2015 ж. 6 сәуір №258
«Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
|
Зарегестрирован в МЮ РК 7.04.2015 за №10630
|
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылатын бюджеттiк өтiнiмге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттiк мекеме құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде - тиiстi бұйрықтармен мiндеттердi атқару жүктелген тұлғалар қол қояды.
Бюджеттік өтінімде бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі жауапты орындаушысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болғанда) (бұдан әрі – тегі, а.ә.), лауазымы, жұмыс телефоны міндетті түрде көрсетіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша Қағидаларға 2-67-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жоспарлы кезеңнiң әрбiр жылына берiледi.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгермейтiн болса, онда осы бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есеп айырысулар жасалмайды, тек қана үшiншi жылға жасалады.
Егер жекелеген бюджеттiк бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнiң екiншi және (немесе) үшiншi жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген сомамен салыстырғанда өзгеретiн болса, онда шығыстардың түрлерi бойынша есеп айырысулар жоспарланып отырған жоспарлы кезең жылдарының бөлінісінде жасалады және осы бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) ұсынылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Шығыстардың есептеулеріне, сондай-ақ шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша шығыстардың түрлері бойынша қосымша егжей-тегжей есептеулер мен негіздемелерге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайларда – мемлекеттік мекеме басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттiк мекеменiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы, ал соңғылары болмаған кезде – тиiстi бұйрықтармен мiндеттердi атқару жүктелген тұлға, тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарламаның басшысы және қаржы-экономикалық қызметiнiң басшысы бұдан (әрі – бас бухгалтер (қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы) қол қояды.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. 111 «Еңбекақы төлеу» ерекшелiгi бойынша шығыстардың есептеулері Қағидаларға 2-16-қосымшаларға сәйкес 01-111, 02-111, 03-111, 04-111, 05-111, 06-111, 07-111, 08-111, 09-111, 10-111, 11-111, 12-111, 13-111, 14-111, 15-111 нысандары бойынша жасалады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Достарыңызбен бөлісу: |