4-тақырып Металдарды қысыммен өндеу. МҚӨ негізгі түрлерін жіктеу. Прокаттау өндірісінің өнімі. Соғу, созу, штамптау Дәрістің жоспары:
1. Құттықтау;
2. Өтіпкетпен дәрістің тақырыбы бойынша экспресс-сұрақ;
3. Слайдтарды көрсетіп негізгі материалды баяндау;
4. Ұғып алған материалдың көлемін анықтау мақсатымен өтіп кеткен материал туралы қысқаша сұрақ өткізу;
5. Тақырып бойынша СДЖ арналған тапсырма.
Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы. Жалпы мағлұматтар Металл бұйымдарды қысыммен өңдеу тек металдардың созымдылығы арқасында мүмкін, яғни олардың пішіні мен өлшемдерін өзгерту қабілетіне байланысты.
Әртүрлі металдар мен қорытпалар бірдей емес табиғи созымдылығымен белгілі, ал сондықтан қысыммен өңдегенде өздерін әр түрлі ұстайды. Металдар мен қорытпалардың созымдылығы химиялық құрамына, құрылымына, қыздыру температурасына, деформа-цияның жылдамдығы мен дәрежесіне, кернеулі жағдайдың схемасы мен деформацияның схемасына байланысты.
Құйылған металдың созымдылығы деформацияланатынның созылымдылығынан төмен, бұл олардың әртүрлі құрылымымен түсіндіріледі: бірінші жағдайда металл ірі түйіршікті құрылымды, екіншісінде ұсақ түйіршікті болады.
Металдың температурасының жоғарлауымен, дағдыдағыдай, созылымдығы жақсарады, ал деформацияға кедергісі азаяды.
Прокаттағанда металды прокат станының (4.1,а-сурет) екі айналатын біліктерінің арасында жаншиды, соның нәтижесінде дайындаманың қалыңдығы азаяды, ал ұзындығы мен ені ұлғаяды.
Бұйым алу үшін металды әр түрлі тәсілдермен қысыммен өңдейді: прокаткамен, созумен, сығымдаумен, еркін соғумен және штамптаумен.
Прокаттаумен (а) дөңгелек және квадрат пішінді профильдерді, рельстерді, балкаларды, швеллерлерді табақшаларды, сонымен бірге басқадай прокат түрлерін жасайды.
Созу дегеніміз көлденең қимасының мөлшері берілген дайындаманың (4.1, б-сурет) өлшемдерінен кішкене болып келетін шыбықты немесе сымды волоканың (матрицаның) тесігі арқылы созу процесі. Созу процесі станоктарда жүргізіледі де, жіңішке және өте жіңішке сымдарды алу үшін, болаттар мен түсті металдардан дөңгелек және фасонды қималы шыбықтар мен құбырларды калибрлеу үшін пайдаланылады.
Сығымдау процесінде металды пішіндері мен өлшемдері сығымдалған түсті металдар мен қорытпалардан, сондай-ақ болаттардан алынған шыбықтардың, құбырлар мен фасонды профильді түсті бұйымдардың пішіні мен өлшемін анықтайтын матрицаның (4.1, в-сурет) дөңгелек немесе фасонды тесігі арқылы сығып шығарады. Сығымдау гидравликалық немесе механикалық престерде жасалады.
а - прокаттау; б - созу; в - сығымдау; г - еркін соғу; д - көлемдік штамптау; е - табақшалап штамптау
4.1 - сурет - Металдарды қысыммен өңдеу тәсілдерінің негізгі сұлбалары
Металды соғу дайындаманы жоғарғы және төменгі тоқпақтардың арасында (4.1, г-сурет) көрсетілген әр қилы ұста аспаптарын қолданумен сығып шығарудан тұрады. Еркін соғумен молоттарда немесе престерде қарапайым және күрделі пішінді (біліктер, шатундар, тісті дөңгелектер және т.б.) әр түрлі мөлшердегі шындалған темірлерді алады.
Штамптау дегеніміз металды штамптарда деформациялау процесі. Көлемдік және табақша штамптау болып бөлінеді.
Көлемдік штамптауда (4.1, д-сурет) алдын-ала қыздырылған дайындаманы штамптың тұйықталған қуысында деформациялайды, оның, пішіні мен өлшемі алынатын шыңдалған темірдің, пішіні мен өлшемін анықтайды.
Ыстықтай көлемдік штамптау молоттарда, престерде немесе көлденең соғу машиналарында жүргізіледі.
Табақша штамптау (4.1, е-сурет) берілген табақ дайындаманы суық күйінде қысылатын сақинасы мен пуансоны бар матрицада деформациялаудан тұрады. Штамптаудың, бұл түрін арнайы штамптау престерінде жүргізеді.
Металдарды қыздыру және қыздырғыш құрылғылар. Қысыммен өңдеуде температуралық ережені дұрыс таңдауда қорытпалардың күй диаграммаларын негізге алады. Сонымен, көміртекті болаттар үшін қысыммен өңдеудегі температуралық аралық темір-көміртек жүйесінің, күй диаграммасында (4.2-сурет штрихталған аймақ) көрсетілген.
4.2 - сурет - Көміртекті болаттың, металды қысыммен өңдегендегі температуралық аралығы
Прокаттау алдында болат кесектерді қыздыру үшін әдетте қыздырғыш құдықтар, ал дайындамаларды қыздыру үшін методикалық және камера пештері қолданылады.