2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер



бет1/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37



2014 ЖЫЛҒЫ

«KEGOC» АҚ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

«KEGOC» АҚ 2014:

НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК КӨРСЕТКІШТЕР

Трансформаторлық қуат, (МВА)

35-1150 кВ желілердің ұзындығы, тізбектер бойынша (км)

31.12.2014

36 244,55

31.12.2014

24 893,53

31.12.2013

35 875,05

31.12.2013

24 533,03

31.12.2012

35 535,65

31.12.2012

24 427,74

Электр энергиясын желіге сальдоланған түрде босату (қырғыз транзитін есепке алмағанда) (млн.кВт·сағ)

Электр энергиясының желілер бойынша жеткізуге жұмсалған технологиялық ысыраптары, (қырғыз транзитін есепке алмағанда) (млн.кВт·сағ)

2014

42 812,8

2014

2 576,1

2013

43 460,3

2013

2 387,4 

2012

46 244,9

2012

2 645,0

Электр энергиясының желілер бойынша жеткізуге жұмсалған технологиялық ысыраптары (қырғыз транзитін есепке алмағанда) (желіге босату %)


Электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көлемдері,

(млн.кВт·сағ)


2014

6,02

2014

40 236,7

2013

5,49

2013

41 055,4

2012

5,72

2012

43 487,1

Электр энергиясын техникалық диспетчерлендіру бойынша қызмет көлемдері, (млн.кВт·сағ)


Электр энергиясының теңгерімін ұйымдастыру бойынша қызмет көлемдері, (млн.кВт·сағ)

2014

85 418,3

2014

160 464,6

2013

83 863,4

2013

153 521,4

2012

83 511,7

2012

152 908,9







НЕГІЗГІ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

Негізгі қызметтен түскен табыс

млн.теңге

Таза пайда, млн.теңге


2014

93 519,8

2014

8 616,0

2013

73 811,7

2013

-14 500,3

2012

65 855,2

2012

6 941,0

EBITDA*, млн.тенге

Активтердің жалпы құны, млн.теңге

31.12.2014

24 804

31.12.2014

549 928,04

31.12.2013

20 202

31.12.2013

367 321,73

31.12.2012

17 862

31.12.2012

232 404,84

Қарыз капиталы, млн.теңге

Жалпы капиталы, млн.теңге

на 31.12.2014

107 596,41

31.12.2014

359 777,47

на 31.12.2013

92 541,27

31.12.2013

221 181,46

на 31.12.2012

80 808,81

31.12.2012

126 560,04







*EBITDA көрсеткіші амортизациялауды есепке алмай операциялық шығындарды шегеріп тастағандағы негізгі қызметтен түскен табыс ретінде есептелді.
Осы Жылдық есепте көрсетілген жоспарларға қатысты кез келген ақпарат болжамдық сипатқа ие және болашақтағы оқиғаларға қатысты «KEGOC» АҚ-ның ағымдағы көзқарасын білдіреді және де «KEGOC» АҚ бизнесіне, қаржылық ахуалына, операциялық нәтижелеріне, даму стратегиясы мен өтімділікке қатысты түрлі тәуекелдерге, белгісіздіктер мен жорамалдарға орай өзгеруі мүмкін.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating  Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) – Қазақстан Республикасының Ұлттық электр торабын басқару жөніндегі компания және Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы болып табылады.

«KEGOC» АҚ «Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құрудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі №1188 қаулысына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанда – акционерлік қоғам болып құрылды. 2006 жылға дейін «KEGOC» АҚ-ның 100% акциялары мемлекет иелігінде болды. 2006 жылы мемлекеттік акциялар пакеті (100%) «Самұрық» мемлекеттік акцияларды басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ орналастырылатын акцияларын төлеу үшін табыс етілді. 2008 жылы «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік компанияларының бірігуі жолымен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ құқық иеленушісі болып табылатын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылды.

2014 жылғы 18 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және бағынысты ұйымдарының акциялар пакетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі №1027 қаулысымен бекітілген бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын (бұдан әрі – «Халықтық IPO» бағдарламасы) іске асыру шеңберінде «KEGOC» АҚ Компанияның жай акцияларын оған жазылу жолымен қазақстандық қор нарығына алғашқы орналастыруды жүргізді. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында «KEGOC» АҚ орналастырылған жай акцияларының саны – 25 999 999 (жиырма бес миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) дана. «KEGOC» АҚ бір жай акциясын орналастыру бағасы 505 (бес жүз бес) теңге.

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат.


Қызметінің негізгі түрлері:

  • өңіраралық деңгейдегі желілер бойынша электр энергиясын жеткізу;

  • электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;

  • электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері табиғи монополия саласына жатады, осыған байланысты «KEGOC» АҚ қызметі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.


МАЗМҰНЫ

«KEGOC» АҚ 2014: негізгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштер

2

Компания туралы

3

Мазмұны

4

Директорлар кеңесі төрағасының сөзі

5

Басқарма төрағасының сөзі

6

2014 жылдың маңызды оқиғалары

8

Нарыққа шолу

9

Мемлекеттік реттеу және Қазақстан Республикасы

электр энергетикасының құрылымы

9

Қазақстан Республикасы электр энергиясының

Нарығы

12

Электр энергиясының теңгерімі

16

Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамыту стратегиясы

19

«KEGOC» АҚ Даму стратегиясы

19

1-мақсат ҰЭТ СЕНІМДІЛІГІ

21

Қызмет географиясы

22

Электр желілік шаруашылықтың сипаттамасы

23

Диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру

23

2-мақсат ҰЭТ-ты ДАМЫТУ

24

Инвестициялық қызмет

25

Қызмет перспективалары

27

3-мақсат ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ

28

Электр энергиясын жеткізу

28

Техникалық диспетчерлендіру

29

Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру

29

Сенімділікті және энергетикалық тиімділікті арттыру

30

Электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операциялар

31

Инновациялық қызмет

32

4-мақсат ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ

35

Қаржы-экономикалық көрсеткіштер талдамасы

35

Тариф саясаты

38

5-мақсат НАРЫҚТЫ ДАМЫТУ

40

6-мақсат КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ. ОРНЫҚТЫ ДАМУ

40

Корпоративтік басқару қағидаттарының сақталуы туралы ақпарат

41

Акционер туралы

46

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі

47

«KEGOC» АҚ Басқармасы

53

Дивиденд саясаты

57

Ішкі аудит қызметі

57

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау

58

Ақпараттық саясат

60

Кадр саясаты

61

Қоршаған ортаны қорғау

65

Өндірістік қауіпсіздік

68

Демеушілік және қайырымдылық

70

7-мақсат ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

70

Басқа мемлекеттердің энергетикалық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасау

70

Халықаралық ұйымдарға қатысу

71

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕ

72

ҚОСЫМШАЛАР

129

1-қосымша. Еншілес және бағынысты ұйымдарды басқару, сондай-ақ «KEGOC» АҚ 2014 жылғы қызметінің көрсеткіштеріне еншілес және бағынысты ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелерінің әсері туралы есептер

129

2-қосымша. 2015 жылға арналған Корпоративтік күнтізбе

131

3-қосымша. Глоссарий

132

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

133

«KEGOC» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ СӨЗІ
Есепті жыл «KEGOC» АҚ үшін Компания тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болды.

«KEGOC» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде Қазақстандық қор биржасына (KASE) өз акцияларын табысты орналастырып, көпшілікке танымал болған «Самұрық-Қазына» АҚ тобындағы екінші компанияға айналды. Акцияларды KASE-ге орналастыру қорытындысы акционер үмітін ақтады деуге болады. «KEGOC» АҚ акцияларын сатып алуға берілген өтінімдердің жалпы саны 41 997 болып, жалпы құны 16,6 млрд.теңгені құрады, ал ең жоғарғы орналастыру көлемі 13,1 млрд.теңге мөлшерінде белгіленген болатын. Осылайша сұраныс ұсыныстан 27% артты. 2014 жылдың 19 желтоқсанынан бастап KASE екінші нарығында «KEGOC» АҚ жай акцияларының сауда-саттығы басталды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2014.10.17 күнгі №61 бұйрығымен «KEGOC» АҚ-ның Қазақстан Республикасы Біртұтас Электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы ретіндегі мәртебесі расталды.

Компанияның негізгі активі кернеу күші 35-1150 кВ, жалпы ұзындығы 24,9 мың.км. болатын электр жеткізу желілерінен және трансформаторларының жалпы белгіленген қуаты 36,24 ГВА құрайтын 77 электр станциясынан тұратын Ұлттық электр торабы болып табылады. Олар электр энергиясының шекара аралық ағынын қамтамасыз етеді, энергия өндіруші станциялардан электр қуатын жеткізеді, өңірлік электр энергетикалық компаниялар мен ірі тұтынушылар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Компанияда 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Директорлар кеңесі Компания дамуының 2019 жылға дейінгі негізгі даму бағыттарын айқындайтын Ақпараттық-телекоммуникациялық кешенді дамыту стратегиясын бекітті.

Компания есептілік, әділдік, айқындық және жауапкершілік секілді корпоративтік басқару қағидаттарының жоғары деңгейде сақталып отырғандығын көрсетіп келеді. Корпоративтік басқару жүйесі тиімді жұмыс істеуде. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері стратегиялық және өндірістік-шаруашылық мәселелерін жүйелі түрде қарастырып, нақты шешімдер қабылдайды. Қабылданған шешімдер Компания менеджменті тарапынан табысты іске асырылуда. Нәтижесінде, есепті жыл ішінде жүргізілген диагностика қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның корпоративтік басқару деңгейі 78,1 % жетті. Бұл көрсеткішке үш компоненттің – «Құрылым», «Процестер», «Айқындық» өзара бірлескен іс-әрекеті, олардың сандық мәнін ескеру негізінде: «құрылым» – 68,3%, «процестер» – 77,4 %, «айқындық» – 86,0% қол жеткізілді.

Компаниядағы әлеуметтік ахуалдың қолайлылығы мен әлеуметтік саясаттың табысты жүргізіліп отырғанын компанияның жоғары әлеуметтік тұрақтылық рейтингі растап отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы Әлеуметтік серіктестік орталығының бағалауы бойынша «KEGOC» АҚ-ның әлеуметтік тұрақтылық индексі 77%-ды құрады, бұл орташа мәннен жоғары болып табылады.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің атынан Компанияның барлық еңбек ұжымына тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін табысты жүзеге асыруға, электр желілік шаруашылықты жаңғыртуға және корпоративтік басқару деңгейін жетілдіруге мүмкіндік беріп отырған үйлесімді де тиімді жұмыстары үшін алғысымды білдіремін.

«KEGOC» АҚ Директорлар

кеңесінің төрағасы Қуаныш Бектеміров

«KEGOC» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ СӨЗІ
2014 жыл «KEGOC» АҚ тарихында қалатын елеулі оқиғаларға толы болды.

Олардың ең маңыздысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы, бұл құжатта бізге нақты тапсырма берілді - «Екібастұз-Семей-Өскемен», одан кейін «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алма» бағыттарында 500 кВ-тық транзит желілерін салу қажеттігі. Бұл жоғары вольтты желілер «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500 кВ-тық ӘЖ салу» ауқымды жобасының құрамдас бөліктері болып табылады.

«KEGOC» АҚ акцияларын Қазақстандық қор биржасына (KASE) орналастыру да маңызды оқиғалардың бірі болды. Біз «Самұрық-Қазына» АҚ тобында «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде өз акцияларын орналастырған екінші компания болдық. IPO бағдарламасының табысты өткізілгенін сұраныстың ұсыныстан 27 %-ға артуы дәлелдеп отыр. Компания 13 млрд. теңгеден астам қаржы тапты.

«KEGOC» АҚ бизнесті басқару үдерісін тиімді түрде жетілдіріп, ҰЭТ-ты дамыту бағытындағы инвестициялық бағдарламаны табысты жүргізіп келеді. «Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең» жобасы бойынша жоспарланған жұмыстар толық көлемде жүзеге асты деуге болады. «Қазақстан ҰЭТ-на 500, 220 кВ кернеу желілерімен қосылатын 500 кВ «Алма» қосалқы станциясының құрылысы» жобасы аясында 500 кВ «ОҚМАЭС – Алма» әуе желісінің құрылысы мерзімінен бұрын аяталды.

Бірқатар келеңсіз факторлардың ықпалына қарамастан, Компания өзінің тұрақтылығын сақтап, негізгі міндеттерді орындау бағытындағы жоспарлы жұмыстарын орындауды жалғастыруда. 2014 жылдың қорытындысы бойынша компания тұрақтылығын сақтай отырып, 8,6 млрд. теңге мөлшерінде табыс тапты.

2014 жылы электр қуатын өндіру мен тұтыну көлемінің өсуіне қарамастан, электр энергиясын жеткізу қызметі 2013 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2%-ға төмендеп, 40,24 млрд. кВтс-ты құрады.

Ал техникалық диспетчерлендіру көлемі - 85,42 млрд. кВтс., және теңгерімдеуді ұйымдастыру – 160,46 млрд. кВтч\с-ты құрап, өткен жылғы көрсеткіштерден 1,9% және 4,5%-ға жоғары болды.

ҰЭТ-тың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге қатысты міндеттерін орындау мақсатында Компания өндіріс нысандарын дер кезінде жөндеуден өткізіп, 2014-2015 жылдың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмыстарға дайындық паспортын алды.

«KEGOC» АҚ адами ресурстарын басқару менеджменті Корпоративтік басқару кодексі, біріктірілген менеджмент жүйесі, Кадр саясаты, Қызметкерлерге еңбекақы және сыйақы төлеу ережелерінің қағидаттары негізінде жүзеге асып отыр. Соның нәтижесінде «KEGOC» АҚ Республикалық «Сенім-2014» конкурсында «Үздік жұмыс беруші-ұлттық компания» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

2014 жылы Компания жоғары корпоративтік басқару деңгейін көрсетті, рейтинг 78,1% мөлшеріне жетті. PWC мамандары корпоративтік жүйесіндегі акционерлердің елеулі қолдауы, Директорлар кеңесінің білікті де теңгерімді құрамы, корпоративтік басқару жүйесін реттейтін негізгі құжаттардың бар болуы, Компания акционерлері, Директорлар кеңесі және Басқарма өкілеттігінің айқын бөлінісі секілді басым тұстарын атап өтті.

Оның үстіне Компания Сапа менеджменті жүйесі (ISO 9001:2008), экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001:2004) және кәсіби қауіпсіздік пен еңбек қорғау менеджменті жүйесі (OHSAS 18001:2007) саласындағы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін тексерудің сертификатталған аудитін табысты өткізді.

Жүргізілген репутациялық аудит қорытындысы бойынша Компанияның іскери репутация деңгейі 10 баллдық шкала бойынша 7 баллды құрады, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 42,8 % жоғары.

Таяу болашақтағы біздің басым бағыттарымыз еліміздің барлық аймағын энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ірі салалық жобаларды дер кезінде және тиімді жүзеге асыру болып қала бермек.

Біздің алдымызда инвестициялық және операциялық қызмет тиімділігін арттыру мақсатында Бизнесті трансформациялау бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл бағдарламалық құжат бір мезгілде өндірістік процестер, технологиялар мен Компания қызметкерлерінің негізгі құзыреттерін оң бағытқа өзгертуді көздейді.



Көріп отырғандарыңыздай, алдымызда үлкен жауапты жұмыстар күтіп тұр. «KEGOC» АҚ басшылығы ұжым мүшелері барлық бастамаларға қолдау көрсетеді деген сенімде. Жоспарланған жұмыстардың толыққанды жүзеге асуы біздің қызметкерлерімізді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп, отбасыларын болашаққа деген сенімге жетелері анық.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет