2015 жылға су көлігіндегі қауіпсіздік жағдайына талдау



Дата04.07.2016
өлшемі70.74 Kb.
#176949


2015 жылға

су көлігіндегі қауіпсіздік жағдайына талдау
Су көлігіндегі қауіпсіздік жағдайы келесідей бағаланады:

  1. Су көлігіндегі авариялық жағдайымен (теңіз, өзен, шағын көлемді)

  2. Су көлігіндегі инфрақұрылым объектілерін қауіпсіз пайдалану деңгейімен (теңіз, өзен, шағын көлемді).




  1. су көлігіндегі авариялық жағдай

Көліктік оқиғаларды сыныптау

жылдар

Көбею (+)

Кему (-)

2014 ж.


2015 ж.


Теңіз кемелері

Кеменің апатқа ұшырау саны

-

-

-

Апаттар саны

-

-

-

Апаттық оқиғалар саны

4

3

-1

Қолданыстағы кемелердің бұзылу саны

-

-

-

Тергеуде болып танылатын кемелердің апаттық оқиғалар саны

-

2

+2

Барлық апаттық оқиғалар саны

4

5

+1

АО кезіндегі зардап шеккендер саны

-

3

+3

Қайтыс болғандар саны

-

-

-

Өзен кемелері

Апаттар саны

2

-

-2

Қолданыстағы кемелердің бұзылу саны

1

-

-1

Барлық апаттық оқиғалар саны

3

-

-3

Көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендер саны

-

-

-

Қайтыс болғандар саны

1

-

-1

Шағын көлемді кемелер

Апаттар саны

5

3

-2

Қолданыстағы кемелердің бұзылу саны

2

-

-2

Тергеуде болып танылатын кемелердің апаттық оқиғалар саны

-

-

-

Барлық апаттық оқиғалар саны

7

3

-4

Жоғалғандар саны

-

-

-

Көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендер саны

1

3

+2

Количество погибших

4

4

0

Су көлігіндегі жалпы саны (теңіз, өзен, шағын көлемді)

Көліктік оқиғалардың жалпы саны

14

8

-6

Көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендер саны

1

6

+5

Жоғалғандар саны

-

-

-

Қайтыс болғандар саны

5

4

-1




    1. Теңіз көлігіндегі апаттылық талдау

Есептік кезеңде 5 апаттық оқиға тіркелді (2014 ж. – 4).

1) 2015 жылғы 7 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 17 15 шамасында Баутино портына кіру кезіңде «Тулпар» мұз жарғышы солтүстік белгіге соқтығысты. Кеме мен белгі зақымдалмады.

Құрбан болған және қоршаған ортаның ластануы болмады.

Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасының 28 – тармақ 1) тармақшасына сәйкес (08.07.2011 ж. № 780 ҚРҮҚ) аталған жағдай Ақтау порты капитанының м.а. авариялық жағдай ретінде сыныпталды.

2) 2015 жылғы 11 наурызда «Пенелопа» танкері, РФ жалауы, Ақтау порты буйына келу кезінде балластта шамамен сағат 03 00 кезінде (жергілікті уақыт) 43.34.5N 050.57.6Е координатасында сол рульмен баллер арасында байланыс жоғалды. Құрбан болған және жарақат алғандар жоқ, кемнің басқа жерлері зақымдалмады, қоршаған ортаның ластануы болмады.

Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасының 28 – тармақ 1) тармақшасына сәйкес (08.07.2011 ж. № 780 ҚРҮҚ) аталған жағдай Ақтау порты капитанының м.а. авариялық жағдай ретінде сыныпталды.


  1. 2015 жылғы 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00 «БИЮИ Казахстан» компаниясының «БИЮИ ТЕКЕС» жолаушылар катері «СМ ВУЛФ» буксирінен жүзетін қонақжайына өту кезінде якорьде тұрған «ЕВ-103» баржасымен соқтығысты.

Соқтығысу нәтижесінде экипаж мүшелері (үш адам) әртүрлі деңгейдегі жарақат алып Атырау қ. медициналық мекемесіне жеткізілді.

Катер жүзу қалпында, су ағу және жанармай немесе басқа да мұнай өнімдері төгілмеді.

Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасының 21 – тармақ 2 - тармақшасына сәйкес (ҚР ИДМ 23.02.2015 № 147 бұйрық) аталған жағдай авария ретінде сыныпталды.

4) 2015 жылғы 14 қыркүйекте 45.56.25 N, 52.11.85 координатасында, шамамен жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00 «Аси» кемесі белгісіз объектімен соқтығысу орын алды. Соқтығысу нәтижесінде кеме жанармай танкілері аумағында тесік пайда болды.

Су ағу және жанармай немесе басқа да мұнай өнімдері төгілмеді.

Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасының 22 – тармақ 1 - тармақшасына сәйкес (ҚР ИДМ 23.02.2015 № 147 бұйрық) аталған жағдай авария ретінде сыныпталды.

5) 2015 жылғы 14 қарашада Касспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Құрық ауданында «ТИБА» құрғақ жүк таситын кемесі (флаг Иран Ислам Республикасы, кеме иесі «Хазар Шиппинг Ко» ирандық су жолдары компаниясы) қайраңға тұрған.

Нәтижесінде кемеде ойық пайда болған және кеме құрылғыларына біршама судың келуі орын тапқан.

Аталған оқиға бойынша Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидаларына сәйкес (ҚР ИДМ 23.02.2015 № 147 бұйрық) ақпаратты жинақтау жүргізілуде.


    1. Өзен көлігіндегі апаттылық талдау

2015 жылда өзен флотында көліктік оқиғалар тіркелмеді (2014 ж.–3).


1.3 Шағын көлемді кемелердегі апаттылық талдау
2015 жылда шағын көлемді кемелер флотында 3 көліктік оқиға тіркелді (2014 ж. – 7).

  1. 2015 жылғы 1 мамырда Оңтүстік-Қазақстан облысы Сары-Ағаш ауданы Сырдария өзенінде моторлы кемені пайдалану кезінде екі мектеп оқушылары батып кетті, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.

Екі оқушының денелері келесі күні табылды.

27.03.2015 жылғы № 358 ИДМ бұйрығымен бекітілген Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидасының (бұдан әрі – Қағидалар) 19-тармағына сәйкес, бұл оқиға авария ретінде сыныпталады.

2) 2015 жылғы шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бадам су қоймасында скутерді пайдалану кезіңде 1995 жылғы адам батып кетті.

Қағидалардың 19-тармағына сәйкес, бұл көліктік оқиға авария ретінде сыныпталады.

3) 2015 жылғы 4 қарашада Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылы маңында Тұщыкөл өзенінде үш балықшы аспалы пластикалық кемеден суға аударылып қалған. Нәтижесінде екі адам жағаға шыққан, біреуі суға батқан. Денесі табылған.

Қағидалардың 19-тармағына сәйкес, бұл көліктік оқиға авария ретінде сыныпталады.


2. су көлігіндегі инфрақұрылым объектілерін қауіпсіз пайдалану деңгейі
2.1 Теңіз көлігіндегі инфрақұрылым

объектілерін қауіпсіз пайдалану денгейі
Теңіз көлігіндегі инфрақұрылым объектілеріне «Ақтау» және «Баутино» теңіз порттары жатады, Каспий қайраныңда қызмет атқаратын компаниялар айлақтары, сондай-ақ жасанды аралдар.

Каспий теңізінің жағалауында 2 порт, 25 айлақ, 2 рейд жұмыс істейді.


3.1 Өзен көлігіндегі инфрақұрылым объектілерін қауіпсіз пайдалану деңгейі
Өзен көлігіндегі инфрақұрылым объектілеріне ішкі кеме жүзетін су жолдары, шлюздар, айлақтар, рейдтер, көпірлер, паромды және қалқымалы өткелдер, кемежайлар жатады.

Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемелерімен қызмет көрсетілетін кеме жүзетін су жолдарының ұзындығы 4109 км құрайды.

Республиканың ішкі су жолдарында 3 шлюз, 21 айлақ, 30 көпір қызмет көрсетеді.



  1. ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕҢГЕЙІ

Қазақстан Республикасында шағын көлемді кемелер жүргізушілерін даярлау бойынша 35 оқыту орталықтары және ішкі су экипажы мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша 3 оқыту орталықтары жұмыс істеуде.

Ағымдағы жылдың басынан Комитеттің аймақтық органдарымен 760 шағын көлемді кемені басқару құқығын беретін куәлік берілді.

Өзен флотында 156 командалық құрамына диплом берілді, 73 тұлға аттестатталды.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет