Микробтарға әсер ететін сыртқы орта факторлары: - Физикалық (температура, кептіру, иондамайтын (УКС, инфрақызыл) және иондаушы (радиация) сәулелер, ультрадыбыс, қысым т.б)
- Химиялық (дезинфектанттар, антисептиктер, химиопрепараттар т.б)
- Биологиялық (антибиотиктер, бактериоциндер, микроциндер, эубиотиктер (пробиотиктер), бактериофагтар).
- Олар әсер етеді: қолайлы, зиянды (бактериостатикалық, -цидтік, -литикалық, қасиетін өзгергіштік) жіне индиферентті (зиянсыз) болады.
Сыртқы орта факторларының әсер етуі нәтижесіне ықпал жасайтын жағдайлар: - әсер ететін фактордың табиғаты.
- әсер ету мерзімі (экспозиция).
- Фактор күші (дозасы, концентрациясы).
- Микробтың биологиялық қасиеті (спора түзуі, қышқылға төзімділігі).
- Фактор әсер ететін сәттегі микроорганизмнің физиологиялық жағдайы (бөліну, өсу кезеңі, дақыл жасы, спора түзу кезеңі).
- Әртүрлі факторлардың бірлескен әсері (температура, қысым, ылғалдылық).
- Сыртқы орта факторларының микроорганизмдерге тигізетін әсерін
Медициналық тәжірибеде қолданады: - Стерилизациялауға
- Дезинфекциялауға
- Антисептика үшін
- Химиотерапия кезінде
- Пастерилизациялауға
- Санитарлық микробиология – адамдардың денсаулығына қолайсыз әсер ете алу мүмкіндігі бар қоршаған орта микроорганизмдерін (оның ішінде патогенділерін де) зерттейтін медициналық микробиологияның тарауы.
- Міндеті:
- Қоршаған орта объектілеріне микробилогиялыұ зерттеу жүргізу
- Микробиологияқ көрсеткіштер нормативін жасау
- Сыртқы орта объектілерін сауықтандыру шараларын жасау және олардың орындалуына бақылау жүргізу.
Сыртқы орта объектілерін зерттеудің негізгі микробиологиялық әдістері: - Қоздырғышты тікелей табу (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын табуға қолданылатын микробиологиялық дәстүрлі әдістер).
- Қоздырғышты индукциялаудың жанама әдістері – оған-ЖМС(ОМЧ) – жалпы микробтар санын және СКМ(СПМ) – санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтау жатады.
- Тиісті объектілерден сынама (проба) алып, физиологиялық ерітіндімен 10-еселеп сұйылтып, зерттелген заттың 1г. (топырақ), 1мл. (су, басұа сұйықтар), және 100 см2 (беткейлер) және 1 см3 (ауа) дағы тиісті микробтар санын анықтайды.
- СКМ (СПМ)- адамдар мен жануарлардың қалыпты микрофлорасының өкілдері, организммен патогенді микробтармен бірге шығады. Олар - ортаның санитарлық- гигеналық жағдайының нашарлағанын көрсететін индикатор.
Достарыңызбен бөлісу: |