УДК 618.6-005.1-08
Р.Н. ЕСПАЕВА, М.И. НҰҒМАНОВА, Н.Н. ОРАЗАКОВА
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университет,
№2 акушерлік және гинекология кафедрасы, ҚЖШККА гинекология бөлімі
БОСАНУДАН КЕЙІНГІ ҚАН КЕТУ. АКУШЕРЛІК ТАКТИКА
Мақалада ҚР ДСМ клиникалық хаттамасына сәйкес босанудан кейінгі қан кетудің этиолгиясы, диагностикасы мен акушерлік
тактикасы бойынша мәліметтер келтірілген.
Түйінді сөздер: босанудан кейінгі қан кетулер, ТШҚҰ – синдромы, босанудан кейінгі қан кетудің қадамдық емдік терапиясы,
хирургиялық гемостаз, жатырдың бимануалды компрессиясы, жатырдағы комперссиялық хирургиялық тігістер.
Введение. Среди различных
акушерских осложнений, возникающих в родах и раннем послеродовом периоде, кровотечения
продолжают занимать
одно из ведущих мест
1,2
. Частота кровотечений в последовом и раннем послеродовом периодах
колеблется от 2,5 до 8%
2
. Кровотечения в раннем послеродовом периоде наблюдаются в 2,2% случаев, у первородящих
кровотечения развиваются в 0,3%
наблюдений, у многорожавших женщин в 4% и более. При послеродовых кровотечениях
гистерэктомия производится в 0,1% случаев, в 0,27% - после операции кесарева сечения
1
.
Послеродовые кровотечения являются одним из грозных осложнений в акушерстве, поэтому
своевременная и правильная
акушерская тактика играют первостепенную роль в спасении жизни родильницы.
При следовании врачами акушерами-гинекологами пошаговой терапии послеродовых кровотечений, согласно представленному
протоколу, несомненно, приведет к улучшению деятельности родовспомогательных учреждений.
Босанудан кейінгі қан кету (БКҚ)- табиғи жолдар арқылы босану кезінде 500 мл немесе одан
жоғары және кесар тілігі
операциясынан кейін 1000 мл немесе одан жоғары мөлшерді қамтитын клиникалық маңызы бар қан жоғалту түрі.
Жіктелуі:
Босанудан кейінгі ерте қан кету- босанудан кейінгі алғашқы 24 сағатта.
Босанудан кейінгі кеш қан кету- босанудан кейінгі кезеңнен 24 сағат өткен уақытта.
Қауіп факторлары:
• Босанудың үшінші кезеңінің ұзаруы
• Преэклампсия
• Анамнезде босанудан кейінгі қан кету жағдайларының болуы
• Көпнәрестелік
• Босану жолдарынының жұмсақ тіндерінің жарақаты
• Ұзаққа созылған босану
• Оперативтік түрдегі қынаптық босанулар
• Жатыр қуысында плацентаның және оның бөліктерінің кідіруі
• Плацентаның жатуы
• Тромбофилия
• Ірі нәресте
• Көп босанулар
Алдын-алу.
Босанудан кейінгі қан кетудің алдын алудың негізі - босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу болып табылады, ол қан кету
қаупін 2,5-3 есеге төмендетіп және босанғаннан кейінгі мерзімде босанған әйелді қадағалауға мүмкіндік береді.
Қан кетудің диагностикалық көрсеткіштері
- босанудан кейінгі кезеңде қан кетудің белгілерін ерте анықтау;
- босанушы әйелдің жалпы жағдайын, АҚ, тамыр соғысын, жүректің
жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) бағалау;
- қан кету көлемін анықтау
Қан жоғалту мөлшерін анықтау тәсілдері:
• Көзбен шолып қарау әдісі (30% қате).
• Гематокрит мөлшерінің бастапқы көрсеткіштен 10% төмендеуі.
• Гравиметриялық тәсіл - операциялық материалдарды
өлшеу арқылы
(15% қате).
• Өлшегіш ыдыс көмегімен анықтау (градуирленген шыныаяқ, ыдыс).