25. Үшінші сынып «Табиғаттану» оқулығына енген материалдардың мазмұны
3 - сынып
Адам қаңқасы және оның құрамы. Сүтқоректілер, құстар мен балықтардан айырмашылығы.
Ас қорыту мүшелері; Қан айналу мүшелері; тыныс алу мүшелері; Сезім мүшелері. Тері
жабыны. Осы бағдарлама «табиғаттану» курсы атауымен мектеп бағдарламасына мықтап енді, онда білім «табиғаттың үш патшалығы» бойынша жүргізілді. Дүниетану пәніндың бастауыш мектепке арналған барлық оқулықтары осы нұсқа бойынша құрастырыла бастады. 1902 жылдың күзінен бастап бағдарлама барлық мектептерге толық енгізілді. Курс бастауыш мектепте «Табиғаттану» деп атала бастады. Оқу материалы төмендегідей жүйеленді:
1 - сынып. Өлі табиғат.
2 - сынып. Өсімдіктер.
3 - сынып. Жануарлар мен адам.
2. Кеңестік дәуірдегі әдістеменің дамуы
26. Шағын комплектілі мектептерде табиғаттану материалдарын оқыту ерекшеліктері.
Шағын жинақты мектептің оқу-тәрбие қызметіндегі қиындықтар осы мектептерге, біріктірілген сыныптарға арналған арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың болмауынан туындап отыр. Пән мұғалімдерінің жетіспеуі немесе жүктеменің аздығы салдарынан шағын мектептерде бір мұғалімнің бірнеше пән бойынша сабақ беруіне тура келеді. Біріктірілген сыныптарда мұғалім бір мезгілде екі сыныпқа қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты әр сыныпқа жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім сабақ уақытының белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру кез келген мұғалімнен, әсіресе жас мамандардан шығармашылық ізденісті, кәсіби жоғары шеберлікті талап етеді. Мұның өзі шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақ өткізуде мұғалімдерге әдістемелік көмекші болатын құралдардың қажеттілігін туындатады.
Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады;
- оушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;
- оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;
- үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.
27. Табиғаттану сабағында көрнекілік түрлері.
Жаратылыс көрнекілігі оқушыларды өмірде бар объектілермен (өсімдіктер, хайуанаттар т.б. сыныпта, мектепте жоқ) заттармен таныстыруды көздейді (табиғатқа шығу, экскурсия арқылы). Бұл әсіресе баланың алғаш санау, сан ұғымымен танысқанда өте тиімді. Мысалы: Көшеге, ауылға экскурсия кезінде ағаштарды, үйлерді малды көрсету арқылы санату. Жаратылыс көрнекілігінің басқаша түрі эксперименттік көрнекілік болып табылады. Онда окушыларды шын мағынасында өтіп жатқан процестер мен құбылыстарды таныстыру және оларды экспериметтер мен тәжірибелер жасауы барысында шектелген табиғи материалмен таныстыру көзделеді.
28. Бастауыш сыныптарда табиғаттану материалдарын оқушыларға тиянақты меңгерту жолдары.
Дүниетану пәнінің қазіргі мазмұнымен тұспа-тұс келетін Ж.Аймауытовтың күнделікті өмірмен, қоршаған ортамен байланысына қатысты тұжырымдамалары көрсетілген еңбектерінде де балалар дүниетанымын қалыптастыру сипаты анықталған. Ол бастауыш мектеп оқушыларына арнап оқулық, әдістемелік нұсқау жазды. Оқушыларды оқытып, тәрбиелегенде затты, құбылысты көрсете, бақылата отырып, табиғат аясында берген білімнің тиянақты әрі мәнді болатындығын дәлелдеді.Ол дүниедегі шындықты, қоршаған заттар мен құбылыстарды тану үшін ұғым пайда болатындығын, сол ұғымның қалыптасуына көрген-білгендерді талдау, іріктеу, игеру, ұғу, үйлестіру қажет екендігін нық көрсетіп берді.
Қорыта айтқанда, бастауыш мектепте өтілетін барлық пәндердің, әсіресе “Дүниетану” пәнінің мазмұнында балалардың дүниетанымдық көзқарастары мен білімдерін қалыптастыру міндеттері жатыр Үй тапсырмаларын орындауда «Бақылау күнделіктерінің» үлкен маңызы бар. Олар оқушылардың қоршаған табиғатты және адамдардың еңбек әрекетін бақылау жөніндегі өз бетімен жасаған жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Балаларға қай жерде, нені және қалай бақылауды керсетіп, осыған үйретудің маңызы зор. Алынған нәтижелерді қорыту және талдау жұмыстың маңызды кезеңі болып табылады, көпшілік жағдайда оқушылардың жүйелі бақылаулар жүргізу қажетін түсінуі осымен байланысты.
Бастауыш сыныптардың мұғалімі оқушылардың үйде оқулықпен істейтін жұмысына көп көңіл бөледі. Мұғалімнің міндеті — оқулықпен істелетін жұмысты ол бойынша берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлау әрекетінің белсенді және алуан түрлі жүруіне жағдай жасайтындай, олардың таным әр түрлі жақтарын дамытатындай етіп ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |