2ис фдо дәріс кіріспе. ҒЫлыми зерттеудің негіздеріне жалпылама түсінік.Ғылымның салалары



бет17/38
Дата09.11.2022
өлшемі92.5 Kb.
#464426
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байыту (молайту) - аталған класстың басты, негізі, сипаттаушы объектілері көрініс табатын жалпы ұғымдарды анықтау. Бұл жаңа ғылыми ұғымдарды, заңдар мен теорияларды қалыптастыру құралы.
Дерексіздендіру – бұл тіршілік етпейтін қасиеттерден, байланыстардан, қатынастардан арылуы және зерттеушіні қызықтыратын бірнеше қырларын бөліп алу, зерттеліп отырған объект барынша қарапайымға ауысады. Дерексіз үлгінің жарқын мысалы шын мәнінде физикада, термодинамикада, басқа ғылымдарда кең пайдаланылатын идеалды газдар бола алады.
Формальдану - объектінің немесе құбылыстың белгі формасында көрініс табуы (математикада, физикада т.б.) және шынайы объектілерді сәйкес белгілеріне, қасиеттеріне қарай зерттеуге мүмкіндік берумен қамтамасыз ету.
Талдау (анализ) - зерттеуге алынған затты құрамдық бөліктеріне қарай мүшелеу немесе тарату көмегімен тану әдісі. Осыған байланысты сараптау зерттеудің сараптамалық әдісінің негізін құрайды.
Сараптау (синтез) - заттың жекелеген жақтарын біртұтас етіп біріктіру. Анализ бен синтез өзара байланысты, олар қарама-қайшылықтың бірлігі. Анализ бен синтездің келесідегідей түрлерін ажыратады: тура немесеэмприкалық әдіс (объектінің жеке бөліктерін бөлу үшін қолданады, оның қасиеттерін табу т.б.); қайтымды немесе элементарнотеориялық әдіс (әртүрлі құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын түсіну); құрылымдық -генетикалық әдіс (объектінің басқа қырларына шешуші әсер ететін элементтерді күрделі құбылыстарды мүшелеу).
Индукция - фактлерден ой қорыту (жалпы қорытынды жасау) және дедукция көп жағдайда көпшіліктің жалпы қасиеттері негізінде қорытынды жасау. Осылайша, дедукция мен индукция - формальді логиканың кең қолданылатын жекелеген әдістері және танымның өзара қайтымды әдістері (бір құбылыстың өзгеруі екіншісінің өзгеруіне әкеледі, бұл екі құбылыс та себептік байланыста болады).
Ғылыми таным әдістерінің бірі анология болып табылады. Заттар мен құбылыстар бір-бірімен ұқсастықта болады деген ілім. Ақыл-ойдың ықтималдылық дәрежесі анология бойынша салыстырылып жатқан құбылыстардыңұқсастықтарының санына байланысты (олар көп болса, солғүрлым қорытынды ықтимал болады жэне олар келтірілген белгі басқа белгімен ұқсас болса өседі).
Аналогия үлгілеумен немесе үлгілі экспериментпен тығыз байланысты. Егер қарапайым эксперимент тікелей зерттеу объектісімен өзара әрекеттессе, онда мұндай әрекетте үлгілеу болмайды, яғни эксперимент нақты сол объектімен емес, оны алмастырушы объектімен жасалса. Бұған Аналогиялық есептеу машинасы мысал бола алады, зерттеліп отырған объектіні сипаттайтын дифференциалды теңесу аналогиясы негізінде әрекет ететін машина.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет