2015 жылғы ақпанда



Дата29.02.2016
өлшемі47.73 Kb.
#32224
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп

2015 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - ҚРҰБ) және оның аумақтық филиалдарына жеке және заңды тұлғалардың 712 өтініші келіп түсті, оның ішінде 379 өтініш тікелей ҚРҰБ-тың Орталық аппаратына келіп түскен.

Ағымдағы жылғы қаңтарда 431 өтініш қаралған:



375 (87,00%) өтініш екінші деңгейдегі банктердің іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- қарыздар бойынша берешекті, оның ішінде кредит беру мерзімдерін ұзарту, қарыздарды өтеу мерзімін кейінге қалдыру, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін азайту, есептелген өсімпұлды есептен шығару арқылы қайта құрылымдау (78 өтініш);

- жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары бойынша берешекті мемлекеттің есебінен кешіру (есептен шығару) (35 өтініш);

- есептің (ай сайынғы төлем, берешек, өсімпұл, сыйақы, комиссиялар, ЖТСМ мөлшерінің) дұрыстығын тексеру) (29 өтініш);

- басқа банктердің шоттарындағы ақшаға даусыз (акцептсіз) тәртіппен ақы өндіріп алу (27 өтініш);

- банк қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (20 өтініш);

- банк қызметін тексеру (17 өтініш);

- банктік шарт талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеру (13 өтініш);

- кепіл затын босатудан бас тарту (11 өтініш);

- өтінішті кері қайтару (9 өтініш);

- банк шоттары қызметін көрсету (7 өтініш);

- берешекті қайта қаржыландыру (6 өтініш);

- қарыздар беру заңдылығын тексеру (6 өтініш);

- кепіл затын өткізу рәсімі (6 өтініш);

- банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу (5 өтініш);

- сот шешімдерін орындау (5 өтініш);

- ақша аудару (5 өтініш);

- кредиттік тарих (5 өтініш);

- ақпарат алмау (5 өтініш);

- салымдарды қайтармау (4 өтініш);

- басқа да мәселелер, оның ішінде ипотекалық кредиттер беру қызметін көрсету талаптарын жеңілдету үшін берілген 130 млрд. теңгені бөлуге қатысты (82 өтініш).

11 (2,55%) өтініш банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- қарыздар бойынша берешекті, оның ішінде кредит беру мерзімдерін ұзарту, қарыздарды өтеу мерзімін кейінге қалдыру, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін азайту, есептелген өсімпұлды есептен шығару арқылы қайта құрылымдау;

- жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздары бойынша берешекті мемлекеттің есебінен кешіру (есептен шығару);

22 (5,10%) өтініш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- сақтандыру төлемін жүзеге асырмау;

- сақтандыру сыйлықақыларын қайтарудан бас тарту;

- сақтандыру төлемін уақытылы жүзеге асырмау;

- сақтандыру сомасын есептеудің дұрыстығын тексеру;

- интернет-ресурсында немесе жұмыс күйінде болатын клиенттерге шолып шығу үшін рұқсат етілген орында орналастырылатын сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтерінің мөлшерлері туралы ақпарат.



3 (0,70%) өтініш бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің іс-әрекеттеріне қатысты. Өзекті мәселелер мыналар болып табылады:

- бағалы қағаздарды иелену құқығын растау туралы ақпарат алу;

- дивидендтер төлемеу.

3 (0,70%) өтініш зейнетақы жинақтарын төлеуден бас тарту мәселесі бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ іс-әрекеттеріне қатысты.

14 (3,25%) өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын түсіндіру және ҚРҰБ және оның аумақтық филиалдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер туралы.

3 (0,70%) өтініш басқа мемлекеттік органға тиесілі болғандықтан соларға қайта жіберілген.

Микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша өтініштер келіп түскен жоқ.

2015 жылғы ақпанда ҚРҰБ Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш берген 50 азаматты қабылдап және оларға консультация берілді.

Қарыз алушылардың қарыздары бойынша қарыз алушылардың екінші деңгейдегі банктердің, ипотекалық ұйымдарының өкілдерімен жеке тәртіппен 21 кездесу ұйымдастырылды және оған қатысты.

Қоғамдық бірлестіктердің мүшелерімен, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның өкілдерімен, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-пен, Алматы қ. Әкімдігімен, «Нұр-Отан» партиясымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен 10 дөңгелек үстел, отырыстар өткізілді.

2015 жылғы ақпандағы өтініштерді және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің іс-әрекеттерінен анықталған бұзушылықтарды қарау нәтижелері:




р/с №

Іс-әрекетіне шағым жасалған субъектінің атауы

Қаралған өтініштер

Қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының саны

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлесі, %

Бағалы қағаздар нарығы

1

«Карагай» АҚ

1

33,33

0

2

«Темiрбанк» АҚ

1

33,33

0

3

«Востокшахтострой» АҚ

1

33,33

0

Жиынтығы:

3

100%

0

0,70%*

Қаржы нарығы бойынша барлығы:

414

96,05%

8

* Қаралған өтініштердің жалпы санынан сектордың үлес салмағы.


2015 жылғы ақпанда ҚРҰБ және оның аумақтық филиалдары жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолданған жоқ.
ҚРҰБ жеке және заңды тұлғалар егер олардың қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде құқықтары бұзылған жағдайда мыналарға тиісті өтінішпен жүгіне алатынын ескертеді:
1) ҚРҰБ филиалдарына, ҚРҰБ www.nationalbank.kz сайтында көрсетілген мекенжайлар бойынша
2) ҚРҰБ-қа

050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67

Тел. 7 (727) 2619 213

Е-mail: info@kzp.nationalbank.kz







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет