М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Практика: Қазақ әдебиетін оқытуға арналған алғашқы оқулықтардағы әдеби материалдардың мазмұны
ТОП:КЯ 22-1
ОРЫНДАҒАН:Мухтарқызы Жасмин
ҚАБЫЛДАҒАН:Әбдімомынов Еділбек
Тараз 2022
Қазақ әдебиетін оқытуға арналған алғашқы оқулықтардағы әдеби материалдардың мазмұны
1930 жылдан бастап қазақ әдебиеті жеке пән ретінде оқытыла бастады.Сол кезеңнен бастап алғашқы оқулықтар шыға бастады.Десе де ол орыс әдебиетінен асып өтпеді.Себебі бастапқыдан-ақ бұның барлығы қазақтарды орыстандыру мақсатында болғаны бәрімізге белгілі емес пе? Нақты тоқталып өтсек: А.Е.Алекторовтың «Русско-киргизская азбука», А.Васильевтің «Букварь для киргиз», К.Ушинскийдің «Детский мир и хрестоматия», «Родное слова» Л.Н.Толстойдың «Азбука» т.б. оқу құралдары жарық көрді.Сондай-ақ орыс тілінен аударылған әдеби материалдармен қатар қазақ әдеби шығармалардан құралған оқулықтарда ішінара болды. Қазақ әдебиетір ең алғаш оқулыққа түсіріп жазған– Ы.Алтынсарин. Оның 1879 жылы Орынборда басылып шыққан оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» («Қазақ хрестоматиясы») қазақ оқулықтарының тұңғышы еді. «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы мектептер үшін ғана емес өзінен кейінгі уақытта оқулық құруда маңызы зор болды.Кейіннен ол жинақталып,мазмұны қысқартылып «Махтуба» деген атаумен бастырылып шықты. 1906 жылы «Қазақ хрестоматиясы» қайта басылып шықты. Оқулықтың оқу материалдарының берілу тәртібі:
1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Орыс хрестоматияларынан, атап айтқанда, Л.Н.Толстойдың, И.Паульсонның т.б. хрестоматияларынан алынған; 2. Әртүрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер;
3. Қазақ ақындарының таңдаулы өлең-жырларынан үзінділер;
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Ы.Алтынсарин хрестоматия жазуда ұтқырлық танытты.Ол оқу материалының танымдық, тәрбиелік міндетінің жоғары болуын мақсат тұтты және сол шыңға жетті десекте болады. Ы.Алтынсариннің оқулық құрудағы бастамасы алғашқы мектептерде жандана түсті. Бұл кезеңдерде жазылған оқулықтар екі бағытта болды:
1.Имандылық сипаттағы оқулықтар. М.Нұрбайұлы «Қазақша әліппе», «Ғалия медресесі» (1910), Е.Закариянұлы «Қазақ әліппесі» (1910), М.Малдыбаев «Қазақша ең жаңа әліппе», Қ.Қожықов «Әліппе» ( 1912);
2.Ы.Алтынсарин үлгісін ұстанған оқулықтар: С.Көбеев «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржіме» (1910), О.Алмасов, Т.Меңдешев, К.Бейсембаевтардың ауылдық мектептерге арналған хрестоматиялары, А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы»
Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар 20-30 жылдардағы қазақ зиялылары бастаған сауаттандыру ісіне де зор ықпал етті. Қазақ әдебиеті пәнінің мазмұнындағы тарихи кезеңдер алғаш М.Әуезов оқулығында көрініс тапты. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» оқулығында әдеби материалдарды жеті бөлімге бөліп қарастырды:
1. Сыршылдық салт өлеңдер;
2. Батырлар әңгімесі;
3. Ел поэмалары;
4. Тарихи өлеңдер;
5. Ертегілер;
6. Айтыс өлеңдер;
7. ХVІІІ-ХІХ ғасыр ақындары.
ХХ ғасырдың басында шыққан оқулық-хрестоматиялар қазақ әдебиетін оқытудың барлық міндеттерін қанағаттандыра алмады.Деседе, саяси-әлеуметтік жағдай мен заман сұранысын сәл-пәл баса алды. 1930 жылдан оқулыққа қарағанда хрестоматиялық сипаты басым оқу құралдарын шығару деңгейі әлдеқайда жоғары болды. Осыдан былайғы уақытта І.Жансүгіров, С.Сейфоллаұлы, Ә.Мәметкелінінің «Әдебиет құралы» оқулығы (1932), С.Сейфоллаұлы, Ӛ.Тұрманжанұлының «Көркем әдебиет» (1934), Е.Исмайлов пен Қ.Бекхожиннің 5-сыныпқа арналған хрестоматиясы, 1937-1938 жылдары М.Әуезовтің 6-сынып үшін, Д.Әбіловтің 7-сыныпқа арналған, С.Мұқанов пен Қ.Бекхожинңің 8-сынып үшін, Е.Исмайлов пен Қ.Бекхожиннің 9-сыныпқа арналған әдебиет хрестоматиялары жарық көрді.Бұл оқулықтардың жарық көруі шәкірттердің зейінін ашып,қазақ әдебиетін оқытуда үлкен жолдар ашып берді.1940 жылдан бастап әр сыныпқа арналған әдебиет оқулықтары орнымен шығарылып отырды. Оқу бағдарламалары мен оқулықтардың жаңартылып шығарылуына,мазмұн-сапасының жоғары болуына себеп болған қырқыншы жалдардағы педагогикалық ғылыми зерттеу институтының ашылуы еді. Осы жылдары 5-сыныпқа арналған Ш.Кәрібаевтың әдебиет оқулығы жарық көрді.Оқулықта авторлар шығармалары ұсынылып, соңынан шығарма мазмұнына орай сұрақ-тапсырмалар берілген. Кейінгі оқулықтарда да сұрақ-тапсырмалар неғұрлым жетілдіріліп берілді.Бірақ бәрібір оқулық авторлары оқулықта берілген материалдардың мән-мазмұнын анықтау мен талқылауда кеңес дәуірінің ұсынған саясатына үнемі сәйкес болу қажет болды. Сол себепті әлеуметтік жағдай теңсіздігінің себебін ашып және социалистік өмірдің ерекшелігін революцияның жемісі ретінде көрсетуді көздейді.Яғни жаңашыл мазмұн болғанмен кеңестік жүйені айналып өте алмады.
(Соғыс жылдарына дейінгі оқулық мазмұыны қамтылды)
Достарыңызбен бөлісу: |