2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет5/64
Дата15.06.2016
өлшемі4.97 Mb.
#136950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
6-стратегиялық бағыт

Ғарыш инфрақұрылымын, ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын құру және дамыту

Ғарыш инфрақұрылымын құру және дамыту

Реттелетiн саланы немесе қызмет аясын негiзгi дамыту көрсеткіштері.

Ғарыш қызметінің нәтижелері мен қосымшалары заманауи жағдайларда инновациялық бағыттағы қоғамдық дамудың маңызды факторы болуда, ол экономика мен білімдердің әртүрлі салаларында мультипликативтік әсер етіп, индустрияландырудан кейінгі ақпараттық қоғам құру негізін айқындайды.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы
17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында, екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, роботты техника, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн деп белгіленген.

2010 жылдан бастап Қазақстан «KazSat» байланыс және хабар тарату ғарыштық жүйесін (бұдан әрі – БжХТҒЖ), Жердi қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесiн (бұдан әрі – ЖҚЗ ҒЖ), дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін (бұдан әрі – ДЖСНЖ), ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенiн (бұдан әрі – ҒА ҚСК) және «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін (бұдан әрі – ҒЗК) қамтитын толыққанды отандық ғарыш инфрақұрылымын белсенді құру кезеңіне кірісті.

«KazSat-1», «KazSat-2», «KazSat-3» ғарыш аппараттарын (бұдан әрі – ҒА), оларды жерден басқару кешені (бұдан әрі – ЖБК) және резервті жерден басқару кешені (бұдан әрі – РЖБК) құрылып, іске қосылды. «KazSat-3» ҒА іске қосу елдің қазіргі кездегі ғарыштық байланыс қызметіне қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. KazSat-2» және «KazSat-3» байланыс және хабар тарату ғарыш аппараттарын сәтті ұшыру және пайдалану көрсетілетін қызметтер импортының айналымын жылына 4,5 миллиард теңгеден аса азайтуға мүмкіндік береді.

Орта және жоғары айыру қабілеті бар оптикалық ЖҚЗ ҒА, осы ҒА жерден басқару кешені және ЖҚЗ ҒЖ деректерін қабылдауға және өңдеуге арналған жерүсті мақсатты кешені құрамында ЖҚЗ ҒЖ пайдалануға енгізілді.

Жұмыстар Airbus Space and Defence француз компаниясымен келісімшарт бойынша орындалады. 2014 жылы ЖҚЗ ҒА ғарышқа ұшыру және ЖҚЗ ҒЖ пайдалануға енгізу экономика, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ деректеріне тәуелсіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.

60 дифференциалдық станциялардан (бұдан әрі – ДС) тұратын ДЖСНЖ жерүстi инфрақұрылымын пайдалануға енгізу, түпкілікті тұтынушыларға геодезия, картография, жерді пайдалану, ауыл шаруашылығы, ірі құрылыстар салу, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік міндеттерін шешу үшін координаттар мен уақытты жоғары айыру қабілетімен анықтаудың көрсетілетін қызметтерін алуға мүмкіндік береді.

Airbus Space and Defence француз компаниясымен келісімшартқа сәйкес ҒА ҚСК құру жобасы бойынша технологиялық жабдық жасалуда, оның шеңберінде тәжірибелік өндірісі (бұдан әрі – ТӨ) бар ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (бұдан әрі – ҒТ АКТБ) құрылуда. Жобалау жұмыстары аяқталды және ҒА ҚСК мен ТӨ бар ҒТ АКТБ ғимараттарын салу бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы объектіні пайдалануға енгізу 2016 жылдан бастап ғылыми технологиялық мақсаттағы (бұдан әрі – ҒТМ), ЖҚЗ, байланыс және хабар тарату ҒА жобалау, жиынтықтаушыларын жасау, құрастыру және сынау жұмыстарының толық циклін бастауға мүмкіндік береді.

Қазіргі күні «Зенит» ЗТ негізінде жобаны іске асырудың баламасы іс жүзінде орындалусыз, себебі украиндық-ресейлік «Зенит» ЗТ пайдалану орындаушылардың үшжақты жиналуын көздеген, ал бұл Украинадағы қазіргі саяси дағдарыс жағдайларынан және ресейлік-украиналық қарым-қатынастың кенеттен нашарлауынан мүмкін емес болып отыр.

Негiзгi проблемаларды талдау

«KazSat» БжХТҒЖ негізгі проблемасы 2017 жылы қазақстандық спутниктік байланыс операторларының халықаралық спутниктік байланыс компанияларынан спутниктік сыйымдылықты жалға алу бойынша ұзақ мерзімді келісім шарттардың аяқталуына байланысты. Соңғысы шетелдік спутниктердің спутниктік сыйымдылығын жалға алудан бас тарту нәтижесінде пайда болатын қазақстандық спутниктік байланыс операторларының қажеттілігін қанағаттандыру үшін «KazSat-4» ҒА жасап, ұшыру қажет екенін білдіреді.

ЖҚЗ ҒЖ құрудың негізгі проблемасы оптикалық ЖҚЗ ҒА түнгі уақытта, ал бұлттар болғанда күндіз де аумақтың түсірілімдерін алуға мүмкіндік бермеуіне байланысты. Осы себептен Қазақстанның спутниктер тобына радарлы ЖҚЗ ҒЖ енгізу қажет, ол тәуліктің кез келген уақытында және кез келген ауа райында түсірілімдер алуға мүмкіндік береді.

ДЖСНЖ жерүстi инфрақұрылымын құрудың негізгі проблемасы 60 ДС-тан тұратын желі Қазақстан аумағының тек 55%-ын ғана қамтуға мүмкіндік беретіне байланысты. Еліміздің барлық аумағын ДЖСНЖ көрсетілетін қызметтерімен қамту үшін қосымша ДС құру және пайдалануға енгізу қажет.

ҒА ҚСК негізгі проблемасы коммерциялық мақсаттағы ҒА өндіру үшін ұшу тарихы бар, яғни шынайы ғарыштық ұшу жағдайында сынаудан табысты өткен құрамдауыштарды пайдалану қажеттілігіне байланысты. Өзімізде жасалған құрамдауыштарға қарағанда, мұндай құрамдауыштарды шетел компанияларынан сатып алу бірнеше есе қымбат болады. Осы проблеманы шешу үшін ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін (бұдан әрі – ҒТМ ҒЖ) құру жобасын іске асыру қажет, оның шеңберінде отандық өндіріс құрамдауыштары шынайы ғарыштық ұшу жағдайында сынаудан өте алады.

2014 жылда Украинадағы саясаттық жағдайын ескере отырып «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Зенит» ЗТ негізіндегі «Бәйтерек» ҒЗК құру жобасы уақытша тоқтатылды. Қазғарыш Роскосмоспен ресейлік жеңіл класты зымыран-тасығыш негізінде «Бәйтерек» жобасын іске асыруға мүмкін нұсқаларын пысықтау туралы келісімге келді.

Негізгі сыртқы және iшкi факторларды талдау

2000 жылдардан бастап барлық бағыттар бойынша әлемдік ғарыш индустриясы үрдісі тұрақты өсу екпінін көрсетіп, таяудағы 5-10 жылға қарқыны 5-10 % шамасында сақталуда.

Мемлекеттердің ғарыш саласын қаржыландыруға қатысты салыстырмалы сипаттама осы жағдайда АҚШ алда екенін көрсетеді. NASA бюджеті GPS жүйесін қолдау шығыстарын қоспағанда, 2014 қаржылық жылында 17,6 млрд. АҚШ долларына тең. 2014 жылы федералдық бюджет Ресейдің барлық ғарыш бағдарламаларына 165,8 млрд. рубль бөлді, бұл шамамен 4,7 млрд. АҚШ доллары. Еуропалық ғарыш агенттігінің 2014 жылғы шығындары 4,1 млрд. евроның деңгейінде бекітілген, бұл шамамен 5,5 млрд. АҚШ доллары. Өз кезегінде Қазақстан ғарыш саласын дамытуға бюджеттен соңғы 4 жылда 142,7 млрд. теңге немесе шамамен 784 млн. АҚШ долларын бөлді.

Жоғарыда баяндағанды қорыта келе, Қазақстанның ғарыш инфрақұрылымын дамытуға, ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасының дамытуына SWOT-талдаудың мынадай көрсеткіштерін айқындауға болады.

Күшті жақтары:

1) әлемдегi ең iрi және белсендi «Байқоңыр» ғарыш айлағының меншiкте болуы;

2) заманауи ғарыш инфрақұрылымын құру жұмыстарының соңғы кезеңіне шығуы;

3) ел экономикасының көрсетілетін ғарыш қызметтерiне iшкi қажеттiлiгiнің өсуі;

4) ғарыш қызметiн дамытуды мемлекеттiк қолдау;

5) шетел мемлекеттермен ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықта шарттық-құқықтық базасы болуы.

Әлсiз жақтары:

1)«Байқоңыр» ғарыш айлағының негiзгi құралдарының моральдық және физикалық тозуы;

2)«Байқоңыр» ғарыш айлағында қолданыстағы бірлескен жобалардын болмауы»;

3) ғарыш техникасын жасау мен пайдаланудың практикалық тәжiрибесi, машықтары мен бiлiмi бар мамандардың жетiспеуi.

Мүмкіндіктері:

1)Франция Республикасымен стратегиялық серіктестік шеңберінде қазақстандық мамандардың ғарыш аппараттарын құруда практикалық тәжірибе, дағды алуы және ғарыш технологияларының трансферті;

2)«Байқоңыр» ғарыш айлағында жеңіл кластағы ЗТ-мен ҒЗК құру жобасын Ресей тарапымен іске асырылуы»

3) әлем нарығындағы ғарыш техникасы мен көрсетілетін ғарыш қызметтеріне сұраныстың өсуі;

4) Ресей және Украинамен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыштық зымыран кешендерін жаңғырту және ұшыру қызметтерін көрсету бойынша бірлескен кәсіпорындар құру;

Қауіп-қатерлері:

1) ғарыш техникасын жеткізу мен ғарыш қызметтерін көрсетудегі бәсекенің өсуі;

2) зымырандық технологияларға халықаралық бақылау режимі шектеулерінің әрекеті;

3) стратегиялық серіктес мемлекеттердің саяси шешімдерінен қызмет нәтижелерінің тәуелділігі.
Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту

Қазақстанның ғарыштық ғылымы бұрынғы КСРО-дан алыс және таяу ғарышты зерттеу үшін дамыған ғылыми эксперименталдық базаны мұра етіп алды: Тянь-Шань биік таулы астрофизикалық обсерваториясы, Астрофизикалық зерттеулер обсерваториясы және Ассы обсерваториясы, «Орбита» радиополигоны мен «Космостанция» экспедициялық базасы. 90-шы жылдары тәуелсіз Қазақстан Ғарыштық ақпараттар қабылдау орталығын және Ғарыштық мониторинг орталығын құрды.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі (бүгін – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті) (бұдан әрі – Қазғарыш) құрылғаннан кейін ғарыштық бейіндегі үш ғылыми-зерттеу институты (В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институты, Ионосфера институты және академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты) олардың негізінде құрылған Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы (бұдан әрі – «ҰҒЗТО» АҚ) құрамында Қазғарыштың қарамағына берілді. 2014 жылдан бастап академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты және «ҰҒЗТО» АҚ әкімшілік аппараты кадрлық құрамы мен зерттеулер бағыттарын сақтап, бірыңғай құрылымға біріктірілді

Осы институттарда біліктілігі жоғары ғалымдар жұмыс істейді, олар халықаралық деңгейде іргетасты және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.

Қазақстанның ғарыштық инфрақұрылым объектілерін құру бойынша ірі жобаларды іске асыруы Қазғарыштан ҰҒЗТО құрамында 2009 жылы Ғарыштық техника және технологиялар институтын ұйымдастыруды талап етті, оның қызметінің негізгі бағыты болып ғарыштық техника мен технологиялардың отандық үлгілерін әзірлеу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу белгіленді. Қазіргі уақытта институт маңызды жұмыстар атқаруда, бұл ЖЖНЖ жобасын құру аясында ДС әзірлеу бойынша шетелдік компаниялардың көрсетілетін қызметтерінен бас тартуға мүмкіндік берді.

Қазғарыш ғарыш саласының қарқынды дамуы шарттарында ғарыш саласы қызметін экологиялық нормалау жүйесін құруға және қоршаған орта мен халықтың денсаулығына кері әсерді неғұрлым азайтуға бағытталған ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді табысты орындау үшін қажетті дамыған материалдық-техникалық және химиялық-талдамалық базасы бар «Ғарыш-Экология» ғылыми зерттеу орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құрды.

2012-2013 жылдары 23 ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары басталып аяқталды, ғарыш техникасы мен материалдарының 2 эксперименталдық үлгілері құрылған.

Негiзгi проблемаларды талдау

Ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамытудың негізгі проблемасы ғарыштық зерттеулерге арналған заманауи зертханалар мен сынақ-эксперименттік базаларының жоқтығы болып табылады.

Атап айтқанда, астрофизикалық зерттеулерді жүргізу үшін айыру қабілеті үлкен телескоп түріндегі заманауи ғылыми зерттеу құралы қажет. ЖҚБ деректері негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қазіргі уақытта ескі ЖҚБ ҒА орнын басып отырған жаңа буын ЖҚБ ҒА сипаттамасына сәйкестендірілген ғарыштық ақпараттарды қабылдау орталығын жаңғырту қажет. Ғарыштық техника мен технологияларды әзірлеу бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін заманауи өлшеу мен сынақ аппаратуралары бар зертханалық және сынақ-эксперименттік база құру қажет.

Негізгі сыртқы және iшкi факторларды талдау

Ғылыми және ғылыми-технологиялық базаны дамыту ғылымды дамыту міндеттерін де, сол сияқты жоғары технологиялар трансфертінің міндеттерін де бір мезгілде шешуге мүмкіндік береді, сондықтан да түрлі мемлекеттердің ғарыштық бағдарламаларында ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен назар аударылуда.

Республикамызда ғарыш қызметінің дамуы өзінің бастапқы даму сатысында тұрған қазіргі кезең жағдайында ғарыштық техника мен технологияларды құру бойынша барлық жобаларды әлеуетті ғылыми негізде жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Бұл үшін, бірінші кезекте, ғарыштық техника мен технологиялардың перспективалық үлгілерін әзірлеу бойынша, Қазақстанның экономикасы салаларында олардың пайдаланылуын кеңейту бойынша жаңа ғылыми бағыттардың дамуын қамтамасыз ететін заманауи зертханалық және тәжірибе-эксперименталдық база құрылуы қажет.

Жоғарыда баяндағанды қорыта келе, Қазақстанның ғарыш инфрақұрылымын дамытуға, ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасының дамытуына SWOT-талдаудың мынадай көрсеткіштерін айқындауға болады.

Күшті жақтары:

1) ғарыштық зерттеулердiң жоғары кадрлық әлеуетінің және ғарыштық зерттеулердiң дамыған ғылыми-эксперименталдық базасының болуы;

2) ғарыштық зерттеулер саласындағы тығыз халықаралық ғылыми байланыстардың болуы.

Әлсiз жақтары:

ғарыш ғылымының зертханалық және тәжірибелік-эксперименталдық жабдықтарының моральдық және физикалық тозуы.

Мүмкіндіктері:

1) ғылыми зерттеулердегі халықаралық бірлесуінің арттыруы және кеңейтуі;

2) ғарыш технологияларын ғылыми пысықтау кезеңдерінде олардың трансферті.

Қауіп-қатерлері:

1) әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыстардың тереңдеуі салдарынан ғылыми бағдарламаларды қаржыландырудың қысқаруы.

7-стратегиялық бағыт.

Отандық ақпараттық кеңістікті және АКТ саласын дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру

Негізгі даму параметрлері

Ақпараттық қоғамға өту үшін жағдай жасау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласын дамыту Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады, бұл оның заманауи Қазақстанның экономикасы үшін маңызын көрсетеді.

АКТ саласы телекоммуникация және телерадио хабарларын тарату қызметтері, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы көрсетілетін қызметтер мен өндіріс салаларын қамтиды. Аталған саланы дамыту соңғы онжылдықта бүкіл әлемде байқалатын байланыс технологияларының кіруімен, ақпараттық технологиялардың таралуымен өзара байланысты.

Аталған саланы дамыту мақсатында Министрлігінің алдында елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны тұтыну мен қолдануды және оның жергілікті қамтылуын айтарлықтай ұлғайту міндеті тұр.

Жоғары жылдамдықты оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, халыққа және ұйымдарға АКТ қызметін ұсыну, телерадио хабарларын таратудың цифрлық технологияларын енгізу және дамыту, сондай-ақ жергілікті телефон байланысын цифрландыру деңгейін арттыру телекоммуникация саласының үрдістері болып табылады.

Телекомуникация нарығында ұялы байланысына бекітілген телефон байланысын орнату тенденциясы байқалады. Статистика комитетінің ресми мәліметтері бойынша бекітілген телефон желісі санының төмендегені байқалады.

Бұған ұялы операторлардың жақын және алыс шет елдерге қоңырау соғу тарифінің төмендегені, ұялы операторлардың жаңа демпингілік реті пайда болғаны және Интернет (Skype, SIPNET, What’s up, Vyber және т.б.) желісі арқылы балама дауыстық сервисті жиі пайдалануы әсер етеді.

Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша байланыс желілерін дамыту озыңқы қарқынмен іске асырылуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес 2013 жылы Қазақстан тұрғындарының 67,6 %-ы Интернет желісін пайдаланушылар болып табылады.

Телекоммуникация саласын дамытудың негізгі міндеті Қазақстан Республикасының тұрғындарын CDMA/EVDO, FTTH, 3G және 4G сияқты заманауи технологияларды пайдалана отырып, Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік (бұдан әрі – КЖҚ) қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады.

Телекоммуникация саласын дамыту бойынша жүргізілетін іс-шаралар кестеде келтірілген көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:




Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1

Тіркелген телефон желілерінің тығыздығы

100 тұрғынға

24,8

25,8

26

25,8

2

Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы

100 тұрғынға

124

127

180,1

178,2

3

Интернет пайдаланушылардың тығыздығы

100 тұрғынға

31,6

50,6

61,9

67,6

4

Жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі

%

92

95,5

96

98,2

«OTAU TV» спутниктік хабар тарату желісі 2011 жылғы 18 қаңтарда пайдалануға берілді және республика аумағын 100 % қамтуды қамтамасыз етеді.

2012 жылдан бастап цифрлық эфирлік теле хабарларын тарату Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтары мен оларға іргелес жатқан елді мекендерде және Маңғыстау облысында пайдалануға берілді. Айталық,


2013 жылдың соңына қарай халықты цифрлық эфирлік теле хабарларын таратумен қамту 51 %-ды құрады. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуда облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларының деңгейінде
30 телеарнаға дейін, аудан орталықтары мен ауылдық округтерде 15 телеарнаға дейін трансляциялау көзделген.

2017 жылдың соңына қарай эфирлік цифрлық хабар тарату желісі халықтың 95 %-ына қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, барлық шекара маңындағы және ішкі аумақтарды қамтитын болады.

Почта байланысы саласында көрсетілетін қызметтер нарығындағы негізгі өнім беруші ұлттық оператор болып табылатын «Қазпочта» акционерлік қоғамы болып қалуда. Қызмет көрсетуді еліміздің барлық аумағын қамтитын 3295-тен астам почта байланысының бөлімшелері/пункттері жүзеге асырады.

Почта байланысы бөлімшелерінің тармақталған желісінің арқасында жеке және заңды тұлғаларға почта қызметтерін, электрондық сауданы, көліктік-логистикалық қызметтерді ілгерілетудің бірегей мүмкіндігі жасалуда.

Ақпараттық жүйелердің аппараттық-бағдарламалық құралдарының жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына хостинг қызметін ұсыну үшін «Деректерді өңдеу орталығының» инфрақұрылымы құрылуда.

2013 жылы 7 деректерді өндеу орталығы Талдықорған, Шымкент, Көкшетау, Өскемен, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларында пайдалануға берілді.

2014 жылы Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Петропавл, Тараз қалалары бойынша 6 деректерді өндеу орталығын пайдалануға беру жоспарланған.

Ақпараттандыру және әлемдік қоғамдастықтың тұтастыққа қозғалысы жағдайында еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілігі жоғары, кәсіби мамандарды даярлау қажеттілігі бар. Заманауи қоғам шет елдермен ынтымақтастық аяларының кеңеюі жағдайларында мамандардың кәсіптік даярлық деңгейіне жоғары талаптар қояды, сондай-ақ жаңа коммуникация құралдарының пайда болуына байланысты басқа елдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі ерекше өзектілікке ие бола түсуде.

Бекітілген «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салалық біліктілік шеңбері еңбек нарығын және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім беру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға, тарифтік жүйелер құруға, еңбекақы төлеу жүйесінің ашықтығы мен басқарушылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Инфокоммуникация саласында білім беруді дамыту мақсатында «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы АҚШ-тың Carnegie Mellon университетімен тығыз ынтымақтастық жасайды.

Бұдан басқа, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Жобаларды басқару», «Математикалық компьютерлік үлгілеу» мамандықтары бойынша магистратурада оқыту жүргізілуде; «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша PhD докторантуралары ашылды. Малайзия, Сингапур, Корея және Ресей жоғары оқу орындарының арасынан Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті үшін қосымша шетелдік әріптестердің іріктелуі жүргізілуде.

2011 жылы екі R&D зертханасы ашылды. Біреуі – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында (open source) және екіншісі – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында (ақпараттық технологиялар). Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Радиоэлектроникалар және телекоммуникациялар зертханасы», «Microsoft зертханасы», «CISCO зертханасы», «3Д графиктері мен анимацияларының мультимедиалық зертханасы», «Ғылыми зерттеу зертханасы», «Apple Training Centre зертханасы» қосымша жұмыс істеуде, робот техникасы зертханасына ерекше көңіл бөлінуде. Дәл осы робот техникасы өндірісте, ауыл шаруашылығында, күнделікті өмірде, тұрмыстық қызметтерде, медицинада, салауатты өмірді ұйымдастыру мен басқа аспектілерде өндірістік қуаттылықтарды автоматтандырудың соңғы үдерістерін қамтиды.

Сондай-ақ, «Зерде» ҰАХ» АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
АҚ-пен бірлесе отырып, Зерттеу зертханасы орталығының базасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуде. 2013 жылы «Бұлыңғыр технологиялар», «Мобильді технологиялар», «Электрондық үкімет» архитектурасының зертханасы», «Үлкен деректер зертханасы» зертханалары ашылды.


Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығының (бұдан әрі – ІТ) құрылымында ІТ-жабдығын өткізу секторы жалпы көлемде үстем болып табылады, бұл қазақстандық қоғамды ақпараттандыру процесін сүйемелдейтін компьютерлерге, желілік және перифериялық компьютерлік жабдықтарға жоғары сұраныстың көрінісі болып табылады.

2012 жылы «Зерде» ҰАХ» АҚ пен «Қазақтелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС және «Кселл» АҚ ірі қазақстандық коммуникациялық компаниялардың қолдауымен Инфокоммуникациялық технологияларды дамытудың корпоративтік қоры (бұдан әрі – Қор) құрылды. Қордың негізгі мақсаты инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастыруға және отандық АКТ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негізделеді. Қор өз қызметін 2 бағытта жүргізеді: бастапқы кезеңінде стартап-жобаларға инвестициялар салу арқылы АКТ саласындағы стартап-жобаларды мейлінше үдету, сарапшылық қолдау көрсету және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ Астана экономикалық форумының шеңберінде жыл сайынғы «ASTEX» салалық көрме конференциясын өткізу.

Қазақстан Республикасында АКТ-ні табысты дамыту үшін маңызды аспект мемлекеттің саланы дамытудың жоғарыда көрсетілген институттарын құруы болып табылады.

Барлық орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволық комитеттерінде, сондай-ақ облыстар әкімдерінің 16 аппаратында Мемлекеттік органдардың интранет-порталы ақпараттық жүйесі әзірленді. 40 000 астам мемлекеттік қызметші тіркелді.

Мемлекеттік органдардың интранет-порталы заманауи технологияларды қолдана, пайдаланушыларды толық, жедел және пайдалану үшін қолайлы ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік қызметшілерінің ақпараттық өзара іс-қимыл жасауының тиімді тетігі ретінде құрылды.

Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде қайталауды жоя отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Премьер-Министрінің өкімдері, заң жобалары) келісуді (қол қоюды) ескере отырып, Мемлекеттік органдар интранет-порталының «Нормативтік құқықтық актілерді келісу» модулі пысықталды.

Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы құрылды.

2013 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының 2 134 322 тіркеу куәлігі берілді.

Электрондық цифрлық қолтаңба технологияларын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың арасында заңдық маңызы бар электрондық құжат айналымын жасау мақсатында Мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығы құрылды.

2013 жылы Мемлекеттік органдар куәландырушы орталығының 31 573 тіркеу куәлігі берілді.

Мемлекеттік органдар куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде, Мемлекеттік органдардың интранет-порталында және мемлекеттік органдар электрондық құжат айналымының ведомстволық жүйелерінде пайдаланылады.

Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру тетіктерінің бірі «бұлыңғыр есептеулерді», АКТ-аутсорсингін пайдалануға көшуге және тапсырыстарды шоғырландыруға негізделген ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу болып табылады.

Қазіргі уақытта әлемдік практика деректерді өңдеу орталықтарының базасында серверлерді виртуалдандыру және «Бұлыңғыр есептеулер» модельдерін кеңінен қолданады.

Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік секторда серверлерді виртуалдандыру және «бұлыңғыр есептеулер» технологияларын енгізу басталды.

2010 жылы мемлекеттік органдардың серверлік орталығы пайдалануға берілді, оның базасында 2011 жылдан бастап хостинг қызметтері (серверлік жабдықтар үшін тұрақ орындарды жалға беру) ұсынылады, есептеу ресурстарын орталықтандырып ұсыну үшін виртуалдандыру технологиясын қолдана отырып, шоғырландырылған есептеу алаңы іске қосылды.

2013 жылы мемлекеттік органдардың серверлік орталығындағы


145 тұрақ орынның 117-сі бос емес.

Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сияқты ірі мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік органдардың серверлік жабдықтары сақталуда.

Сондай-ақ «бұлыңғыр» есептеулердің базасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай почталық жүйесі» жобасы іске асырылуда.

Мемлекеттік органдардың бірыңғай почталық жүйесі мемлекеттік органдар арасында жедел ақпарат алмасудың қорғалуын, ұйым ішінде пайдаланушыларға хат-хабарлардың кепілді жеткізілуін, сондай-ақ қауіпсіздік саясатына қайшылықтар болмаған жағдайда, сыртқы желілерге хабарламалардың кепілді жіберілуін қамтамасыз етеді.

2013 жылы Мемлекеттік органдардың бірыңғай почталық жүйесіне
44 300 мемлекеттік қызметші қосылды (40 мемлекеттік орган), 2014 – 2015 жылдары барлық мемлекеттік органдарды қосу жоспарлануда.

Шешімдерді қабылдау жеделділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мобильдік кеңсесі» жобасы іске асырылды.

Үкіметтің «Мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінің мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік холдингтер басшыларының бірлескен жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ бірыңғай мобильдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. 

Бүгінгі күні Үкіметтің «Мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне басшылық құрамның, сондай-ақ кеңесшілер мен көмекшілердің шамамен


300 пайдаланушысы қосылған.

Бүгінгі күні IT ақпараттық қоғамды қалыптастыруға арналған маңызды құрал болып табылады, ал мемлекет пен халық қатынастарындағы «жолсерік» «электрондық үкімет» болып отыр.

Осыған байланысты мемлекеттік органдарда ІТ-ны қолдану бірінші кезекте халыққа және бизнеске электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуге, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталуы тиіс.

Қазіргі уақытта халыққа және ұйымдарға электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетудің жай-күйі мынадай деректермен сипатталады:



  1. орталық және жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивтік қызметтер көрсетеді (басшылар блогы, электрондық мемлекеттік сатып алу, интерактивтік сауал салу және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге көшу жүзеге асырылуда;

  2. «электрондық үкімет» инфрақұрылымы құрылды, оның шеңберінде 20-дан астам ІT-жоба өнеркәсіптік пайдалануға берілді;

  3. «электрондық үкімет» архитектурасын құру және эталондық модельдерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта қызметтің 21 бағыты (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналастыру және халықты жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, БАҚ, халықаралық қатынастар, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар, байланыс және почта қызметтері, көлік және коммуникация, білім беру, азаматтық, көші-қон және көшіп келу, өнеркәсіп, әділет, ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік, ғылым мен инновациялар, қаржы және экономикалық даму, сауда, спорт және туризм, энергетика және отын) бойынша эталондық модельдерді толтыру жүргізілді;

  4. мүдделі мемлекеттік органдардың түгелдей «ақпараттық қоғам» қалыптастыру үшін «электрондық үкіметті» қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды жүргізуі нәтижесінде «электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы электрондық нысанда 570 интерактивтік және транзакциялық қызметтер, олардың қатарында «электрондық үкімет» порталының 195-тен астам мемлекеттік қызметі, электрондық лицензияның
    81 түрі мен 294 рұқсат беру құжаты көрсетіледі.

2012 жылы Қазақстанның қалалары мен аудандарында «электрондық үкімет» және «электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбы бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Айталық, 2012 жылы –
67 000 адам, 2013 жылы – 61 500 адам оқытылды.

2013 жылы электрондық құжат айналымының көлемі жалпы құжат айналымының 67,3%-ын (3 200 331 құжаттың 2 153 768-і) құрады. Электрондық құжат айналымының көлемі бойынша тоқсан сайынғы ақпаратты 38 орталық мемлекеттік орган мен 16 жергілікті атқарушы органның қызметкерлері Мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастырады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оны іске асыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мен оңтайландыруды және оларды Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ауыстыруды реттейтін мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілді:


  1. «Бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
    2013 жылғы 19 маусымдағы № 624 қаулысы;

  2. «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 797 қаулысы; 

  3. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы
    № 799 қаулысы;

  4. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 845 қаулысы;

  5. «Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 991 қаулысы;

  6. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығы;

  7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы
    26 маусымдағы № 487 бұйрығы.

Бүгінгі күні халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚО) жұмысын жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

ХҚО-да 171 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күні ХҚО-ға құжаттарды ұсыну кезінде құжаттардың 19 түрі алынып тасталды.

Сондай-ақ халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және «электрондық үкімет» порталын танымал ету мақсатында ХҚО барлық облыстық филиалдарында, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Астана және Тараз қалаларының Мамандандырылған ХҚО-ларында «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету пункттері жұмыс істейді. 2013 жылы 1 млн. астам консультация көрсетілген, 413 мыңнан астам электрондық цифрлық қолтаңба берілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету бөлігінде ХҚО-ның қызметін мониторингтеу мақсатында on-line режимінде ХҚО қызметіне бейнемониторингті қамтамасыз ететін Ахуал орталығы (бұдан әрі – Орталық) құрылып, сәтті жұмыс істеуде. Бұдан басқа, орталықтың жұмыс істеуі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдауды жүргізуін, ведомстволық бағынысты мекемелермен бейнеконференциялар мен кеңестер өткізуге, барлық өңірлердің ХҚО қызметкерлерін қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Орталық жұмысының арқасында ХҚО кінәсі бойынша 20 минуттан астам күту уақыты 92 %-ға қысқартылды, ХҚО кінәсі бойынша 20 минуттан астам ресімдеу уақыты 17 %-ға қысқартылды, «нашар» деген баға 44 %-ға қысқартылды.

Бүгінгі күні 259 ХҚО жаңғыртылған. Еліміз бойынша барлық ХҚО-да қазірдің өзінде азаматтарға кедергісіз қызмет көрсету қағидаты енгізілген. ХҚО-ны жаңғырту шеңберінде жаңа бизнес-процестер, мониторинг және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау іске асырылды, бірыңғай электрондық кезек енгізіліп, балалар алаңдары жабдықталды.

Электрондық үкімет бұрыштары ашылған, онда азаматтар egov.kz порталының қызметтерімен танысып, электрондық цифрлық қолтаңба ала алады.

Ұйымдастырушылық міндеттерді шешу мақсатында өткізілетін «Мystery shopping» зерттеу әдісін пайдалана отырып, тұрақты негізде тексерулер, мысалы ұйымдағы қызметкерлердің клиенттерге қызмет көрсету стандарттарын сақтауының деңгейін өлшеу жүргізіледі.

Жүргізілген зерттеулер қорытындылары бойынша халықтың ХҚО қызметтеріне қанағаттанушылық деңгейі 2010 жылы – 65%-ды; 2011 жылы – 76%-ды; 2012 жылы – 81,6 %-ды, 2013 жылы – 82%-ды құрады.

Автокөлікті тіркеу мен жүргізуші куәліктерін беру мәселелерін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қарауына беру, сондай-ақ 2012 жылы Алматы, Астана, Ақтау және Қарағанды қалаларында пилоттық жобаларды іске асыру көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында мамандандырылған ХҚО ашу жөнінде жұмыс жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні Алматы, Астана, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларында мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Сондай-ақ 2014-2016 жылдарда жүргізуші куәліктерін беру және автокөлік құралдарын қайта тіркеу бойынша мамандандырылған ХҚО-ларды республиканың қалған қалаларында да ашу жоспарлануда: 2014 жылы – Қызылорда, Павлодар, Петропавл және Талдықорған, 2015 жылы – Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Шымкент, 2016 жылы – Орал, Атырау және Өскемен қалаларында.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру есебінен халық ұсынатын құжаттар тізбесі қысқартылды, қажетті мәліметтер тартылған мемлекеттік органдардың деректер қорларынан электрондық нысанда алынатын болады.

Министрлік 16 мемлекеттік қызметті, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметті баламасыз электрондық нысанда, 6-ын – электрондық/қағаз және 5-ін – қағаз жүзінде көрсетеді. Қазіргі уақытта 3 мемлекеттік қызмет ХҚО-да көрсетіледі.

2015 жылы ХҚО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның талқылауына мемлекеттік қызметін шығару жоспарлануда.

Бұдан басқа, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде Министрлік мемлекеттік деңгейде компьютерлік инциденттерге қарсы іс-қимыл мәселелерін, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымына интеграцияланатын ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу есебінен реттеуде.

Қазіргі уақытта веб-хостинг қызметтеріне сұранысты, деректерді бастапқы және резервтік сақтауды және сыртқы нарықтарға кезең-кезеңмен шығуды қамтамасыз ету мақсатында есептеу орталықтарын (бұдан әрі – дата-орталықтар) дамытуды жандандыру қажет. Дата-орталықтары инфрақұрылымының болуы «Қазнетті», электрондық коммерцияны, электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді және «электрондық үкіметті» дамыту үшін негізгі шарт болып табылады.

Мемлекетаралық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық шлюзі
(бұдан әрі – ҚР ҰШ) мен Қазақстан Республикасының Сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – ҚР СҮТ) құрылып, тәжірибелік пайдалануға берілді.

ҚР ҰШ пен ҚР СҮТ одан әрі дамыту және өнеркәсiптiк пайдалануға беру шеңберінде Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясы мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – ЕЭК) Ұлттық шлюздерімен және Сенім білдірілген үшінші тараптарымен интеграциялану қажет.



Ақпараттық сала инфрақұрылымының жай-күйі. Ақпараттық алаңда
2 202 бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) қызмет етедi, оның iшiнде: мемлекеттік – 439 (20 %), мемлекеттік емес – 1 763 (80 %).


Жалпы құрылымда басым көпшілікті баспа БАҚ – 87 %, электрондық БАҚ – 10 %, ақпараттық агенттіктер – 3 % құрайды. Оның ішінде қазақ тілінде – 352 (16 %), орыс тілінде 776 (35 %), қазақ және орыс тілдерінде 786 (36 %), қазақ, орыс және басқа тілдерде – 288 (13 %).

Астана қаласында ашылған «Қазмедиа орталығы» (бұдан әрі – Кешен) бiрегей телерадиокешенi хабар тарату компаниялары үшiн сапалы және бәсекеге қабiлеттi медиаконтент өндiрiсiндегi ағымдағы және перспективалы барлық қажеттiлiктердi қанағаттандыруға қабілетті басты технологиялық алаңға айналды. Кешеннің ғимаратынан 9 телеарна мен 3 радиоарнаның трансляциясы қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар Кешеннің 20 телеарна мен 10 радиоарнаны таратуды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.

2011 – 2013 жылдары жаңа тауаша арналар құруды және телеарналардың бағдарламалық кестесін кеңейтуді қамтитын бірқатар жобалар іске асырылды. Мемлекеттік телеарналардың эфирі басым түрде өзіндік қазақстандық контент негізінде құрылады. Олардың эфирдегі үлесі «Хабарда» – 80 %, «Қазақстан» телеарнасында – 71 %, «ҚазақТВ»-де – 95 %, «Қаз.Спортта» – 98 %, «24.КЗ»-те – 100 %-ды құрайды.

Мемлекеттік арналар рейтингтерінің өсуі байқалады. «Қазақстан»
2013 жылы қазақ және орыс тілдерінде адам саны 100 мыңнан кем елді мекендерде абсолютті көшбасшы болды. Қазақ тілінде 100 мың плюс панелінде «Қазақстан» үшінші орынды иеленеді.


Өз сериалдарымызды шығару процесі жолға қойылды. 2013 жылы жалпы алғанда 345 сериядан тұратын 21 сериал түсірілді.

Әлемдегі жетекші шетелдік жаңалықтар телеарналарының тәжірибесін ескере отырып, 2014 жылы «24KZ» телеарнасының 15 шетелдік тілшілер пункттерін ашу жоспарлануда. Олардың географиялық орналасу орны Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдықтарын ескере отырып, жаһандық ақпараттық көріністі барынша қамтитындай айқындалған.

Кешеннің базасында Медиа-мектеп құрылды, онда 2013 жылдан бастап БАҚ-тың 300 маманы үшін 20-дан астам семинар өткізілді.

«Болашақ» бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы «Хабардың», «Қазақстанның» және «Кешеннің» 20 қызметкері Ресей мен Ұлыбританияға тағылымдамаға жіберілді. БАҚ саласындағы магистрлерді оқыту мүмкіндігі жасалды.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс жеткілікті тиімділігін көрсетеді. Ол отандық ақпараттық кеңістікті дамытуға, мемлекеттік тілдегі өнімдердің шығуын ынталандыруға мүмкіндік береді және қазақстандық БАҚ үшін айтарлықтай тартымды болып табылады.

Мемлекеттік БАҚ-тың (телерадиоарналар мен газеттер) интернет желісіндегі жұмысы бойынша оларға ерекше көңіл бөлінеді. 2014 жылдың соңына дейін танымал операциялық жүйелерде республикалық мемлекеттік БАҚ-тың мобильдік қосымшаларын әзірлеу жоспарлануда.

Қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін отандық контент өндірісін ынталандыру, сондай-ақ баспа БАҚ-ты басу, беттеу мен таратудың жаңа технологияларын талдау және Қазақстан жағдайына бейімдеу, отандық газеттер мен журналдардың жеделділік, мультимедиалылық, аудиториямен байланыс бөлігінде бәсекеге қабілеттіліктің заманауи критерийлеріне сай келетін деңгейге қол жеткізуі арқылы арттырудың болжанатыны «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасындағы бағыттардың бірі болып айқындалған.

Сондай-ақ Министрлік интернет-ресурстарда интернеттегі мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету бойынша жұмыс жүргізуде. Интернет желісінің қазақстандық сегментін қалыптастыру және дамыту саласында «Қазконтент» АҚ құрылды.

Ол «Bnews» ақпараттық агенттігін, «Еl.kz» қазақ тіліндегі әлеуметтік желіні, Baq.kz қазақ тіліндегі БАҚ агрегаторын, Bnews.kz ақпараттық порталын, Kaztube бейнепорталын, Primeminister.kz, e-history.kz, strategy2050.kz сайтын біріктіреді.

Министрлік ұлттық ақпараттық кеңістік саласындағы уәкілетті орган ретінде отандық медиа-контенттің дамуын ынталандыру және БАҚ-тың материалдық-техникалық базасын жаңғырту міндетін қояды.

Көрсетілген тәсілдер «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтарымен өзара нақты байланысқан.

Негізгі проблемаларды талдау



Бүгінгі күні таяудағы перспективада шешуді талап ететін бірқатар негізгі проблемалар бар.

Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының аумағы үлкен және халқының тығыздығы төмен екендігін атап өту қажет, бұл ретте халықтың жартысына жуығы ауылдық елді мекендерде тұрады. Байланыс операторлары үшін халық аз тұрақтанған өңірлерге кәбіл жүргізу қымбатқа түседі және кіріс әкелмейді, бұдан басқа көптеген өңірлерде телефон желісі Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бейімделмеген.

Екіншіден, нарықта АКТ-мамандарының жетіспеушілігі байқалуда. Кадрларға қажеттілік ұсыныстан 6,1%-ға жоғары. Нарықтың болжамды өсуін және ЖОО мен арнайы орта оқу орындарының жас мамандарды даярлаудың қазіргі қарқынын ескере отырып, бұл жетіспеушілікті кадрларға қажеттілік ұсыныстан 16,8%-ға жоғары болатын 2017 жылы да жою мүмкін болмайды.

Үшіншіден, мемлекеттік дерекқорларда олардың құрылған кезеңіне дейін тарихи деректердің жоқ екенін, сондай-ақ қате/өзекті емес мәліметтердің болуын атап өту қажет. Бұл ретте, көрсетілген дерекқорлардың ақпараттық қауiпсiздiгі тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеген немесе мүлдем жоқ.

Төртіншіден, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанға ауыстыруға бастаманың болмауы. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдарда автоматтандырылған жүйелерді енгізу нәтижесіне қызығушылық танытпайды. Бұл уәкілетті тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мен оны «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетудің артықшылықтарын түпкілікті түсінбеуіне және бағаламауына байланысты.

Бесіншіден, мемлекеттік мекемелерде және халықта компьютерлердің жетіспеушілігі, бұл өз кезегінде әзірленген ақпараттық жүйелерді тиімсіз пайдалануға, халықтың электрондық көрсетілетін қызметтермен және сервистермен төмен қамтылуынан жаңа жүйелерді әзірлеу рентабельділігінің төмендеуіне әкеп соғады.

Алтыншыдан, сымсыз байланыстың жаңа технологияларын енгізу Қазақстанның радиожиілік спектрі мониторингін тиімді жүргізуді талап етеді.

Алайда, қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстанның радиожиілік спектрі мониторингі жүйесі жабдығының амортизациялық пайдалану мерзімі аяқталып, талап етілетін міндеттерді орындай алмайды.

Толыққанды Радиожиілік спектрі мониторингі жүйесінің жоқ болуы да елдің Қазақстанның аумағында іргелес мемлекеттер операторларының заңсыз жұмыс істеу мәселесіне ден қою мен ұялы байланыс, телерадио хабарларын тарату қызметтерінің және басқа радио байланыс түрлерінің сапасын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу мүмкіндігінің болмауына ықпал етеді.

Бұдан әрі қазіргі таңда Қазақстанның ақпараттық алаңында inform.kz, bnews.kz, baq.kz, strategy 2050.kz 4 мемлекеттік ақпараттық агенттігінің ғана жұмыс істейтінін атап өту қажет. Шетелдік және отандық ақпараттық агенттіктер арасында қазақстандық интернет пайдаланушылардың шетелдік интернет ресурстарға кетуіне байланысты бәсекелестік одан әрі өрістеуде. Отандық танымал интернет-алаңдар мен ақпараттық ресурстардың жетіспеушілігі – Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілетудің негізгі кедергілері.

Осылайша, ақпараттық және ақпараттандыру байланыс саласындағы негізгі проблемалар:

  1. үй шаруашылықтарының Интернет желісіне КЖҚ қызметтерімен толық қамтылмауы;

  2. жұмыс берушілер мен білім беру мекемелері арасында өзара байланыстың болмауынан АТ саласында кадрлар даярлау қажеттілігі туралы деректердің болмауы болып табылады;

  3. мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерінің, ақпараттық жүйелері мен ресурстарының қорғалу деңгейінің төмен болуы;

  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсетуге бағытталған мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін автоматтандырудың төмен қарқыны;

5) хостинг қызметтерін көрсету үшін дата-орталықтар инфрақұрылымының дамымағандығы;

6) мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысының нашарлығынан туындаған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен мемлекеттік дерекқорларда тарихи деректердің болмауы және/немесе өзекті емес деректердің болуы;

7) мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету процесіне тартылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-техникалық құралдары жұмыс істеуінің төмен сапасы;

8) Қазақстан Республикасының Ұлттық шлюзін Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының Ұлттық шлюздерімен интеграциялаусыз өндірістік пайдалануға енгізу мүмкін болмай отыр, өйткені Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасы мен ЕЭК-тің Ұлттық шлюздері мен Сенім білдірілген үшінші тараптары интеграцияға дайын емес;



  1. отандық ақпараттық өнімнің бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң жеткіліксіздігі;

  2. телеарналар бойынша толық емес жүктеме 45%-ды, радиоарналар бойынша бар-жоғы 30%-ды құрайды;

  3. мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету үшін танымал отандық интернет-алаңдар мен ақпараттық ресурстардың жетіспеушілігі;

  4. отандық журналистика саласындағы мамандар біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі;

  5. отандық бәсекеге қабілетті телеконтенттің жетіспеушілігі;

  6. жүйелік медиа-зерттеулердің болмауы;

  7. ынталандырушы нормалардың болмауы (салықтық жеңілдіктер, преференциялар) болып табылад;

  8. қолданыстағы Қазақстанның радиожиілік спектрі мониторингі жүйесінің технологиялық ескіруі мен тозу.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Ішкі факторлар:

1) Интернет желісіне КЖҚ қызметтерін қоса алғанда, телекоммуникация саласын дамыту радиожиілік спектрінің шектеулі ресурстарын, нөмірлеу ресурсын пайдаланумен тікелей байланысты.

Айталық, ұялы байланыс (3G, 4G) қызметтерін ұсыну үшін операторлар заңнамада белгіленген тәртіппен нөмірлеу ресурсын және радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты, ал тіркелген телефон байланысының қызметтерін ұсыну үшін нөмірлеу ресурсын алуы қажет. Технологиялық жағынан аталған ресурстарды пайдаланбай, ұялы және тіркелген байланыс желілерінің жұмыс істеуі мүмкін емес;

2) Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды дамыту уақтылы қаржыландыруға тікелей байланысты. Қаржыландыру мерзімдері ұзартылған жағдайда, жобаның аяқталу мерзімі де неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылады. Бюджет қаражатын уақтылы бөлу Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды дамытуға оң әсерін тигізеді;

3) халықтан талап етілетін құжаттардың тізбесін және көрсету мерзімдерін қысқарту, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, сондай-ақ халық тарапынан Үкіметке деген сенімді арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту;

4) инфокоммуникация саласында  оқыту қызметіне сұранысты тұрақты арттыру – IT-саласындағы білікті кадрларды қалыптастыру. Бұл кадрлық әлеуетті және отандық АТ – нарығының бағдарламалық өнімдерін дамытуға, сондай-ақ тұтастай алғанда АТ саласының өзін дамытуға әсер етеді;



5) электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен «электрондық үкіметті» ілгерілету, нәтижесі – халық арасында электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді танымал ету. Халық тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге сұраныстың артуына, порталды пайдаланушылар санының ұлғаюына, сондай-ақ «электрондық үкімет» көрсететін мемлекеттік қызметтердің танымалдылық деңгейінің артуына ықпал етеді;

6) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен мерзіміне әсер ететін ақпараттық жүйелердің техникалық істен шығуларының болуы, сондай-ақ электр энергияның берілуіне, байланыс арналарымен қамтамасыз етілуіне, ХҚО жұмысын тұралатуға қабілетті өзге де факторларға тәуелділігі;

7) ХҚО кадрларының тұрақсыздығы – біліктілік деңгейінің төмендеуі, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына кері әсер етеді;

8) заманауи мультимедиялық құралдарды белсенді қолдану мемлекеттік БАҚ сапасын арттыруға оң әсер етеді;

9) отандық теле - және радиокомпаниялардың эфирінде шетелдік өндірістің бағдарламаларын ретрансляциялау көлемін азайтуға мүмкіндік беретін цифрлық телевизияны енгізу;

10) радиоэлектрондық құралдардың кедергісіз жұмысын қамтамасыз ету және шектеулі ұлттық ресурс – радиожиілік спектрінің пайдаланылуын тиімді бақылау үшін заманауи Радиожиілік спектрі мониторингі жүйесін енгізу.

Сыртқы факторлар:



  1. АКТ саласының импортқа жоғары тәуелділігі АКТ саласындағы отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіз дамуына байланысты. Қазіргі уақытта Қазақстанның АКТ секторының дамуы импортқа өте жоғары тәуелділікте, бұл отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді. Кеден одағына кірумен және ДСҰ-ға жоспарланатын кіруге байланысты Қазақстан жуық арада бұлыңғыр есептеу саласында меншікті стратегиясын әзірлеуге кіріспесе және меншікті перспективалық әзірлемелерді қаржыландыруды бастамаса, қазіргі импорттаушы және шетелдік АТ-инновацияларды пайдаланушы мәртебесінің одан әрі бекітілу тәуекелі бар;

  2. ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға ілгерілеу, «электрондық үкіметтің» дамуына оң әсер етеді;

  3. өңірлердегі жергілікті атқарушы органдардың электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтерді көрсету ақпараттық жүйелерінің хостингі үшін серверлік тұғырнамаларды дамыту серверлік тұғырнамалардың дамуына оң әсер етеді;

  4. «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және дайын құжаттарды беру бойынша барлық функцияларды ХҚО-ға беру жұмысының аяқталмауы және аталған мән-жайдан туындаған мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде уәкілетті органдар үшін жекелеген аймақтар құрудың қажеттілігі ХҚО-лар жұмысына теріс әсер етеді;

  5. отандық баспасөз БАҚ-ты тұрғындар арасында тарату халықтың қалың топтарының арасында ақпаратты уақтылы және сапалы тарату үшін қолайлы жағдайлар жалауға мүмкіндік береді;

  6. газеттер мен журналдардың электрондық аналогтарын жасау арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметін жандандыру, меншікті Интернет-ресурстарды ашу, online-хабар тарату – мұның барлығы ел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан жөнінде ақпаратқа қызығушылық танытатын шетелдік Интернет пайдаланушылар үшін ақпарат көздерін кеңейтуге ықпал етеді;

  7. Қазақстанның ақпараттық саладағы халықаралық ынтымақтастығын дамыту, Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді (дамыған елдерде шет елдегі тілшілер пункттерін ашу арқылы отандық ақпараттық өнімді тарату және танымал ету, келісімдер арқылы шетелде сапалы білім алу және ақпараттық салаға жаңа инвестициялар тарту мүмкіндігі);

  8. БАҚ саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру, аталған саланы одан әрі реттеу үшін жаңа мүмкіндіктер береді;

  9. өңірлік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыру. Контент өндіру сапасы төмен деңгейде жүргізіледі. «Қазақстан» РТРА» АҚ өңірлік филиалдары эфирде болған бағдарламаларды бірнеше мәрте қайталауды тәжірибеде қолданады. Сондай-ақ өңірлік телеарналардың эфирінде меншікті хабарландырулар орналастырылады, олардың болуы телеарналардың тартымдылығына теріс әсерін тигізеді;

  10. шекара маңындағы аумақтарда шектеулі ұлттық ресурсты пайдалану бойынша ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет