3 І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі


Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру



бет2/3
Дата16.06.2016
өлшемі299.5 Kb.
#138453
1   2   3

1.2. Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру

Қазақ бастауыш мектептерінің еңбекке баулу пәніне арналған бағдарламасы қазіргі кезде өзгертіліп, жаңартылған. Төменде талқылауға ұсынылып отырған программа жобасы – қазақ мектептерінің жағдайы мен мүмкіншіліктерін ескеріп жасалған жаңа жоспар. Жоспар жасау барысында көпшілік бастауыш класс мұғалімдерінің, бірқатар ұсыныстары ескерілді. Кейбір сабақ түрлері өзгертіліп, толықтырылды. І. Техникалық еңбек түрлері. Саз балшық және пластилинмен жұмыс істеу (мүсіндеу) (1-2 класс). Аралас материалдардың орнына табиғи материалдар енгізу (1-4 класс). Матамен жұмыс текстильді материалдармен жұмыс істеу болып өзгертілді. (1-4 класс). Картонмен жұмыс істеу 2-4 кластарда ал конструктормен жұмыс істеу 2-кластан басталып, 4-класта конструктор және электр констрктормен жұмыс істеу берілді.

ІІ. Ауыл шаруашылық еңбек. 1 класс оқушылары үшін түрлі кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырып, сабақты таныстыру мақсатында жүргізу ал (2-4) класс жоғарылаған сайын істелетін жұмыс түрлерін күрделендіру ұсынылады.

ІІІ. Қоғамға пайдалы еңбекке программада арнайы сағат бөлінбеген. Дегенмен, оқушылардың сабақтан тыс уақыттарында үй жұмыстарына, ата-аналарына, класта жұмыс істеулеріне бағыт беру көзделінген. Бұрынғы программада бұйымдардың тек шамамен алынған тізімдерді беріліп келсе, жаңа программа жобасында әр кластарға жүргізілетін сабақтар төрт жоқ санға бөлініп, сағат сандарды таблица арқылы көрсетілді. Бұл мұғалімдерге календарлық тақырыптық жоспар құрылуына нақты көмегін тигізеді. Жобада жасалатын бұйымдардың күрделілігі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес берілді.

Құрметті ұстаздар, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған программа бекітілген толық мәнді программа емес, жобасы ғана.

Бастауыш кластарда еңбекке баулу сабақтары үш бағытта жүргізіледі:



  • техникалық еңбек;

  • ауыл шаруашылық еңбек;

  • қоғамға пайдалы еңбек;

  1. Техникалық еңбек мына түрлерді қамтиды:

І. Қағазбен және картонмен жұмыс. 2. Табиғи материалдармен жұмыс. 3. Текстильді материалдармен жұмыс (мата, жіп). 4. Конструктор детальдармен жұмыс. 5. Ағашпен жұмыс. 6. Сым темір және жұқа қаңылтырмен жұмыс.(фольга). 7. Электр техникасымен жұмыс.

ІІ. Ауыл шаруашылық еңбегі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына бөлінсе, мектепте өсімдіктер өсіру сабағы екі бағытта жүргізіледі. 1) Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптау жұмысы. 2) Оқу тәжірибе учаскесіндегі жұмыс және жан-жануарлар бұрышын ұйымдастыру (жабайыаңдар, құстар т.б.)

ІІІ. Қоғамға пайдалы еңбекке программада арнайы сағат бөлінбегенмен, күнделікті істеуге тиісті жұмыстар жоғарыда аталатын сабақтармен ұйымдастырыла жүргізіледі. Еңбек сағаттарының негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың политехникалық білімдері мен ой-өрістерін кеңейтіп, шеберліктерін жылдан-жылға арттыру.

Еңбекке деген көзқарасты коммунистік тұрғыда түсіндіріп, білімдерін молайту. Өндірістің түрлі салаларында жұмыс істейтін мамандардың іс-тәжірибесі және қызметімен танысу. Адамгершілікке, эстетикалық және дене тәрбиесіне баулу. Мысалыға жоспарымызға мынадай еңбек түрерін енгіздік. Сабақта 6-7 жасар баланың саусақтарын ширату, бұлшық еттерін қатайту және түрлі пайдалы жаттығулар жүргізу мақсатымен мүсіндеу түрі енгізілді.



  • Картонмен жұмыс бұрын жоспарда 3-кластан жүргізілсе, ал қазір 2-кластан басталып қағаз және қатырмақ қағазбен жұмыс істеу делінеді.

  • Аралас материалдармен жұмыс істеу түрін оқушылар сабақта көбіне игере алмайды, себебі түрлі материалдарды дайындауға материалдық база керек, әрі көптеген материал түрлері кейбір мекендерде кездеспейді. Табиғи материалдар республикамыздың барлық аймақтарында кездесетін болғандықтан жоспарға біріншіден төртінші класқа дейін енгізілді.

Қазіргі кезде төртінші класта конструктор және электроконструкторлармен жұмыс істелінеді және маамен жұмыста тек төртінші, үшінші класқа ғана енгізіліп отыр. Еңбекке баулу сабақтарында қолданылатын материалдар жергілікті жердің мүмкіншілігі мен жағдайына байланысты болып, оқушылардың орындайтын бұйымдары халықтық өнер мұраларына, дәстүрлеріне, оны дамытуға бейімделіп жасалынады. Оқушылардың жасалған бұйымдары тек баға алу үшін ғана керек емес, аз қажеттеріне жарайтын пайдалы заттар болуға тиіс. Біткен бұйымдардың жасалу сапасына талдау жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктері атап көрсетіліп, баға қойылу керек. Қазіргі кезде еңбекке баулу сабақтары қазіргі талапқа сай арнайы жабдықталған еңбекке үйрету кабинеттерінде жүргізілуі керек. Бұл кабинеттерде жұмысқа керекті құралдар мен материалдар сақталып, сабақ жүргізуге барлық жағдай сақталуы тиіс.

Оқушылардан:



  • Оқушылардың мұғалімнің рұқсаты бойынша бастау.

  • Құрал – сайманды қажетті жағдайда ғана пайдалану.

  • Істен шыққан, жиегі мұқалған құрал-саймандармен жұмыс істемеу.

  • Жұмыс орнын таза ұстау, материалдар мен құралдарды парта үстіне дұрыс орналастыру.

  • Материалдарды үнемдеу, құралдармен тимді жұмыс істеу.

  • Жұмыс кезінде басқа жаққа алаңдамау.

  • Жұмыс бітісімен, материалдар мен құралдарды өз орнына реттеп қою, және т.б. талап етіледі.

Оқушыларды еңбекті сүюге, еңбек адамдарын қадірлеп тәрбиелеуде топсеруеннің маңызы өте зор. Оқушылар топсеруен кезінде ересектердің жұмыста қандай құрал-саймандар пайдаланып, қалай жұмыс істейтіні, толық бақылай алады. оны ұйымдастыру үшін, мұғалім күні бұрын әзірлік жасап, оның мақсатын белгілейді, баратын оқушыларға алдын-ала хабарлайды. Топсеруеннің соңынан оқушылар класқа келгеннен кейін көргендері туралы талдайды. Мұғалім оның тақырыбын, мақсаты мен мазмұнын түсіндіріп, сабақтың құрылымын, оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында белгілейді.

Олар:


  • сабақты ұйымдастыру;

  • жаңа материалды енгізу, баяндау;

  • сарамандық жұмыс;

  • орындаған жұмысты талдау;

Осы кезеңдерді енді жеке-жеке қарастырып көрейік. Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың жұмыс орнын дұрыс әзірлей білуіне назар аударылу керек. Материал және құралдар парта үстіне дұрыс орналастырылып болған соң, мұғалім сабақты бастайды:

  • Жаңа материалды баяндау үшін, мұғалім оқушыларға нұсқау беріп, әңгімелеседі, істеуге тиісті бұйым неден және қалай жасалатынын айқындайды.

  • Сараландық жұмыс сабақтың негізгі бөлігі. Сондықтан мұнда оқушылардың өздігімен жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Қиналған оқушыларға жеке көмек беріліп, жасалтын бұйымдардың әдемі және тартымды болуына мұғалім дұрыс бағыт беріп отырады.

  • Орындалған жұмысқа талдау жасау үшін, бұйымдарын жинап, бір-бірімен салыстырады, жақсы жақтары мен кемшіліктері айтылып, сабақ аяқталуы тиіс.

4-ші класта күнтізбелік тақырыптардың және еңбекке баулу сабақтарына бөлінген сабақтардың мынадай үлгі жоспарын ұсынуға болады. Бір тоқсанның өзін 10 сағатқа бөлеміз. Соның ішінде қағаз және

1. қатырма қағазбен жұмыс – 1 сағат

2. түптеу жұмыстары, кітапты күтіп ұстау – 1 сағат

3. матамен жұмыс – 1 сағат

4. сым темірмен жұмыс – 3 сағат

5. ағашпен жұмыс – 1 сағат

6. аралас материалдармен жұмыс

7. өсімдіктер өсіру – 7 сағат

Істелінетін жұмыстардың қысқаша мазмұны былай:


  1. Картоннан немесе қалың қағаздан өлшеп, қиып, бүктеп стакан жасау

  2. Картонды, қағазды өлшеу, сызу, қию, желімдеп, қойын дәптерше жасау

  3. Жұмсақ сым темірден геометриялық денелер (куб, пирамида, призма).

  4. Матаны өлшеу, қию, шеттерін бүктеу, тігу, бау жасау.

  5. Шырша бүршігі немесе жүгерінің сабағы, құстың қауырсыны, қағаз ағаш бұтағы, емен жаңғағы, пластилиннен жапырақ жасау.

  6. Құраған және арам шөптерден учаскені тазарту, учаске ауданын тазалау. Дайындалған учаскеге сарымсақ, пияз отырғызу. Ағашпен жұмыс

  7. Жасаушаларға ағаштан сап жасау.

Табиғи материалдармен жұмыс істеуге қолданылатын тақтайшаларды аралап дайындау. Үлгі бойынша киім ілгіш жасау. Оқушыларға ағаш шебері туралы мәліметтер, ағаштың түрлері және ерекшеліктерін түсіндіріп айту керек. Міне, осындай үлгі жоспары бойынша еңбекке баулу пәнін өтуге болады. Еңбекке баулу пәніне қойылатын талаптар: Жұмысты жүйелі жоспарлап, өз жұмысына талаппен қарау, материалдар мен құралдарды сабаққа даярлау. Техникалық терминдерді дұрыс айтуға және жұмыс процесінде бұйымды сапалы, әдемі жасауға дағдылану керек. Мұғалімнің қойған сұрақтарына толық жауап беруге үйрену.

Пәнаралық байланыстар.

Ана тілі: Оқушылардың сөз байлығын арттыру мақсатымен жұмыстарын жоспарлап айтып түсіндіру және бір ізділікпен орындау ережелері жеке-жеке айтқызылады.

Математика: Бұйым бөлшектерінің ұзындығын, енін өлшеп, өлшемдерін дұрыс белгілеуге үйретіледі.

Бейнелеу өнері: Жасалынатын бұйымдарды әдемі жасау, бояу, суретін салу жұмыстары жүргізіледі.

Табиғаттану: Экскурсияға шығу арқылы табиғат құбылыстарымен, байлығымен танысу, жасалар бұйымға қажетті табиғи материалдар жинау жұмыстары жүргізіледі.

Қоғамдық пайдалы еңбек.

Төртінші класс оқушыларымен мектепте, тәжірибе учаскесіне, өндіріске және колхоз, совкозға экскурсия ұйымдастырып, түрлі жұмыстар атқарылады. Ересек оқушылар мектеп дәлізін, класты, мебельдерді таза ұстау, бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын күн сайын сүрту, терезе алдын тазарту жұмыстарын атқарады, мектепке кірерде аяқ киімдерін ауыстырып киіп, өз кластарына барады. Оқушылар «Табиғаттануға» арнап табиғи материалдармен альбомға не арнайы қораптарға жинап, коллекция жасайды. Түрлі көрнекі құралдар жасалынады.

Төртінші класс оқушылары өз ауданының картасын сызып, қанша мектеп, балабақша бар екенін анықтап, картада белгілейді. Сөйтіп басқа класс оқушыларымен жарысқа түсіп, бақшаға қамқорлық жасайды. Өз аулының картасын сызып, ардагерлердің, қарт адамдардың қай жерде тұратындығын біліп, көмектер көрсетеді. әліппе, математика арналып, түрлі дидактикалық көрнекі құралдар жасалынады. Оқушылар кітапханаға көмектеседі, арнайы жас кітапханашылар үйірмесі, ұйымдастырылып, олар кітап жөндеу жұмыстарын атқарады. Кітапхана бұрышын жасап, белсенді қатысатын оқушылардың суреті ілініп, фамилиясы мен класы жазылады. Оқушылар – құстардың досы, оларға жемшашар үйшіктер жасайды. Ауылды жерлерде оқушылар фирмаға көмектеседі. Қозы, құлын, бұзауларды суарады, жем беріп, қамқорлық көрсетеді. Құс фермасына да көмектерін тигізеді, жем шашады. 4-класс оқушыларының осындай қоғамдағы пайдалы еңбегі 30-45 минутқа созылып, талданып, бағалануы тиіс. Мен 1997 жылы қыркүйектің 8-нен қарашаның 2-не дейін, педагогикалық іс-тәжірибемді өткізу үшін №7 Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектепте болдым. Онда менің үлесіме 4-сынып оқушылары берілді. Мен осы сыныппен екі ай бойы жұмыс істедім. Еңбекке баулу сабағынан сабақ бердім. Ондағы сабақ беру жоспарымен таныстым. Сабақ беру әдісі маған ұнады. Оқушылардың еңбек сабағына қызыға, барлық ынталарымен қатысуы мені қуантты. Еңбекке баулу сабағының қыр сыры өте көп екен. Мен еңбекке баулу пәнінен мынадай тақырыпта ашық сабағын өткіздім.

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар жасау.

Сабақтың мақсаты:1.Тәрбиелікмәні:

Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, татулыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Өрістеу мақсаты:

Көлемді табиғи және басқа заттарды араластырып ұйым жасауды үйрету. Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұлжытпай орындауға дағдыландыру.

Сабақтың жабдықтары: көлемді табиғи материалдар, жаңғақ қабықтары, пластиллин, түсті қағаздар, желім, иілгіш, сымтемір, желімге арналған қылқалам.

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі. (оқушыларды түгелдеп, а й ай-күн аттарын белгілеу).

  2. Үй жұмысын сұрау.

  3. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ:

Енді материалдар мен құралдарды дайындап бұйым жасауға кірісеміз. Сабақты жасайтын бұйымдар жаңғақ қабығынан жасалады. Олардың формалары қандай ? Қанша бөлшектерден құралған ? түстері қалай деген сұрақтар беремін.

Бұйымдарды мына ретпен жасаймыз:


  • Керекті материалдарды дайындау.

  • Денелерді дайындау.

  • Денеленріне шөже басын, балықтың, үкінің көздерін жабыстыру.

  • Қалған бөлшектерін жаңғақ және бүршікке біріктіріп, жұмысты аяқтау.

Шағын бұйымдарға арналған табиғи материал арнайы қорапшада дайындалған. Екі жаңғақ қабығын біріктіріп денесін, бір емен жаңғағын басы етіп шөже жасалады.

Біздің қоғам өміріндегі аса маңызды кәсіптер жөнінде оқушылардың дұрыс түсінігін қалыптастыру үшін еңбек пәнінің мұғалімі балаларға осы кәсіптерді таныстыру үшін жүйелі де мақсатты жұмыс жүргізуі тиіс.

Оқудан тыс кәсіптік бағдар беруге арналған жұмыс сан қырлы және оның өзі оқушылардың өздігінен кәсіп таңдауының мақсаты мен міндетіне сай келеді. Осы мақсатты ниет ету мақсаты мен төмендегідей еңбек түрлері бағдарламасын ұсынамыз.

Кесте №1

Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Матамен жұмыс




Матаны өлшеу, пішу, тігу

Қағаз және картонмен жұмыс істеу

Сүлгі әзірлеу (қуыршаққа арналған)

Кубиктер жасау



Қағазды өлшеу, сызу, қию (оқу білу)

Қиылған қағазды қиылыстырып желімдеу



Аралас материалдармен жұмыс істеу

Адамның және малдың мүсіндерін жасау (материалдан жасау)


Ағаш, мақта, жүн, сым темір, түсті қағаз, ағакш бұтақшалары, шырша бүршігі н/е жүгері сабағы, пластилинді дайындау.

Аралас материалдармен жұмыс істеу

Адамның және малдың мүсіндерін жасау (жұмысты аяқтау)

Осы пайдаланылған аралас материалдардан адамның және қойлардың бейнесін жасау

Матамен жұмыс

Қол ісіне арналған дорба тігу

Матаны өлшеу, пішу, тігу, бау жасау

Түптеу жұмыстары және кітапты күтіп ұстау

Мұқаба жасау, өрнектеу (материалдар дайындау)

Дайындалған бөлшектерді құрастырып мұқаба жасау

Ағашпен жұмыс

Экскурсия (ағаш шеберханасына)

Колхоз, совхоз өндірістегі ағаш шеберханаларына экскурсия ұйымдастыру. Ағаш мамандары және бұйымдар туралы біліп танысу.



Кесте №2



Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Матамен жұмыс

Білекке таңғыш тігу (санитарлық)

Білек таңғышты бір түсті ақ матадан пішіп қиып құрастырып, тігу

Конструктормен жұмыс істеу

Диірмен модельін құрастыру

«Конструктор» детальдарын дайындау, диірмен модельдерін жасау

Ағашпен жұмыс

Гүл қойғыш

Ағашты аралап, детальдар дайындау, бір-біріне қиылыстырып көктеу

Сым темірмен жұмыс

Жұмсақ сым темірден стакан жасау (бөлшектерін дайындау)

Тақтайшаға аққудың суретін салып, қыларамен кесу



Стаканды картоннан қиып желімдеу, өрнектеу

Жұмсақ сым темірден фигура жасап, стакан құрастыру



Ағашпен жұмыс

Стаканды сым темірден құрастыру (жұмысты аяқтау)

Тақтайшаға аққудың суретін салып, қыларамен кесу, тегістеп бояу

Қағаз және картонмен жұмыс

Түрлі-түсті қағаздан қиып, ұлттық фигура жасау

Түрлі-түсті қағаздан қиып, ұлттық фигура жасау


Кесте №3


Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Түптеу жұмыстары және кітапты күтіп ұстау

Альбом жасау (бөлшектен дайындау)
Альбом жасау (дайындалған бөлшектерді желімдеп жұмысты аяқтау)

Картонды, қағазды қию

Өлшеніп қиылған бөлшектерді желімдеп жұмысты аяқтау



Матамен жұмыс

Кестелеп тігу түрі

Ақ түсті матаға қызыл түсті жіппен кестелеп тігуді үйрету

Конструктормен жұмыс істеу

Тігін машинасын құрастыру
Тігін машинасын құрастыру

Керекті детальдарды және белдікшені дайындау

Барлық детальдарды құрастырып, ременьмен қозғалысқа келтіру



Сым темірмен жұмыс

Жануарлардың фигурасын жасау (түйе, арқар)

Майысқақ сымдардан жоба суреттерге қарап түйені, арқарды жасау

Конструктормен жұмыс істеу

Экскурсия (техника жөндейтін шеберханаларға)

Политехникалық және кәсіптік бағдар беру мақсатымен колхоз, совхоздағы өндірістегі жөндеу шеберханаларына экскурсия ұйымдастыру

Кесте №4 ІІІ – тоқсан Каленьдарлық – тақырыптық үлгі жоспар


Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Қағаз және картонмен жұмыс

Қарындаш салатын стакан

Картоннан н/е қалың қағаздан өлшеп, қиып, бүктеп, стакан жасау

Матамен жұмыс

Тұқым салатын дорба тігу

Матаны өлшеп қию, шеттерін бүктеу, тігу, бау жасау

Түптеу жұмыстары және кітапты күтіп ұстау

Сәндік қойын дәптерше жасау

Картонды. Қағазды жасау, өлшеу, сызу, қию, желімдеп қойын дәптерше жасау

Өсімдіктер өсіру

Өсімдіктер отырғызатын учаскені дайындау

Қураған және арам шөптерден учаскені тазарту

Өсімдіктер өсіру

Пияз және сарымсақ отырғызу

Дайындалған учаскеге пиязбен сарымсақ егу, жеке-жеке отырғызу

Сым темірмен жұмыс

Құстар ж/е жәндіктердің фигураларын жасау

(сымды дайындау)


Құстар ж/е жәндіктердің фигураларын жасау
Учаскеге қойылатын белгі таяқша

Сымдарды дайындау эскиз бойынша құс, жылан жасау үшін композиция ойластыру
Жылан мен құсты сымнан иіп жасап, композиция құру
Тақтайды өлшеу, сызу, аралау, таяқшаны жону, шеге қағып біріктіру




Кесте №5 ІІІ – тоқсан


Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Аралас материалдармен жұмыс

Композиция құрастыру /көбелек, сауысқан/ материалдарды дайындау

Шырша бүршігі н/е жүгерінің сабағы, құстың қауырсын қағаз, жапырақ дайындау

Аралас материалдармен жұмыс

Композиция құрастыру /жұмысты аяқтау/

Дайындалған материалдарды біріктіріп, композиция құру

Өсімдіктер өсіру

Өсімдіктерді күту

Өсімдіктерді күту




Өніп шыққан өсімдіктерді күту, суару
Өсімдік түптерін қопсыту, арам шөптерді жұлып тастау

Сым темірмен жұмыс

Геометриялық денелердің модельдерін жасау

Жұмсақ сым темірден геометриялық фигуралар жасау

Өсімдіктер өсіру

Өсімдіктерді күту /тәжірибені қорытындылау/

Оқушылардың өсімдіктерге жасаған тәжірибесін қорытындылау

Өсімдіктер өсіру

Экскурсия /егін даласы мен мал жайылымына/

Егін даласына, мал жайылымына экскурсия ұйымдастыру. Егін даласымен мал шаруашылығымен таныстыру

Өсімдіктер өсіру

Еңбекке баулу сабақтарын қорыту

Оқушылардың білімдерін тексеру, жылдық баға қою


Кесте №6 ІІІ – тоқсан


Еңбектің түрлері

Тақырыбы

Істелінетін жұмыстың қысқаша мазмұны

Аралас материалдармен жұмыс істеу

Ойыншықтар жасау /материалдарды дайындау/
Ойыншықтарды жасау

Материалды дайындап, балықты, шөже, үкіні жасау
Балықты, шөже, үкіні аралас материалдармен құрастыру


Конструктормен жұмыс істеу

Зырылдауық құрастыру
Электр тогымен қимылға киетін зырылдауық

Шағын электр моторын, конструктор деталь бөлшектерін зырылдауықты дайындау



Матамен жұмыс

Қуыршақтар төсенішін жасау /кілемше/
Қуыршақтар төсенішін жасау

Дайындалған заттардан қимылдайтын зырылдауық құрастыру



Өсімдіктер өсіру

Сүт фермаларына экскурсия




Ағашпен жұмыс

Құстарға арналған жемшашар

Құстарға арналған жемшашар



Тақтайшаны өлшеу, сызу, қоларамен кесу, эскиз бойынша барлық бөлшектерді дайындау

Шегелеп құрастырған қораптарды өз орындарына құрап, жем шашарды дайындау.





ІІ. Бөлім оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастырудың мектепте ұйымдастыру әдістері

2.1. Мектепте оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің жүйесі

Еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәнін дұрыс шешу оның міндеттері мен мазмұнын және жүзеге асырудың әдісі мен құралдарын айқындай білумен шарттас. Мектептегі еңбек тәрбиесі саласындағы басты міндеттер:



  1. Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.

  2. Оқушыға техниканың қарқынды дамуын, өндірісте қолдануын, оның әлеуметтік-экономикалық мәнін ұқтыру.

  3. Қарапайым станоктар мен құрал-жабдықтарды меңгертіп, олармен жұмыс істей білудегі білік дағдыларын қалыптастыру.

  4. Өнімді еңбекке қатыстыру арқылы оқушының қабілетін, ақыл-ойын, ерік қасиеттері менқызығушылық, т.б. Тағылымдарын арттыру.

  5. Еңбектегі ар, ұжданды сақтап, тиісті істі ыждаһатты атқарып, еңбекке деген ынтымақты жебеп, оған қажеттілік туғызу.

  6. Кәсіби мамандыққа бейімдеу.

Орта оқу орындары жағдайында бұл міндеттердің орындалуы еңбек пәндерін өту арқылы, мектептегі түрлі еңбектерге қатысу және сыныптан тыс еңбектерді атқару, жазғы кездегі еңбек лагерлеріндегі жұмыстарды орындау барысында жүзеге асырылады. Еңбек тәрбиесі саласындағы іс-әрекеттің нәтижелі болуы оны ұйымдастырудың әдістемесі мен формасына байланысты екендігіне зейін қойып, оқушының еңбекке деген ынтасын аударуға бағытталған таңдаулы даңқты еңбеккерлермен кездесу, экскурсиялар ұйымдастыру, еңбек акцияларын өткізу, бәсекелестік туғызу, т.б. Мән беру керек.

Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақатарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.

Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылар мен іскерлікті игереді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді.

Осындай шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері пәндері бойынша оқушылардың білімі байыйды тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне қашықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркісіп еңбек дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.

Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, ұзақ, инемен құдық қазғандай, ақыл-ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін к.д.ушинский ескерткен болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.

Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр, сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.

Ортаңғы сыныптарда арнайы бөлінген оқу-тәжірибелік үлесті жер бөлігіндегі, оқу шеберханасындағы еңбек, жоғары сыньштардағы өнеркәсіп жәнс ауыл шаруашылық практикумдағы| оқушыларды жалпы еңбектің білік, дағдыларымен қаруландырып, политехникалық ой-өрісін кеңейтеді, кәсіптік ниетін және өмір жолын қалыптастыруға икемдейді.

Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.

«жас натуралистер», «жас техниктер», «жас тәжірибешілер» және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) Төселеді.

Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалиқ үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы, село мектептерінде “жас механизаторлар», «жас малшылар», «жас өсімдік өсірушілер» т.б: үйірмелср құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. «олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп, өзімше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай, мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып, кеңес беріп отырса, олардың мамандықты таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі.

Үйірме жұмыстарын- жаппай жұмыстар толықтырады. Оқушылар қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырды. Мұндай жаппай жұмыстарға «құстар күйі», «орман күні», «бақ аптасы», «еңбек мерекесі», т. Б. Жатады.

Өзіне-өзі қызмет ету — еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.

Мектеп жағдайнда өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, жиһазды, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, дәліздерді, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау, т.б.

Үйелменде өзінің-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек-орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, үтіктеу, киімді жамау, тамақ дайндау, т.б. Жатады.

Мектеп және үйелмен алдындағы басты міндет бұл өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасау, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру қажет. Әсіресе мұндай әртүрлі тұрмыстық еңбекті орындаудың барысында оқушылар арасында байқалатын ақсаусақтыққа, нәуетектікке, жас шонжарларға жол берілмейді. Оларға дұрыс бағыт беру – мұғалімдердің, ата-аналардың және әрбір үйелмен мүшесінің адамгершілік борышы.

Мектепте білім беруді оқушылардың ақыл-оймен еңбек ету мәдениетн қалыптастыру – аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әрбір бала дер уақытында жақсы бағалар алып, оқуын жақсы нәтижелермен аяқтағанды қалайды. Дегенмен, түрлі себептерге байланысты: дәріс алудың сыртқы салдарларынан мәжбүрлік сипаттарына қарай, баланың өзінің жеке-дара мінез-құлығына байланысты (жалқаулық, мақсатшылдықтың болмауы), тұрмыс жағдайының күрделілігі сияқты, т.б. Себептерге байланысты мұндай тілектеріне барлығы жаппай, әрқашан қолдары жете бермейді. Оқушының оқуының төмен үлгерімде болуына кең таралған себептердің бірі – оқу, тәлім-тәрбие алу қызметінің ішкі түрткілерінің болмауы, сондай-ақ, парасатты қызмет әрекеттерінің әдіс-тәжірибесінің жеткіліксіздігі себеп. Осысебеп салдарға байланысты ақыл-оймен еңбек ету мәдениетін игеріп және оны дамыту қажеттілігі туындайды. Бұл мәселеге л.и.рушинский, в.а.кан-каяик, т.б. Өз еңбектерінде көңіл бөлген.

Оқушының ақыл-оймен еңбек ету қабілетін қалыптастыруда жетекші факторлардың бірі -–оның белсенділігі болып табылады. Белсенділік - жеке тұлғаныңқоршаған ортаға бейімделу қабілеті ғана емес, ол сондай-ақ, оқушының сол қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастық әрекетке түсуі, сол қоршаған ортаны оның өзгерте білуі. Ол жеке тұлғаның өзін қоршаған ортаның жалпы мәдени және кәсіби даму деңгейін көтеруге ұмтылып, талаптанумен, оқушының осындай талабының ішкі қажеттілігінен туындайды. Оқушылар өздерінің не істеп жүргендерін жете ұғынулары, оқуға үйренулері, өздері үшін жаңа білім көздерін өздері аша білулері керек.

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру айрықша орын алады. Оқу еңбегінің мәдениеті оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің сапасын сипаттайды. Еңбектену мәдениеті — бұл оқу еңбегін дұрыс жоспарлау жане тиімді ұйымдастыру, оқу гигненасы ережесін, сақтау, жұмыс орнын және қажетті материалдарды реттеу, оқу құралдарын пайдалана білу.

Ақыл-ой жұмысының дұрыс ұйымдастырылған- ырғағы демалыспен еңбек түрлерінің орынды ауысып келіп отыруын қажет етеді. Оқушы осылардың бәрін бірізділік пен жүйелі түрде басшылыққа алып отырса, оқу еңбегінің тиімділігі артады.

Оқу еңбегінің мәдениеті ақыл-ой іс-әрекетінің жалпы ережелерін білуді және оны өз еңбегінде басшылыққа ала білуін талап етеді. Жалпы ережелерді білу оқушының болашақ оқу еңбегіндегі өзіндік еңбек мәәдениетінің тәсілдері мен стилін қалыптастыруға көмектеседі.

Ақыл-ой еңбегінде оқушылардың мәдениеті оқулықтармен ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде байқалады. Сондықтан оқушыларды жұмыс істей білуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, текстің түсініксіз жерлерін бөлу, текске сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін (тезис) дайындау т.б.

Оқушының, өзіндік жұмысы, одан білімнің әр түрлі саласына байланысты кейбір ерекше қасиеттерді талап етеді. Мысалы: жұмыс барысында жинақты бөлу; қиыншылықты жеңу; ақыл-ой қабілетін дамыту; естің әр түрлі формаларын пайдалану — логикалык, моторлы және көз капері; бақылау, жазып алу т.б. Бұл қасиеттер тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығына байланысты.

Сонымен еңбек тәрбиесінің нәтижесі оқушының еңбекті тіленіп қажет етуі, еңбекті атқаруға деген ықылас - ынтасы, оған қызығуы мен белсенділік танытып шын пейілімен атқарған ісінен ләззат алып, өнімді еңбекке орай кәсіби мамандық таңдауға деген құлқын айқындай түсу ниетінен көрінеді. Еңбек тәрбиесінің бағыт-бағдарын оқушының санасына сіңіріп, шама мүмкіндігіне үйлесімді еңбек дағдысына қалыптастыру олардың болашағында жалғастық табатын әдетке айналатын өмірмен құбылыс.

2.2. ІV – сыныпта еңбек пәнінен сабақ беру арқылы кәсіптік бағдар беру әдістемесі

Еңбекке баулу кәсіптік бағдар міндетін сапалы шешудің міндеті болып саналады. Оқушының еңбек сабағында нақты бір іске араласуы, сол арқылы ол толып жатқан жұмысшы кәсібімен танысуы, кәсіп туралы, өндіріс озаттарының өмірі мен творчествосы туралы мұғалімнің әңгімесі, техникалық үйірмелеріндегі, кластан тыс жұмыстар, мектепте өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету орындары еңбеккерлерінің жетістіктерін көрсететін стенділер, көрмелер ұйымдастыру, оқушының кәсіби мүддесінің қалыптасуына белсенді ықпал етеді.

Еңбекке баулудың әрбір кезеңінде /бастауыш кластарда/ кәсіптік бағдар мүмкіндігі оқушының жас ерекшелігіне, оқыту мазмұнына, қолданылатын жұмыстың ұйымдастыру формалары мен әдістеріне байланысты.

Бастауыш кластардағы еңбекке баулудың кәсіптік бағдарының келесі кееңдері үшін дайындық мәні зор. Төменгі класс оқушылары бастауыш мектептердегі қарапайым құралдар арқылы еңбек пен мамандық әлеміне бірте-бірте аяқ басады.

Оқушылармен әңгімелесу, экскурсияға шығу кезінде, диафильбер диапозитиптер, кинофильмдер көру арқылы олар өзіне таныс заттар мен бұйымдарды жасау туралы, ересектердің жұмысы, еңбек жағдайы т.б. туралы қарапайым түсінік алады. қағаз, картон, пластилин, мата секілді заттарды әр түрлі формада келтіру арқылы өз күшін іс-жұ\үзінде сынап байқайды, мұның өзі мектепке дейінгі алған еңбек іскерлігін қалыптастыруға немесе дамытуға мүмкіндік береді.

Еңбекке баулу пәнінің мұғалімі 1-2 және 4 кластардың оқушыларын еңбекке даярлаудың сабақтастығын қамтамасыз етудің зор маңызы бар. Ол бастауыш кластың мұғалімдерімен жұмыс жоспарын келісуі, оларға тиімді кеңес беруі және сол арқылы еңбекке одан әрі баулудың базасын әзірлеуі тиіс. 4 кластан бастап еңбек сабағында кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

Алайда еңбек сабағының мүмкіндігі нақты кәсіппен таныстырумен ғана шектелмейді: оқушылар сабаққа басқа да кәсіппен хабардар болуы тиіс. Практикалық тапсырмалары бар еңбек сабақтары, қоғамға пайдалы, өнімді еңбек, еңбекке баулуда ерекше орын алатын өндірістік экскурсиялар мектеп оқушыларының кәсіптік бағдары мен политехникалық даярлығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл даярлықтың өзі кәсіби іске, нақты мамандыққа деген ықыласын қалыптастырумен қоса, техникалық ойлауын, творчестволық қабілетін, жеке басының коллектившілдік сапасын да қалыптастыруды көздейді. Еңбек пәнінің мұғалімі өз жұмысында алуан түрлі әдісті ауызша, көрнекі практиканы пайдаланады, алайда көбірек пайдаланатыны оқушыының еңбек әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін практикалық әдіс. Мұғалім алуан түрлі тәсілдерді қолданады, мәселен дерегі толық емес есептер шығару, еңбекті жоспарлауға және ғылыми ұйымдастыруға байланысты тапсырмалар мен жаттығулар беру, жүргізу т.б. өз жұмысына оң нәтижеге қол жеткізу үшңн еңбек пәнінің мұғалімі оқушылардың творчестволық белсенділігін шақыруы, олардың еңбек тапсырмасын түсініп атқаруына күш салу керек. Еңбек сабағында творчестволық бастаманың болмауы оқушының сабаққа деген көзқарасына қолайсыз әсер етеді, кәсіптік бағаларын тиімділігін кемітеді. Өз еңбегіне творчестволық тұрғыда қарайтын оқушылар алға қойылған техникалық міндеттерді түсінуге даяр екендігін, оны шешудің орнықты тәсілін табуға, материал таңдауға және өз жұмысын жоспарлауға жұмсалатын бұйымның технологиясына жаңалық элементтерін енгізуге, политехникалық ой-өрісін кеңейтуге, еңбек іскерлігі мен дағдысын табандылықпен игеруге, өз жұмысының нәтижесін практикалық бағалауға қабілеттілігін көрсетеді.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың тиімді құралы – оқытуына проблемалық тұрғыдан қарау. Белгілі психолог С.Л.Рубинштейн былай деп атап көрсетті: егер адамның алдында шешуге тиісті проблема болмаса, онда, дәлірек айтқанда, ойлаудың да болмағандығы. Оқушының творчестволық ойлау белсенділігін проблемалық жағдай – интеллектік қиыншылық жағдай оятады. Алайда, сабақта ондай жағдай туғызу үшін проблеманы тауып, тұжырымдау, оны оқушының алдына қою, олардың күш-жігерін осы проблеманы шешуге жұмылдыру қажет.

Проблема – бұл мәселе ме, әлде міндет пе ? Алайда кез – келген мәселе немесе міндет проблемалық жағдай туғызбайды. Мысалы, «Кескіш деген не ?», «Ағашты кептірудің қандай жолдарын білесің ?» т.б. сұрақтар проблема бола алмайды. Бұлар оқушыға интеллектік қиыншылық тудырмайды, ол тек бұрын алған білімін еске түсіруді қажет етеді. Ал, проблемалық мәселелер оқушының алған білімдер негізін практикада қолдануға, талдауға, себеп-салдар байланыстарын анықтауға мәжбүр етеді. Мәселен, «Оқушы қол арамен ағашты кесіп тұр. Ол ағашты көлденең немесе ұзыннан кескенде әр түрлі күш жұмсайды. Неге ?», «Ара тісінің формасы әр түрлі: біреуі тең қабырғалы үшбұрышты, ал екіншісі тікбұрышты.тістердің қайралуы да әр түрлі. Неге ?».

Мұндай сұрақтар оқушылардың творчестволық белсенділігін оятып, түптеп келгенде еңбек сабағына деген ынтасын арттырады. Сонымен еңбек сабағында оқушылардың творчестволық белсенділігі және еңбекке баулуда кәсіптік бағдардың табысты етуі көбіне еңбек пәні мұғалімінің оқыту әдісіне, политехникалық және кәсіптік білімді ұштастыра алуына, мамандық және оқылатын материалдың өндірісі туралы мағлұматтарға байланысты.

4 кластағы кіріспе сабақта адам өмірініде еңбектің маңызы туралы, қоғамдық өндірістердегі жұмысшылардың ролі туралы, кадрлардың халық шаруашылығына қажеттілігі туралы, ғылыми техникалық прогрестің өнеркәсіптегі жұмысшы санына, кәсіби құрамына әсері, олардың еңбегінің мазмұны мен шарты туралы айтқан жөн. Оқушыларды еңбек түрлерімен /өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және қызмет көрсету, дене, ой еңбегі қол және механикаландырылған жұмыстар/ қазіргі өндірістің жұмысшы мамандығы және оның даярлығына қойылатын талаптармен таныстырудың ерекше маңызы бар. Мұғалім оқушылардыі назарын еңбек сабағының кәсіп белгілеудегі маңызына аударуы тиіс.

ІV – класта келесі еңбек сабақтарында «Ағаш өңдеу» бөлімі бойынша оқушылар ағаш өңдеу кәсібімен және оның жекеленген салаларымен, халық шаруашылығына ағаштың маңызымен, оны өңдеу, дайындау тәсілдерімен мұқият танысады. Балалар ағаш тілетін заводтардың жұмысы, осы заводтардағы негізгі мамандықтар туралы мағлұмат алады.

Мұғалім «Кесілген ағаш материалдарын өнеркәсіптік жолмен жасау» фильмінен үзінді көрсетіп, онда оқушылар ағашты кептірудің әр түрлі әдісімен, оның ылғалдылығын анықтау әдісімен, ағаш өңдеу өнер кәсібіндегі лаборанттардың, инженерлердің жұмысымен таныстырады.

Металл өңдеу жөніндегі сабақтарда мұғалім қара және түсті металдар, олардың қорытпалары, металдардың негізгі физикалық – механикалық қасиеттері /қаттылығы, беріктігі, серпімділігі, майысқақтығы, морттығы/ туралы айтумен қоса, бұл таныстыруды «Өнеркәсіпте қаңылтыр металл кесу» фильмін көрсетумен толықтыра алады.

Еңбек сабағында қолданылатын аспаптарды, операцияларды, тәсілдерді өндірісте қолданылатын сондай аспаптармен, операцияларымен, тәсілдерімен салыстыру оқушылардың политехникалық ой-өрісін кеңейте түседі. Мектеп оқушыларын кәсіптермен таныстыру үшін арнайы әдебиеттерді, мақалаларды очерктерді, әңгімелерді пайдаланған жөн.

Ең бастысы кәсіппен қолөнершілік тұрғыда танысуға жол бермей, білімнің политехникалық негізін қалап, оқушыны болашақ кәсібімен жан-жақты танысуына мүмкіндік жасаудың маңызы зор.

ІV – класта еңбек сабағында негізгі тақырыптар қайталанады. Оқу материалдарын осылайша дүркін-дүркін қайталау оқушының құбылыспен жай танысып қана қоймай, оның мәніне үңілуіне мүмкіндік береді. Еңбектің жекеленген түрлері мен түрлі мамандық туралы алған үзік-үзік, кездейсоқ түсінігі еңбек туралы алған білім жүйесіне жинақталады. Сонымен, кәсіптік бағдар жұмыстары шоғырландыру принципі бойынша, яғни кәсіп пен еңбек адамы, техника мен технология туралы, оқушыға берілген материалды қайталау, тереңдету және ұлғайту тұрғысында құрылады.

Оқушы кәсіптің басым көпшілігімен оқытудың бүкіл курсында мұқият танысады. Ең бастысы, мұғалім материалды тек қайталап қана қоймай, күрделендіре түсуі, сөйтіп әрбір оқу жылында оқушылар білім алуы тиіс. ІV – класта мұғалім балаларға электр тізбегінің элементтерін таныстырады. Оқушының бұған дейін электр туралы ешқандай ғылыми түсінігі болмайды, сондықтан да мұғалім тек энергияның пайдалануы туралы ғана айтып, қалған жайттарды олардың келесі кластарда танысатындығын айтады. Оқушылар қарапайым схеманы құрастыруды үйренеді. ІV – класта кәсіп туралы айту ертерек, тек электр энергиясы туралы бастапқы түсінік бере кетеді.

Басқа да сабақтардан еңбек сабағы ерекше, мұнда оқушы өз еңбегінің нәтижесін айқынырақ көреді. Сондықтан да егер оқушы жасаған бұйым ешқайда пайдаланылмай шеберханалардағы жәшіктерде сақталса, немесе одан да сорақысы лақтырылып тасталса, онда мұндай сабақ оқушыны тәрбиелеуге үлкен олқылыққа ұшыратады.

Тек оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыруға негізделген, дұрыс ұымдастырылған және мақсат қойылған еңбекке баулу жалпы білімдік және тәрбиелік тиімді нәтиже береді.

Сабақ кезінде мұғалім кәсіпке деген ынта туғызады, экскурсияға ықыласын тексереді, өйткені тек экскурсия оқушы санасында терең із қалдырып, жұмысшы еңбегін құрметтеу сезімін нығайтады. Мақсатты тәрбиелік жұмыста экскурсияны толық әрі тиімді пайдалану үшін комплексті экскурсиямен қоса, жұмыс орнында кәсіптік бағдар экскурсиясын да өткізу қажет.

Жұмыс орнындағы кәсіптік бағдар экскурсиясы – бұл әрбір кәсіпті жеке таныстыратын, жұмыс орнында маманның жұмысымен танысуға мүмкіндік беретін және қалаған сұраққа жауап алатын экскурсия. Экскурсиялар кәсіптің психологиялық үйлесімділігін тексеруге мүмкіндік береді. «Сәл аялдап ойлан, мынау сенің жұмыс орның, осында сенің жұмыс күнің, сенің жұмыс жылың, бәлкім, сені ғұмырлық жұмсын ететін болар !».

Экскурсия неғұрлым табысты өту үшін, оны сабақтан кейін іле-шала өткізіп, мектептегі өткен деректерді тұжырымдап, толықтырып отыру қажет. Мұндай экскурсия оқушыға практикалық жұмысқа жақсы әзірленуге өзі қалаған болашақ кәсібімен жақынырақ танысуға, кәсіби ықыласын нығайтуға немесе өзінің ой-ниетін қайта қарауға мүмкіндік береді.

Егер еңбекке баулудың мазмұны кәсіппен терең танысуға бағытталса, онда еңбекке баулудың тәрбиелік мүмкіндігі мен оның саналы түрде кәсіп таңдауға әзірлігінің ролі едәуір артады. Ол үшін оқушы жасаған өнімге, оның мақсатына, құрылысына, оны жасау әдісіне ерекше көңіл бөлу керек.

ІV – класта оқушыларды еңбекке баулудың негізі механикалық дағдыны жетілдіру емес, қоғамға пайдалы затты жасау процесінде әр түрлі технологиялық іскерліктерді қалыптастыру болып табылады, демек мұның өзі оқушының қазіргі өндірісте еңбекке практикалық әзірлігіне ықпал етеді.

Мәселен, оқушыға қойылған белгі бойынша кесу, кесіндіні тегіс таяқшаны, кубикті, дискіні кесу жөнінде тапсыра беруге, сөйтіп олардың әр түрлі заттар жасайтын дайындама ретінде пайдалануға, сондай-ақ оқушыға жауапты тапсырма беруге – картотекаға арналған жәшік, гүлге және фихика мен химия кабинеттеріндегі приборларға арналған тұғырлар, аспаптар мен лаборатория жабдықтарын қойғыштар, мектепті көркемдейтін витриналар т.б. жасатуға болады. Оқушылардың қызмет көрсету саласындағы кәсіпке ықыласын қалыптастыруда қызмет көрсету еңбегіне арналған сабақтың ролі зор.

Оқушыларды қызмет көрсету саласындағы кәсіпке бейімдегенде бірінші кезекке қойылатын мақсат олардың кәсіби жарамдылығын анықау емес, олардың кәсіп таңдаудағы қоғамға құнды дұрыс көзқарасын, кадрлардың халық шаруашылығына қажеттілігіне негізделген белгілі бір бағытын, ал кәсіп таңдаған соң жастардың оған жаттығып, бейімделуін қалыптастыру болып табылады, яғни оқушыларды қызмет көрсететін сала мамандықтарына бейімдеу – негізінен тәрбиелік мәні бар проблема.

Қызмет көрсету еңбегі бойынша жүргізілетін сабақтар IV класс оқушыларын кәсіптік бағдарлауға мол мүмкіндік береді. Программада кулинариялық, тігіншілік және электротехникалық жұмыстармен тамақ өнімдері мен маталарды өңдейтін технологиялық машиналарды басқарумен т.б. теориялық және практикалық тұрғыда таныстыру көзделген. Оқушылар жалпы тамақ өнеркәсібі және оның жеке сапалары туралы мағлұмат алады, қоғамдық тамақтандыру орындары мен азық-түлік магазиндерімен танысады.

Оқушылар әр түрлі маталардан тігуді бұйымдар жасаудың технологиялық процестерімен танысқанда кәсіптік бағдар жұмыстары ойдағыдай жүзеге асырылуы мүмкін. ІV – класта оқушы қыз балалар қазіргі тетік механикаландырылған өндірісті естіп біледі. ІV – класттың оқушылары киімді конструкциялау мен модельдеуді білуге және үйренуге дағдыланады, сән үйінің жұмысымен танысады, көрмеге, өнеркәсіп орындарына /тігін фабрикасына, комбинаттарға, тігін бірлестіктеріне/ барады. Еңбекке баулу пәні мұғалімнің ерекше ескертетіні – оқушылардың қабылдаған жалпы еңбектік іскерлігі мен дағдысы мектеп бітірушілердің басым көпшілігі үшін мектептен кейінгі нақты практикалық ісіне айналуы тиіс.

Бұдан шығатын қорытынды: еңбекке баулу мұғалімі қажетті білім деңгейін анықтағанда біріншіден әрбір оқу класын қоғамдық өндірістегі барлық кәсіп пен еңбек түрлерінің потенциал өкілдерінің жиынтығы ретінде қарастыру, екіншіден кәсіп санының кемдігімен бағдарламада берілген уақыт бойынша барлық кәсіп туралы жалпы мағлұмат берудің мүмкін еместігі, үшіншіден еңбекке жарамды халықты, өнеркәсіп салаларына, еңбек түрлеріне нақты бөлу, осы бөлудің өзгеру тенденциясы ескерілуі тиіс.

Еңбек пәнінен сабақ беру процесінде кәсіптік бағдардың тиімділігін арттырудың қажетті шарты оқытудың басты формасы ретінде сабақты жақсарту болып саналады. Мұны жүзеге асыру үшін еңбек пәнінің мұғалімі, өзінің жалпы білімін, психологиялық және педагогикалық және методикалық даярлығын ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Еңбек пәні мұғалімінің өзін-өзі жетілдіріп отыруының маңызды құралы - өзінің және басқа мұғалімдердің сабағына талдау жасау. Талдау жасағанда тақырыпты және сабақ мақсатын дәл айқындап, сабақ типін белгілеп алуы тиіс. Сабақты ұйымдастыруда мұғалім оқушылардың сабаққа әзірлігін, жұмыс орнының жай - күйін, қажетті оқу құралдары мен аспаптардың, формалы киімдердің болуы, т.б. атауы сабақ құрылымын белгілеп, еңбек кезеңдерін айыру, сабақта уақытты тиімді пайдалауға ерекше көңіл бөлуі кезеңдерін айқындығы мен аяқталуын, басты нәрселерді айыруы, сабақ құрылымының, оқу материалдарының мақсаты мен мазмұнына сәйкестігін, сабақтың оқу материалдарымен және практикалық жұмыс түрлерімен байытылған, еңбек қарқынын қадағалауы тиіс.

Сабақ мазмұнын талдағанда теориялық, практикалық және кәсіптік бағдарлау материалдарының көлемі мен арақатынасын бағалауы, олардың программаға және оқушылардың біліміне, іскерлігі мен дағдысына сәйкестігін, материалды баяндаудың ғылымилығын алған білімінің, тәрбиесінің, үлгі өнегесінің политехникалық, практикалық және кәсіптік бағдарлау функцияларының оқу материалдарының мазмұны мен тұтастығын, тірек ететін білім мен кәсіптік білімін айыра білуі қажет.

Пән ішіндегі және пән аралығындағы байланыстың барлығын атап көрсеткен жөн. Мұғалімнің сабақ мазмұнын талдауымен қоса, оқытудың әдістері мен құралдарын және оларды әңгіме өткізуде, түсіндіруде, әңгімелесуде, оқылатын обьектілерде процестерді және олардың бейнесін көрсетуде, нұсқау беруде, жаттықтыруда оқу құралдарымен жұмыс жүргізуде т.б. сабақта қолдануда талдай білудің айрықша маңызы бар.

Сабақты ұйымдастырғанда және талдағанда проблемалық жағдайлардың болуына, оқушылармен жұмыс жүргізудің коллективтік, топтық және жеке-дара формаларының үйлесімділігіне ерекше көңіл бөлінеді. Оқытудың негізгі принциптері ғылымилығы, жүйелілігі, бірізділігі, түсініктілігі, көрнекілігі, белсенділігі мен саналылығы, өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылыпжатқандығын қадағалаудың айрықша мәні бар.

Оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, практикалық жұмыстарды атқарғанда еңбек қауіпсіздігін сақтауды, творчестволық ойлауын, дербестілігін, өнертапқыштығын дамыту жөніндегі жұмыстарды талдаған жөн.

Мұғалім атқарған істерін қортындылай келе сабақтың тиімділігін, кәсіптік бағдарлау мақсатындағы жетістікті бағалауы, сондай-ақ сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін дәл анықтауы, оқытудың негізгі формасы ретінде сабақтың мазмұны мен әдісін одан әрі жетілдірудің жолдарын белгілеуі тиіс.

Сабақтарға және бүкіл кәсіптік бағдарлау ісіне өзіне-өзі жүйелі талдау жасау оқушылармен мұғалімдердің творчестволық белсенділігін арттырып, шәкірттердің кәсіптік бағдарлаудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

2.3. Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыру - өнімді еңбек нәтижесі

Қоғамдық пайдалы еңбек — қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүниетанымы дамиды, мамандықты тануда көзқарасы кеңиді, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады.

Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады.

1. Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау.

2. Мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, орындағыштыққа, қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді. Әсіресе ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушылары жұртшылық арасында үкіметтің қаулы-қарарларын насихаттайды, әр түрлі әдеби; этикалық, эстетикалық тақырыптарға әңгімелер өткізіп, лекциялар оқиды, концерт береді.

3. Шефтік жұмыс — адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғары формасы. Ол баланы ілтипаттылықка, қамқорлыққа, кайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өмірінде пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кәрі адамдарға, көп балалы аналарға, балалар бақшасына қамқорлық, мәдени мұраларды (мирас) қорғауы жатады.

Осындай дәстүрге айналған шефтік жұмыстардың нәтижесін үнемі қорытындылап, балалардың еңбегін бағалап отырудың үлкен тәрбиелік мәні бар.

Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.

Жалпы білім беретін орта мектеп оқу-өндірістік кооперативтері, жалға алу, кіші кәсіпорны, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар, оқушылардың өндірістік бригадалары, т. Б. Арқылы оқушыларды өнімді еңбекке қатыстыруды іске асырады. Бұлардың кейбіреулерінің іс-әрекеті «төртінші бөлімде» баяндалған.

Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіншіліктеріне сәйкес жалпы халықтық іске үлес қосады. Оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың бірнешс объектілері аталды. Сол объектілердің бірі оқушылардың өндірістік бригадасы. Бұл еңбек тәрбиесін, политехникалық білім беруді, өнімді еңбекті ұйымдастырудың негізгі формасы.

Оқушылардың өндірістік бригадасы іс-әрекетінің байырғы мәселелері: а) материалдық базаны жасау, оған өндірістік және тәжірибелік жер учаскелері, техника және ауыл шаруашылық құралдары, мал шаруашылық фермасы, далалық қос т. Б. Жатады;

Ә) оқушылардың өндірістік бригадасы vii-х сынып оқушыларымен ұйымдастырылады;

Б) бір жылдық оқу-өндірістік жоспар жасалады. Жоспарға машиналарды, агротехниканы, зоотехниканы оқып үйрену, тұқымды, топырақты дайындау, технологиялық карта, агрономиялық жоспар жасау, тәжрибені қою, оку-практикалық тапсырмаларды орындау, егінді ору және жинау мәселелері кіреді.

Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу.

Оқушылардың өндірістік бригадасы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіреді, өнім алады, оны мемлекетке тапсырады. Өнімді еңбек процесінде оқулшылар мектептен алған теориялық білімдерін практикада қолданады.

Оқуды өнімді еңбекпен байлалыстырудың тиімді формасы ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыс. Оның педагогикалық негізі: ғылымилық, оқумен байланыстылығы, шығармашылық даму, оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуі. Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда ауыл шаруашылық тәжірибесіне қатысқан оқушылардың химия, биология т.б. Пәндер бойынша үлгерімі, ауыл шаруашылық тәжірибесіне қатыспаған оқушылардан анағұрлым жоғары болатындығы байқалады.

Оқушылардың өндірістік бригадасы жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен байланыстырудан басқа да формаларын атауға болады. Олар оқушылардың өндірістік экскурсиясы, мектептердегі агрохимия үйірмелері, колхоздар мен совхоздардағы агрохимия лабораториялары т.б.

Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын, қызығушылығын, ауыл шаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының ролі өте зор.

Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:

- еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты:



  • Балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық өнегелік негізі болуы керек:

Еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның болымды нәтижесі баланың өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым онын тәрбиелік ықпалы күшті болады.

- еңбек балалардың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруы қажет. Еңбегініц негізгі түрі ойын болып табылатын кіші мектеп жасындағы баланың еңбегі ойынмен ұйымдастырылуы керек. Еңбектегі сияқты ойында да ойға күш салу және жауапкершілікті сезіну бар;

- еңбек іс- әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қана қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.

Осы сияқты шарттарды, талаптарды, еңбек процесінде ұтымды пайдалану мұғалімнен іскерлікті, “педагогикалық шеберлікті” талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет