5-бөлім:Отбасы және демографиялық өзгеріс.
|
МЕКТЕП: Абай ЖОББМ
|
КҮНІ: 09.01.2024ж.
|
Мұғалім: Құрманбаева Қ.Қ.
|
СЫНЫП: 9
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Отбасы – ұлт құндылығы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;
9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе)
|
Сабақ мақсаты
|
-мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді;
-түпнұсқамен салыстырады;
-аргументативті эссе жазады;
- құрылымы мен даму желісін сақтайды;
- көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылайды;
-біреуіне таңдау жасайды;
-өз ойын дәлелдеп жазады.
|
Жоспар:
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Жеке жұмыс
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
Жағымды психологиялық ахуал. Мен отбасымда ... жақсы көремін. Себебі...
«Серпілген сауал» әдісімен отбасы құндылығы туралы білетін ойларын ортаға салады.
ОҚЫЛЫМ АЛДЫ.
Берілген сурет бойынша қандай ой түйдіңдер. Еліміздің ең басты ұлттық құндылықтары туралы пікірлеріңді ортаға салыңдар. Отбасыны ұлт құндылығы деп танудың себебі неде деп ойлайсыңдар?
ӘТН. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем туралы мәлімет беріледі.
ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. 2-тапсырма.ТЖ
1-мәтін. Оқулықтағы оқылым мәтіні (108-бет).
Тапсырма. Берілген сұрақтарға болжаммен жауап беріңіз және түпнұсқамен салыстырыңыз.
Сұрақтар:
Қазақ отбасында неге көп көңіл бөлінген?
Баланы ерте жастан қандай жауапты іс-әрекеттерге тартып отырған?
Отбасы тәрбиесіндегі қазақ халқының өзіне тән ерекшелігі
Мәтінді мұқият тыңдап, жауабыңызды түпнұсқамен салыстырыңыз.
Отбасы мәдениеті
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |