3 І тарау. Қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті тілдің ішкі даму заңдылығы


Қазақ тілі пәнінен тәуелдік жалғауын оқыту



бет25/27
Дата08.10.2024
өлшемі5.04 Mb.
#504437
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Тәуелдік жалғау туралы түсінік (4)

2.1. Қазақ тілі пәнінен тәуелдік жалғауын оқыту


Сабақтың тақырыбы: Тәуелдік жалғау.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қосымша туралы білімдерін кеңейте отырып жалғаулар мен оның түрлері жөнінде нақты білім беру, тәуелдік жалғауын меңгерту.
Міндеттері:
білімділік – жалғау түрлерін жан-жақты меңгерте отырып, тәуелдік жалғауларының ерекшелігін таныту;
Дамытушылық – оқушылардың өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік – сауаттылыққа баули отырып ана тілін сүюге, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ.
Жабдықтар: кестелер, мәтін, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру.
Өтілген материалға шолу.
Оқушылар өткен сабақтың материалын еске түсіреді, үй тапсырмасы сұралады. Үй тапсырмасын сұрау төменде берілген тірек-схема арқылы жүргізіледі.
1. Қосымша морфеманың қызметі.
2. Қосымшаның түрлері.
3. Жұрнақ дегеніміз не, оның түрлері.
4. Жалғау дегеніміз не?
5. Көптік жалғау дегеніміз не, оның түрлері?
6.Мағыналарын түсіндіріңіз.








Жаңа сабақ.
Сабақтың бұл кезеңі пән мұғалімінің ана тілі туралы эссесінен басталады.
Ана тілін ардақтайық!
Бүгінгі сабағымыз қасиетті ана тіліне арналады. Тілімізге арналған өлең жолдары оқылатын, талданатын поэзия сәттері болады.
Сондықтан "Ана тілін ардақтайық!" деген эпиграфпен сабағымызды бастайық.
Жалғау – жалғанған сөзін екінші бір сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, оларды өзара байланыстырып, жалғастырып және жалғанған сөзіне үстеме мағына беріп тұратын грамматикалық тұлға.
Ана тілінің болашағы ұлт тағдырымен байланысты деген сөйлемдегі сөздерді қосымшасыз айтсақ, Ана, тіл, болашақ, ұлт, тағдыр деген жеке сөздер айтылып, жеке ұғым атауларын ғана ұққан болар едік. Бұндағы -нің, -ы, -мен - жалғаулары, ең алдымен, бұл сөйлемді белгілі бір хабарды білдіру мәнінде жұмсауға көмектеседі, екіншіден, бұл қосымшалар осы сөйлемге енген сөздерді бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіріп, байланыстырып тұрады. Яғни сөз бен сөзді бір-бірімен ұластырушы қызметте жұмсалады. Жалғаулар да жұрнақтар сияқты дербес, жеке мағынада жұмсалмайды, өйткені бұлар сөзден тыс дара қолданылмайды.
Жалғаулар сөздерге жалғанатын сөзінің әуеніне қарай жалғанады, яғни сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай немесе соңғы дыбысының қатаң, ұяң, үнді дауыстылығына қарай үндесіп отырады.
Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау, жіктік жалғау.
Көптік жалғаумен, оның білдіретін ұғымдарымен өткен сабақта танысқан болатынбыз. Бүгінгі тәуелдік жалғауы заттың біреуге, не бір нәрсеге меншікті екенін көрсетеді. Мысалы,


Менің дәптерім Біздің кітаптарымыз
Сенің дәптерің Сендердің кітаптарың
Сіздің дәптеріңіз Сіздердің кітаптарыңыз
Оның дәптері Олардың кітаптары


Бекіту. Жұрнақ пен жалғаудың өзіндік ерекшелігі мен ұқсастығын табу.
Оқушылардың өз бетімен ойланып жұмыс жасауын қалыптастыру максатыңда Венн диаграммасын жүргіземіз.



(Өзіндік ерекшелігі мен ұқсастығы диаграммаға жазылады) Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырмалар беріліп, жауабы сұралады.
1. Тәуелдік жалғауын тауып, қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңыз.
1. Көп бастауыш ұйымдар да құрылды,
Өрістетті тілімді де, ділімді.
Барлық жанды бауырларым санаймын,
Төмен санап кемсітпесе тілімді.

2. Ежелден-ақ шежіреміз, тарихымыз ілгері,


Менің тілім – Қаз дауысты Қазыбек,
Әйтеке мен Төле билер тілдері.



  1. Кіршіксіз ардай сақтаңдар

Қазақтың тілін ғаламат!
Ұрпақтар!Атар ақ таңдар
Аманат, саган Аманат!
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында келесі тапсырмалар орындалады.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, сөз құрамына талдау.


1 Қалағандай қиюлап үй тастарын,
Балталап бұза алмайсың... (ұйқастарын)
Тіліңнің білгің келсе құдіретін,
Журтыңның оқы өлең... (дастандарын)
2, Ана тілім, қасиетім, дарыным,
Көз жеткісіз көкжиегім, жарығым.
Бұл дүниенің терең тылсым... (сырларын)
Өзің ғана арқылы тек таныдым.
3, Сағындық біз өнердің тарландарын,
Көп оқыдық Мұқағали... (армандарын)
Абай ақын, Әміре, Иса, Біржаи
Ән-жырынан жақсы ұқтық... (арнауларын)
4, Қасиетім!Ана атымен аталған,
Сен арқылы (аталардан) ... бата алғам.
Сенен оқып өсиетін Абайдың,
"Атамекен, туған ел " деп ән салғам.

Өлең шумақтарынан көптік, тәуелдік жалғауын тапқызып, тақтаға жаздыру жұмысы жүргізіледі. Асты сызылған қосымша қандай қосымша?




1. Қазақ тілі! Байсалды баба тілім!
Сол байлықтан аз емес алатыным,
Беретінім, қанша екен? Шүбәсіз хақ,
Қарыздар боп, әйтеуір, қалатыным.

  1. Ана тілім - ар, намысым, ардақтым,

Көкірегіме өзің алғаш шам жақтың.
Өзіңменен ақыл-ойым өрістеп,
Қиялымды қияларға самғаттым.

  1. Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар,
Ата жолы салтым бар,
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аққу, ашық мінезім бар аңқылдар.
Берілген мысалдардан асты сызылған сөздерге талдау жасау, көптік жалғауын табу, бір сөзге кешенді фонетикалық талдау жасату жұмысы беріледі.
Қызылорда қаласындағы имандылық ордасы – Орталық мешіттің суретіне қарап тәуелдік жалғауын қатыстыра отырып, сөйлем құрастыру. Құрастырылған сөйлемдерді семантикалық картамен белгілеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет