеді.
Округтің малдары бірдейлендіріп, 2013 жылы компьютерлік дерек қорға жоспар бойынша 100 пайызға енгізілді : 1628 бас - ІҚМ, 3041 бас - ұсақ мал.
Екі елді мекенде мал өлексесін көметін қорым /скотомогильник/ бар. Олар: Тарғын, Жоғарғы Тайынты ауылдарында, құжаттары толығымен заңдастырылған.
Үкіметтің ауыл шаруашылығын дамыту үшін бөліп отырған несиенің көптеген бағдарламалары бар, осындай бағдарламаға белсенді қатысып отырған округтердің біріміз. Мысалы айтсақ «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша берілген барлық өтініштер саны: 43 адам, несие алғандар 13 адам. (слайдта бар)
|
Кісі саны
|
Проект атауы
|
Несие
көлемі
млн. тенге
|
Ашылған жұмыс
орны
|
2012 жыл
|
Ахмет Казбек
Хуандаг Давлетбек
Касымханов Ринат
Солтанбай Сүлеймен
Қабден Серикбол
Мурсал Салтанат
БАРЛЫҒЫ: 6
|
Құс шаруашылығын дамыту
Құс шаруашылығын дамыту
Құс шаруашылығын дамыту
Құс шаруашылығын дамыту
Құс шаруашылығын дамыту
Ара шаруашылығын дамыту
|
3,0
3,0
1,0
3,0
3,0
1,0
14,0
|
3
2
2
2
2
1
12
|
2013 жыл
|
Шагиев Болаткан
Какаша Саулетбек
Манжари Алпилам
Казанбаева Айнур
Калибек Женисбек
Калиева Лаурия
Касымханова Индира
БАРЛЫҒЫ: 7
|
Мал шаруашылығын дамыту
Кіші бизнес
Мал шаруашылығын дамыту
Мал шаруашылығын дамыту
Мал шаруашылығын дамыту
Мал шаруашылығын дамыту
Наубайхананы кеңейту
|
3,0
3,0
3,0
3,0
3,0
3,0
3,0
21,0
|
1
1
1
1
1
1
4
10
|
Мемлекеттік көмек қаржылар (Субсидиялар)
Шаруа
қожалықтар
|
Берілген қаражат
|
Мақсаты
|
2012ж
млн.тг
|
2013ж
млн.тг
|
%
|
2012ж
млн.тг
|
2013ж
млн.тг
|
«Жанабил
и К»-
Токмадиев А.
|
0,321
0,540
-
|
-
1,022
0,328
|
|
1.Асыл тұқымды мал (1 бас бұқа)сатып алу үшін
2.Ірі қара малдарды асыл-дандыру жұмысы үшін
-
|
-
1. Ірі қара малдарды асылдандыру жұмысы үшін
2. Ірі және шырынды мал азығы құнын арзандату үшін
|
«Шығыс» -
Кайсенов Н.
|
0,428
-
|
-
0,728
|
|
1.Асыл тұқымды мал (1 бас бұқа)сатып алу үшін
|
1. Ірі қара малдарды асылдандыру жұмысы үшін
|
«Ерлик»-Шегиров К
|
0,107
|
|
|
1.Асыл тұқымды мал (1 бас бұқа)сатып алу үшін
|
|
«Бердиновой А»-
Бердинова
Арай
|
|
0,472
0,180
|
|
|
1.Асыл тұқымды мал(1 бас бұқа)сатып алу үшін
2. Ірі және шырынды мал азығы құнын арзандату үшін
|
«Турганбай» -
Турсынбекова Аклима
|
|
0,236
0,588
|
|
|
1.Асыл тұқымды мал(1 бас бұқа)сатып алу үшін
1. Ірі қара малдарды асылдандыру жұмысы үшін
|
Барлығы
|
1,396
|
3,554
|
254
|
|
|
Жалпы 2013 жылы округке бөлінген қаражат 18 млн 370 мың тенге.
- Манат ауылында 2 су құбыры қазылды 954 мың тенге, 1 мың тенге үнемделді.
- Тарғын округі бойынша Жоғарғы Тайынты ауылындағы Бекбосынов, Кенжалин көшелерінің жарық нүктелерінің техникалық ақауларын қалпына келтіруге мемлекеттік сатып алу тәсілімен тендерді ұтып алған ИП М.С. Бейсекеновамен 300 мың теңгеге келісім – шарт жасалып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Республикалық трансферттер бойынша бөлінген қаражат 1млн 334 мың тенгенің 99 % игерілді, үнемдеу болып қалған сомма 3,5 мың тенге.
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат 5 млн 842 мың тенгенің 99 % игерілді, 39 мың теңге үнемделді.
№
|
Салалар
|
2012 жыл
(млн тг)
|
2013 жыл
(млн.тг)
|
%
|
1
|
Округ әкімшілігін ұстау үшін,
соның ішінде: Республикалық бюджеттен
|
8,243
-
|
10, 079
0, 325
|
126,22
|
2
|
Ауылдық округті дамыту үшін
|
7,151
|
7, 959
|
111,3
|
3
|
Құрылыс саласына
|
-
|
341, 618
|
|
4
|
Білім саласына
|
144, 250
|
140, 981
|
97,7
|
5
|
Мәдениет саласына
|
0,262
|
0, 380
|
145
|
6
|
Денсаулық сақтау саласына
|
9,655
|
12,763
|
86
|
7
|
Әлеуметтік сфераға оның ішінде:
|
14,674
|
12, 674
|
86
|
8
|
Қоғамдық қауіпсіздікке
|
1,480
|
2, 107
|
142
|
|
Барлық шығын:
|
185,72
|
528, 890
|
284,8
|
Округ бойынша жергілікті салық төлеушілер саны 535 адам. Жергілікті салық 100 пайызға орындалды. Жиналған салық туралы мәлімет слайдта көрсетілген:
Жеке кәсіпкерлерден, шаруа қожалықтардан, Жауапкершіліктері шектелген серіктестіктерден (ЖШС)- жыл басынан түскен салықтар 16 млн. 535 мын теңгені құрады.
Салық бойынша алгоритм жасалып, қосымша салық көздерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Мысалы: көктем-жаз айларында жекеменшік малдарды ақылы түрде жаятын 10 азамат анықталып, олардың Салық басқармасына мерзімдік жұмыс істеушілер ретінде тіркеліп салық төлеулері қадағаланды. Олардан өткен жылы 240 мың тенге бюджетке түсті.
Жалпы бүгінгі күнге әкімшілік аумағында 28 шағын кәсіпкерлік нышандар жұмыс істеуде, олар - 16 дүкен, 5 жол бойындағы тамақтандыру орындары, 1 наубайхана, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 2 жазғы сауда орындары, 1 мақта, жүн түту және матрастарды қайта жөндеу цехы.
206 шаруа қожалықтары, 1 СПК тіркелген. 2013 жылы Айтыков ауылында 1 дүкен ашылды. Округ аумағындағы дүкендердегі күнделікті азық-түлік бағаларын тежеп ұстау жөнінде дүкен иелерімен меморандум жасалып, әкімшілік тарапынан 1 маман бекітіліп, бағаларды күнделікті бақылауда ұстап отыр.
Тарғын ауылында «Алтын Төс» көкөніс өсіру бригадасы құрамында 16 адам жұмыс атқаруда. Олар тұқым қорымен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген, тұқым екі жылғы өнімнен сұрыптап алынған. 2013 жылы округтің «Егіндала» учаскесінен бөлінген 17 га жерге картоп салынды. Алынған өнім 1970 центнер.
2014 жылы Жоғарғы Тайынты, Тарғын ауылдарында тойхана, Тарғын ауылында жиһаз жасау цехы ашылуы және Жантас ауылында екі азық-түлік дүкені ашылуы жоспарлануда. Айтықов ауылында 2014 жылдың сәуір айына құны 500 мың теңге - мал қорымының құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Биылғы жылға округ әкімшілігін ұстау және ауылдық округті дамыту үшін бюджеттен 13 млн 421 мың теңге бөлінді, соның ішінде: көшелердің жарықтарын жөндеуге және ай сайынғы жарық нүктелері үшін төлемақыға – 728 мың тг, санитарлық тазалыққа – 251 мың тг, аббаттандыруға – 280 мың тг, автокөлік жолдарын ұстауға – 200 мың тг, Айтыков ауылына 2 құдық (1-Абай көшесіне, 1-Қонаев көшесіне), Тарғын ауылына 1 құдық қазуға – 1 млн 143 мың тг, Ж-Тайынты ауылына «Жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы Өтеміс көшесіне жарық нүктелерін орнату үшін 1 млн 218 мың тг, Айтықов ауылы Варепа көшесі, Жантас ауылында Қ. Қайсенов көшесі,Тарғын ауылында Нұрғалиев көшесіне жарық нүктелерін орнату үшін – 9 млн 501 мың тг бөлінді.
Сонымен қатар, округте бірқатар нысандардың құрылысына қаржы бөлініп, Айтықов ауылында 80 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Құрылыстың құны – 171 млн 270 мың теңге. Осы құрылысқа жергілікті тұрғындардан 12 адам тартылды және
Тарғын ауылында 200 орындық мәдениет үйі (клуб) құрылысы жүріп жатыр. Құрылыстың құны – 170 млн 348 мың теңге. Осы құрылысқа жергілікті тұрғындардан 20 адам тартылды. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады, қазіргі уақытта су сақтайтын қойманың қабырғасы құйылып жатыр. Екі объектінің мердігері «НТ Дос» ЖШС.
Әкім аппараты алдында алдағы уақытта атқарылар көптеген маңызды міндеттер тұр. Осы міндеттерді орындау үшін біз әр уақытта округтегі қоғамдық ұйымдармен және тұрғындармен тығыз байланыста жұмыстар атқаруымыз қажет. Ол үшін жиі-жиі халықпен кездесіп олардың мұң-мұқтажына, арыз-өтініштеріне құлақ асып уақытында тиісті шаралар қабылдауымыз керек. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында округтен шыққан беделді азаматтарды мектептерге оқушыларды тасымалдауға шағын автобус алып беру үшін демеушілік көмек көрсетулерін сұраймыз. Біз үкіметтен беріліп жатқан көмектер туралы тұрғындарға жеткізу, толық, дұрыс түсінік беру. Проблемалық сұрақтардың орындалуын уақытында қамтамасыз ету, ауылдардың тазалығын бақылауда ұстау, мал табынын ұйымдастыру, мал басын көбейту, әсіресе асыл тұқымды мал ұстаушылардың санын көбейту, қылмыстың алдын алу үшін кезекшілік құру, сарбаздар жұмысын жандандыру басты міндеттеріміз деп санаймыз.
Назарларыңызға Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |