35 жббом кмм бастауыш сынып мұғалімі Адамова Арай Канатовна Тақырыбы: «Кішкентай ару» Мақсаты



Дата10.07.2016
өлшемі44.15 Kb.
#189479
35 ЖББОМ КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Адамова Арай Канатовна
Тақырыбы: «Кішкентай ару»

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық»(қолөнер түрлерінің), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Бүгінгі «Кішкентай ару» атты сайысына қош келдіңіздер!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Жүргізуші: Ай секілді өзі де

Сыңғыр – сыңғыр сөзі де



Зере деген арудың

Әдемі ғой көзі де


Сабағын да меңгерген

Жақсылықты жөн көрген

Ата-анасы Жадыраға

Әдемі есім меңгерген.
Құлпырған дала гүліндей

Жүрегің әркез күлімдей

Арманыңа аңсаған Фатимаға

Ақниетпен жет, сүрінбей


Сабағынан қалмайды

Жалқаулыққа бармайды



Назеркеміз бүгінгі сайыста

Ән мен жырын арнайды.


Меңгерген бар ілімді
Алады тез тіліңді.
Ақша бетті Алина
Қос жанары мөлдіреп


Жұлдызымыз үлбіреп
Қос бұрымы желбіреп

Ұқсайды хор қызына


Жүргізуш: Шалқытып мерекеде ән салайық,


Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. Оқу ісініі меңгерушісі: Абежанова Шолпан Жетпісқызы

2. Тәрбие ісінің меңгерушісі : Ивакина Гульмира Максеновна

3. Бастауыш сынып мұғалімі: Жумабекова Сандуғаш Қайроллақызы
Жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 5 турдан тұрады.
1. Өзін- өзі таныстыру.
2. Сұрақ - жауап

3. Үй тапсырма ( қол өнер)

4. Өнерін көрсету
5. Сән үлгісі
Жүргізуші: Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін –ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі. (Өз – өздерін таныстыру:)


  • 3 сынып ұлдарының орындауында «Еркем-ай» әні

Нұртілеу: Ал, бастайық, бастайық
Қолға домбыра алайық
Аналарды құтықтап,
Мерекені бастайық.

Нұрым: Ана – біздің күніміз,


Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз.

Аслан: Біздің қыздар әдемі,


Өздері сондай сүйкімді.
Біз оларды сыйлаймыз,
Шаштарынан жұлмаймыз.
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.

Бектас:  Мен қыздарды сыйлаймын,


Мен оларға тиспеймін
анда - санда тек қана

Көшіремін сабақты

Хор: Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны  жұлдызға-
Сый тартамыз бағалы!



  • 1 оқушыларының тақпақтары

  • 1 оқушыларының «Құттықтаймын мама» әні

Жүргізуші. Қыз сұлу көрінеді білімімен.

Кең даланың ежелгі,


Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Сұрақтар.

1 Бесік жырын айтатын адам ? – ана

2 Қыздардың бөркіне қадалатын құстың қауырсыны ?- үкі

3 Үш байлық ? – Денсаулық, ақ жаулық, бес саулық.

4 Қазақ қызының бұрымына тағылатын шашбауды не деп атайды ? – Шолпы.

5 Наурыз тойының ұлттық тағамын ата және жасалу жолдары ? – Наурыз көже, жеті түрлі зат салынады.

6. Жеті қазынаны білесің ата. (Ер жігіт,Сұлу әйел,Ақыл, білім,Жүйрік ат,Қыран

бүркіт,Берен мылтық,Құмай тазы)



  • 2 сынып оқушыларының тақпақтары

  • 4 сынып оқушыларының орындауында «Апатайым - анашым» әні

Жүргізуші: Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді – деп келесі сайысымыздың шарты бойынша



шығармашылық бөліміне кезек береміз. Үй тапсырма ( қол өнер)

  • 4 сынып оқушыларының тақпақтары

  • 2 сынып оқушыларының .......................

Жүргізуші: Дауысың қандай нұрлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таң шолпан мен астасқан

Өнеріңді қане бүгін көрсетші

Мына жұртқа қошеметтеп қол соққан.

(Қане, қыздардың өнерін тамашалайық)
* 1 оқушыларының «Ақ мамам» әні


  • 4 сынып оқушыларының «Ана туралы жыр » әні

Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын

Аспандағы ай менен таласатын

Өнеріне сәні сай келіп тұрған

Құрбыларға қызығып қарасасың – деп «Сән үлгісіне» кезек береміз. Бұл сайыста қыздардың өздерін ұстауы, музыка ырғағына байланысты жасаған қимыл-қозғалыстары, көктемгі киім үлгілері есепке алынады.


Жүргізуші: Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
Жүргізуші: Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

  • 3 сынып ұлдарының тақпақтары ( ата –аналарына сыйлық табыстайды)

Аслан: Ана десем, шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады

Нұртілеу: Көктем күні көрікті,

Күн шұғыла төгіпті

Сол көктемде мереке,

Дүниеге келіпті.

Көктем күні қуатты,

Шашты әлемге шуақты.

Н аурыз өзі өмірді,

Нұрландырған сияқты

Бектас: Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Нұрым: Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейрамыңмен

Құрметті біздің аналар!

Жүргізуші: Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша жүлде тағайындайды.

Жүргізуші. Өнеріміз сайыста,


Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет