40-шығарылым «Құрылыс материалдарының өндірісі» бөлімі Астана 2009 Кіріспе



бет3/14
Дата11.06.2016
өлшемі1.22 Mb.
#127883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

42. Материалдарды мөлшерлеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен басқарылатын мөлшерлегіштерде бетон қоспалары мен ерітінділердің; толтырушылар, цемент, су және қоспалар (қатыруды, пластикалауды, көбікгаз құрауды жеделдететін) компоненттерін мөлшерлеу. Бункерлерден, циклондардан, бактардан компоненттерді қабылдап алу және оларды араластыру агрегаттарына салу. Мөлшерлегіштердің, қоректердің, дірілдеткіштердің, қосымшаны дайындау жөніндегі қондырғылардың жұмысын басқару. Шығыс материалдарын және өндірілген өнімдерді есептеудің ауысымдық журналын жүргізу. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзеу.

Білуге тиіс: қолданылатын мөлшерлегіштердің құрылысы мен әрекет принципі; компоненттерді берудің технологиялық сұлбасы; бетон қоспалары мен ерітінділерін дайындаудың рецептурасы мен технологиясы; қолданылатын қосымшалардың түрлері мен міндеті; араластырғышқа компоненттерді салудың кезектілігі.

43. Материалдарды мөлшерлеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты мөлшерлегіштерде бетон қоспалары мен ерітінділердің; толтырушылар, цемент, су және қоспалар (қатыруды, пластикалауды, көбікгаз құрауды жеделдететін) компоненттерін мөлшерлеу. Бункерлерден, циклондардан, бактардан компоненттерді қабылдап алу және оларды араластыру агрегаттарына салу. Мөлшерлегіштердің, қоректердің, дірілдеткіштердің, қосымшаны дайындау жөніндегі қондырғылардың жұмысын басқару. Балқыту пешінің жұмысын қамтамасыз ету үшін пешке ұсатылған тастың (ұнтақтың) түсуін мөлшерлеу. Қоректердің, таразылар мен дабыл беру құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеру. Қоректерді іске қосу және тоқтату. Агрегаттардың берілген жұмыс режимін ұстау. Материалдардың қоректен біркелкі шығуын қамтамасыз ету. Берілген рецептура бойынша әртүрлі маркадағы ұнтақтарды балқыту барабанына салу. Элеваторлардың, тасымалдауыштардың жұмысын байқау. Жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету және жөндеуге қатысу. Шығыс материалдарын және өндірілген өнімдерді есептеудің ауысымдық журналын жүргізу. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды түзеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін мөлшерлегіштердің құрылысы мен әрекет принципі; компоненттерді берудің технологиялық сұлбасы; бетон қоспалары мен ерітінділерін дайындаудың рецептурасы мен технологиясы; қолданылатын қосымшалардың түрлері мен міндеті; араластырғышқа компоненттерді салудың кезектілігі; дайын өнімдерге техникалық шарттар; асфальт массасын балқыту технологиясы; ұнтақты мөлшерлеу және балқыту пешіне салу ережесі; келіп түсетін, ұнтақтар мен битумның сапасына қойылатын талаптар.

44. Материалдарды мөлшерлеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқыту пешінің жұмысын қамтамасыз ету үшін пешке түсетін битумды мөлшерлеу. Берілген рецептура бойынша әртүрлі маркалардағы битумды балқыту пешіне салу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; дайын өнімдерге техникалық шарттар; битумды мөлшерлеу мен оны балқыту пешіне салу ережесі; келіп түсетін битумның сапасына қойылатын талаптар.

45. Иірліктердегі мөлшерлеуші - араластырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қосынды өнімділігі сағатына 85 тоннаға дейінгі араластыру иірліктернді шикізат қоспасын мөлшерлеу және араластыру процесін жүргізу. Араластыру иірліктеріне бункерлерден шикізат қоспасының түсуін қамтамасыз ету. Шикізат қоспасын мөлшерлеу мен араластыру процесін бақылау. Шикізат компоненттерін мөлшерлеу, араластыру және тасымалдау механизмдерінің жұмысын бақылау және техникалық қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; шикізаттың құрамы мен сипаттамалары; шикізат қоспасына технологиялық талаптар; механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау және түзету тәсілдері; майлау материалдарының түрлері мен сұрыптары. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау картасы.

Қосынды өнімділігі сағатына 85 тоннадан асатын араластыру иірліктерінде шикізат қоспасын мөлшерлеу мен араластыру кезінде – 3-разряд.


46. Шикізатты мөлшерлеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қосынды өнімділігі сағатына 15 текше метрге дейінгі шайқаушыларда шикізатты мөлшерлеу. Бақылау - өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша шикізатты біркелкі салуды, қойыртпақтың қажетті деңгейін сақтауды қамтамасыз ету. Шикізат қоспасы компоненттерінің белгіленген арақатынасын және қойыртпақ сапасын қамтамасыз ету. Талап етілетін температурада шайқаушыларға су беруді реттеу. Қабылдау және шығару торкөздері арқылы материалдардың өтуін қамтамасыз ету. Мойынтіректер температурасын, майлау құрылғысының жағдайын, механизмдерді майлауды бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін шайқаушылардың және қосымша жабдықтардың құрылысы, әрекет принципі; шайқаушыларға берілетін қоспалар компоненттерінің құрамы мен арақатынасы; шикізат пен суды біркелкі мөлшерлеу тәсілдері; қойыртпақтың сапасына зертханалық бақылаудың негізгі тәсілдері; бақылау - өлшеу құралдарының, автоматты реттеу, дабыл беру мен блокадалау жүйелерінің міндеті мен әрекет принципі; қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау картасы және майлау материалдарының қасиеттері.

Қосынды өнімділігі сағатына 15 текше метрден асатын шайқаушыларда шикізатты мөлшерлеу кезінде - 3-разряд.


47. Ұсақтаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен, ұсақтаушыларда, ұсақтау агрегаттарында, өнімділігі сағатына 50 текше метрге дейінгі әртүрлі жүйедегі ұсақтау – сұрыптау құрылғыларында әртүрлі тас және басқа да материалдарды ұсақтау және ұнтақтау процесін жүргізу. Тасты және басқа да тас жыныстарын механикалық немесе қол елеуіштерінен електен өткізу. Көлік құрылғыларының көмегімен немесе қолмен ұсақтау және електен өткізу үшін материалдарды араластыру, ұсақтау – сұрыптау құрылғыларына салу. Механизмдерді іске қосу және тоқтату. Автоматты реттеуші құрылғылардың, қоректердің, вентильдердің, ысырмалардың көмегімен материалдар мен судың біркелкі берілуін реттеу. Материалдардың түрлері мен мөлшерлеріне сәйкес ұсақтау агрегаттарының жұмысын (жылдамдығы, өнімділігі, ұсақтаушының жұмыс органдары арасындағы саңылаулар) реттеу. Ұсақталатын материалдардың сапасын, сұрыбын анықтау. Жинақтама бункерлеріне қызмет көрсету. Шикізаттарды дайындау. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және бұзылуларды түзеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау, тазалау және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; ұсақталатын материалдарға қойылатын талаптар мен физикалық қасиеттері; іске қосатын аппаратураларды, автоматтандыру және дабыл беру құралдарын пайдалану ережесі; ұсақтау құрылғыларына материалдарды салу ережесі; ақаулардың туындау себептері және оларды түзету тәсілдері; слесарьлық істің негіздері.
48. Ұсақтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта екі және одан көп құрылғыларға қызмет көрсету кезінде беттік, бетті – белдіктік, балғалық және белдікті – тісті ұсақтауыштарды, сондай-ақ тасуатарлар мен жүгірмелерде шикізаттарды ұсақтау немесе ұнтақтау. Ұсақтаушыларда, ұсақтау агрегаттарында, өнімділігі сағатына 50-ден жоғары және 100 текше метрге дейінгі барлық жүйедегі ұсақтау – сұрыптау құрылғыларында, тасуатарларда, дезинтеграторларда шикізатты ұсақтау процесін жүргізу. Жабдықтардың тиімді жұмыс режимін қамтамасыз ету. Ұсақтаушыға түсетін және шығатын материалдардың біркелкі қоректенуін және ірілігін, аспирациялық құрылғының жұмысын байқау. Жабдықтарды іске қосу және тоқтату. Қоспаларды кетіру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; өңделетін материалдардың түрлері, қасиеттері мен міндеті; ұсақтау немесе ұнтақтау сапасына қойылатын талаптар; жабдықтарды іске қосу және тоқтату тәртібі.
49. Ұсақтаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұсақтаушыларда, ұсақтау агрегаттарында, өнімділігі сағатына 100-ден артық 300 шаршы метрге дейінгі барлық жүйедегі ұсақтау – сұрыптау қондырғыларында тасты және басқа да материалдарды ұсақтау процесін жүргізу. Ақаулары бар бетон және темір – бетон бұйымдары мен құрылғыларын арнаулы ұсақтау агрегаттарында ұсақтау. Шарлы немесе сорғалау диірмендерінде материалдарды (әкті, құмды, ағаш күлін, гипсті, цементті) ұнтақтау. Материалдардың түрлеріне тәуелді ұсақтау және ұнтақтау агрегаттарындағы жұмысты реттеу. Үгілген денелерді ауыстыру. Шикізаттық диірмендер мен барлық көмекші қондырғылардың қалыпты жұмыс режимін қолдау, диірмендерді қоректендіруді реттеу, жіңішке ұнтақтаудың белгіленген нормасын және қоспаның берілген мөлшерлеуін сақтау. Барлық жабдықтардың жұмысын байқау. Бақылау - өлшеу аппаратураларының көрсеткіштерін байқау және өндірістің қалыпты режимінен ауытқуды болдырмау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды тазалау, майлау және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен техникалық пайдалану ережесі; материалдардың түрлері, қасиеттері және міндеті; ұсақтау немесе електен өткізу сапасына қойылатын талаптар: жабдықтарды іске қосу және тоқтату ережесі; бақылау - өлшеу құралдарының міндеті және қолдану ережесі.
50. Ұсақтаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұсақтаушыларда, ұсақтау агрегаттарында, німділік сағатына 300 текше метрден асатын әртүрлі жүйелердегі ұсақтау – сұрыптау құрылғыларда тасты және басқа да материалдарды ұсақтау процесін жүргізу. Жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және бұзылуларды түзету. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды майлау, тазалау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі; іске қосу аппаратурасын, автоматтандыру және дабыл беру құралдарын пайдалану ередесі; ақаулардың туындау себептері және оларды түзету тәсілдері.
3-разряд__Жұмыс_сипаттамасы.'>51. Әкті ұсақтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қуаты сағатына 50 текше метрге дейінгі ұсақтау агрегаттарында әкті ұсақтау. Ұсақтау агрегаттарын іске қосу, тоқтату және жұмысын реттеу. Ұсақтау агрегаттарына әкті біркелкі салу. Әктің берілген мөлшерде шығуын қамтамасыз ету. Күймегендерді, қатты күйгендерді және бөгде қосылымдарды алып тастау. Қызмет көрсететін механизмдерді майлау және олардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету. Ұсақтаушылардың астындағы тікелерді сұрыптау механизмдерімен және тасымалдаушылармен тазалау. Ескерту дабылдарын беру. Аспирациялық құрылғыларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін механизмдерді іске қосу; өңделетін әктің қасиеттері; ұсақтаудың белгіленген фракциялары; ұсақтау агрегаттарын қайта икемдеу ережесі; қолданылатын құрал-саймандар; орнатылған дабыл бергіштер; аспирациялық қондырғыларды пайдалану ережесі.

Өнімділігі сағатына 50 текше метрден астам ұсақталған масса ұсақтау агрегаттарында жұмыс істегенде 2-разряд__Жұмыс_сипаттамасы.'>- 4-разряд.


52. Слюданы ұсақтаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі ұсақтаушыларда слюда скрабын қабыршықтарға ұсақтау. Қоймадан слюда скрабын алу, оны ыдыстан алу, түрлері бойынша сұрыптау және тасымалдау. Слюда скрабын бөлшектеп өлшеу және жүктеме тартпаларына салу. Слюданың біркелкілігі мен ұсақтаушылардың және құм електердің жұмысқа жарамдылығын байқау. Жабдықтарды майлау мен тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың әрекет принципі; слюдалық скрабқа қойылатын талаптар; скрабты өлшеу және сұрыптау ережесі.
53. Слюданы ұсақтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі түрдегі ұнтақтау жабдықтарында слюданы майдалау процесін жүргізу. Майдаланған слюданы ұнтақтау жіңішкелігі бойынша топтастыру. Скрабты тасымалдау таспасына салу. Жұмысты, ұнтақтау жабдықтарын, тасымалдаушыларды, элеваторды және басқа да агрегаттарды қосу мен айыруды байқау. Ұсақ ақауларды түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ұнтақтау жабдықтарының құрылысы; дайын өнімдерге техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар.
54. Жылылықты оқшаулайтын шикізатты ұсақтаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты дайындау. Битумның ірі кесектерін берілген мөлшерге дейін ұсақтау. Битум кесектерін қағаздан, жабысқан жер мен қардан тазарту. Көлік құралына битумды тиеу және балқыту пешіне жеткізу. Тасымалдаушыларды майлау және оларды күтіп-ұстау.

Білуге тиіс: сыртқы түрі бойынша битум маркаларын анықтау ережесі; битумды дайындау және қолмен тиеу ережесі.
55. Жылылықты оқшаулайтын шикізатты ұсақтаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты ұсақтаушыларда, тасуатарларда, дезинтеграторларда ұсақтау. Ұсақтушыларды біркелкі қоректендіруді және ұсақтаушыларға түсетін және шығатын материалдардың мөлшерін, аспирациялық қондырғылардың жұмысын байқау. Жабдықтарды іске қосу мен тоқтату. Бөгде қоспаларды алып тастау. Жабдықтарды байқау, тазалау мен майлау.

Білуге тиіс: ұсақтаушылардың, көмекші қондырғылардың құрылысы; майлау материалдарының түрлері мен сұрыптары; ұсақталуға жататын материалдардың қасиеттері және оларға қойылатын талаптар; жабдықтарды іске қосу мен тоқтату тәртібі.
56. Жылылықты оқшаулайтын шикізатты ұсақтаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз және мерзімді әрекеттердегі шарлы, өзекті және дірілді диірмендерде шикізаттар мен материалдарды ұнтақтау. Шикізаттық диірмендердің және барлық көмекші қондырғылардың қалыпты жұмыс режимін қолдау, диірмендерді қоректендіруді реттеу, ұнтақтау жіңішкелігінің белгіленген нормасын және берілген қоспа мөлшерлеуін сақтау. Барлық жабдықтардың жұмысын бақылау. Диірмендерге шарлар мен өзектерді толтырып салу. Бақылау - өлшеу аппаратураларының көрсеткіштерін байқау және өндірістің қалыпты технологиялық процесінен ауытқуды түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен әрекет принципі; шихтаға кіретін әрбір компоненттің қасиеттері мен сапалық сипаттамасы; жабдықтарды іске қосу мен жөндеу ережесі; бақылау - өлшеу құралдарының міндеті мен қолдану ережесі.
57. Микалексті массаны дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Микалексті массаны әзірлеу. Шихта компоненттерін дайындау және оны электр пешінде кептіру. Құралдар бойынша кептіру процесін байқау. Микалексті массаның компоненттерін шарлы диірмендерге себу, ұнтақтау және дірілдеу елегінде електен өткізу. Шихтаны сумен қосумен араластыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі; микалексті масса компоненттерінің құрамы; шихта компоненттерін кептіру режимі; микалексті массаға техникалық шарттар; жабдықтардың жұмысындағы ақауларды анықтау мен түзету тәсілдері.
58. Кептіргіштер мен пештердің тиеуші - түсірушісі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кептіру барабандарына (қондырғыларға) материалдарды тиеу процесін жүргізу. Материалдың қоректендіру құрылғысына және қоректендіру құрылғысынан кептіру барабандарына (қондырғысына) біркелкі түсуін қамтамасыз ету. Қоректендіру құрылғыларының, кептіру барабандарының (қондырғыларының) жұмысын бақылау. Туннельдік пештерді тиеу мен түсіру, шикізаттарды, диатомды, сілку және басқа да жылылықты оқшаулағыш бұйымдарды оларды күйдіру кезінде тиеу мен түсіруге арналған механизмдерді және құрал-саймандарды іске қосу мен тоқтатуды басқару. Күйдіру үшін күйдіру вагонеткалары мен басқа да тетіктерге бұйымдарды қалыпқа келтіріп салу. Күйдірілген шикізаттарды ыдысқа салу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардағы ақаулардың алдын алу және түзету.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін механизмдер мен тетіктердің құрылысы мен әрекет принципі; кептіруге жатқызылған материалдардың құрамы мен қасиеттері; кептіру барабандарды (қондырғыларды) біркелкі тиеуді қамтамасыз етудің тәсілдері; кептіруге түскен материалдардың ылғалдылығы мен ауқымдары; бұйымдарды вагонеткаларына қалыпқа келтіріп салу ережесі; механизмдерді іске қосу мен тоқтату ережесі.
59. Шикізатты, отынды және қабырғалық бұйымдарды тиеуші -түсіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тәрелкелі және қожды қоектендірушілердің, элеваторлардың, тасымалдаушылардың немесе скиптік көтергіштердің көмегімен айналмалы және шахталық пештерге шикізат пен отынды салу. Отын құбыршасы мен шураппараттарға отын салу. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды іске қосу мен тоқтату. Тасымалдағыш таспасынан бөгде заттарды алып тастау. Отынның жануын байқау. Скипті көтергіштерге немесе вагонеткаларға тасты және көмірді тиеу. Итерушінің көмегімен немесе қолмен құрғақ гипсті сылақпен және аралық плиталармен оларды белгіленген кесте бойынша кептіру агрегаттарын және вагонетканың булау камераларын толтыру. Өзінен біліктілігі жоғары тиеуші – түсірушінің басшылығымен вагонеткалардан және өзі аударғыштан балшықты, борды, тасты, құмды, әкті, көмірді және басқа да сусымалы материалдарды түсіру. Шанақтарды, кептіру агрегаттары мен булау камераларын тазалау. Шикізаттың ірі немесе мұзданған кесектерін ішінара бөлшектеу және қатып қалған кесектерді бопсытушыны пайдаланумен немесе қолмен торкөз арқылыөткізу. Белгіленген деңгей бойынша үйіндіні жоспарлау. Вагонеткаларды майлау және оларды жұмыс аймағы шеңберінде жүргізу. Түсіп қалған материалдарды жинау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың әрекет принципі; пештерге, кептіру агрегаттары мен булау камераларына тиеу және түсіру ережесі; отын құбыршасы мен булау камераларын тиеу мен түсіру ережесі; отынды жұмсау нормалары; отын құбыршасына немесе шураппараттарға отынды тиеу ережесі; тиеу мен түсіру кестесі; вагонеткалардың орнын ауыстыру ережесі.
60. Шикізатты, отынды және қабырғалық бұйымдарды тиеуші -түсіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Терең шұқырдан топырақты тиеу мен түсіру. Бөгде қосылымдарды аластатумен аудармалы вагонеткаларға және қол арбасына ашық кеніштен, топырақ қоймасынан, үйіндіден топырақты, құмды тиеу. Қолданыстағы техникалық шарттарға сәйкес құмның немесе үйіндінің және ылғалды судың қабатын салумен терең шұқырдан топырақты қабаттап тиеу. Топырақта ылғалдау үшін саңылау жасау. Механикалық итерушінің көмегімен туннель пешіне кірпіш пен тасты салу және туннель пеші бойынша вагонеткалардың жылынуы. Пештер мен терең шұқырлардың тиеу және түсіру есіктерін ашу мен жабу. Итергіштің көмегімен немесе қолмен кірпішті және жабынқысы бар булау вагонеткалары мен кептіру агрегаттарын және камераларды толтыру және оларды белгіленген кесте бойынша түсіру. Аудармалы вагонеткалардан және өзі аударғыштан топырақты, борды, тасты, құмды, әкті, бос тау жынысы мен басқа да сусымалы материалдарды бункердің торкөзіне, қоймаға немесе үйіндіге түсіру. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақауларды түзету. Домалату табақтарын қатарлап салу және қайтадан қатарлау. Жұмыс аймағы шеңберінде тар табанды жолдарды қозғалту және тегістеу. Белгіленген дабылдарды беру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы; топыраққа техникалық шарттар; топырақты тиеу және түсіру ережесі; жәшіктік берушімен бункерді тиеу нормалары; шикізаттың сапасына қойылатын талаптар; домалату табақтарын салу, қайта салу; қабылданған дабыл беру жүйесі.
61. Борлы денені тиеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Борлы денелерді диірменге тиеу. Борлы денелерді тиеу, түсіру және сұрыптау, борлы денелерді диірменге тасымалдау. Тиеу механизмдерінің көмегімен борлы денелерді диірменге толық тиеу және артық тиеу операцияларын орындау. Люктерді ашу мен жабу, камера аралық тосқауылдарды тазалау. Борлы денелерді сұрыптау және қалдықтарды жинау. Борлы денелерді сұрыптайтын машиналарға қызмет кқрсету.

Білуге тиіс: тиеу механизмдері мен борлы денелерді сұрыптау жөніндегі машиналардың құрылысы мен әрекет принципі; диірмендерді толық тиеу және артық тиеу тәсілдері мен мерзімдері; борлы денелерді тиеудің шекті нормалары, борлы денелердің түрлері, қасиеттері мен ассортименті.
62. Тас құймасы бұйымының құюшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Балқыманы құюға қыздырылған қалыптары арбашықтарды жеткізу. Көтергіш жабдықтардың көмегімен балқытпаны қалыпқа құю. Бұйымның мөлшеріне, сырт пішініне және балқытпаның температурасына тәуелді құю тәсілдерін өзгерту жолымен қалыпты толтыру жылдамдығын реттеу. Балқытпаны контейнерге жинау және оны кейіннен өңдеу үшін тасымалдау. Құйма қалыптарымен кристалдандыру пешіне вагонеткаларды жеткізу. Кристалдандыру пешінен дайын өнімдері бар арбашықты түсіру. Дайын өнімдерді қалыптан алу, оларды тасымал құралына салу және қоймаға жеткізу. Қалыпты бөлшектеу және арбашықты қалып массасынан тазалау. Пештің жинақтаушындағы құйма өңешінің жағдайын байқау. Сыртқы түрі бойынша бұйымдардың ақауларын алдын ала анықтау. Күйген қалыптарды тазалау. Қалыптарды қажетті температураға дейін суыту және олардың құюға дайындығын анықтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы мен пайдалану ережесі; қалыпты балқытпамен толтырудың технологиялық процесі; бұйымды кристалдандырудың мөлшерінен, оның сыртқы пішіні менбалқытпа температурасынан жылдамдығының және деңгейінің тәуелділігі; балқытпаның қасиеттері мен оған қойылатын талаптар; ақаулардың түрлері мен оның алдын алудың әдістері; қалыптарды кептіру мен қыздыру режимі.
63. Тас құймасы бұйымының құюшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі тас құймасы бұйымдарын тас құюдың сыртқа тебу машиналарында балқытпа қалыбымен еріту және құю процесін жүргізу. Машинаны ерітуге дайындау. Құюға беру алдында оның газданбау және гомогенизация деңгейін анықтау үшін балқытпаның сынамасын іріктеу. Хальмовканың ағызу каналының температурасын реттеу, механикалық араластырғыш пен араластыру және қосымшаны енгізу жолдарымен балқытпаның талап етілетін сапасын қамтамасыз ету. Мөлшерлеуші желдеткішті іске қосу, реттеу және ажырату. Балқытпасы бар контейнерді көтеру жөніндегі тельферді басқару. Қорғаныс құрылғыларын сумен жабдықтауды бақылау. Құюға берілетін қалыптарды қимаүлгі бойынша тексеру. Ақаулардың туындау себептерін анықтау және оларды түзету жөніндегі шараларды қабылдау.

Білуге тиіс: сыртқа тебу тасты құю машинасының құрылысы; балқытпаның қасиеттері; тас құймасынан бұйымдар өндірісінің технологиялық өндірісі; шығыс материалдарына қойылатын талаптар; бақылау - өлшеу құралдарының жұмыс принципі; ақаулардың түрлері мен олардың алдын алу тәсілдері.
64. Электр оқшаулағыш бұйымның тазартушысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Миканиттік пластиндерді, құбыршаларды, коллекторлық манжеттер мен миканиттен және слюдопластан басқа да бұйымдарды қағаздан және шашпадан қолмен және станокта тазарту. Құбыршаның соңы мен бұйымның бетін қатпардан, қабатсызданудан және басқа да ақаулардан кесу және тазалау. Бұйымның ауқымын өлшеу және белгіленген мөлшерге дейін жеткізу. Желдеткішті қосу және айыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс принципі; бұйымдарды қағаздан және шашпадан тазалау әдістері мен себелеу тәсілдері; бұйымның ауқымын өлшеу тәсілдері; бақылау - өлшеу тетіктерін пайдалану ережесі; миканит және слюдопласт бұйымдарына техникалық талаптар.
65. Кірпіштен блоктар мен панельдер дайындаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзінен біліктілігі жоғары дайындаушының басшылығымен кірпіштен блоктар мен панельдер дайындау. Жұмыс аймағы шеңберінде кірпішті, арматураны, жылу сақтағыштар мен ағаш шеберлігі бұйымдарын тасымалдау. Оларды станоктарға, кондукторларға және қалыптарға қатарлап салуға қатысу. Панельдердің, жалатылған керамикалық плиткалардың беттерін жуу. Станокты, кондуктор – қимаүлгіні, қалыпты тазалау.

Білуге тиіс: станоктардың, қалыптардың, кондуктор – қимаүлгілердің құрылысы; кірпіштерді қатарлап салу ережесі; дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар.
66. Кірпіштен блоктар мен панельдер дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кірпіштен блоктар мен панельдер дайындаушы станоктарды, қалыптарды, кондуктор – қимаүлгілерді жұмысқа дайындау. Сызбаға сәйкес кірпішті, арматураны, жылу сақтағышты, жалатылған плитканы және ағаш шеберлігі бұйымдарын станоктарға, кондуктор – қимаүлгілерге немесе қалыптарға қатарлап салу, тік жіктерді ерітіндімен толтырумен біркелкі жабу. Ерітіндінің бетін тегістеу. Панельдің бетін ысқылау. Булаудан кейін панельді түзету (жөндеу). Қалаудың биіктігі өзгерген сайын рольгандер мен тасымалдаушыларды қозғалту. Блоктарды арнаулы материалдармен жалату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет