45. Деңгейлеп оқыту туралы ұғым Оқулықтардың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бµліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бµліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік – теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік – психологиялық танымал, сұранымын ескеру талап етіледі. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушының жаңаша оқытылуын, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді .
46. Ұзақ мерзімді жоспар:
-оқу мақсаттарын ортақ тақырыптық бөлімдерге топтастырады;
-алдынғы жұмыспен , оқу мақсаттарымен өзара байланыс орнатуға және оқытудың одан кейінгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді
-бөлімдер арасында теңестірілген және басқарылатын байланысты орнатуды қамтамасыз етеді.
47. Қысқа мерзімді жоспар.
-оқытуды ұйымдастырудың үдерісін жаппай оқыту, топтық,жұптық жұмыс жеке жұмысты анықтайды.
-оқытудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады.
-бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады және оқушының оқу мақсатына жетуі туралы кері байланысын ұсынады
48. Математика сабағында дидактика бірліктерді ірілендіру технологиясын пайдалану
«Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясының негізгі мақсаты, нақты жолдары 1) өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; 2) есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; 3) Тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру. «Деңгейлік саралап оқыту» технологиясы тұжырымының ерекшелігі: мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады, күшті топтарда оқуға деген ынтасы артады, білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмалары орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |